Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 16:39, дипломная работа

Краткое описание

Алматы еліміздің аса ірі қалаларының бірі, Қазақстан Республикасының оңтүстіктегі астанасы. Үкіметтің шешімдерінен туындайтын міндеттерге сәйкес оны одан әрі дамыту, еңбекті ұйымдастыру мен өндіріс технологиясында түбегейлі өзгерістер жасау көзделеді. Қазірдің өзінде осы бағытта көп іс атқарылды және атқарылуда. Бұл қаланың экологиялық-санитарлық жағдайын бұрынғыдан анағұрлым жақсартумен қатар еңбеккерлерінің таза да, қолайлы жағдайларды толық пайдалануына мүмкіндік берілмеген.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1 АЛМАТЫ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..................................................5
1.1 Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар.............5
1.2 Қала топырағының фондық құрамы..........................................................11
1.3 Қаланы ластаушы көздердің сипаты.........................................................14
1.4 Қаланың ауа және су бассейіндерінің ластану дәрежесінің факторлық
анализі...........................................................................................................15
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ......................................................................20
2.1 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына
әсері..............................................................................................................23
2.2 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі..............................................25
2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау...........................................29
2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты
геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында) 30
2.5 Алматы қаласының атмосферасын ластайтын негізгі көздер.................35
3 АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ЗИЯНДЫ
ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ
(ЖЭЦ-1бойынша)........................................................................................38
4 АЛМАТЫ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК
ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЫСЫ.......................41
5 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ....45
5.1 Өзекті мәселелер..........................................................................................45
5.2 Алматы қаласының экологиялық өте қауіпті аудандары........................45
5.3 Алматы өңіріндегі көрсетілген әсерді инженерлік тұрғыдан бағалау...47
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері.doc

— 568.00 Кб (Скачать документ)

Бұл аймақта соңғы  жылдар бойынша балалар өлімінің құрылымында туа біткен аномалиялар  бірінші орынға ие болып отыр. Мысалы, 1995 жылы аталмыш көрсеткіш облыс бойынша әрбір өлген 1000 балаға 13,3 құраған болатын, ал бұл көрсеткіш Семей (8,9), Павлодар (10,2) облыстарымен салыстырғанда және тұтастай Қазақстан бойынша (12,0) едәуір жоғары болып келеді.

Көптеген көрсеткіштер бойынша Алматыдағы балалардың денсаулық жағдайы радиациялық аймақтардағы балалардың денсаулығынан да нашар болып келеді.

Қазіргі кезде жұқпалы  созылмалы аурулар кезінде науқас адамдардың 18-27%-ның иммундық статусы  өзгеруі мүмкін екендігі анықталған факт болып табылады.

Алматы қаласында балалардың денсаулығының бақылау нәтижесінде аталмыш көрсеткіш тіпті шартты түрде сау балалардың өздерінде 39% құрайтыны белгілі болды /14, 15/.

Соңғы кезде психикалық аурулар санының барған сайын  өсе түсуі алаңдатарлық жағдай тудыруда. Ауасы тым ластанып кеткен аудандарда аталмыш патологияға шалдығулардың саны қауіпті мөлшерге жетті (Алматы қаласы 1999 ж – әрбір 100 мың тұрғынға – 2801 жағдай, Қаскелен қаласы сол кездегі көрсеткіш – 4274 жағдайды құрады). Сонымен қатар, тұрғындардың ойлау қабілеті де төмендеуде. Аталмыш көрсеткіш 1999 ж. тұтастай облыс бойынша алып қарағанда әрбір 100 мың тұрғынға 558 жағдайды құраған болса, Алматы қаласында ол 795, ал Қаскелен  қаласында 3 есе артық – әрбір 100 мың тұрғынға 1545 жағдайды құрап отыр /14/.

Алматы қаласындағы  медициналық – демографиялық  көрсеткіштер. Қоршаған ортаның шексіз ластану жағдайларында, адам денсаулығын сақтау және өмір ұзақтығының ұзаруы негізгі мәселе болып табылады. Соңғы 10 жылдың ішінде Алматы қаласының медициналық-демографиялық процестерінде қажетсіз тенденциялардың өсуі байқалады. Бұл салада негізгі қажетті мінездемелердің бірі болып адамның жас көлемі табылады. Балалардың уделдік салмағы соңғы жылдары сол қалпы жоғары болып тұр, ол 28 пайыздан және 50 жастан жоғары сапасынан 18-8 пайыздан жоғары болады, яғни халықтың типі-прогрессивті.

Халықтың негізгі бөлігі өндірістік жастағы 17-65 (68, 35%) жыл, өлім көрсеткіші еңбек ресурсына әсер етеді. Ауыруды коэффициент бойынша 17 жасқа дейін 17-ден 65 жасқа дейін  қала бойынша 46, 31% Алматы облысына 55,8% тиеді.

Халықтың денсаулығының  төмендеуі демографиялық жоғалуға байланысты. Салыстырмалы түрде туған  балалардың өлім көрсеткіші жоғары және бір жастағы өлім көрсеткіші бір  келкі, сонымен үлкен жастағы  адамдар бұл көрсеткіштерге ие.

Кішкене балалардың өлімі туылған аномалияға, перинатальды табиғатқа, қоршаған ортаның ластануына байланысты. Балалардың өлім себептерінің ішінде бірінші орынды қан айналым жүйесінің бұзылуы (46,3%), екінші орында ісіктің пайда болуы (21,3 %), үшінші орынды белгісіз жағдайлар, улану және сырқат (13,6%), содан кейін тыныс алу жолдарының ауырулары (4,6 %) құрайды.

Алматы қаласының халықтарының өлімін зерттеу үшін олардың орта өмір сүру көрсеткішін талдап есептеп  көрсету керек. Бұл көрсеткішті  сапалы өмірдің дәстүрлі индикаторы деп қарайды. Ол көп жылдық үдемелі эволюцияның шешімі болып табылады. Ол денсаулық сақтау жүйесіне материалдық жағдайының көрсеткішіне және халықтың мәдениетіне сүйенеді. Алматы қаласы бойынша ерлердің орташа өмір сүруі 1999 жылы 63,8 жас болды, ал әйелдердікі 73,14 жас болды. Егерде өмір сүру ұзақтығы ерлерде 1989 жылдан 1999 жылға дейін 2,59 жасқа көтерілсе, әйелдерде 1,41 жасқа көтерілді. Алматы қаласындағы халықтың типі – күшеюі балалардың саны 50 жастан жоғары адамдарға қарағанда көбірек. Демографиялық жағдайға көп әсер ететін қаладағы халықтың өлімі, қазіргі кезде балалардың және ересектердің жиі өлімі байқалады.

Қазіргі кезеңде қалада бірінші орынды қан айналым жүйесінің  ауыруы алады, екінші орынды жаңадан  пайда болған ауыру түрлері, содан кейін сәтсіз оқиғадан, улану, жарақат алудан және тыныс алу мүшелерінің ауыруы алады. Жалпы түрде қарағанда назологиялық патологияның едәуір жасаруы байқалады. Ол қоршаған ортаның ластануына байланысты болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ  ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ

 

 

5.1 Өзекті мәселелер

 

Еліміздің халық шаруашылығы  дамуының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз  негізделуі, өндірістік потенциалдың көп жылдар бойынша қоршаған орта гигиенасы мәселелерін шешу тұрғысынан келгенде көптеген индустриалды аймақтарға қоршаған тіршілік ортасымен адам денсаулығын төтенше ауыр жағдайға соқтырады.

Осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы және оның халық  денсаулығына тигізетін әсерін зерттеп  білу қоршаған орта гигиенасының ең негізгі  мәселелерінің бірі болып табылады.

Сонымен қатар зиянды қосылыстардың сәл ғана көбеюі халықтың денсаулығын күрт нашарлата түсетіндіктен осындай ғылыми зерттеулердің мәні арта түсуде.

Қоршаған ортаның әсерінен Қазақстан халқының денсаулығы, ТМД  елдеріне қарағанда, ортанғы деңгейден  де төмен болып отыр. Әсіресе ана мен баланың өлімі жиілеп кетті. Жаңа туған балалар арасынан кем тарлық пен дамып өсудің ауытқушылығы артып келеді, халықтың дертке шалдығуы көбеюде.

Қазақстанда биогеохимиялық провинциялардың бірнеше варианттардың  топтасқанын айтуға болады. Негізгі  әрі жиі кездесетін экологиялық өзгерістер Алматы сияқты ірі қалалардың белсенді урбанизациялану дәрежесіне байланысты көбеюде. Алматы қаласының табиғи – климаттық және географиялық ерекшеліктері, метеорологиялық жағдайы, температуралық инверцияның жиілігі және желдің баяу жылдамдығы қоршаған ортада химиялық заттардың жоғары концентрацияның ұзақ мерзім бойы жиналып қалуына әкеліп соқтырады.

Өнеркәсіп орындарының  қалдықтары, үй-жәй шаруашылығы жылыту орындарындағы сұйық және қатты отынның толық жанып бітпеген өнімдері және автокөлік газдары, міне осылар қаланың үш негізгі ластау көзі болып табылады.

Қоршаған ортаның тигізетін  әсері туралы айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келгенмен, қоршаған ортаның  негізгі объектілерінің сапасы мен  санын Алматы қаласы тұрғындарының денсаулығына, дертке шалдығу деңгейіне байланысты мәліметтер әлі де болса өте аз.

Сондықтан қазіргі Алматыдағы объектілердің сапасын анықтап, экологиялық қолайсыз аудандарға бөлу қажет. 

 

5.2 Алматы қаласының өте қауіпті аудандары

 

Қаланың 40 % алаңында топырақ орташа дәрежеде шоғырланған (ластану коэффициенті 1,5-3) бұл территорияларға қаланың шығыс және ортанғы бөлігі шамамен солтүстік аудандары енеді. Топырақтың күміспен жоғары дәрежеде (фондық шоғырлануда жер-жерлерде 10-100-ге дейін жетеді) ластануы 4 алаңда белгіленген.

1) Райымбек даңғылымен  Розабакиев көшесінің шығысындағы машина құрылысының зауыты орналасқан территория;

2) Рысқұлов даңғылы  бойындағы әр түрлі салада  жұмыс істейтін кәсіп орындардың  ауданы;

3) Райымбек даңғылығының  шығыс жағында аяқталуы;

4) Алматы – 1 темір  жол вокзалының ауданы.

Қала территориясының  топырағы отын жағатын қондырғылардың, өнеркәсіптік және автокөлік шығарып  тастайтын қалдықтарына байланысты ластанады. Қаланың ластануына байланысты денсаулыққа қауіпті 6 ауданға бөлдік /9/.

Бірінші экологиялық  өте қауіпті аудан, машина құрылысы кәсіпорындары топтарының («Поршень», АМЖЗ, электорвагон жөндеуші) және «Төменгі вольтті аппаратура» зауыттарының шығаратын қалдықтарына байланысты әсіресе «Поршень» зауыты шығаратын  қалдықтар өте көп. Онда металдар құрамы мөлшерде болған кезде (бір жылда вольфрам, мыс, марганец, хромның тонналары, кобальт, қорғасын, молибден, никельдің жүздеген миллиграммдары, қалайының ондаған миллиграмдары, күмістің бірлігі, сынаптың жүздеген грамдары) осы аймақта және оның маңында жоғары дәрежеде шоғырланған жиектерін құрайды: вольфрам (100 фоннан аса), сынап (30-50), қорғасын, мыс, кадмий, хром, қалайы, марганец (10-15 фон шамасында). Мына бір жайт көңіл аударуды талап етеді: бұл элементтер қалдықтардың ішінде суда еритін қалыпта болады, топырақта жиналады, топырақтың ең төмен бөліктерін және жер асты суларын ластайды.

«Поршень» зауытының  топырағы элементтердің ең көп шоғырланатын орындары – инструментальды және құю цехтарының маңы. Марганец негізінен поршень цехінің маңында шоғырланады. Сынап пен кадмий зауыттың бүкіл дерлік территориясына таралған, әсіресе солтүстік бөлігінде 150-200 метр аймақта өте жоғары дәрежеде шоғырланған. Территория аймағынан асқан жерлерде улы компоненттер бес фондық дәрежеде шоғырланады.

«Алматы төмен вольтты  аппаратура» зауыты жоспарлы түрде ауа сферасына 8-23% өндірістік тозаңды жібереді, бұл тозаң пластмасса деталдарын өңдегеннен, сыпырушы, өндіруші және қайраушы құралдардан, деталдарды пісіру, дәнекерлеу, қалайылау кезінде буланып шығатын өнімдерден пайда болады.

«Электро вагон жөндеуші зауыт» шығаратын қалдықтардың құрамында  болатын металдар (хром, никель, марганец, қорғасын) да осы себеппен топрақта өте жоғары дәрежеде шоғырланбайды. Оның территориясында қорғасынның  көп мөлшері автокөлік шығаратын қалдықта, сол сынаптың көп болуы «Поршень» зауытының шығаратын қалдығына байланысты болады.

АМЖЗ территориясының  топырағы қорғасынмен, сынаппен ластанған.

Екінші экологиялық  қауіпті аудан «Асфальтбетон» ОБ мен 3 КСМК территориясына қатысты. Бұл екеуінен бөлек мұнда ондаған шағын ұйымдар орналасқан, оның ішінде газ таратушы станция, «Медтехника» қоймасы, Алматы «Каздорреммаш» жөндеуші механикалық зауыты т.б. бар. Бұл аудан үшін күміс рұқсат етілген мөлшерден 10-70 есе артық көлемде болады. Ол жөндеуші механикалық зауытының, «Асфальтбетон» ОБ мен 3 КСМК кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Қорғасын – жөндеуші – механикалық зауытының территориясында ауыр металдар көп шоғырланған; сынап болса бүкіл аталып отырған аймақта жоғары дәрежеде таралады (фоннан 50-ден көп шамасында ) – бұл жанғыш мазуттың кеңінен пайдаланатындығына байланысты болады.

