Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 20:37, дипломная работа
Алматы еліміздің аса ірі қалаларының бірі, Қазақстан Республикасының оңтүстіктегі астанасы. Үкіметтің шешімдерінен туындайтын міндеттерге сәйкес оны одан әрі дамыту, еңбекті ұйымдастыру мен өндіріс технологиясында түбегейлі өзгерістер жасау көзделеді. Қазірдің өзінде осы бағытта көп іс атқарылды және атқарылуда. Бұл қаланың экологиялық-санитарлық жағдайын бұрынғыдан анағұрлым жақсартумен қатар еңбеккерлерінің таза да, қолайлы жағдайларды толық пайдалануына мүмкіндік берілмеген.
1.3 Қаланы ластаушы көздердің сипаты.........................................................14
1.4 Қаланың ауа және су бассейіндерінің ластану дәрежесінің факторлық
анализі...........................................................................................................15
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ......................................................................20
2.1 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына
әсері..............................................................................................................23
2.2 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі..............................................25
2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау...........................................29
2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты
геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында) 30
2.5 Алматы қаласының атмосферасын ластайтын негізгі көздер.................35
3 АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ЗИЯНДЫ
ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ
(ЖЭЦ-1бойынша)........................................................................................38
4 АЛМАТЫ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК
ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЫСЫ.......................41
5 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ....45
5.1 Өзекті мәселелер..........................................................................................45
5.2 Алматы қаласының экологиялық өте қауіпті аудандары........................45
5.3 Алматы өңіріндегі көрсетілген әсерді инженерлік тұрғыдан бағалау...47
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................51
Кіші Алматы өзені Тұйықсу мұздығынан басталады. Аңғарында лайлы тасқынға тосқауыл ретінде Медеу су бөгені бой көтерген. Қалаға жеткенше Кіші Алматыға Кімасар және бұтақты салалары құяды. Қаладан үш тармақ – Кіші Алматы, Есентай, Казачка өзендері ағып өтеді. Кіші Алматы, Есентай арналары қала ішінде жеке-жеке тосқауыл бөгеттерге бөлініп жағасы бетондалған. Кіші Алматы қаланың солтүстігінде Қапшағай бөгеніне құяды.
Қала өміріне байланысты көлдер негізінен гляциалдық аймақта орналасқан. Олар шапшаң еритін мұздықпен көмкерілген көл және мореналық немесе ерімейтін мұздықпен байланысқан көлдер боп екі топқа бөлінеді. Іле Алатауы сілемдерінде зерттелген 128 мореналық шағын көл бар. Тұйықсу мұздығының етегінде Кіші Алматы аңғарында осындай үш көл бар. Олардың аумағы жиі өзгереді., кейде мүлде тартылып қалады, соңынан қайтадан пайда болады. Қала өмірі үшін Ақсай бөгені, Ащыбұлақ бөгені, Қапшағай бөгені, Мыңжылқы бөгені, Сайран бөгені сияқты жасанды айдындардың маңызы зор /1/.
Сурет 1
Іле бойындағы Қапшағай
тағы басқа бөгендер қала
Қалаға тікелей әсер ететін Іле Алатауы жотасының солтүстік баурайында жалпы аумағы 308,3 км2 болатын 307 мұздық бар, Солтүстік баурайдың мұздық аумағы батыста Ұзынқарғалы өзенінің бас жағынан шығыста Түрген өзенінің бас жағына дейін созылып жатыр. Қарлы белдеу 3800-3900 м биіктікте өтеді. Ірі мұздықтар жотаның орта бөлігіндегі шыңдарда 4700-4900 м биіктікте орналасқан. Тұйықсу мұздығы Кіші Алматы мұздықтар тобының ішінде ең ірісі болып саналады. Оның ұзындығы 5 км-ге жуық, аумағы 4 км2. Тұйықсу инесі мұздығының ұзындығы 4 км, аумағы 2,5 км2, Молодежный мұздығы – 2,5 км мұз қабатының қалыңдығы төменгі жағында 15 м жуық, ортасында – 60-70 м, ал жоғарғы жағында – 100 м. Мұздықтардың төменгі бөліктері күшті (200-230 м) моренамен қапталған. Морена гляциалдық талқандаушы селдерді қалыптастыру көзі болып табылады. Соңғы онжылдықта 1951, 1956, 1973 және 1999 жылдары ірі селдер болды.
Алматыда континенттік климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы – желсіз, тымық ауа-райымен және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысуымен ерекшеленеді. Ауаның көпжылдық орташа температурасы 9 С°, ең жоғары температурасы 42 С°, ең төменгі минус 38 С° /кесте 1/
Кесте 1 Ауаның көпжылдық орташа экстремалдық және жауын-шашынның көпжылдық орташа мөлшері, салыстырмалы ылғалдығы
Айлар |
І |
ІІ |
ІІІ |
ІV |
V |
VІ |
VІІ |
VІІІ |
ІX |
X |
XІ |
XІІ |
Жыл |
Орташа темпера- турасы (С°) |
7 |
-6 |
2 |
10 |
16 |
21 |
23 |
22 |
17 |
10 |
0.1 |
-5 |
9 |
Абс. максимумы |
17 |
18 |
26 |
33 |
37 |
39 |
42 |
40 |
36 |
31 |
25 |
18 |
42 |
Абс. минимумы |
36 |
-38 |
-27 |
-10 |
-7 |
-2 |
-7 |
-6 |
-2 |
-15 |
-34 |
-32 |
-38 |
Жауын-шашын (мм) |
28 |
29 |
62 |
92 |
93 |
57 |
36 |
24 |
26 |
49 |
47 |
32 |
575 |
Салыстырмалы ылғалдылық |
68 |
67 |
65 |
50 |
48 |
42 |
35 |
33 |
34 |
45 |
65 |
68 |
52 |
Бозқырау шамамен 14 қазан мен 18 ақпан аралығында байқалды, ерте түсетін кезі 28-ші қыркүйек, кешіккенде 30-шы мамырға дейін созылады. Ауаның 0°С-ден жылы кезі жылына орташа есеппен 240 тәулікке дейін жетеді. Вегетациялық кезеңнің орташа ұзақтығы 176 тәулік, 10 наурыздан 8 қарашаға дейін созылады. Тұрақты аяз, яғни ауаның 0°С-ден төмен мәні орташа есеппен 67 тәуліктей, шамамен 19 желтоқсаннан 23 ақпанға дейінгі кезеңді қамтиды. Ауа температурасы 30°С-ден жоғары ыстық күндердің саны орта есеппен 36 күндей.
Қуаңшылығы басым кез – тамыз айы, бұл айда қалаға орта есеппен 4 мм ғана жауын-шашын түседі, ал ылғал мол түсетін кезең – көктем мезгілі мамыр айы – 93 мм. Жылдық жауын-шашындық кезең ақпан мен мамыр айлары, бұл құбылыс кейде қазан – қараша айларында байқалады.
Қардың тұрақты жатуы шамамен 30 қазаннан, толық еру мезгілі ақпанға дейін созылады. Тұманды күндер қала және оның маңында орта есеппен жылына 50-70 күндей болады. Күн күркіреу, найзағай жарқылдау жылына орташа есеппен 23-45 күндей болады. Аспанды көбіне орта және жоғарғы ярусты бұлт басады. Жазда бұлттылықтың қайталануы 12%. Күннің ашық болуы жыл бойына 70%-ға жуықтайды. Сібір антициклоны: қалыптасуына байланысты қала үстінде атмосфералық қысым артады. Ең жоғарғы қысым гидрометеорологиялық обсерваторияның Алматы станциясы деңгейінде 1930 жылы байқалды. Ол 951 гПа (гектопаскаль) тең болды. Радиация толқынының ұлғаюына және ауаның жылынуынан атмосфералық қысым кемиді. Алматы гидрометеорологиялық станциясы деңгейіндегі ең төменгі қысым – 897,5 гПа 1964 жылы байқалды. Қысым ауытқуының жылдық орташа көрсеткіші – 13,6 гПа-ға тең. Жыл ішіндегі қысым максимумы – 926,3 гПа қарашада, минимумы 912,7 гПа шілдеде болады. Қысымның өзгеруі жыл бойы бір қалыпты болмайды, күн сайынғы өзгеру шамасы – 2-4 гПа тең. Циклон әрекетінің күшті кезінде өзгеріс шамасы шілдеде 10,5 гПа желтоқсанда 37,7 гПа-ға жетуі мүмкін. Қаланың бір-бірінен 30 шақырым қашықтықтағы оңтүстік пен солтүстік шекарасы аралығындағы қысымның жылдық орташа ауытқуы 110,5 гПа шамасында.
Гидрометеорологиялық обсерваторияның Алматы станциясында оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел басым байқалады (30%) жазда мұның тұрақтылығы артады (37%), қыста кемиді (19%). Қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде ( Боралдай және әуежай маңында) жел көбіне солтүстік-батыстан соғады. Жылдамдығы 1м/с, немесе бұдан да күшті жел жыл бойы 15 тәуліктей соғады. Басқа ірі қалалардағыдай Алматы қаласының орталығында да «жылы аралда» ауа қыста -0,8 – (-3,8) °С, жазда -2,2 – (-2,6) °С жылы. Қаланың солтүстік жағына қарағанда орталық бөлігінде аяз жеті тәулік кеш түсіп, 3 тәулік ерте шығады. Сондықтан да қаланың солтүстік жағына қарағанда орталық бөлігінде аязсыз уақыт он күн ұзақ болады.
Алматы қаласының климаттық ерекшелігінің қалыптасуына қала аумағының ұлғаюы, тас құрылыстардың, темір шатырлы үйлердің және асфальт төсеніші ауданының артуы, өнеркәсіптік және көліктік қалдықтар айнала қоршаған ортаға көптеп шығарылуы тағыда басқа жағдайлар ықпалын тигізуде. Алматы қаласының орналасқан территориясының табиғи жағдайын, оның ішінде жер бедері мен климаттық көрсеткіштерін бағалай келіп айтарымыз:
1) Қаланың оңтүстігі
түгелдей биік таулармен
а) Бұл аса биік таулар солтүстіктен де оңтүстіктен де келген ауа ағыстарын ешқайда жібермей ұстайтын экран. Негізгі ылғал әкелетін ауа ағыстары солтүстіктен болғандықтан оның басым бөлігі осы тау етектері мен таулардың әртүрлі биіктіктерінде түсіп, таудан ары өтпейді десе болады /15/.
ә) Тек ылғал ғана емес, сонымен қатар (ауа) жел ағысы де тау етектерінде бәсеңдеп, тоқтайды. Сондықтан да қала территориясында, кейбір жергілікті сирек уақытша тұратын қиын желдер болмаса, жалпы желсіз. Міне, сондықтан да қала территориясында ауа ағысының жылжуы жоқтың қасы. Бұл қаланың экологиялық жағдайын нашарлататын негізгі себеп. Бұл жайында анықталған көрсеткіштер жұмыстың келесі бөлімдерінде келтірілген. Міне осылардың нәтижесінде қаланың экологиялық жағдайын одан әрі қарай шиеленістірмеу үшін қала халқының одан ары қарай өсуі қажет емес. Эколог-ғалым М. Шымболатовтың есебі бойынша Алматы қаласының экологиясын нашарлатпау үшін халық саны 600-700 мыңнан аспауы қажет. Ал қаланың тек өзінде тұратын халықтың саны 1 млн-нан астам. Астананың Ақмолаға көшуінің бір себебі осы болса керек.
1.2 Қала топырағының фондық құрамы
Алматы және оның төңірегінің топырақ қабаттарының құрамы Іле Алатауы жотасының солтүстік беткейлеріндегі биіктік белдеулердің ерекшеліктерімен сипатталады. Табиғи климаттық жағдайдың құбылып отыруына, биіктіктің 340-3500 м аралығында және одан да жоғары өзгеруіне байланысты, мұнда биіктік белдеулер мен зоналар қалыптасқан. Ең төменгі зонаны қаланың солтүстік бөлігіндегі шөлді дала алып жатыр. Бұл қалың қабатты лессті, құмды саздан түзілген, оның астында едәуір тереңдікке дейін құмтасты, малтатасты шөгінділер кездеседі. Алматы мен әуежай маңында, одан да солтүстікке қарай сұр топырақ тараған және мұның жоғары қабаттарында қарашірінді мөлшері 2-3%, азот пен фосфор мардымсыз. Көгалдандыру және ауылшаруашылық дақылдарын өсіру тек қолдан суарғанда ғана мүмкін. Ысырынды конустан тау етегіндегі жазыққа ұштасар аралықта жер асты суы жер бетіне жақын, жіңішке сазды өңір ерекшеленіп бөлінеді. Оның оңтүстіктегі шекарасы Райымбек батыр атындағы даңғылға дейін жетеді. Мұнда шалғынды қара-қоңыр топырақ тараған, көптеген дақылдар үшін мұның құнарлылығы жеткілікті болып есептеледі.
Сазды топырақ әсіресе ағаш өсіруге қолайлы, қосымша суландыруды қажет етпейді, өйткені ағаш тамырлары грунт суымен қоректенеді. Одан оңтүстікке Әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта қойтас-малтатас шөгінділерінің қабаттары бар. Оның бетін лессты құмды-саз қабат жапқан, құрамында қоректік заттар (азот, фосфор, калий) жеткілікті, шірінді мөлшері 4-6 %. Күңгірт қара-қоңыр топырақ түрлері өзіне тән қабаттарының ерекшеліктері бойынша бірнеше топқа ажыратылады. Бұдан жоғары жатқан таудың қоңыр топырағының белдеулік зона (1000-1400 м) Каменское плато үстіртіне дейінгі аймақты қамтиды. Бұл қаланың сары топырақты жыныстарды түзілген құнарлы топырақ аймағының бірі болып саналады. Құрамындағы шіріндісі 8-13%-ға дейін жетеді. Бұл аймақ ертеден игерілген, Алматы апортының ең жақсы өсетін жері болып саналады. Медеу шатқалында, одан төменгі белдеуде және жоғары жатқан биіктік орта таулы белдеуде шалғынды-орманды даланың сілтісіз қара, тау орманының қоңырсұр және таудың орманды шалғынды топырағы орын алады. Бұлардың да құнарлылығы жоғары, ылғалы жеткілікті.
Алматының әр түлі аймақтарында шаң-тозаңның түсуі бір айға шаққанда 3-3,5 т/км2 мөлшерінде болады, (жалпы фон 0,3-0,5 т/км2). Оның негізгі құрамын құрайтындар: сазды-балшықты бөлшектер, гидрослюда, каслинит, монтмориллонит, кварц, күйе тәріздес заттар. Шаң-тозаңдағы металдың мөлшері шамамен 0,1-0,3 %. Орташа алғанда бір айда 1 км2-ге қорғасын, 0,5-7 кг қорғасын, 0,2-2 кг мыс, 0,8-10,5 кг мырыш, 0,002-0,02 кг күміс, 0,03-0,35 кг бериллий түседі.
Қорғасын қала топырағының фондық құрамы 20 кг болғанда 15-250 мөлшерінде болады. Қорғасын басқа металдарға қарағанда территорияда кеңірек таралады. Территорияның 20 % көлемінде ғана оның топырақтағы құрамы рұқсат етілген деңгей шамасында немесе одан 1,5 есе артық. Шартты түрде алғанда бұл таза территориялар негізінен қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Қала алаңының 65 % қорғасынмен ластануының орташа дәрежесі білінген, (40-65 мг/кг), ал 60-200 мг/кг қоргасынмен артық ластанудың ең күшті алаңдары мен қала территориясының 10 пайыздай мөлшерін құрайды, негізінен мұндай алаңдар көлік өте көп жүретін тас жолдардың шоғырланған үлесіне тиесілі /сурет-6/.
Қорғасынмен өте қатты ластанған және ластану дәрежесі өте жоғары (құрамында 20 мг/кг артық қорғасын бар) топырақ автокәсіпорындардың (автобазарлар, автопарктер т.б.) территориясына тиесілі, мұнай өнімдері құйылып жатады, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың территорияларыдағы топырақтың да ластану дәрежесі өте жоғары. Оның ішінде ерекше аталатындар: ДАМ, мұнда қорғасын шойынның балқытылуына байланысты пайда болады; электротұрмыс құралдар зауыты, тау шахтасы жабдықтарының территориясындағы топырақ: көркем керамика зауыты – оның территориясындағы топырақта қорғасын өте жоғары дәрежеде шоғырланған 1 мың г/кг-дан артық мөлшерде.
