Шаңғы тебу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 13:54, курсовая работа

Краткое описание

Шаңғы спортымен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерінің есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн. Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өтілетіндей жағымды жағдайларды әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану. Мектеп бағдарламасында шаңғы дайындығы 1 –сыныптан бастап міндетті бөлім ретінде енгізілген. Шаңғы дайындығы сабағында негізгі білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттері шешіледі.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3-4
І-тарау. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретудің теориялық негіздері.
1.1. Шаңғы тебу техникасына үйренуге оқушыларды дайындау
негіздері...............................................................................................5 - 8
1.2. Шаңғымен қозғалудың классикалық тәсілдерін үйрету техникасы мен әдістері.................................................................................................9 -17
1.3. Оқушыларға классикалық қозғалыс әрекетінің техникасы бойынша сабақтарды ұйымдастырудың жалпы мәселелері...........................18-20
ІІ-тарау. Классикалық қозғалыс әрекеттердің техникасын үйретуде дене шынықтыру ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.
2.1 Классикалық қозғалыс әрекеттерінің техникасы бойынша сабақтар жүргізуге қойылатын жалпы әдістемелік ұсыныстар................................21-24
2.2. Классикалық қозғалыс әрекетінің техникасын үйретуде қолданылатын ойын әдістері.. ..............................................................................................25-28
Қорытынды. .................................................................................................29-30
Қолданылған әдебиеттер. ...........................................................................31

Прикрепленные файлы: 1 файл

шаңғы тебу әдістемесі.docx

— 702.36 Кб (Скачать документ)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сурет. Ауыспалды  екі адымды жүрістің жазықтағы  техникасының ерекшелігі 

Жүріс неғұрлым ұзақ болса, солғұрлым  жүріс циклындағы қимыл жылдамдығы төмендейді. Жүріс ұзақтығы ара қашықтықтың  сыртқы жағдайлары мен ұзындығына байланысты, себебі қимыл қарқыны құбылып  отырады, 30 және 50 км қашықтықта ол 10 және 15 км қарағанда төмен болып келеді. Жүрістің қимылы мен үйлесімділігінің қиысуындағы маңызды сәті болып синхрондық табылады – қолдар жұмысы мен аяқтарды белсенді алға шығаруды бір уақытта бастау (7-сурет, з). Қол қимылдарын аяқтың қозғау салғаннан кейін төмен және алға қарай түсірілгеннен кейін бастауға болады. Абсолютті мөлшерде қолмен қозғау салудың ұзақтығы 0,31-0,63 секундқа тең келеді. Бұдан кейін қол жұмыстарының пішіні мен сипатына тоқталған жөн. Таяқпен қозғау салғаннан кейін шаңғышы қолды алға қарай оның қозғау салудың алдында шынтақ буыны сәл бүгілген, қол буыны көз деңгейінен аспайтын, шынтақ төмен түсірілген, бұшық еттер еркін болған есеппен шығарады (8-сурет, а). Қол жұмысы дұрыс деп саналады егер ол фазада денеге сәл бүгілген жағдайда жақындаса (8-сурет, б), ал ІІ фазада артқа жылжу отырып, тез тік қойылса (8-сурет, в).[21.17б]


Қолмен қозғау салу тез  әрі толық амплитудамен бірге  жасалады. Қозғау салуға арналған таяқ қарға 83-85 градус бұрышта қойылады. Итеріліс процесінде тірек шаңғысына  салынатын қысым әдетте шаңғышы  салмағының 1/5-1/6 төмендейді. Қолмен белсенді қозғау салу арқылы шаңғыға салынатын  қысымды төмендету (сырғанаудың  екінші фазасының басталуы) үйкелу күшін төмендетеді, ол жүріс циклында шаңғышының біркелкі қозғалысына әсер етеді. Ауыспалы екі адымды жүріс  циклында қозғалыс құрылымы сыртқы жағдайларға қарай өзгеріп отырады (8-сурет). А сызбасында көрсетілген күш салу сызбасы ауыспалы екі адымды жүріс циклының ұзаруына және бүкіл цикл барысында жарысушының біркелкі қозғалысына ықпал етеді. Сызбанұсқада (8-сурет, Б және В) үйкелу бұрышы 5-10 градусты құраған кездегі күш салу құрылымы көрсетілген.

Ауыспалы екі адымды жүрісте  кететін негізгі қателіктер:

Отыру:

    • аяқтар қатты бүгілген;
    • ауыспалы сырғанау (перекат) кезінде аяқ тік қойылған;
    • тірек аяғының табаны алға шығып кетеді;
    • дене қатты бүгілген;
  • дене салмағы аяқ табанының артқы жағында көбірек орналасқан;
    • басты алға қарай түсіру.

Аяқпен қозғау салу:

    • қозғау салудың ІІ фазасында аяқты тік қоймау;
    • қозғау салу жоғары қарай бағытталған;
    • қозғау салудың І фазасының басында табанды ажырату;
  • аяқты бірдей ажырату (қозғау салудың соңында аяқ тік қойылмаған).

Екітіректі сырғанау:

  • қозғау салудың әлсіз басталуы (қолмен төмен жасалатын соққы қимыл жоқ);
  • аяқталмаған қозғалыс салу; тік немесе қатты бүгілген қолмен қозғау салу.

Қимылсыз дене:

    • жүрістің ұяңдығы;
    • қозғалыста емін-еркіндік, қарқындықтың болмауы;
  • қол мен аяқ қозғалысында өзара байланыстың бұзылуы.

Ауыспалы екі  адымды жүрісті үйрету

Ауыспалы екі адымды жүріс. 1 мақсат. Сырғанау адымын үйрену –  таяқсыз жүру.

1. Шаңғышы тұрысын меңгеру

Тәсілдер:

1.1 Бір орында шаңғышының  тұрысын бірнеше рет орындау. 

1.2 Осыны қолдармен жұмыс  істеп орындау. 

1.3 Негізгі тұрыста түзу  беткейлерден құлама жасау.

Әдістемелік нұсқаулар: жаттығуларды орындау кезінде аяқтардың бүгілу деңгейіне, дененің, бастың қалыбына, дене салмағанының үлестірілуі, жамбастың  тірек үстінен орналасуына көңіл  аудару. Қолдар қатаң түрде параллельді, еркін, оптимальді амплитудамен жұмыс  істейді. Көлденең тербелістерді болдырмау.

2. Аяқпен қозғау салуды  үйрену

Тәсілдер:

2.1 Жалпақ дөңге дұрыс  отырудан аяқтармен ауыспалы  қозғау салу 2-3 градус.

2.2 Осыны бір аяқпен  бірнеше итерумен қатар. 

2.3 2-3 градус бұрыштағы  конькилік жүріс және жазықта. 

2.4 Бір орында табанмен қорытынды қимылды орындау: алға шығарылымдағы бастапқы қалыптан, дене салмағы арттағы сәл бүгілген тірек аяғында, алға және жоғары аяқ табанын аяқты тізеде бүгуді аяқтаумен қатар шығару (екі таяққа тірелу және тірексіз).

2.5 Аздаған сырғанаумен  шаңғымен 2-3 градус бұрышта жүгіру.

Әдістемелік нұсқаулар; дене салмағын толық тірек аяғына ауыстыру, оның бүгілуіне және алға және жоғарыға қарай аяқпен қатты қозғау салуды орындауға көңіл бөлу. Сондай-ақ, бос аяқты сілтеу және ыңғайлы  қоюына және қозғау салғаннан кейін  оның салмағын денеге салуына назар  аудару керек.

3. Аяқ және қолдармен  сілтеу қимылдарының үйлесімділігін  үйрену

Тәсілдер:

3.1 Отыру орнында қолдармен  ауыспалы жұмыс жасау. 

3.2 Осыны бос аяқта алға  жылжытумен қатар қолды алға  сілтеудің синхрондығын сақтай  отырып орындау. 

3.3 Аяқ қимылдарымен таяқтарды  алға шағару және қоюдың үйлесуіне  назар аудара отырып таяқты  ілмектен төмен ұстап шаңғымен  жүгіру.

3.4 Осыны аздаған сырғанаумен  бірге орындау. 

Әдістемелік нұсқаулар: қолды  жартылай бүгіп алға шығарады, шынтақ төмен түсірілген; бос аяқ пен  қарсы қолмен жасалатын сілтеу қимылы бірге орындалуы тиіс.

4. Бір шаңғымен сырғанау  кезінде тепе-теңдікті сақтау

Тәсілдер:

4.1 Аяқпен ауыспалы қозғау  салу және әрі қарай жазық  бойымен бір шаңғымен сырғанау.

4.2 Осыны 2-4 градус бағытында. 

4.3 Осыны қолдарды арқа  қарай қою арқылы; 2-3 градус бағытындағы  конькилік жүріс. 

4.4 Түрлі жаттығуларды  орындап сырғанау.

4.5 Бір орында бір тіректі  қалыпты нақтылау.

Әдістемелік нұсқаулар: аяқпен итерілісті орындауды нақтылау, сырғанау шаңғысына дене салмағын уақытылы ауыстыру; оптимальды біртіректі сырғанауға жету, алға шығарылған қолға ұмтылу.

5. Сырғанау адымын ұзарту

Тәсілдер:

5.1 Отырысты, қозғау салуға  дайындық, оның орындалуы мен  аяқталуын нақтылай отырып сырғанау  адымды орындау. 

5.2 Адым санын есептей отырып 30-50 метрлік кесіндіні өту.

Әдістемелік нұсқаулар: сырғанау адымын жетілдіру үшін қимылдың біркелкілігі мен еркіндігіне жете отырып жаттығу  жерлерін ауыстыру; кесіндіде адым көлемін азайтуға немесе ұлғайтуға  тапсырма беру; жоғары сипатталған  жаттығуларға мерзімімен оралу.

1 Мақсат. Таяқтарды қолдана  отырып ауыспалы жүрісті меңгеру. 

Тәсілдер:

1.1 Қолдармен жұмыстың  салыстырмалы мәні мен сипатын  түсіндіру. 

1.2 Қолды алға шығару, қою,  қозғау салу және қол және  аяқтармен үйлесімді жұмысына  назар аудара отырып қолдардың  таяқтармен қимыл жасауын көрсету. 

1.3 Бір орында бір тіректі  қалыпты ұстай отырып, таяқты  алға шығару және қарға қоюды  нақтылау.

1.4 Таяқты ортада ұстап  отырып қолды сілтеп сырғанау  адыммен жүру.

1.5 Осыны таяқты ілмектен  төмен ұстай отырып, оларды қарға  мерзімімен қойып, аяқтармен үйлестіре  отырып жасау. 

1.6 2-3 градус жалпақ көтерілісте,  жазықта еңісте таяқтармен ауысып  итерілу. 

1.7 Таяқты ілмектен төмен  ұстап, таяқты алға шығаруға, қойылымға  және дер кезінде қолмен қозғау  салуға назар аудара отырып  аздап жүрумен шаңғымен жүгіру.

1.8 Қолмен белсенді қозғау  салусыз ауыспалы екі адымды  жүріспен қимылдау.

1.9 Осыны қолмен белсенді  қозғау салу арқылы орындау.

Әдістемелік нұсқаулар: қол  және аяқпен қозғалысты жақсы меңгеру  үшін қолмен қозғау салуды бастапқы кезде  белсенділіксіз орындау және 2-3 градус жалпақ көтерілісте шаңғымен жүру керек; толық үйлесімде жүрісті орындаған кезде қолдардың толық тік тұруына дейін біртіндеп ұлғаюмен таяқты қарға қою арқылы қолмен қозғау салудың жігерлі басталуына жету.

2 мақсат. Жүрісті жалпы  жетілдіру. 

Тәсілдер:

2.1 Жаттығатын шаңғы жолында  түрлі жылдамдықпен ауыспалы  екі адымды жүріспен жүру.

2.2 Осыны қиылысқан жерде  орындау. 

Әдістемелік нұсқаулар: ауыспалы екі адымды жүрістің техникасын жетілдіру кезінде аяқ және қолмен қозғау салуды (күш, бағытты және соңын бақылай отырып) жетілдіру керек, шаңғымен сырғанауды қолдану және оның негізінде әрбір жаттығулардан олардың ұзындығы мен жиілігінің оптимальды байланысын орната отырып адымдар жиілігін арттыру керек.

Ауыспалы екі адымды жүрістің көптеген жаттығуларын қолдануды ұсынатын әдістеме жүрістің жеке элементтері, қимыл  фазаларын және техникасын жалпылай меңгеруге мүмкіндік береді. Барлық жаттығуларды орындау міндетті емес – ол жаттығушылардың дайындықтарына байланысты. Кейбір жаттығушылар жүрісті бірден меңгеріп алады, сол кезде бұл жаттығулар жүріс детальдарын нақтылауға және бекітуге арналады. Алайда, спортшының қозғалу мүмкіндігінің диапазонын кеңейту техника элементтерін тез меңгеруге және қалыптасқан жағдайға байланысты оларды ұтымды қолдануға мүмкіндік беретінін естен шығармаған жөн.  [3.16б]  

    1. Оқушыларға  классикалық қозғалыс әрекетінің техникасы бойынша сабақтарды ұйымдастырудың жалпы мәселелері.

Шаңғы дайындығы сабағының  мәселелерін табысты шешу көбіне материалдық базаны, сабақ өтетін орынды, оқу құжаттарын және оқушылар мен ата-аналармен  түсіндіру  жұмыстарын алдын ала жүргізумен тығыз байланысты.

Сабақты дұрыс ұйымдастыруда  мұғалімнің өзіндік жеке дайындығы  маңызды рөл атқарады. Мектептегі сабақта жалпы білім беру мектептеріне арналған дене тәрбиесі бағдарламасының  «Шаңғы дайындығы» бөлімінде қарастырған  білім беру мен тәрбиелеу мәселелері қарастырылады. Шаңғы дайындығы бойынша сабақ барысында балалардың жас ерекшелік анатомо-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра  бұл  міндеттер нақтыланады.  Шаңғы дайындығы сабағында келесі негізгі міндеттер шешіледі:

    • Балаларға шаңғымен қозғалу тәсілдерін үйрету;
    • Балаларды сауықтыру және шынықтыру, маңызды физикалық сапаларын дамыту (төзімділік, ептілік және т.б.);
    • Моральды-ерікті сапаларын тәрбиелеу (батылдық, табандылық, тәртіптілік және т.б.);
    • Шаңғы сабағына деген қызығушылығын қалыптастыру;
    • Өзіндік жұмыс жүргізу үшін қажетті білім-білік дағдыларын тәрбиелеу және т.б.

Шаңғы дайындығы бойынша  әрбір жеке сабаққа және барлық оқу-тәрбиелеу  процесіне дидактика принциптері  мен ұлттық дене тәрбиесі жүйесі базасында  бірқатар талаптар қойылады. [20.11б]

  1. Әрбір шаңғы дайындығы сабағында нақты білімдік, сонымен қатар сауықтыру және тәрбиелеу міндеттері шешіледі. Егер білім беру міндеттері міндетті түрде жоспарланса, онда сауықтыру және тәрбиелік міндеттерді жоспарлау  әрбір сабақта міндетті емес.

Оқушыларда  моральды-ерікті сапаларын тәрбиелеу, сауықтыру және шынықтыру бағдарламаға енгізілген ережелер бойынша шаңғы дайындығы сабағында, сыныптан тыс шараларда және  басқа бөліктердің жаттығуларын қолданудың  барлық жүйесінде жүзеге асырылады.  Тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерін шешудіарнайы жеке сабақтар немесе өзара байланысты жүйе бойынша жоспарлауға болады. Аталған міндеттерді орындау үшін мұғалім шаңғы спорты бойынша жаттығулар жиынтығын таңдауы, оларды өткізудің жағдайларын қарастыруы қажет.  Мысалы, батылдыққа тәрбиелеу үшін шаңғы бойынша бірнеше өзара байланысты сабақтарда әр түрлі жерлерден төмен түсу, біртіндеп тегіс емес жерде жүруге көшу секілді жаттығуларды  дайындауы керек.

  1. Шаңғы дайындығының әрбір сабағы өткен және алдағы сабақтармен тығыз байланыста болғаны жөн. Көбіне балалар шаңғымен қозғалудың әдіс-тәсілдерін бір сабақта меңгеріп әкете алмайды. Тіпті қарапайым жүрістерді, қозғалыстағы бұрылыстарды және де басқа қарапайым элементтерді  меңгеру үшін де, өзара бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше сабақ өткізу керек. Өйткені әрбір әдіс-тәсіл әр түрлі үйрету уақыттарын талап етеді, бірі аяқталса, екіншісі басталады, ал үшіншісі жалғасады. Аталған сабақ жүйесін жоспарлау кезінде дағдылардың өзара әрекеттестігін, сәтті алып кету секілді жағдайларды жеткілікті дәрежеде пайдаланылуын ескерген дұрыс.
  2. Шаңғы дайындығы сабағына қойылатын маңызды талаптардың бірі – мұғалімнің жетекшілік рөлі.  Шаңғы дайындығы бойынша сабағының құрал-жабдықтарды таратумен, олардың дайындығымен және сабақ біткен соң базаға қайта оралу, сабақ өтетін орынға жету үшін кеткен уақытпен, оқу процесіне ауа-райының әсері және т.б. байланысты ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Сондықтан  уақыттың көп бөлігін жоғалтпау үшін сабақты  шапшаң ұйымдастыру, оқушылардың жоғары тәртіптілігін және белсенділігін талап етіледі. Осындай қойылған міндеттер  көбіне алдын ала дайындалу, әр түрлі шараларды ұйымдастыру, мұғалімнің әр сабаққа жеке дайындығына байланысты  шешіледі. Сабаққа дайындалуда, сабақты өткізу барысында мұғалім балаларды ұйымдастырушы және жетекші, ол әрқашан жоғары талап қоя білу мен балалар әрекетін дұрыс бағыттауды жүргізуде алға қойылған міндеттерді шешеуге  әсер етеді.
  3. Шаңғы дайындығы сабағының мазмұны, жүктемесі, оқыту әдістері мен денені дамытуы  әрқашан бағдарламалық материалдармен, қойылған міндеттермен, балалардың жасы мен жынысына сәйкес келуі қажет. Мұғалім  сабақтың нақты міндеттерін шешеу үшін құрал-жабдықтарды, шаңғымен қозғалу тәсілдерінің техникасын біршама берік және тез меңгерту  әдістерін және әдістемелік айла-амалдарды алдын ала таңдап алады.   Сондықтан, үйретілетін материалдың қиындығын балалардың дайындық деңгейіне сәйкестігін әрқашан ескеру қажет.  Осыған орай, шаңғы дайындығында денені дамытуға бағытталған жүктемелердің  қарқындылығын,  көлемін  мұқият  жоспарлаған дұрыс. 

Информация о работе Шаңғы тебу әдістемесі