Үшінші экологиялық  өте қауіпті аудан ретінде  Райымбек даңғылымен Сейфуллин даңғылы  қиылысқан жерімен оңтүстік-батыс  жағындағы территориясы есептеледі, оның топырағының құрамында қорғасын фондық деңгейден 100 есе ( тем комбинаты), 10 есе (Крючков атындағы тәжірибелік – механикалық зауыт) артық, мыс жөндеуші подшибник зауыты, сынап (электроқұрылыс құралдары) металдары да шамадан тыс көп шоғырланған.

Төртінші экологиялық қауіпті ауданға «Саяхат» автобекеті мен оған жақын территориялар жатқызылады. Мұнда сынап өте үлкен дәрежеде шоғырланған (фондық мөлшерден 10-300-ге дейін, одан да асып кетеді), әсіресе «Эталон» зауытының шығыс және солтүстік шетіне, шығыс бөлігінде – полиграф комбинатының территориясында, солтүстік жағында автопарктің территориясымен байланыстырылған. Сынап кейде жеке меншік үйлердің аймағында да шамадан тыс шоғырлануы мүмкін, яғни мұнда пистицидтердің қолданатындығын білдіреді. Сондай-ақ бұл аудандағы жер асты сулардың құрамындағы сынап рұқсат етілген «ауыз су» деңгейінен 8 есе көп.

Бесінші экологиялық  өте қауіпті аудан Рысқұлов көшесінің  солтүстік жағы болып саналады, Сейфуллин  даңғылы мен Сүйінбай көшелерінің  аралығында орналасқан. Мұнда І-ЖО қалдықтары келіп қонады, топырақ бериллий мен қорғасынмен, циркониймен ластанған /9/.   

 

5.3 Алматы өңіріндегі көрсетілген әсерді инженерлік тұрғыдан бағалау

 

Ауаға әсерді бағалаудың қорытынды бөлімі жобаланушы объектінің территориясының геоморфологиялық құрылымын, рельеф түзілу динамикасын, бұл тенденциялардың объекті іске қосылуы нәтижесінде өзгеру мүмкіндігін талдау болып табылады. Ауаға тікелей және жанамалай әсер ететін факторларды ескере отырып, оған әсер ететін басқа факторларды да анықтап, содан соң бағалау керек.

Ауа қабатының бір  ерекшелігі оның көп компоненттігі, яғни оның қабаттары және оларға әсер ететін антропогендік процестер. Сондықтан, бағалау үшін көптеген белгілердің  жиынтығының интеграциясы қажет.

Бағалаудың тікелей  белгілер. Көп тараған техникалық белгілер. Бұларды қолдану ауа мен оның компоненттерінің ластағыш заттардың улылығын ескере отырып табиғи концентрациямен немесе МШШ-мен, бастапқы ластануды салыстыруға негізделген.

Жер асты суларының жер  асты гидросфералық сапасын бағалау  да белгілі МШШ-ға қарай регламентпен белгіленген. Жер асты суларының ластану көлемін сипаттау үшін ластану ауданын (Ғ) анықтаудың маңызы зор. Сонымен бірге, табиғи жағдайдағы белгілі бір нүктелердегі су сапасы (Ст) және ішуге қолданылатын сулардағы ластағыш заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы. Сөйтіп жер асты суларының күйін бағалау үшін екі көрсеткіш қолданылады: жер асты суларының сапасы (С) және ластану ауданының (Ғ) мөлшері.

Н – қалыпты ластану  дәрежесі;

Қ – ластану нормасынан шамалы жоғары дәреже;

К – ластану нормасынан орта дәрежеден жоғары;

А – ластану нормасынан апатты дәрежеден жоғары /13,14/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Алматы қаласында қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы бірнеше  химиялық заттардың (шаң, мырыш, қорғасын т.б.) фондық концентрациясы анықталады. Басқа да саны 100-ге жететін қолайсыз, ластайтын заттардың сапасын анықтау қажет. Қаланың ең басты ластану жағдайы автокөлік газына байланысты.

 Өсімдіктердің металдармен ластану әсерін білу үшін мыңдаған байқаулар жасалынып нәтижесінде мынадай қорытындылар алынды: қылқан жапырақты бұтақты ағаштар үшін фондық жинақталу топырақтағы концентрациядан жоғары болады.

Қоршаған ортаның түрлі  химиялық қосылыстармен, сондай-ақ радионуклидтермен  жаппай ластануы олардың адам ағзасына тамақ өнімдерімен, ауыз сумен және атмосфералық ауамен түсуіне әкеліп соктырады.

Информация о работе Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері