Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 20:37, дипломная работа
Алматы еліміздің аса ірі қалаларының бірі, Қазақстан Республикасының оңтүстіктегі астанасы. Үкіметтің шешімдерінен туындайтын міндеттерге сәйкес оны одан әрі дамыту, еңбекті ұйымдастыру мен өндіріс технологиясында түбегейлі өзгерістер жасау көзделеді. Қазірдің өзінде осы бағытта көп іс атқарылды және атқарылуда. Бұл қаланың экологиялық-санитарлық жағдайын бұрынғыдан анағұрлым жақсартумен қатар еңбеккерлерінің таза да, қолайлы жағдайларды толық пайдалануына мүмкіндік берілмеген.
1.3 Қаланы ластаушы көздердің сипаты.........................................................14
1.4 Қаланың ауа және су бассейіндерінің ластану дәрежесінің факторлық
анализі...........................................................................................................15
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ......................................................................20
2.1 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына
әсері..............................................................................................................23
2.2 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі..............................................25
2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау...........................................29
2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты
геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында) 30
2.5 Алматы қаласының атмосферасын ластайтын негізгі көздер.................35
3 АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ЗИЯНДЫ
ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ
(ЖЭЦ-1бойынша)........................................................................................38
4 АЛМАТЫ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК
ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЫСЫ.......................41
5 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ....45
5.1 Өзекті мәселелер..........................................................................................45
5.2 Алматы қаласының экологиялық өте қауіпті аудандары........................45
5.3 Алматы өңіріндегі көрсетілген әсерді инженерлік тұрғыдан бағалау...47
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................51
Көптеген көрсеткіштер бойынша Алматыдағы балалардың денсаулық жағдайы радиациялық аймақтардағы балалардың денсаулығынан да нашар болып келеді. Бұл аймақта соңғы жылдар бойынша балалар өлімінің құрылымы да туа біткен аномалиялар бірінші орынға ие болып отыр.
Өнеркәсіп орындарының қалдықтары, үй-жәй шаруашылығын жылыту орындарындағы сұйық және қатты отынның толық жанып бітпеген өнімдері және автокөлік газдары, міне осылар қаланың үш негізгі ластау көзі болып табылады.
Қоршаған ортаның тигізетін әсері туралы айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келгенмен, қоршаған ортаның негізгі объектілерінің сапасы мен санын Алматы қаласы тұрғындарының денсаулығына, дертке шалдығу деңгейіне байланысты мәліметтер әлі де болса өте аз.
Сондықтан қазіргі Алматыдағы объектілердің сапасын анықтап, экологиялық қолайсыз аудандарға бөлу қажет.
Алматы қаласында экологиялық өте қауіпті деп саналатын аудандар:
а) Машина құрылысы кәсіпорындарының топтасқан жері
ә) Асфальтбетон, Алматы «Каздорремаш» жөндеу механикалық зауыттар территориясы
б) Райымбек даңғылы мен Сейфуллин даңғылы қиылысқан дері мен оңтүстік-батыс жағындағы территориясы
в) «Саяхат» автовокзалы мен оған жақын территориялар
г) Рысқұлов көшесінің солтүстік жағы
Алматы қаласының атмосфера ластануының жоғарғы аясы көбінесе осы аймақтың қазаншұңқырлы жер бедері жағдайындағы жер бетіндегі ауа температурасының инверсиясымен және жердің тымық тәртібімен байланысты. Қаланың атмосферасы – өнеркәсіптік ландшафттар атмосферасына жатады.
Радиацияның табиғи көздерінің ішінен ең қауіптісі радон. Радонның халық денсаулығына қатысты тұрғын үй ғимараттардағы проблемасы әлемде бірінші орында тұр. Алматы қаласында халықты радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету болысындағы приоритетті проблемалардың бірі иондаушы сәулеленудің табиғи көздерінің әсерінен қорғау.
Қаланың оңтүстік бөлігі (Райымбек даңғылынан оңтүстікке) потенциалды радон қаупі болып табылады. Радонды проблеманың ең маңызды аспектілерінің бірі – радонның беттік деңгейімен сейсмобелсендік деңгейі арасындағы тығыз байланысы. Бедерді біртіндеп артуы және тау жыныстарының жер бетіне орналасуымен бірге қаланың оңтүстік бөлігінде құрылыстың кеңеюінде Алматының бұл бөлігінің жәй радон қауіпті ғана емес алайда топыраққа радон концентрациясын оның ғимаратта жинақталуын анықтау үшін және радонның тұрғын үйлерге түсуін азайту әдісін жасау үшін сәйкес ұсыныстарды беру үшін егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері