Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 16:39, дипломная работа

Краткое описание

Алматы еліміздің аса ірі қалаларының бірі, Қазақстан Республикасының оңтүстіктегі астанасы. Үкіметтің шешімдерінен туындайтын міндеттерге сәйкес оны одан әрі дамыту, еңбекті ұйымдастыру мен өндіріс технологиясында түбегейлі өзгерістер жасау көзделеді. Қазірдің өзінде осы бағытта көп іс атқарылды және атқарылуда. Бұл қаланың экологиялық-санитарлық жағдайын бұрынғыдан анағұрлым жақсартумен қатар еңбеккерлерінің таза да, қолайлы жағдайларды толық пайдалануына мүмкіндік берілмеген.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1 АЛМАТЫ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..................................................5
1.1 Табиғи ортаның қалыптасуындағы гидроклиматтық факторлар.............5
1.2 Қала топырағының фондық құрамы..........................................................11
1.3 Қаланы ластаушы көздердің сипаты.........................................................14
1.4 Қаланың ауа және су бассейіндерінің ластану дәрежесінің факторлық
анализі...........................................................................................................15
2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ
НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ......................................................................20
2.1 Ластаушы заттардың Алматы қаласының топырақ грунттарына
әсері..............................................................................................................23
2.2 Автокөлік тастандыларынан ластану үлесі..............................................25
2.3 Өндіріс қауіптілігі категорияларын анықтау...........................................29
2.4 Алматы өңіріндегі антропогендік жүктемеге байланысты
геоэкологиялық құрам бөліктердің ластануы (ауа мен су мысалында) 30
2.5 Алматы қаласының атмосферасын ластайтын негізгі көздер.................35
3 АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ЗИЯНДЫ
ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ
(ЖЭЦ-1бойынша)........................................................................................38
4 АЛМАТЫ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК
ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЫСЫ.......................41
5 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛІНУІ....45
5.1 Өзекті мәселелер..........................................................................................45
5.2 Алматы қаласының экологиялық өте қауіпті аудандары........................45
5.3 Алматы өңіріндегі көрсетілген әсерді инженерлік тұрғыдан бағалау...47
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері.doc

— 568.00 Кб (Скачать документ)

Алматының атмосфералық жауын-шашыны да қаланың ауа ылғалдылығымен тығыз байланысты. Мейлінше үлкен экологиялық мағынасы бар. Қала территориясындағы жауын-шашын түсудегі шұғыл айқындалған кеңістіктік біркелкілік, жауын-шашын жиыны және оның жыл маусымдарымен бөлінуі де әсер етді.

Қаладағы антропогендік  әсер атмосфералық жауын-шашын факторына ықпал етеді. Мысалы басқа жерлерге қарағанда Алматы қаласында жауын-шашын 10% көп түседі. Бір жағынан Алматының ауасының өзін өзі тазартуында жауын-шашындар маңызы үлкен рөл атқарады /8/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 АЛМАТЫ ӨҢІРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ ЗИЯНДЫ

ЗАТТАРДЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ЕСЕПТЕУ  ЖОЛДАРЫ

(ЖЭЦ-1бойынша)

 

 

Атмосферадағы қоспалардың  негізгі физикалық сипаттамасы, олардың шоғырланулары, яғни ауаның бірлік көлеміндегі (м3) зиянды заттардың массасы (мг). Қоспалардың шоғырлануы адам мен қоршаған ортаға олардың физикалық, химиялық және де басқа қасиеттегі әсерлерін анықтайды және атмосферадағы қоспалардың мөлшерін нормалауға пайдаланылатын негізгі параметр.

Әр ластаушы заттың жермен астасқан ауа қабатындағы ең жоғарғы  шоғырлануы (С максималды бір жолдық шекті рауалы шоғырланудан (ШРШб.ж.) аспауы керек, яғни 20 минуттік экпозицияда С ≤ ШРКmax теңсіздігі орындалуы тиіс. Кейбір ластаушы заттардың ШРШ-сы 4 кестеде келтірілген /16/.

 

Кесте 4           Жергілікті жерлерде атмосфералық ауадағы  ластаушы

                           заттардың шекті рауалы шоғырлануы (ШРШ), мг/м3 /16/

 

 

Ластаушы заттар

Максималды біржолдық 

ШРШ МБ,мг/м3

Орташа тәуліктік

ШРШОТ, мг/м3

 

Қауіптілік класы

Күкірт диоксиді

0,5

0,05

3

Азот оксидтері

0,6

0,06

3

Бейорганикалық шаң (SiO220-70%)

0,3

0,1

3

Фтор қосылыстары

0,02

0,005

2


 

Атмосфералық ауа іс жүзінде зиянды заттармен ластанатындықтан, олардың әсері де зор болады. Сондықтан, бір бағытта әсер тигізетін зиянды заттардың жалпы мөлшері –  «улылық дәрежесі» (У) бірден аспауы қажет, формула /3/:

 

       /3/

 

Бұл жерде: С1, С2, ...Сn– бір жердің ауасындағы зиянды заттардың мөлшері;

n – қосынды (суммациялық) эффектіде үлесі бар зиянды заттардың саны.

Өндіріс көзінен шығарылатын  тастандылардың таралу процесі атмосфераның жағдайына, өнеркәсіп пен тастанды көзінің өзара орналасуына, орналасқан жердің бедері мен өзгешелігіне, тастанды заттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне және т.б. жағдайларға байланысты. Мұржалардан және вентиляциялық қондырғылардан шығатын өндірістік тастандылардың атмосферада таралуы, турбуленттік диффузия заңдарына бағынышты. Қосылыстардың ендік бойынша таралуы негізінен желдің жылдамдығы мен бағытына сәйкес өлшенеді, ал биіктігі бойынша атмосферада температуралардың өзгеруі бойынша өлшенеді.

Түтінді мұржалардан  шығарылатын зиянды заттардың жерге  жанама атмосфера қабатында, суық және ыстық газды қоспалардың таралу көзінен Xmax қашықтық аралығында максималдық шоғырлануын (См) келесі 4-ші формула арқылы есептеуге болады (ыстық газды – ауа қоспалары үшін) /16/:

 

                                                                       /4/

 

Бұл жерде:

А – температуралық стратификация  коэффициенті, зиянды заттардың тік  және көлденең бағытта таралатын  жағдайын анықтайды, шығарынды көлінің орналасқан жеріндегі ауа –райына байланысты:

А = 250 –Бурятия, Чита облысы;

А= 200 – Қазақстан, Орта Азия, Сібір,Кавказ, Молдавия, Қиыр Шығыс;

А= 160 – Ресейдің солтүстігі мен солтүстік-батысы, Орал, Украина;

А= 140 – Ресейдің Орталық Еуропа бөлігі, Белорусия үшін;

М= белгілі бір уақыт  аралығында атмосфераға түсетін  зиянды заттардың мөлшері, г/с;

η – жер бетінің  бедерін ескеретін коэффициент, егерде 1 км төңірегінде оның биіктігі 50м аспаса, онда η бірге тең болады;

Н – мұржаның биіктігі, м;

∆Т = Т1– Та – шығарынды газ бен сыртқы ауа температураларының (ең ыстық айдағы атмосфераның орташа температурасы) арасындағы айырмашылық;

V1– көзден шығатын газды ауа қоспасының көлемі, м3/сек /5/:

 

                                                       /5/

Бұл жерде:

D – қоқыстардың диаметрі, м;

ω – қоршаған ортаға газдардың  түсу жылдамдығы, м/сек;

F – ауадағы бөлшектердің төмен қарай түсу жылдамдығының Vа турбуленттікке қатыс арқылы анықталады, ол V жел жылдамдығына пропорционалды түрде тәуелді.

