Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 13:21, реферат
Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол сияқты 100 жылдай уақыт өтті. Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тарады. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл ойынның кең таралуына ережесінің қарапайымдығы, орындалатын қимыл-қозғалыстардың күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез-келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болады. Ойын бұлшық еттердің барлық топтарының секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына көмектеседі.
СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2
1.1. Волейболдың пайда болғаны . . . . . . . . . . . . . . . . 2-5
1.2. Ойынның негізгі ережелері . . . . . . . . . . . . . . . . 5-6
1.3. Допты екі қолымен жоғарыдан беру . . . . . . . . . 6
1.4. Допты екі қолмен төменнен қабылдау . . . . . . 6-7
1.5. Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру . . 7
1.6. Допты төменнен тіке ойынға қосу . . . . . . . . . 8
1.7. Тіке шабуылдау соққысы . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8-9
1.8. Төрешілердің ресми ымдары . . . . . . . . . . . . . . 10-13
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . 14
МАЗМҰНЫ
1.1. Волейболдың пайда болғаны . . . . . . . . . . . . . . . . 2-5
1.2. Ойынның негізгі ережелері . . . . . . . . . . . . . . . . 5-6
1.3. Допты екі қолымен жоғарыдан беру . . . . . . . . . 6
1.4. Допты екі қолмен төменнен қабылдау . . . . . . 6-7
1.5. Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру . . 7
1.6. Допты төменнен тіке ойынға қосу . . . . . . . . . 8
1.7. Тіке шабуылдау соққысы . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8-9
1.8. Төрешілердің ресми ымдары . . . . . . . . . . . . . . 10-13
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . . . . 14
Кіріспе
Бұл ойынның пайда болғанына да баскетбол сияқты 100 жылдай уақыт өтті. Волейбол бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тарады. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл ойынның кең таралуына ережесінің қарапайымдығы, орындалатын қимыл-қозғалыстардың күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез-келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болады. Ойын бұлшық еттердің барлық топтарының секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігінің үйлесімді дамуына көмектеседі.
Спорттық ойындар
Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:
Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.
Алаң аумағы: 7,6х15,1 м
Себеттің көлемі 0,61х8,2 м
Биіктігі: 198 см
Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 г.
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы "минтонет" ойыны Спрингфилде (АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед "минтонетті" "волейбол" атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.
1900 жылы волейбол танымалдығы
жағынан АҚШ-тың шеңберінен
1900 жылы Американың «Spalding»
фирмасы алғашқы волейболдық
доп жасап шығарды. Бүгінде
ресми жарыстарда допты
1913 жылы Манилда Қиыр
Шығыс елдерінің ойын
1921 жылы Қиыр Шығыста
өткен чемпионат Азия мен
Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.
Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті.
Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды.
1932 жылы әйелдерден құралған
волейбол командасы
Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан
халықаралық федерация мен
1936 жылы волейболдан халықаралық
федерацияның қолдауымен
– Еңбек пен спортты ұштастыру – Елбасы жолдауларында көрсетiлген басым бағыттарды жүзеге асыруға деген ұмтылысты көрсетедi.
Елбасының салауатты өмiр салтын қалыптастыру туралы игi бастамасы бiрауыздан қолдау тауып, спорттық жарыстарға қатысушы оқушылар санының жылдан жылға көбейiп келе жатқандығы көңiлге үлкен қуаныш ұялатады
Ойынның негізгі ережелері.
Волейболды әрқайсысында 6 адам болатын екі команда ойнайды.
Бір команданың ойыншылары алаңның ортасында тартылған тор арқылы допты екінші команда жағына алаң шекераларының ішіне түсетіндей немесе қарсылас ойын ережелерін бұзып қабылдап, қайыратындай ретте бағыттайды.
Алаңның ұзындығы-18, ені-9 метр болып, тор арқылы 2 тең бөлікке бөлінеді. Жарыс 3 немесе 5 кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы командалардың бірі 25 ұпай жинағанша жалғаса береді (есеп 24:24 болып тұрғанда командалар бірінің екіншіден 2 ұпай артықшылығы болғанша ойнайды). Оқушылар жарысты көп жағдайда 3 партиядан тұрады.
Допты екі қолмен жоғарыдан беру.
Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.
Допты екі қолмен төменнен қабылдау.
Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдайтын немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.
Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп-доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін.
Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.
Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.
Дұрыс тұра білу - жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.
Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.
Допты төменнен тіке ойынға қосу
Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алда ұстап тұрады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Саусақтар шамалы ғана алақанға қарай бүгіледі. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып, созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.
Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.
Тіке шабуылдау соққысы
Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамала ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсынады.
Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.
Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Сол себепті сабақта болмаса жеке жаттығу кезінде мына қимыл-қозғалыстарды орындап машықтанған жөн:
Серігінің көтере лақтырып берген добын тор арқылы соғу.
Төрешілердің ресми ымдары
Елестетулер жағдайы |
Көрсетуге арналған ымдар П – бірінші төрешімен В – екінші төрешімен |
Суреттер |
1.Беруге рұқсат
Пр .13.3. |
Қолды басқаша орналастыру, беру бағытын көрсетү |
|
2. беруші команда
Пр .22.2.3.1. |
Команда жаққа қолды керіп қою
|
|
3.Алаң алмастыру
Пр .19.2. |
Горизонтальдық білектер көтеру ( бір алда , басқасы соңында ) және денені айнала оларды айналдыру |
|
4. Үзіліс
Пр .16.4. |
Тік басқа , көтерілген саусақ үстінде біреу қол алақандары жайғастыру ("Т")түрде
|
|
5. ауыстыру
Пр .16.5. |
Білектердің айналма қозғалысы |
|
6. мінез-құлыққа ескертпе
Пр .21.3.1. |
Ескертпеге арналған сары карточканы көрсету
|
|
7. Ойыннан шығару
Пр .21.3.2. |
Ойыннан шығару арналған қызыл карточканы көрсету
|
|
8. дисквалификация
Пр .21.3.3. |
Дисквалификацияға арналған екі карточка бірге көрсету
|
|
9.Партия немесе жарыстың соңы Пр .6.2. Пр .6.3. |
Төстің алдында түзетілген білектер айқастыру |
|
10. соққы беруде доп жанында көтеріліп тасталмаған немесе босатылмаған Пр .13.4.1. |
Алақанмен керілген қолды жоғары көтеру |
|
11. Соққы беру алдында тоқтап қалуы
Пр .13.4.3.
|
Айырылысқан сегіз саусақ көтеру
|
|
12. Тосқауыл қателігі Пр .15.6. Пр .13.5. |
Екі қолды тік көтеру , алақандармен алға
|
|
13.Орналастырып қоюда қате немесе алмасу уақытында Пр .7.5. немесе Пр .7.7. |
Сілтеуіш саусақпе айналма қозғалыс істеу
|
|
14. доп « алаңда»
Пр .9.3. |
Еденге түзетілген саусақ қолмен көрсету
|
|
15. доп «алаң сыртында»» Пр .9.4. |
Түзетілген білектермен және алақандармен тік білектер көтеру
|
|
16. басып алу
Пр .10.3.3. |
Алақанмен білекті баяу көтеру
|
|
17. екірет жанасу
Пр .10.3.4. |
Екі айырылысқан саусақ көтеру
|
|
18. төрт соққы
Пр .10.3.1. |
Төрт айырылысқан саусақ көтеру
|
|
19. ойыншы торға тиген
Пр .12.4.4. |
Тор үстіне саусақпен тигізу
|