Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 20:28, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында тарихи аспектіде ғасырдың соңғы ширегіндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік экологиялық даму тарихы қарастырылған. Автор қазіргі таңдағы экологиялық және әлеуметтік мәселелердің пайда болу, қалыптасу және дамуының объективті жағдайлары мен субъективті факторларын зерттеген. Сонымен қатар жұмыста егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық хал-ахуалы, оның даму жолдары мен бағыттары қарастырылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

-шімова Г-лназ бейсенбай-ызы -аза-стан Республикасыны- -леуметті.doc

— 277.00 Кб (Скачать документ)

Кеңестік  және егемендік жылдарындағы мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экологиялық дамуының әрқилы мәселелеріне арналған ғылыми ізденістер өте аз. Қазақстанда өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экологиялық модернизациялаудың теориялық және практикалық мәселелері нақтылы деңгейінде қарастырылмаған.

Зерттеліп отырған мәселенің негізгі жақтарын қарастыратын ғылыми еңбектердің жоқтығы диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған еңбектердің баршылығына қарамастан бұл зерттеу жұмысының қажеттілігін айқындайды.

Зерттеу жұмысының  негізгі нысаны. Диссертациялық жұмыстың негізгі нысаны ретінде тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихына қатысты мәселелерді және олардың ауыр зардаптары мен салдарларын талдау алынды.

Зерттеу жұмысының  пәні. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық ахуалы мен жағдайының даму жолдары мен негізгі бағыттарының ерекшеліктерін зерттеу барысындағы құқықтық және ұйымдастырушылық шаралары диссертациялық жұмыстың пәні болып табылады.

Зерттеу жұмысының  хронологиялық шеңбері - 1991-2009 жылдар аралығын қамтиды. Диссертациялық жұмыста экологиялық, әлеуметтік ахуалдың қалыптасу және даму тарихын, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін нарықтық жағдайға өту кезеңінен бастап қазіргі күнге дейін қарастырамыз.

Диссертациялық  жұмыстың мақсаты - 1991-2009 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихын қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы әлемдік мәселелерді шешудің әлеуметтік әдісі ретінде зерттеу.

Диссертациялық  жұмыстың негізгі міндеттері:

- кеңестік кезеңдегі  экологиялық апаттардың ауыр  салдары мен зардаптарын қарастыру және экологиялық мәселелердің тарихи аспектілеріне талдау жасау;

- әлеуметтік-экологиялық  саясатты - қоршаған ортаны қорғау ісі бойынша мемлекет қызметінің негізі ретінде қарастыру;

- қазіргі таңдағы Қазақстанның  әлеуметтік жағдайы мен ахуалын зерттеу;

- экологиялық мәселелерді  шешуде Қазақстанның халықаралық  ынтымақтастықтағы алатын орны, мазмұны және мәніне талдау  жасау;

- «Жаңа экологиялық  саясаттың» қазіргі моделіне  өтудің мазмұны және ерекшеліктерін  зерттеу;

- қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспарына талдау жасау.

Диссертациялық  жұмыстың ғылыми жаңалығы:

- Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық  дамуы тарихи аспектілері тұрғысынан  алғаш рет зерттеліп отыр.

- қоршаған ортаны қорғау  мәселелерінің қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдері анықталды;

- егеменді Қазақстанның  әлеуметтік қорғау мәселелерінің  негізгі бағыттары зерттелді;

- әлеуметтік және экологиялық  мәселелердің аясында Қазақстанның  Орта Азия республикаларымен  қарым-қатынасы қарастырылды;

- тәуелсіз Қазақстанның экологиялық саясатының мазмұны және бағыттарына талдау жасалды;

- тарихи-әлеуметтік процестердің мазмұны мен формаларын, өтпелі қоғамның әлеуметтік жүйесінің ерекшеліктерін терең айқындайтын  тұжырымдар қалыптасты.

Сонымен қатар, Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан аумағының мұрағат қорларынан бұрын қолданылмаған жаңа құжаттар ғылыми айналымға енгізілді.

Диссертациялық  зерттеудің методологиялық және теориялық  негізі ретінде отандық және ресейлік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты. Ғылыми зерттеудегі жалпы тарихи-салыстырмалы, тарихи-жүйелеу әдістері пайдаланылды. Теориялық-методологиялық негіз ретінде, сондай-ақ тарих, география мен әлеуметтанудың іргелі тұжырымдары басшылыққа алынды. Тарихи оқиғаларды баяндау кезінде әлеуметтік және логикалық бірліктің айқындамасына сүйеніп, қоғамдық, саяси-тарихи және әлеуметтік процестерді қарастыруда зерттеу жұмысында сыннан өткен диалектикалық амал қолданылды.

Диссертацияның  деректік негізі. Диссертацияда қоршаған ортаны және әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты нормативті-құқықтық актілер  пайдаланылды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының құжаттары мен нормативтік актілері, декларация мен келісім-шарттар негізгі деректерді құрайды. Осы  фактілер мен материалдар зерттеліп отырған кезеңде Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экологиялық үдерістер жүйесінің, саяси ілімдердің, әлеуметтік дамудың негізін қалады.

Көрсетілген кезеңдегі  Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық  жүйесінің негізгі бағыттарының дамуын анықтайтын салыстырмалы статистикалық мәліметтері көрсетілген анықтамалық басылымдар, статистикалық жинақтар, ақпараттық бюллетендер де құжаттық дерек болып табылады.

Автор Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың талдап отырған  мәселеге қатысты еңбектерінен құнды  мәліметтер алып, пайдаланды.

Қарастырылып  отырған мәселенің жеке аспектілерін қарастыруда мұрағаттық материалдар  пайдаланылды. Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасы президентінің мұрағатының  құжаттары пайдаланылды (Қор - №5-H - Қазақстан Республикасының Президенті, №7 - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті); Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты (Қор - №2258 - Табиғатты қорғау бойынша Қазақ КСР Мемлекеттік комитеті, Табиғатты пайдалану және экология бойынша Қазақ КСР Мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, №2259 - Қазақстан Республикасы экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің,  Қазақстан Республикасы Биоресурстар министрлігінің «Казглавживохрана» жануарлар әлемін қорғау бойынша Басқарма), Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты (Қор - №86, №771, №161). Жоғарыда аталған мұрағаттардың қорларынан Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың баяндамалары мен жолдаулары, Семей полигоны және Арал аймағының экологиялық жағдайына қатысты анықтамалар, ұсыныстар мен ақпараттар пайдаланылды.

Ресейлік және қазақстандық басылымдардың негізінде ауқымды  материалдар қоры жинақталған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарының, шетелдік және отандық, ресми және тәуелсіз басылымдардың жарияланымдары, сонымен қатар интернет материалдары пайдаланылды.

Диссертацияның  қолданыстық маңызы. Осы еңбек қазіргі таңда қайта қаралып жатқан тарихи мәселелерге өз ықпалын тигізеді деп ойлаймыз. Біздің зерттеуіміз 1991-2009 жылдарда Қазақстандағы әлеуметтік-экологиялық даму тарихымен таныстыра отырып, қазіргі кезеңде жүргізіліп отырған экологиялық саясаттың мәні мен Отан тарихындағы орнын көрсетеді. Зерттеу жұмысының мазмұны, тұжырымдары Отан тарихына байланысты ғылыми еңбектер жазуында, Қазақстанның қазіргі заман тарихына арналған мемлекет тіліндегі оқулық пен оқу құралдарын дайындауда қолданыс таба алады. Сонымен бірге жоғары оқу орындарында, колледждерде Отан тарихы, әлеуметтану салалары бойынша дәрістер оқуда, арнайы курстар мен семинар дәрістерін жүргізу барысында қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- жаңа экономикалық  жағдайда еліміздің әлеуметтік-экологиялық  даму тарихын зерттеу барысында  кеңестік жүйе кезеңінде қалыптасқан экологиялық апаттардың салдары мен зардаптарын тәжірибе ретінде зерттеу тәсілдері, концептуалды-әдістемелік тұжырымдары мен қазіргі кезеңде оларды шешу жолдары мен тенденцияларын анықтау - ғылыми зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелер;

- нарықтық жағдайда әлеуметтік-экологиялық саясатты және қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешудің тиімді жолдары - экологиялық қауіпсіздікті сақтау заңының, экологиялық кодекстің және т.б. құқықтық заңдардың мемлекет тарапынан қабылдануы;

- қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік жағдайы мен ахуалына қатысты мәселелер қатарына жататын халықты әлеуметтік қорғау заңдары және басқа да құқықтық заңнамалар зерттелген;

- Қазақстандағы экологиялық  мәселелерді халықаралық қауымдастықта  іске асырудың жолдарын айқындауға мемлекетіміздің ішкі саясаты себепкер болды;

- қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдары мен ұйымдары экологиялық мәселелерді қазіргі деңгейде жоғары әрі сапалы шешуді көздеп отыр;

- Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспары және экологиялық мәселелерді тиімді шешуде жаңа зерттеу жобасын дайындау әдістері мен жолдары анықталды. Олар: адам экологиясын, экологиялық сақтандыру, экологиялық қауіпсіздік мәселелерін және т.б. қарастыру.

Зерттеу жұмысының  сыннан өтуі. Диссертацияның материалдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Қазіргі заман тарихы және ғылыми ақпараттар» бөлімінің мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диссертацияның жеке тұжырымдары мен қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің талаптарына сәйкес автордың 4 ғылыми мақалаларында және Халықаралық ғылыми-практикалық, республикалық конференцияларда жасаған 4 баяндамада оқылып, материалдарының жинақтарында жарияланды.

Диссертацияның  құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

«Қазақстан  Республикасының экологиялық, әлеуметтік жағдайының даму тарихы» атты бірінші бөлімде экологиялық мәселелердің тарихи аспектісі, әлеуметтік-экологиялық саясат, қоршаған ортаны қорғау ісі  мәселелері Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайы мен ахуалы қарастырылады. 

«Экологиялық  мәселелердің тарихи аспектісі» атты бірінші бөлімшеде экологиялық мәселелердің даму тарихы, Семей полигонындағы ядролық сынақтардың ауыр зардаптары мен салдары, Арал мен Каспий теңіздерінің апатты жағдайы, өндірістік және автокөліктерден шығатын қалдықтардың ауаны ластауы жайында және т.б. мәселелер қарастырылады.

Қазіргі кезде адам мен  қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше күрделене түсті. Жер шарындағы  халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің өндіріс орындарының  күрт дамуы, (ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейін) ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануы және адамның табиғатқа ықпалы еселеп ұлғаюда.

Атмосфераның ластануы, литосфераның пішінінің өзгеруі, биосферадағы тіршіліктің жұтаңдауы т.б. осы  сияқты күрделі өзгерістер адам баласының болашағына, тіршілігіне, денсаулығына кері әсерін тигізуде. Бұл аса қатерлі мәселеге орай, экология ғылымының негізін - «адам экологиясы» бағытында құру. Бірақ экология - ұзақ уақытты қамтитын ғылым [11].

Бүгінгі таңда жер  шарымыздағы табиғи экологиялық апаттар саны еселеніп өсіп отыр. Сондай үлкен апаттың біріне ұшырап отырған - Арал теңізі. «Мақта тәуелсіздігі» желеуімен мақта егістіктерін кеңейтіп, көптеген су қоймаларын, суару каналдарын салып, оларды толтыру үшін Аралға келіп құятын өзендер - Әмудария мен Сырдария суын ысырапты пайдаланғанның нәтижесінде теңіз суы тартылып, көлемі кішірейді.

Қазіргі таңда Арал теңізінің  апатты жағдайын түзету мақсатында экологиялық  мәселе ретінде әлемдік қауымдастықта  шараларды қарастырыуымыз қажет. Оның зиянды әсерін қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттер басынан кешіруде. Сол себептен Германия, АҚШ, Жапония және басқалары Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімін берді.

1992 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз  Қазақстан елінің Жоғарғы Кеңесі  «Арал аймағы тұрғындарының тұрмыстық жағдайларын түбегейлі жақсартудың бірінші кезектегі шаралары туралы» жарлық шығарса, сол жылдың 11 сәуірінде Ресей Федерациясының президенті Б. Ельцин «Биологиялық қару жөніндегі халықаралық келісімді орындауды қамтамасыз ету туралы» № 390-жарлыққа қол қойды. Ажал аралына айналған Возрождение әскери сынақ нысаны осыдан кейін барып қана жабылған еді. Бірақ, әскери нысанды жапқанмен, басты қауіп әлі алда болатын: ол - аралдың мүлде қараусыз қалып, ондағы бактериялар мен вирустардың ауа арқылы жан-жаққа таралу қатерінің зор екендігі байқалатын. ...Өзбекстан жағы американдық мамандарды шақырып, 1995 жылы олар Возрождение аралына жасырын келіп, әлгі жерасты моласындағы антракс ұнтағын алып, соған тәжірибе жасаған. Сөйтсе, антракс споралары жер астында 10 жыл көміліп жатқанына қарамастан, өз күшін әлі жоймаған болып шығыпты. АҚШ бактериологтары сол өзбек жағының шақыруымен аралға тағы да екі рет (1997, 1999 жылдары) келіп, әлгі антракс спораларына американ вакциналары төтеп бере ала ма, жоқ па, соны тексеріп, тәжірибе оң нәтиже бергеннен кейін ғана барып кемелденсе керек» [12]. 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзінде  әлемдік қоғамдастықтың назарын Семей ядролық полигонының салдары проблемасына аударды. Ол «бұл өңірді сауықтыру, адамдарды емдеу, жаңа туған балаларды қауіпсіздендіру үшін өте көп қаржы қажеттігін» атады және Біріккен Ұлттар Ұйымының мүше мемлекеттерін Қазақстанға халықаралық көмек беруге шақырады [13]. 

1993 жылдың наурызында Президент  Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен  Қызылорда қаласында Арал проблемаларына  арналған алғашқы Халықаралық  конференция өтті. Жаңадан тәуелсіздік  алған Орта Азия мемлекеттері - Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасының мемлекет басшыларының шешімімен мемлекетаралық координациялық су шаруашылығы комиссиясы құрылды [14].

Конференцияда Халықаралық Аралды сақтап қалу қоры құрылып, оны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарды. Орта Азия мемлекеттерінде жаһандық экологиялық қордың Арал теңізі бассейнінде су ресурстары және қоршаған ортаны басқару ұлттық топтары жұмыс істей бастады.

Арал теңізінің деңгейі түскеннен  кейін оның кепкен табанының көлемі 23 мың шаршы шақырымға жетті. Бұл кеңістікте жиі болатын дауыл 150-500 шақырымға дейін 15-75 мың тонна тұзды шаңды дүние жүзіне таратып жатыр [14, б. 167].

Осы шешімін табуға тиісті мәселелер  Арал теңізіне де тән нәрсе. «Мақта тәуелсіздігі» желеуімен мақта егістіктері кеңейтілді, көптеген терең емес су қоймалары мен суару каналдары салынды, соларды толтыру Аралға келіп құйылатын өзендердің су көлемінің шұғыл қысқаруына және түптеп келгенде оның жойылуына алып келді. Қазір теңіз деңгейі мүлде құрғауға айналды, өсімдік пен жануарлар дүниелері құрып, жүздеген мың адам жұмыссыз және күн көріссіз қалды, Арал теңізі апаты туралы, теңізді құтқарудың жолдары айтыла бастады, теңізді құтқарып қалудың тиімсіз шаралары қарастырылуда. Мақта егістіктерін қысқарту, суды көп буландыруға жағдай жасайтын ұсақ, таяз сулы орындарды жою арқылы Арал теңізіне өзендер суын көбірек жіберу көзделуде [15].

Информация о работе Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихы (1991-2009 жж.)