Егерде,

Vа/V≤ 0,015 болса, онда F=1;

0,015<Vа/V<0,03 –жағдайда F = 1,5;

Vа/V>0,03 болса, онда F = 3;

 

m – газдың мұржадан тасталуын ескеретін өлшемсіз коэффициент /6/:

 

                                                     /6/

Бұл жерде:

                             

ω –  газды ауа қоспасының көзден шығу жылдамдығы, м/с;

D – мұржа сағасының диаметрі

n – өлшемсіз коэффициенті келесі параметрлер арқылы анықталады /7/:

 

                                                                            /7/

 

Егер, VМ > 2 болса, n = 1;

Егер, 0,5 ≤ VМ ≤ 2 болса, n = 0,532 VМ 2 – 2,13 VМ + 3,13;

Егер, VМ ≤ 0,5 болса, n = 4,4 VМ.

 

Егерде ластағыш көздерден тасталынатын шығарындылар температурасы ауа температурасынан айырмашылығы өте аз болса (∆Т ≈ 0), онда қолданылатын теңдеу /8/:

 

                                                                   /8/

 

Бұл жерде,

 

                             ,              ,

 

V0, VМ – салқын және ыстық көздерге сәйкес қосалқы параметрлер.

Максималды шоғырлану  күтілетін жерге дейінгі арақашықтық (XMAX ), келесі формула /9/ арқылы анықталады:

 

                                               Xmax =dH                                             /9/

 

Бұл жерде:

d – өлшемсіз шама, VМ параметріне қатысты:

егер, VМ ≤ 2 болса, d = 11,4 VМ

егер, VМ > 2 болса, n = 16,1 ;

ірі дисперсті шаң  үшін (F ≥ 2).

Осы келтірілген есептердің нәтижесі бойынша санитарлық – қорғау зонаның орналасу қашықтығы –  ластаушы стационарлық көздерден 400-500 метр қашықтықта шектелуі тиіс /16/.

 

4 АЛМАТЫ АЙМАҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК

       ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ БАРЫСЫ

 

 

Алматы қаласының тұрғындарының қатерлі ісік ауруларына шалдығуы жоғары деңгейде болып отыр. Бұл көрсеткіш орташа республикалық деректерді, әсіресе Қызылорда облысына қатысты деректерді басып озуда, ол жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық мәліметтері хабарлап отыр. Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы бойынша қатерлі ісік ауруларына шалдығулардың 8 жыл бойынша салыстырмалы түрдегі баға берілуі /кесте 5/ келтірілген.

 

Кесте 5          Тұрғындардың қатерлі ісік ауруына шалдығуының қарқынды

                                                 мағыналары

 

Аймақ

Жылдар

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2002

Қазақстан

Республикасы

181,0

182,4

188,5

190,0

186,0

183,7

130,5

35,7

Қызылорда

облысы

188,9

198,2

204,0

203,4

197,5

189,0

128,8

115,3

Алматы қаласы

217,0

221,4

235,6

241,2

237,9

236,0

236,3

240,5


 

Кестеден көруге болатындай, Алматы облысы бойынша онкологиялық ауруға шалдыққандардың саны республикалық  көрсеткіштен артып тұр. Оған шалдыққандардың саны уақыт өткен сайын өсуде. Бұл жағдай аталмыш проблеманы тереңдетілген түрде зерттеудің қажеттілігін тудырып отыр /5, 10/.

Алматы тұрғындарының қатерлі ісік ауруларына шалдығуы онкологиялық диспансердің 1995-2002 ж.ж. бойынша жасаған статистикалық мәліметтері бойынша зерттеліп келген болатын.

Алматы тұрғындарының сапалық деңгейінің серпінділігі мен уақыттық аспектіден зерттеу арқылы бұдан арғы ауқытша бүкіл облыстың оның әрбір ауданының табиғи ортасын қоршаған ортаның қайсібір факторларының тұрғындардың денсаулығына тигізетін патогендік әсерінің басымдылығын анықтау мақсатымен зерттеудің қажет екендігін дәлелдеп шығуға болады. Факторлардың  дәл осы басымдылығы оларды Алматы ортасын сауықтыру мақсатымен мақсатты түрде жоспарлы жою жөніндегі бағдарламаны әзірлеу кезінде негізгі критерийге айналуы тиіс.

Қоршаған ортаның түрлі  химиялық қосылыстармен, сондай-ақ радионуклидтермен  жаппай ластануы олардың адам ағзасына тамақ өнімдерімен, ауыз сумен және атмосфералық ауамен түсуіне әкеліп соқтырады. Жоғарыда айтылған токсиканттардың адамның биотасы мен ағзасына бірлескен түрдегі әсер етуі қазіргі кезде әлі толықтай зерттелмеген. Алайда, осы мәселеге қатысты аздаған мәліметтердің өзі бақылауға алынған аудандағы тұрғындардың денсаулығының соңғы кезде нашарлап кеткенін көрсетіп отыр /11/.

Сарапшылардың мәліметтеріне  сүйенсек, Алматы қаласының адам қанының  құрамындағы қорғасынның орташа мөлшері сынды деңгейі -  
0,6 мг/л-ден асып отыр. Алматы қаласында қанындағы қорғасынның мөлшері 0,35 мг/л-ден асатын адамдар жоқтың қасы, бүл мөлшер норма шектерінен асып кеткен.

Барлық өңірлерде балалардың биоортасында бор, қорғасын, ванадий, мырыш, хром, талий, берилий, күшән заттары табылған. Бұл элементтердің табиғи мөлшерінің нормаларынан асып кету деңгейлері 1,5-тен бірнеше ондаған есеге дейін тербелуде. Мысалы, Қорғау станциясының маңындағы балалардың қанында хром мөлшерінің табиғи нормадан асуы 50 есе, ал КШТ шағын ауданы маңындағы балалар қанында бор мөлшерінің табиғи нормадан асуы шамамен 40 есе болуда.

Жиырма екінші медсанитарлық бөлімі мен теңіз көлігінің ҒЗИ-ның мәліметтері бойынша балалардың шашында марганец, мырыш, күшән, қорғасын, берилий заттарының жоғары мөлшерде болуы анықталды /кесте-6/ /12/.

 

Кесте 6  Алматы қаласындағы балалардың шашындағы металдар, мг %

 

Аймақтар

Ауыр металдар

Алматы қаласының балалары

0,6

15,0

77,9

369

46,8

11,2

77,9

2,2

0,12

0,15

Балалардың

шашындағы

табиғи

шоғырланулары

-

5,0

50,0

260

15,0

4,6

50,0

1,25

0,05

3,8


 

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай соңғы 5 жыл бойы жалпы ауру көрсеткіштері барған сайын өсе түсуде (1988 – 944 және  
1992 – 1121). Зерттелу үстіндегі саланың өзіне аса тән болып келетін ретінде тыныс алу органдарының ауруларын (1991 – 286, 1992 – 295), нерв жүйесі мен сезіну органдарының ауруларын (123-124), қан айналымы жүйесінің (101-109), ас қорыту жүйесінің ауруларын (75-71) жатқызуға болады. Эндокриндік жүйе аурулары күрт көбейіп кетті (1989 – 1 9,0, 1991 – 27,0) /13/.

Сонымен қатар соңғы  жылдары туу көрсеткіштерінің күрт төмендеп кеткенін (1988 – 19,8; 1992 – 15,3) айта кеткен дұрыс. Тұрғындардың өсу көрсеткіштерінің төмендеу жағдайында тұрғындардың өлімдік көрсеткіштерінің тұрақты түрде өсуі өзіне назар аудартуда, соңғысы 1989 жылға қарағанда 10%-дан артық шамаға өсіп кетті. Барлық өлім жағдайларының 50% артық бөлігін жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары мен қатерлі ісіктерден болатын өлім жағдайлары қүрап отыр. Еркектерде өкпе, қуықалды безінің ісігі менгемобластоздардан болатын өлім жағдайларының саны аса жоғары болып келеді; әйелдерде – жиек ішек, сүт бездерінің ісігі мен гемобластоздардан болатын өлім жағдайларының саны аса жоғары болып келеді. Балалар өлімінің саны да тым жоғары болып отыр (орташа есеппен алғанда 1000-ға 26,9-21,5). Экологиялық дағдарыс аймағында бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мысалы, Алматы қаласының жиі жағдайда жаңадан туылған әрбір 1000 балаға 30-34 өлім жағдайларын құраса, Қаскелен ауданында 36-37 санын құрап отыр.

Информация о работе Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері