Нивелирлеу және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 18:19, реферат

Краткое описание

Нивелирлеудің түрлері, биікайырым өлшеулері. Нивелирлеу тәсілдері
Нүктелердің биіктік белгілерінің мәні мен олардың салыстырмалы биіктіктерін есептеп шығаратын геодезиялық өлшеулер нивелирлеу деп аталады. Нүктелердің алынған биіктік белгілерінің мәні барлық масштабтағы топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып саналады және олар халық

Содержание

1 Геометриялық нивелирлеу
2 Нивелирлік жүрістерді рекогносцировкалау, жобалау
3 Нивелирлік реперлер және маркалар
4 Нивелир түрлері, оларды тексеру және түзету
5 Техникалық нивелирлеу
6 Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нивелирлеуолардың түрлері.docx

— 539.23 Кб (Скачать документ)

Егер х қателігі 4 мм-ден артып кетсе, онда элевациялық винтпен орта жіпті рейкадағы П2'—П2—х дұрыс есептеуге нысаналайды да, денгейдің вертикаль түзету винттерімен деңгей үлбіреуігінің шеттерінің кескінін дәл беттестіреді. Деңгейдін орналасуын тексеру мен түзетуді х-тің шамасы 4 мм-ден аспайтын болғанша қайталай береді.

                                                                                         

 

Нивелирлік  рейкалар, олардың құрылысы және тексеру

Нивелирлеу  үшін тұтас немесе бүктемелі ағаш рейкалар (24 сурет) қолданылады, олар ұзындығы 3–4 метр, ені 10 см және қалыңдығы 2–3 см бітеу тұтас тақтай ағаш болып табылады. Тақтайлар ақмайлы бояумен   боялады   және оларға сантиметрлік торкөз бөліктер түсіріледі. Онда әрбір дециметр жазылады, ал сантиметрлік бөліктер есептеулерді жеңілдету үшін 5 см сайын топтарға біріктіріледі. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бөлігінің бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең.

Рейканың  төменгі жағына рейканы тез тозудан  қорғайтын болат пластинкадан тақа қағылып қойылады.Рейкалар бір жақты  немесе екі жақты болуы мүмкін, екіншісінде оның бір жағында  қара бөліктер, екінші жағында қызыл  бөліктер болады. Осыған орай рейканың жақтары қызыл және қара болып  бөлінеді. Рейканың қара жағындағы  нөлге тең есептеу, оның тақасымен  дәл келеді, ал қызыл жағындағы  тақаға сәйкес келетін есептеу нөлге тең болмайды.

Жұмыс басталмай  тұрып рейкаларды тексеріп алған  жөн. Ол үшін рейканы горизонталь  күйінде жатқызып, оған тексеру метрін қойып, оның әрбір метрі мен дециметрін өлшейді. Оның дециметрлік бөліктерінің кездейсоқ қателіктері 1 мм-ден, ал рейканың барлық ұзындығындағы қателік 2 мм-денаспауы тиіс.

Техникалық нивелирлеу

Техникалық нивелирлеу 1:500–1:5 000 масштабтардағы Топографиялық түсірістердің биіктік негіздеулерін құру мақсатымен, сондай-ақ барлау, жобалау және әр түрлі инженерлік құрылыстарды салу үшін жасалынады.

Топографиялық түсірістердің биіктік негіздеуін жасағанда техникалық нивелирлеу жүрісінің  ұзьндығы жер бедері қимасының берілген биіктігіне байланысты болады .

Нивелирлеу  бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша есептеулер тек қана орта жіптен алынады. Әдеттегі екі жақты  рейкаларды қолданғанда станциядағы  жұмыс атқару реті төмендегідей болады:

1) артқы рейканың қара және қызыл  жақтарынан есептеулер алу;

2) алдыңғы рейканың қара және  қызыл жақтарынан есептеулер  алу.

Жұмыс кезінде бір жақты рейкаларды да қолдануға болады. Бұл жағдайда станциядағы жұмыс атқару реті мынадай  болуы тиіс:

1) артқы рейкадан есептеу;

2) алдыңғы рейкадан есептеу;

3) нивелирдің горизонтын 10 см-ден артық  шамаға өзгерту;

4) қайтадан алдыңғы рейкадан есептеу;

5) қайтадан артқы рейкадан есептеу.

1. 3-графаға артқы рейканың қара  және қызыл жақтары бойынша  алынған барлық есептеулердің  қосындысын å3 жазады да, оларды а әрпімен белгілейді.

2. Алдыңғы рейкадан дәл осылай  алынған барлық есептеулердің  қосындысын å4-графаға жазып, оны b әрібімен белгілейді.

3. Рейкалардың қара және қызыл  жақтарының көмегімен алынған  салыстырмалы биіктікті есептеп  шығарады

;                                        

Салыстырмалы  биіктіктің айырмашылығы қос рейканың тақаларының айырымын есепке алғанда 10 мм-ден аспауы тиіс, яғни

                                                        

4. Онан әрі салыстырмалы биіктіктің  орташа мәнін анықтайды

                                                               

5. Әр беттік тексеруді орындағаннан  кейін төменгі шарт орындалуы  керек:

                                                

6. Әр беттік тексеру біткен соң  жүрістің қиыспаушылығын есептеп  шығаруға кіріседі. Егер нивелирлік  жүріс тұрақты геодезиялық биіктік  нүктелерінің – реперлердің арасында  салынған болса, онда нивелирлеуден  алынған салыстырмалы биіктіктерінің  қосындысы åh0 соңғы Hс және бастапқы Há реперлердің биіктік белгілерінің айырымына те» болуы тиіс

                                                            

Осы жағдайдағы қиыспаушылық

                                                    

Егер нивелирлеу екі нивелирмен жүргізілген болса, онда бірінші нивелирмен алынған  салыстырмалы биіктіктерінің қосындысы åh01 екінші нивелирмен алынған салыстырмалы биіктіктерінің қосындысына åh02 тең болуы тиіс, яғни åh01 =åh02, демек, қиыспаушылық

Егер  нивелирлеу тура және кері жүрістермен  жасалса, онда тура жүрістің салыстырмалы биіктіктерінің қосындысының åh0.T. абсолют шамасы кері жүрістің салыстырмалы биіктіктерінің қосындысының кері шамасына åh тең болуы керек, яғни

                                                        

Бұл жағдайда қиыспаушылық мынаған тең болады:

                                                   

Тұйықталған нивелирлік жүрісте салыстырмалы биіктіктердің  косындысы (åh0=0) нөлге тең болуы тиіс, сонда жүрістің қиыспаушылығы

                                                                

7. Егер фактіге негізделген қиыспаушылық ¦h мүмкін қиыспаушылықтан кем болса (¦h£¦hm), онда фактіге негізделген қиыспаушылықты ¦h жүрістің барлық салыстырмалы биіктіктеріне тепе-тең етіп кері таңбамен бөледі, яғни салыстырмалы биіктікке мынадай түзету енгізіледі:

                                                                   

Түзетулер 1 мм-ге дейін дөңгелектенеді.

8. Түзетілген салыстырмалы биіктіктер  мына формуламен есептеліп шығарылады:

                                                             

9. Түзетілген салыстырмалы биіктіктер бойынша байланыстыру нүктелерінің биіктік белгілерін мына формуламен есептеп шығаруға кіріседі:

                                                           

мұндағы Hn – нүктенің есептеліп шығарылатын биіктік белгісі; Hn-1 – жүрістің бұрынғы нүктесінің биіктік белгісі, hc,1 – нүктелердің арасындағы түзетілген салыстырмалы биіктік.

10. Биіктік белгілерді есептеп шығарудың  дұрыстығын тексеру мынадай формуламен  жасалады

                                                          

11. Барлық байланыстыру нүктелерінің  биіктігін анықтағаннан кейін  аспаптың горизонттарын есептеп  шығаруға кіріседі, бұл жағдай  тек қана аралық (полюстік) және  көлдене» нүктелері бар станциялар үшін жасалуы тиіс. Мұнда аспаптың горизонтын мына формула бойынша табады

                                                                 

мұндағы 3 — артқы рейканың қара жағы бойынша алынған есептеу.

Аралық нүктелердің  биіктік белгілерін аспаптың горизонтының биіктік белгісінен тиісті аралық нүктеге  қойылған рейканың қара жағынан алынған  есептеуді алып тастау арқылы табады, яғни

                                                                 

Осылайша көлденең профильдің нүктелерінің биіктік белгілерін есептеп шығарады.

Сызықтық желілерді трассалау

Трасса –  деп жобаланатын созылған құрылыстың жергілікті жерде белгіленген немесе жердің берілген модельіндегі  топографиялық, стереоскопиялық, цифрлық) осі. Трассаның  негізгі элементтері болып мыналар  есептелінеді: жобаланатын сызықтық горизонталь жазықтығы проекциясы-планы  және оның вертикаль қимасы-бойлық профилі. Трассаға перпендикуляр етіп қөлденең профильдер жасалынады.

Трасса  кеңістіктегі күрделі сызық. План жүзінде  ол әр түрлі бағытта бір-бірімен  түйісіп жатқан тұрақты және ауыспалы қисаю радиусы  бар түзу проекциалардан тұрады. Бойлық профильде трасса бір-бірімен  вертикаль қисықтар арқылы қосылып  жатқан әртүрлі ылди сызықтардан  тұрады. Бірнеше трассаларда (электрбергіш жүйе, канализация) горизонталь және вертикаль қисықтар жобаланады, мұнда  трасса кеңістіктегі  сынық сызықтықтардан тұрады.

Трасса  оны жобалау жағдайына сәйкес техникалық талаптарды қанағаттандыруы  тиісті. Мәселен, ең үлкен немесе ең кіші бойлық ылдилықтар, горизонталь  және вертикаль қисықтардың ең кіші радиустары және т.б, беріледі.

Трассалау. Оңтайлы трассаны таңдау үшін жүргізілетін кешенді инженерлік-ізденіс жұмыстарды трассалау деп атайды.

Егер  трассаны жердің топографиялық пландары, аэротүсіріс материалдары және цифрлы модельдер бойынша анықтаса, онда кемеральдық трассалау ал егер ол жергілікті жерде жүргізілсе – онда далалық трассалау делінеді.

Трассаның орны тегіс жерлерде контур, яғни ситуация арқылы анықталады. Планды мүмкіншілігінше берілген бағыт (азимут) бойынша жасауға тырысады. Бірақ кей-кезде су ағып жатқан жер, батпақ, үлкен жыралар және де елді мекендер, егін аймақтары трассаны бұзуды талап етеді. Мұнда әрбір бұру бұрышы трассаны бірсыпыра ұзартады. Мұндайда трассаны ұзартпау үшін бұрылу бұрышы 300градустан асырылғаны жөн.

Трассаның орны таулы аймақтарда жер бедерінің биіктіктері арқылы анықталады.

Камеральды трассалау.

1:М  масштабты карта және бедер қимасының биіктігі бойынша трассалау ылдилығының жатысы анықталады:немесе карта масштабы бойынша мәселен, 1:50 000 масштабтағы карта үшін, қимасы һ 10м ылдилығы 20 промиль болғанда i = 1 000 см/0.020 50 000=1 см.

Анықталған жатыс арқылы картадан трассалаудың сипаттамасынан ерекше (еркін және кернеуші) учаскелер анықталады. Кернеулі жүріс ұзындығы 3-5 км. ден кем емес және ылдилығы  трассаның берілген ылдилығынан асып түсетін жер учаскелер. Ылдилығы берілген трасса ылдилығынан кем учаскілерді-еркін жүрістер деп атайды.

Нольдік жұмыстар сызықтары берілген жобалау ылдилығы ешқандай ойықсыз және үйіндісіз сақталатын учаскелер. Кернеулі жүрістер учаскелеріндегі нольдік жұмыстар сызықтарын циркуль арқылы ұзындығын L-ге тең етіп, көрші горизонтальдар арасын біртіндеп белгілейді және табылған нүктелерді сызық кесінділерімен қосады.

Нольдік жұмыстар сызығын жүргізіп болғаннан кейін транспортир арқылы трассаның бұрылу бұрышын өлшейді және қисықтық радиусын анықтайды. Одан кейін трасса бойынша пикетаж бөлінеді.

Нүкте биіктерімен пикетаж арқылы бойлық (қара) профиль, одан кейін болашақ жолдың профильі (қызыл) сызылады.

Далалық трассалау

Жол трассасы тура және қисық сызықтық учаскелерден тұрады. Пландағы тура сызықтық учаскелер тұрақты және ауыспалы R – радиусты қисықтар арқылы жалғасады, қисықтарды учаскенің  басы-бастапқы қисық, (БҚ) және соңы – соңғы қисық (СҚ) деп аталатын нүктелері болады.

Трассаның пландық орны пикетаж болған кезде, ал биіктік белгілері нивилирлеу нәтижесінде анықталады.

Трассаны рекогносцировкалау-болашақ трассаның бойымен жерін тексеру.

Пикетаж және көлденеңдікті бөлу- трассаның басынан соңына дейін жерді 100 м. сайын пикеттер  деп және ерекше нүктелер деп белгілеу.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Көлденең және ұзына бойы нивелирлеу профилін салу

Нивелирленген трассаның нүктелерінің есептеліп  шығарылған биіктік белгілері бойынша  оның профилі салынады. Профильді  жол-жол сызықты қағазға нивелирлеу журналы мен пикеттік кітапшаның мәліметтері бойынша сызады. Бойлық профильге көбірек көрнекілік беру мақсатымен, әдетте вертикаль масштабты  горизонталь масштабпен салыстырғанда 10 есе үлкейтіп қабылдайды.

Бойлық  профильді салу мына тәртіп бойынша  жасалады (25-сурет):

1. Шартты горизонтты (ШГ) таңдайды, оның  сызығынан профилвдің ең аласа  нүктесі 4—5 см-ден артық қашықтықта  болмауы керек, шартты горизонттың  (ШГ) биіктік белгісі 10 м-ге еселі  болуы тиіс.

2. Шартты горизонттың сызығынан  төмен профиль торын орналастырады,  ол қажетті мәліметтерді енгізуге  арналған жол-жол сызық болып  саналады.

3. Ара қашықтық графасына қабылданған  масштабқа сәйкес пикеттер мен  аралық нүктелер арасындағы горизонталь  ара қашықтықтарды салады. Содан кейін осы ара қашықтықтарды көшіру арқылы профиль нүктелерінің орнын шартты горизонттың сызығында белгілейді. Осы нүктелердің перпендикулярларында вертикаль масштабта профиль биіктік белгілерін тұрғызады, олар нүктелердің абсолют биіктік белгісі мен шартты горизонттық айырымы болып саналады, яғни

Информация о работе Нивелирлеу және олардың түрлері