Шаңғы тебу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 13:54, курсовая работа

Краткое описание

Шаңғы спортымен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану. Мектеп бағдарламасында шаңғы дайындығы 1 –сыныптан бастап міндетті бөлім ретінде енгізілген. Шаңғы дайындығы сабағында негізгі білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері шешіледі.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3-4
І-тарау. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретудің теориялық негіздері.
1.1. Шаңғы тебу техникасына үйренуге оқушыларды дайындау
негіздері...............................................................................................5 - 8
1.2. Шаңғымен қозғалудың классикалық тәсілдерін үйрету техникасы мен әдістері.................................................................................................9 -17
1.3. Оқушыларға классикалық қозғалыс әрекетінің техникасы бойынша сабақтарды ұйымдастырудың жалпы мәселелері...........................18-20
ІІ-тарау. Классикалық қозғалыс әрекеттердің техникасын үйретуде дене шынықтыру ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
2.1 Классикалық қозғалыс әрекеттерінің техникасы бойынша сабақтар жүргізуге қойылатын жалпы әдістемелік ұсыныстар................................21-24
2.2. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретуде қолданылатын ойын әдістері.. ..............................................................................................25-28
Қорытынды. .................................................................................................29-30
Қолданылған әдебиеттер. ...........................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

шаңғы тебу әдістемесі.docx

— 702.36 Кб (Скачать документ)

Шаңғымен қозғалуды  дене жаттығуларының басқа түрлерімен салыстыратын болсақ,  шаңғы дайындығы бір  сарынды, біркелкі, сондықтан  мұғалімнің ең басты міндеті сабақтың оңтайлы меңгерілуі үшін тартымды өткізуі қажет. 

5. Сабақтың мазмұны және өткізу әдістемесі әрқашан балалардың сабаққа деген белсенді ынтасын арттыруы, жаңа материалды саналы түрде игеруіне ықпал етуі қажет. Сабақтың әсерлілігін жоғарылату үшін сабақ барысына жарысу элементтерін, ойындарды және ойынды тапсырмаларды  кеңінен енгізу керек. Дегенмен сабақты ойын-сауық шарасына айналдырмаған жөн, одан білім беру міндеттері және  тәрбие міндеттерін шешілмей қалады.

Шаңғымен  қозғалудағы  өткізілетін жаттығуларды ойын жаттығуларымен сәйкестігінше дұрыс қолдану шаңғы дайындығы сабағы оқу жұмысының сапасын жоғарылатуға көмектеседі.

6. Балалармен  ұжымдық және  жеке  жұмыстарды  тиімді байланыстыру қажет. Бастапқыда қозғалудың жаңа  тәсілін үйретуде әрқашан  ұжымдық оқыту қолданылады. Дегенмен, балалардың дайындық дәрежелерінің әр түрлігіне қарай кейбір балалар жаңа материалды меңгеруде жолдастарынан озып кетеді. Сондықтан оқыту процесін баяулатпау және оқушылардың белсенділігін төмендетпеу үшін  балаларды кішігірім топтарға бөлген орынды. [17.32б]

Одан әрі  қозғалу тәсілдерін меңгеру бойынша  балалардың қателіктерін жеке түзетуге көшу керек. Бұл әдіс дене сапаларын дамыту кезінде өте  қажет, ол үшін дайындықтары бірдей балаларды кіші топтарға бөлу жүргізіледі.  Бұл жағдайда барлық балалар  бір-біріне кедергі жасамай-ақ бірдей жылдамдықпен  қозғалады.   Шаңғы тебудің әдіс тәсілдерін үйрету кезінде әр түрлі дайындықтарына қарай балалармен жұптар құруға болады. 

7. Шаңғы дайындығы сабағындағы балалардың  белсенді әрекеті тек материал мазмұны бойынша емес, сондай-ақ  күш салу сипатының әр түрлі болуы керек. Әр түрлі негізгі жаттығуларды шаңғы қозғалысында түрлі сәйкестікте қолдану  балалардың назар аударуын, жұмыс істеу қабілеттерін тиімді жолға қояды.

Демек, бұның бәрі  қозғалу  тәсілдерін үйрету немесе  қолданылатын әдістер бойынша білім беру элементтерімен, әңгімелеумен, түсіндірумен, бөлшектеріне түсінік берумен және басқа да әдістерімен   кезектесіп жүргізіледі. Осындай сабаққа қойылатын  барлық талаптарды орындау арқылы оның тиімділігіне қол жеткіземіз.  Әсіресе, балалардың үйретілетін элементтерге деген қызығушылығын тудыру аса маңызды болып табылады. [19.7б]

 

ІІ-тарау. Классикалық қозғалыс әрекеттердің техникасын үйретуде дене шынықтыру ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

2.1  Классикалық қозғалыс әрекеттерінің техникасы бойынша сабақтар жүргізуге қойылатын жалпы әдістемелік ұсыныстар.