Қала топырағындағы сынаптың құрамы 0,6-100-10 мг/кг, ал оның фондық құрамы 1,3-10 мг/кг. Қорғасынға қарағанда топырақтың сынаппен ластану дәрежесі төменірек, Алматы қаласының 40 % алаңы әлсіз дәрежеде ластанған: әл-Фараби көшесінен Абай даңғылына дейінгі территорияның оңтүстік бөлігі, Саин көшесінен Кіші Алматы ауданына дейінгі қаланың оңтүстік батыс бөлігі қаланың солтүстік батыс бөлігі - "Дорожник" шағын ауданы жағына қарай т.б. кеңейтілген автотрассалардағы топырақтың сынаппен орташа дәрежесі 4-15 10 мг/кг ластанғандығы байқалған (Жандосов көшесі мен Абай даңғылы т.б.). Ол автокөліктердің шығаратын қалдықтарына байланысты болса керек. Райымбек даңғылының бойында сынаптың өте жоғары дәрежеде шоғырлануы біржақты шешім қабылдауға бермейді. Мұнда техногендік ластанумен қатар Райымбек даңғылы бойында белгіленген терең жер қыртысынан шығып жататын сынап буларының бөлінуіне байланысты топырақ құрамында сынаптың шамадан тыс көп болуы мүмкін /5/.
Құрылыс индустриясының кәсіпорындары (керамзиттің қайнар көзі) "Поршень", төмен вольтты аппаратура заыты, сондай-ақ Полиграфкомбинат, ЖО-І, әртүрлі категориялардағы котельный аудандары, денсаулық сақтау объектілерінде (жанатын мазут пен дизельді отын) өте жоғары дәрежеде болуы улы металдың қала территориясындағы қашықтығы дизель көлігі шығаратын қалдықтарға, сондай-ақ ЖО секілді отын өртейтін қондырғыларға байланысты болады.
Қала территориясының едәуір бөлігі (78%) бериллиймен әлсіз дәрежеде ластанған салыстырмалы.
Қала топырағында цирконий өте жоғары дәрежеде шоғырланбайды. Шоғырлану дәрежесі 120-250 мг/кг болып белгіленген, салыстырмалы түрде алғанда, бір қалыпты таралады. Оның ең көп шоғырланған жерлері бұрынғы және қазіргі котельный қондырғылары орналасқан орындарға тығыз байланысты. Жеміс-жидек консервілеу комбинаты, аудандық котельныйдың оңтүстік-шығыс бөлігі, ЖО-І, сондай-ақ Алматы-І теміржол вокзалының аудандары, варанкалардағы коксты пайдаланып машина құрылыс кәсіпорындардың топтары (АЗТМ, " Поршень" т.б.).
Энергетикалық объектілерге цирконийдің шамадан тыс көп болуы куучекин көмірінде, Қарағанды көмірінің өнеркәсіптік өнімдерінде, күл құрылымында жоғары дәрежеде шоғырлануы (600-2000 мг/л ) цирконийдің топырақта көп болу себебін әнергетика қызметіне байланыстыруға мүмкіншілік береді.
Қала топырағында күмістің құрамы 0,03-180 мг/кг, фондық шоғырлануы 0,1 мг/кг-ға тең. Қала территориясының 50 пайызында күміс төмен дәрежеде шоғырлануымен сипатталады, оның жинақталу коэффициенті 1,5-тен төмен оңтүстік бөлікте.
Қала мен оның төңірегінің флорасы 1000-нан астам дәрлік өсімдік түрінен тұрады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жусанды-сораңды, кейде қамыс, ажырауықты шалғын, ши өскен шөл, тау етегінде шөл дала, одан жоғары дала, орманды дала, орман, одан жоғары альпілік шалғын, қарлы шың белдеулері жақсы байқалады. Шөлді дала белдеулі негізінен аз еңісті жазықты қамтиды. Мұнда мол эфемерлер мен аралас жусан, бетеге, тобылғы мен итмұрын өскен. Қазір бұл аймақ толығымен игеріліп, мәдени ландшафтқа айналған. Бөктерлік өңірде ғана эфемерлі қызғалдақ, жауқазы, құртқашаш, т.б. жусанды шөл және бозшалғынды дала табиғи өсімдіктері кездеседі. Дала мен орманды дала белдеулерінде қалың шөптер мен орманды ағаштар, бұталар өседі.
Информация о работе Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері