Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 10:22, дипломная работа

Краткое описание

Негізгі қорғалатын қағидалар: Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық – географиялық ерекшеліктері, жағдайы: рельефі мен геологиялық құрылымы, климаты, ішкі сулары және топырақ өсімдік жамылғысы.
Физикалық – географиялық факторларды жүйелі түрде талдау нәтежесінде қауіпті табиғи құбылыстардың пайда болуын анықтау, олардың қалыптасу аймақтарындағы геологиялық субстратты құрамы мен физикалық – механикалық қасиеттерін анықтау және олардың дамуы аумақтың рельефіне, тектоникасына және гидрометеорологиялық шарттарға байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ФИЗ.ГЕО.Дайын.doc

— 686.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Кіріспе

 

    Тақырыптың көкейтестілігі: Тәуелсіз Қазақстанның жер көлемінің үлкендігіне байланысты жер бедері де әр түрлі келеді. Яғни,  биік, аласа таулар, қыраттар, жазықтар және ойпаттар бәрі де кездеседі. Сондықтан Қазақстанның таулы және тау бөктерлерінде болатын қауіпті құбылыстардың пайда болу орталықтарын анықтап,  сол анықтау бойынша таулы аймақтарын үйлестіре отырып және осы негізде аймақтық жоспардағы қорғау сияқты табиғи процестер әрекетіне тап болған нақтылы объектілерді қорғауды іске асыру.

    Зерттеудің негізгі мақсаты: Қазақстанның таулы және тау бөктерлеріндегі   табиғи қауіпті құбылыстардың қалыптасу негізін қарастырып,  олардан қорғану және алдын алудың тиімді  жолдарын нақтылау, сонымен бірге қауіпті құбылыстардың болашақтағы алдын алуды зерттеу мәселелерін қарастыру.

     Зерттеудің негізгі міндеттері:

-  Қазақстанның  таулы және тау бөктеріндегі  аудандардың қауіпті құбылыстар аумақтарының табиғи жағдайларын анықтау;

-  тау жыныстарының  түрлі генетикалық түрлерінің, қалыптастырудын  геоморфологиялық, неотектоникалық  қазіргі заманға экзогенді геологиялық  және гидрометереологиялық шарттары  мен факторларының және табиғи процестерінің даму қызметіне баға беру;

-  Қауіпті  табиғи құбылыстардың пайда болуының гидрометриологиялық шарттарын табу және табиғи процестерді бөлу және қауіпсіздік дәрежесіне баға беру;

-  Қауіпті  табиғи құбылыстарының әсерінен қорғау шараларын ұйымдастыру, алдын алу және жүзеге асыру бойынша шешімдерді негіздеу және тұрақты әзірлеу;

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы:  Қазақстанның таулы аймақтарындағы қауіпті табиғи процестерінің қалыптасуының заңдылықтарын табу бойынша кешендік жұмыс, көп зерттелмеген және осының негізінде табиғат құбылыстарының зардапты әсеріне тап болған нақты объектілерге де қатысты қорғау материалдарын жүзеге асыру бойынша негізделген ұсыныстар келтірілген.

    Негізгі қорғалатын қағидалар:  Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық – географиялық ерекшеліктері, жағдайы: рельефі мен геологиялық құрылымы, климаты, ішкі сулары және топырақ өсімдік жамылғысы.

Физикалық –  географиялық факторларды жүйелі түрде  талдау нәтежесінде қауіпті табиғи құбылыстардың пайда болуын анықтау, олардың қалыптасу аймақтарындағы геологиялық субстратты құрамы мен физикалық – механикалық қасиеттерін анықтау және олардың дамуы аумақтың рельефіне, тектоникасына және гидрометеорологиялық шарттарға байланысты.

 

1 Қазақстан  территориясында орналасқан таулардың физикалық-

   географиялық ерекшеліктері  

 

      Қазақстан жер аумағы жағынан Еуразия материгінде Ресей, Қытай, Үндістан мемлекетінен кейін төртінші орын иеленеді. Жалпы жер аумағы 2724,9 мың шаршы шақырым. Қазақстан батысында Каспий маңы ойпатынан шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін мың алты жүз шақырымға созылып жатқан кең байтақ мемлекет.

Қазақстанның  жер көлемінің үлкендігіне байланысты жер бедері де әр түрлі келеді. Мұнда биік, аласа таулар, қыраттар, жазықтар және ойпаттар бәрі де кездеседі. Қазақстанның жер көлемінің сексен алты пайызға жуығы жазықты жерлер, қалған он төрт пайызы таулы жерлер болып табылады. Негізінен Қазақстан жеріндегі биік таулары республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан. Олар: Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь - Шань, Сауыр Тарбағатай таулары жатады.

Бұл биік таулар бір-бірінен физикалық-географиялық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі  келеді. Қалыптасу кезеңі, геологиясы, табиғаты, топырағы тіпті өсімдік, жануарларында өзгешіліктер байқалады.

Тауларда негізінен  пайдалы қазбалар кен орындары, орман  шаруашылығы, ауыл шаруашылығының салалары, туризм саласында пайдаланады [1].

 

          1. Алтай тауы

 

   Биік тау массивтері негізінен Қазақстанның оңтүстік-шығыс және  шығыс бөліктерін ала қалыптасқан. Таулы өлке республиканың жалпы жерінің 10%-ын    қамтиды.    Басты   тау массивтеріне Алтай, Тарбағатай, Жоңғар,   Тянь-Шань   жүйелері   жатады. Алтай тау жүйесінен Қазақстан жеріне Оңтүстік Алтай мен Кенді Алтай кіреді. Мұндағы Тигерен, Холзун және Листвяга жоталарының биіктігі 2300—2600 м -ге жетеді, бұлардан оңтүстік-батысқа Уба, Иванов, Үлбі т.б. жоталар бөлінеді.  Листвяга сілемі солтүстік-шығыс жағында Қатын жотасына (Алтайдағы ең биік Мұзтау 4506 м, осында) ұласады. Бұларды қалың мұздықтар жапқан. Жүйенің оңтүстігінде жатқан Үкөк таулы үстіртінен Алтай жоталалары  жан-жаққа  тарайды, сондықтан Үкөк Алтайдың орталығы саналады. Орталық Алтайдың Қазақстандық бөлігінің рельефі сатылы келеді. 1-суретте көрсетілгендей аласа таулық бөлігіндегі төбелерді, биіктігі орташа тауларды онша терең емес өзен аңғарлары тілімдеген. Одан жоғары бөлігіндегі өте тік, жақпарлы беткейлері қорым тасты және сеңгірлі тау бастарына жалғасады [2].

Геологиялық құрылысына келер болсақ, бүкіл Алтай тау жүйесі сияқты оның Қазақстандық бөлігі де герцин тау түзілісі кезінде пайда болған. Кайназой эрасында болған жарылыс әсерлерінен жоталарға және тау аралык ойыстарға тілімделген.

      Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені, Қара Ертіс, оңтүстігінде Зайсан көлінің аралығында жатыр. Батысында Ертіс езені мен шығысында Табын-Богда-Оло тау жүйесімен ұштасады. Сол жерден батысқа және оңтүстік-батысқа қарай Сарымсақты, Нарын және Оңтүстік Алтай (3450 м) жоталары тарайды. Бұл жоталар шығыс бөлігінен батыс бөлігіне қарай біртіндеп аласарып қыратқа айналады. Оңтүстік Алтайдың басты жоталары — Оңтүстік Алтай, Сарымсақты,   Күршім, Азутау.

Кенді Алтай атына сәйкес полиметалл кен орындарына өте бай аймақ. Олар Лениногор, Зырян, Белоусовка, т. б. кен орындары. Полиметалл кендеріне тән сипат — кен құрамында көп түрлі заттардың болуы. Мысалы, негізгі металдарға қосымша мырыш, қорғасын, мыс, алтын, күміс, сурьма, күкірт, т. б. кездеседі.

        Орталық Алтайдың Қазақстанға батыс жоталары кіреді. Олардың бастылары Листвяга және Холзун жотасы. Листвяга Қазақстанның шекараларында жатқан Қатын жотасындағы Алтайдың ең биік шыңы Белуха тауына жақын жерден басталады. Холзун жотасының жер бедері көбірек тілімделінген, бірақ тау басы жалаңаш, аздап белесті, үстіртті келеді.

           Алтайдың климаты қоңыржай континентті. Жыл бойы континентті ауа массалары әсер етеді. Алтай тауына батыстан жөне оңтүстік-батыстан соққан желдер ылғал алып келеді, сондықтан тау беткейлерінде жылына 600 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Тауға биіктеген сайын жауын-шашын мөлшері көбірек түседі. Оба, Үлбі өзендері бастау алатын таудың жоғарғы бөлігінде 1800 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Тау етегінде жауын-шашын мөлшері 250-300 мм. Қардың түсуі тау етегінде 20-30 см, ал тауға биіктеген сайын 2 метрге дейін қалыңдайды. Геологиялық құрылысына келер болсақ, бүкіл Алтай тау жүйесі сияқты оның Қазақстандық бөлігі де герцин тау түзілісі кезінде пайда болған. Кайназой эрасында болған жарылыс әсерлерінен жоталарға және тау аралык ойыстарға тілімделген. Қазір альпі типтес жер бедері пішініне жатады. Қазақстан жеріндегі тау жоталарының көпшілігінің биіктіктері 3000-3500 метрден асады. Алтай тауын Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай немесе Кенді Алтай және Қалба деп үшке бөлуге болады. Ең биік шыңы Мұзтау 4506 метр. Алтай тауы негізінен палеозой эрасының шөгінділері мен метаморфты жыныстарынан түзілген. Кембрийге дейінгі дәуірдегі кристалды тақтатас Қатын жотасының негізін қүрайды. Алтайдың қазақ жеріндегі бөлігінде өзендер көп. Басты өзендері Ертіс және оның салалары: Бұқтырма, Оба, Үлбі, Күршім, Нарын. Өзендері мұздық және қар суымен, жер асты, жауын-шашын суымен қорланады. Өзендерінің суы мол, ағысы қатты. Қара Ертіс өз бастауын Монғолия жерінен алады да Алтай тауын қақ жарып, Қазақстан жерінде ағыны қатты тау өзенінен біртіндеп жазық жерде ағатын Ертіске айналады.

Қазақстандағы Алтай тауында 328 мұздық бар, олардың  жалпы ауданы 89,6 км2. Мұздықтар негізінен 2600 м биіктіктен жоғары орналасқан. Мұздықтар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты жоталарында шоғырланған (Кесте 1).

Үкөк таулы  үстіртінің оңтүстік-батысынан тараған Оңтүстік Алтай жоталар жүйесінің (Сарымсақты, Күршім, Азутау т.б. жоталары) беткейлері тастақты тік құлама, бірақ тау бастары жатық келеді. Енсіз аңғарлар, терең шатқалдар көп. Осында, 1485 м биіктікте Марқакөлдің қазан щұңқыры қалыптасқан. Оңтүстік Алтайдың жалғасы Қалба жотасы (1658 м) Ертістің сол жағалауында жатыр. Оңтүстік Алтай таулары аралығында Зайсан қазан шұнқыры жатыр, оның ені 140 км-ге жетеді.  

 

Кесте 1

Қазақстанның  биік тау шыңдары

 

Шың аты

Таулар

Биіктігі, м

Хантәңірі

Тянь-Шань тауы

6995

Меридиан жота

Тянь-Шань тауы

6276

Талғар шыңы

Іле Алатауы

4973

Шоқтал тауы

Күнгей Алатау

4770

Бесбақан тауы

Жоңғар Алатауы

4622

Металлургтер тауы

Іле Алатауы

4600

Мұзтау шыңы

Алтай тауы

4506

Манас шыңы

Талас Алатауы

4482

Ашутор тауы

Теріскей Алатауы

4427

Мұзтау тауы

Жоңғар Алатауы

4370

Комсомол шыңы

Іле Алатауы

4376


 

                                 1.2 Сауыр-Тарбағатай тауы

 

    Тарбағатай тауының Қазақстан жеріне тек батыс бөлігі кіреді, ал шығыс жартысы Қытай территориясында. Жотаның ені 30—50 км, ұзындығы 300 км шамасында, орташа биіктігі 2000—2200 м. Жота, тау бастарының кей жерлері жайпақ, солтүстік беткейі біртіндеп аласарып жазыққа ұласады, оңтүстігі тік құлама, жар тасты. Батыс бөлігіндегі бөктерлік онша биік емес, қырқалы-төбелі етегі Сарыарқа шоқыларына ұштасады. Тарбағатайдың шығыс жалғасы — Сауыр жотасының (биік жері Маңырақ шыңы 3816 м, ұзындығы 140 км шамасында) біраз жері Қазақстан территориясында. Тарбағатай жотасы мен Жоңғар Алатауы аралығында кең аумақты тау аралық Алакөл ойысы (Алакөл, Кіші Алакөл, Сасықкөл, Ұялы көлдері жатыр) бар. Бұның батыс жазық жағалауы Балқаш көліне, оңтүстік-шығыс шатқалды жағы Жоңғар қақпасына жалғасады [3].

Қаңтардағы  ауаның орташа температурасы — 22°С, кей күндері — 46°С-ге дейін төмендейді. Шілде айындағы орташа температурасы +36°С, кей күндері +40°С-ге дейін ысиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350-500 мм. Зайсан көліне қүятын бірнеше өзен бастау алады. Солтүстік беткейіндегі шатқалдарда кішігірім мұздықтар бар.

    Тарбағатай тауының геологиялық құрылысы әр келкі. Тарбағатай тауы Сауырға қарағанда аласарақ, бірақ едәуір ұзын. Оның ең биік шоқысы 3134 метр. Шығысында төбелі-белесті өңір арқылы Сауыр жотасымен жалғасады. Ұзындығы 300 км, ені 30-50 км шамасында. Тау беткейлерінен ежелгі мұздықтардың ізі байқалады. Жота герцин тау түзілу кезеңінде пайда болған. Негізінен тақтатас пен әктас аралас жыныстардан түзілген. Гранит, кристалды тақтатас, саз балшықтар да кездеседі. Альпілік тау түзілу процесінің жүріп жатқаны жер бедерінен байқалады. Баяу тектоникалык қозғалыс күні бүгінге дейін жалғасуда. Мысалы, 1991 жылғы Зайсандағы жер сілкінісі соның салдары болып табылады.

      Тарбағатай тауының климаты қатаң континентті. Жазы ыстық, қысы салқын, жауын-шашынның жылдық мөлшері 300-500 мм шамасында. Ауа температурасы орташа есеп бойынша шілдеде +22°C, қаңтарда 20°С. Тау беткейлерінен көптеген өзендер бастау алады. Өзендері негізінен қар суымен қоректенеді. Тарбағатайда биіктік белдеулік байқалады. Таудың етегінен топырағы ашық қызыл қоңыр, осы жерден бозды-бетегелі, жусанды, шөлейтті зона өсімдігі өсетін биіктік белдеулік басталады, одан жоғарырақта қызыл қоңыр және қара топырақты белдеуде дала өсімдігі өседі. Жотаның үгілуге көбірек ұшыраған оңтүстік беткейі жақпар тасты келеді. Ертістің кейбір салаларына суайрық болып табылады, одан Кендірлік өзені бастау алады. Қазақ жеріндегі Сауыр тауының бөлігінде биіктік белдеулік байқалады. Солтүстік беткейінде 1100 метрге дейін далалық, одан жоғары 1900 метрге дейін орман алқабы, одан жоғары альпі шалғындығы өседі. Оңтүстік беткейінде шөлейт және дала өсімдіктері басым. Жота баурайы мал жайылымына пайдаланылады. Пайдалы қазбалардан әзірге зерттелгені - Кендірлік қоңыр көмір кен орны. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы — 22°С, кей күндері — 46°С-ге дейін төмендейді. Шілде айындағы орташа температурасы +36°С, кей күндері +40°С-ге дейін ысиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350-500 мм. Зайсан көліне қүятын бірнеше өзен бастау алады. Солтүстік беткейіндегі шатқалдарда кішігірім мұздықтар бар.

        Дала зонасынан жоғары жабайы алма, зерек, итмұрын, мойыл, қараған, тал, көк теректі орман зонасы орналасады, ол жерде жауын-шашын мол (600-800). 2000 метрден жоғары субальпілік және альпілік шалғындық өседі. Жануарлар дүниесі көршілес Алтай тауы жануарларына ұқсас. Онда қоңыр аю, қасқыр, суыр, аламан, марал, тау ешкісі, т.б. жануарлар мекендейді. Тау беткейі мал жайылымына өте қолайлы. 1968 жылы Тарбағатай мемлекеттік қорықшасы ұйымдастырылды. Жалпы аумағы 240 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл жерде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жолақты қара шұбар жылан, дуадақ, ақбас тырна, қарабауыр бұлдырық, лашын, ителгі, бүркіт, арқар, қоян, суыр, елік, құр, сұр шіл, кекілік, үкі мекендейді. Қорықша жерін Қосты, Қызыл қайыңды, Қандысу өзендері кесіп өтеді.

Информация о работе Қазақстан территориясында орналасқан таулардың физикалық - географиялық ерекшеліктері