Шаңғы спортын үйретудің  басты формасы  - сабақ.  Шаңғыда  қозғалу техникаларын толық және тез меңгеру үшін сабақтар жоғарыда аталғандармен жүйелі түрде кешенді  жүргізіледі. 

Шаңғы дайындығы сабағының  бағдарламалық материалдары  балалардың  жүру әдіс-тәсілдерін  берік игеруге және оларды сәйкесінше қолдана білугеуақыттары жетерліктей бөлінеді.

Мектепте  ереже бойынша  оқыту барысында  жаттығуларды орындауды  және қозғалу білім-біліктерін қалыптастыруды ұйымдастырудың қарсы алдынан, ағынды, жеке, топтық дәстүрлі тәсілдері  қолданылады. [23.18б]

Шаңғымен жүру әдіс-тәсілдерінің барлық түрлерін үйрету үш кезеңге  бөлінеді:

Бірінші кезең:

1. Жаттығушыларда қозғалу амалдары туралы біртұтас ойлауын құру.

2. Амалдары толықтай меңгеру үшін қажетті жеке элементтерді меңгерту.

3. Қозғалу амалдарын толықтай үйлесімділікпен орындауға үйрету.

4. Артық қозғалу мен қажетсіз бұлшық еттің зорлануын жою.

Екінші кезең:

    1. Шаңғымен қозғалу амаларының техникасының жеке бөлшектерін нақтылау және меңгеру.
    2. Қозғалу амалдарын бірге дәл және еркін орындауды  меңгерту.
    3. Аталған амалдардың  заңнамалық циклын түсіну (кеңістіктік уақытша және динамикалық сипаттағы).

Үшінші кезең:

      1. Әдіс-тәсілдердің нұсқаларын меңгеру және оларды әр түрлі сыртқы жағдайларда қолдану.
      2. Жеке ерекшеліктерін ескеру.
      3. Жоғары жылдамдықты және қуатты амал-тәсілдерді пайдалану.
      4. Функционалды жағдайын және физикалық дамуын жоғарылату кезінде амал-тәсілдерді жетілдіру.

Оқытудың басты әдістері түсіндіру, көрсету және сынап көру болып табылады. Көрсетілетін жүрісті (жаттығу)  түсіндіру (әңгімелеу) қысқа, әрі түсінікті болуы керек.

Толық түсіндіру  көрсетуден кейін жақсы нәтижелер береді, өйткені бұл кезде балаларда  үйретілетін жүріс (жаттығу) туралы жалпы түсініктері қалыптасады. [26.55б]

Көрсету қабылдау үшін қол  жетімді анық болғаны жөн. Жаттығуларды алдымен қарапайым қарқынмен, кейін есеп бойынша баяу қарқынмен  көрсету қажет.

Жаттығудың негізгі элементтеріне  бағыттаумен  баяу қарқында амплитуданы  күшейту арқылы оны оқшаулау немесе қысқаша түсіндірумен сүйемелдеуде біршама айқын қозғалысты көрсету  өте жақсы нәтижелер береді.  Қорытындыда үйретілетін жаттығуды орындау үшін олардың мұмкіндіктерін ескере отырып, керекті ырғақты айқындау тиімді. Ол үшін есеп те қолданылады, бірақ ол элементтер арасындағы аралықтардың сәйкестігін нақты сақтай отырып жүргізу қажет.

Балаларға шаңғы қозғалысының амалдарын үйрету кезінде түсіндіруге  қарағанда көрсету едәуір  маңызды, өйткені балалар теориялық талдауға азырақ, ал  еліктеуге көбірек  бейімделген. [4.12б]

Шаңғымен қозғалу тәсілдерін үйрету тәжірибесінде  амал-тәсілдерді меңгеруді жеңілдететін амалдарды  қолдануға болады.

Біріншіден, шаңғышыға сыртқы қоздырғыш әрекетінің күшін сәйкесінше төмендетуге болады.  Ол үшін оқу  материалын жеңілдету керек: қозғалыс жылдамдығын азайту, оқу сабақтары өтетін жағдайды өзгерту (шаңғы тебу орнының сапалы дайындығы, оқу шеңберінің профилі және т.б.)

Дегенмен  керексіз босаңсу  бұдан арғы оқу процесін қиындатуға әкеліп соқтыратынын ұмытпау керек.

Екіншіден, тұтастай қозғалу актісі құрылымын бұзбай-ақ, бөлуге болмайтын қиын қозғалыстарды үйрету кезінде үйренушінің назарын ол үшін  біршама қиын қозғалыс элементіне бағыттау қажет.

Оқытудағы көп тараған  жүйелі сызбалар мынадай:

1. Жаттығу атауы.

2. Кәдімгі немесе жарыс тақырыбында көрсету.

3. Есеп бойынша баяу қарқында көрсету.

4. Басты элементтерді нақтылап, қысқаша түсіндіру арқылы көрсету.

5. Балаларға үйретілген жаттығуды байқап көру.

6.Жаттығуды толықтай немесе оның басты элементтерін есеп бойынша, әрбір есепке кідіре отырып, осы есептегі дененің бөлшектерінің  жеке жағдайларын нақтылап көрсету.

7. Жаттығуларды есеп бойынша тоқтамай орындау.

8. Шаңғыда жаттығуларды толықтай немесе жеке элементтерін жоғары оңайлатылған жағдайда, балалар үшін біршама қолайлы  қарқында  орындау.

9. Жаттығуларды ақырын-ақырын күрделілендіру жағдайында орындау. Оқытудың бірінші кезеңінде шаңғышының өз мектебіндегі игерген жаттығулары мен элементтері жүргізіледі.

10. Шаңғыда тұра алмайтын балалар сабақ барысында кедергілер келтіреді. Шұлық пен шаңғының табандары бір-біріне тиеді, қардан бірі екіншісіне соғылады, тепе-теңдіктің жойылуынан шаңғылар аяқты тез қалпына келтіруге кедергі жасайды, содан қайта-қайта құлай береді де сабақтың сәтті өтуін тежейді. Сондықтан, мұндай балалармен сабаққа дейін қозғалудың жеке амал-тәсілдерін, шаңғыда тұрудың жалпы негіздерімен  алдын –ала таныстырған жөн. Бірінші сабақта мынадай міндеттер қойылады: шаңғыны снаряд секілді меңгеру (шаңғы сезімдері), шаңғының қармен  жалғасу сезімдерін дамыту (қар сезімі). Мұндай міндеттер келесі жаттығулар арқылы жүзеге асады:

1. Аяқты шаңғымен алма-кезек көтеру және оны ауада жоғары және төмен, оңға-солға қозғалту.

2. Шаңғыны алма-кезек көтеру және оны шаңғы табанын қардан  ажыратпай оңға, солға, жоғары, төмен қозғалту. Сондай-ақ шаңғының табанын көтермей, шаңғыны қардан ажыратпай қозғалту.

3. Бәтеңке тақасы айналасы мен өкше айналасымен аяғын ауыстырып бұрылу.

4. Қырымен қосымша адымдар.

5. Шапшаң айналу бұрылыстары.

6. Терең емес қар бойынша  мұғалімнің бұйрығы бойынша 20дан 60-қа дейінгі градуста бағытын өзгерте отырып, сырғанау жүрістері.

7.Жардан көлбеу баураймен  тура, қиғаш,  сырғанау қадамдармен, шырша баспалдағымен, жарты шырша баспалдағымен  төмен түсу. [12.23б]

Айта кететін жай, мұғалім  тарапынан тұрақты қадағалап  және бірнеше рет қайталау  арқылы жаттығуларды анық орындау керек. Міне, осыдан кейін барып шаңғыда қозғалудың амал-тәсілдерін үйретуге көшу қажет.  Мұғалім техниканы игеруге кері әсерін тигізетін сәттердің (жағдайлардың) да болатынын әрқашан жадында ұстағаны дұрыс. Оларды  объективті және субъективті деп бөлуге болады.

Объективтілер: нашар құрал-жабдықтар, киім-кешек, аяқ киім, оқу шаңғылары, нашар ауа райы, нашар таңдап алынған май.

Субъективтілер: жаттығушының аталған жаттығуға пассивті қатысуы, сенімсізділік, жаттығушының  көңіл-күйінің төмендеуі.

Басқа маңызды мәселе –  бұл шаңғы дайындығы бойынша  сабақта жұмыс жасау формасы. Сабақты қалай қызықты, тартымды және тиімді өткізуге болады?

Сабақты оқыту формасының аса тартымды және тиімдісі топтық оқыту формасы. Бұл тәсілді сабақта  ұйымдастыру балалар үшін өте  қызықты,    әсерлі, жүктеменің көлемі мен қарқындылығы бойынша  тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік  береді, сондай-ақ  жоғары моторлы  жиілікті қамтамасыз ете отырып, сабақты  жоғары әсерлілікпен  өткізу оның сапасын  жоғарылатады.  Сабақтың бұл түрін келесі түрде қолдануға болады: балалар 4-6 адамнан тұратын кішігірім топтарға бөлінеді. Әр топта консультант бекітіледі (оған көбіне біршама дайындалған баланы қойған дұрыс). Сабақтың басында  консультанттар тапсырма алады, олармен нұсқаулықтар жүргізіледі. Кейін әр консультант арнайы тапсырма бойынша өзінің тобымен жұмыс жасайды (мысалы, бірінші топ – классикалық жүріс, екінші топ – конькимен жүру, үшінші топ –төмен түсуді,  төртінші топ -  көтерілуді меңгереді). Белгілі уақыт өткен соң  топ басқа консультантқа ауысады және келесі тапсырмаларды орындайды. Мұнда топтар бір деңгейлі және әр түрлі деңгейлі болуы мүмкін (мысалы, мықты – мықтылар, әлсіз-әлсіз, мықты-әлсіз). Мысалы, бір топқа  конькимен жүруде қиналатын және т.б.  мәселелері бірдей оқушыларды біріктіруге болады. Мұндай әдіс оқытуда дифференциалды әдістерді жүзеге асырады, яғни күшіне қарай тапсырмалар беру, бұл өз кезегінде балаларға өздерінің мүмкіндіктерін сезіну және оқу формасын таңдау әрекеті негізінде білім беру теориясын таңдауына көмектесетінін айта кеткен дұрыс. [14.9б]

Балаларға шаңғы тебуді үйрету процесінде мұғалімнің рөлі қандай? Мұғалім - нұсқаушы, консультант, әрі тәлімгер.  Сабақты мұндай түрде ұйымдастыруда мұғалім балаларға жеке әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Сабақтың нәтижесінде балаларда шаршағандықты және бірсарындылықты тудырмайтын әр түрлі ептіліктері қалыптасады, дағдылары жетіледі, іс-әрекеттің ауысуы жүреді.  Ал мұғалімнің рөліне балалар енген сәтте де балаларды өзіндік тәрбиелеу процессі жүреді. Сабақ соңында әдетте команда-топтар арасында жарыстар, шаңғы жарысы, эстафеталар, сонымен қоса   балалар (қалаулары бойынша) өздерінің ең жақсы білім-біліктерін көрсету өткізіледі. 

 

 

 

2.2. Классикалық қозғалыс  әрекетінің техникасын үйретуде қолданылатын ойын әдістері.

Тәрбие мен білімнің алғашқы  дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалыс, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Дене тәрбиесінің теориясы мен  әдістемесі педагогика, психология, социология, физиология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім  беру, оны тәрбиелеу, оның денсаулығын  нығайтудың жолдарын жан-жақты қарастырады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы  спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педагогика, спорттық психология пәндері ортақ теориялық заңдылықтарға  сүйенеді. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады.

Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Шаңғы дайындығы бойынша сабақ өткізген кезде ойындар, ойынды жаттығулар және тапсырмаларды пайдалану   кеңінен қолданыс тапты. Ұзақ, бір қалыпты шаңғыда қозғалу балалардың тек физикалық емес, сонымен қоса психикалық шаршуына әкеліп соқтырады.  Әсіресе, ойын ылғи бір орында және біркелкі орында өткізілгенде балалар қажып кетеді.   Ойындарды және ойындық тапсырмаларды  айтарлықтай шамада қолдану, сабақтың әсерлілігін жоғарылатады, жүктеменің қарқындылығын, моторлы жиілікті, балалардың қызығушылығын арттыра отырып, шаршауды азайтады. [9.21б]

Ойын барысында қойылған мақсатқа жетуде батылдық, ептілік, талаптылық секілді маңызды қасиеттерді  мақсатты тәрбиелеуге болады. Жарыс элементі бар ойындар кейде  балалардың шаңғы дайындығы және спорттық-көпшілік іс-шараларды өткізу бойынша сабақтарды ұйымдастыру кезінде балалардың моральды-ерікті қасиеттерін тәрбиелеудің ауыстырылмас құралы болып табылады. Әсіресе, бастауыш мектептегі шаңғы дайындығы сабақтарында ойын, ойындық жаттығуларды және тапсырмаларды қолдану аса маңызды.  Олар үйретудің алты жастан басталуымен байланысты бастауыш мектептегі сабақтарды ұйымдастыруда ерекше маңызды рөл атқарады. Кіші мектеп жасындағы балалардың  орталық жүйке жүйесінің дамуы ерекше болғандықтан,  көп сарынды, элементтерді қайталай беру және т.б. секілді біркелкі сабақтардан тез жалығады да, үйренуге деген қызығушылықтары тез жоғалады.

Информация о работе Шаңғы тебу әдістемесі