Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 15:21, реферат

Краткое описание

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 34.54 Кб (Скачать документ)

Студенттер арасында өткізілетін спорттық шаралар спорттық барлық түрлері қамтылған күнтізбелік жоба бойынша барлығы 53 шара өткізіледі.Спорт секцияларында спорттық 25 түрінен 1546 студент жаттығады, ал спорттық-сауықтыру шараларыа 5853 студент қатысады.Ұлттық спорт түрлерін дамыту, насихаттау жіне оқу-жаттықтыру сабақтары белсенді түрде қолға алынуда. Тоғыз-құмалақ, қазақша күрес секциялары жұмыс істейді: соңғы екі жылда тоғыз-құмалақтан Халықаралық классағы 4 спорт шебері, қазақша күрестен 6 спорт шеберлігіне кандидат даярланды.Нақты кезеңде университетте Халықаралық кластағы 8 спорт шебері, Халықаралық ФИДЕ шебері, 48 спорт шебері, 115 спорт шеберлігіне кандидат университетте дәріс алуда.Университетте Қазақстан Республикасы Чемпионатына қатысатын 5 команда, жоғары лига бойынша: волейбол –қыздар командасы, баскетбол (ерлер командасы), регби (ерлер командасы), стол теннисі (ерлер командасы), тоғыз –құмалақ.

Оқу үрдісінде университетте оқитын студенттерге Қазақстан республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелеріне лайықты назар аударылады; жеке оқу жоспары бойынша оқыту; С.Торайғыров атындағы ПМУ грантын тағайындау; оқу төлем ақысына жеңілдіктер көрсетіледі.Стол теннисінен С.Торайғыров атындағы ПМУ-ің құрама командасы Венгрияда өткен студенттердің ХҮ Әлем чемпионатында — 9 орынға ие болды, чемпионатқа 36 команда қатысты.Университет өз тәрбиеленушілерінің спорттағы жетістіктерімен мақтана алады, университет студенттері қаладағы, облыстағы және еліміздегі құрама командалар қатарында ең жоғары деңгейдегі жарыстарда көріеді.Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын спортшыларды, университет студенттерін даярлайтын, «Сұңқар» спортклубындағы университет командасында жұмыс істейтін, дене тәрбиесі кафедрасының оқытушы- жаттықтырушылары.

Университеттің 29 студенті ҚР Чемпионы болды, 34 чемпиондық атақты жеңіп алды.ҚР чемпионатында және біріншілігінде спорттың әр түрінен С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің 14 студент Күміс жүлдені иеленді.

ТҚР чемпионатында және біріншілігінде С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің 19 студенті үшінші орынды иеленді. Әлем чемпионатында Күміс жүлдені бокстан химия-биология факультетінің студенті. БЭ-23, киксбоксингтен тарих және құқық факултьетінің студенті Смагулов Азамат БЮ-32 иеленді. Джиу-джиудан қаржы-экономика факультетінің студенті Сейлеханов Саян Азия Чемпионы атанды, БФ-21. Азия чемпионатының Күміс жүлдегерлері: 7 спортшы: Арынов Дәурен –джиу-джиудан, шет тілдер факультеті, Жұмабаев Ринат- шахматтан, қаржы –экономика факультеті, Аферина Наталья – шет тілдер факультеті, Байдүйсенова Жұлдыз, Куразова Залина –сәулет өнері және құрылыс факультеті, баскетболдан, Ефимова Александра және Гончарова Юлия химия-биология факультетінің студенттері Азия ойындары чемпионатында ганболдан күміс жүлдені жеңіп алды. Қаржы-экономика факультетінің студенті Жұмабаев Ринат, тарих және құқық факультетінің студенті Ташимова Надия Халықаралық шахмат федерациясы ФИДЕ Халықаралық шебері атағына лайықты болды.

Спорт түрлерінен ұлттық құрама командалар тізімінде С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің 22 студенті тіркелген. Олардың ішінде ерекше көзге түскен студенттер: Худиев Рустам және Скляр Александр, қаржы-экономика факультетінің студенттері Азия чемпионатында 2-ші және 3-ші алтын медальді иеленді. Азия ойындарында 2007 жылдың қараша айында Р.Худиев 4 күміс, А.Скляр 1 алтын 3 күміс медальға ие болды. Бұл екеуі де Пекинде өткен Олимпиадаға қатысты.

Сонымен қатар біздің университет «Жасыл Ел» жастар отряды және құрылысшылар студенттерінің зоналық штабының өкілі және жастар істері бойынша Комитетінің өкілі болып 2008 жылы тағайындалды.Жұмысқа жоғарғы қабілеттілігі, жауапкершілігі, тіл тапқыштығы сияқты қасиеттерін көрсетіп, жұмыс уақыты кезінде өзінің жақсы жақтарын көрсетеді.Жастар істері бойынша Комитетінде жұмыс істеген уақытында Сапар көптеген мерекелер жүргізді. Студенттердің өз-өзін басқаруы кезінде және басқа студенттердің мерекелерінде белсенді қатысқаны үшін ЖОО-ның басқарушылардан бірнеше рет ризашылығын алды. Сонымен, «Жасыл Ел» республикалық штабының құрметті грамотасы мен Павлодар облысының ғылым және білім Обком өкілінің грамотасымен марапатталады.

Мақсаты:

•    ЖОО-дағы жастар мен студенттердің еңбек отрядтарын функционалды тиімді ұйымдастыру және басқару.

•    Оларды уақытша жұмысқа орналастыру арқылы, әлеуметті әлсіз қабаттан шығару сонымен бірге студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету.

•    Жастарды жұмыспен қамту пайызын  көтеру.

•    Қазақстан Республикасы аумағындағы жастар еңбек отрядтарын функционалды тиімді ұйымдастыру және басқару.

Миссиясы:

•    Жастар күштерімен жергілікті экологиялық түіндерді шешу.

•    Елімізді көгілдендіру.

Міндеттері:

•    Жастар еңбек отрядтарының қызметіне арналған керек шарттарды ұйымдастыру.

•    Жастардың жұмыспен қамтуына мүмкіндік туғызу.

•    Жастардың жұмыспен қамту қажетілігін қанағаттандыру.

•    Еңбекқор жастардың құқығын қорғау.

•    Жұмыс берушілердің санын үлкейту жолында, жастарды уақытша (келешекте тұрақты) жұмыспен қамту.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.Денсаулық туралы, әр адамның денсаулығын сақтау және нығайтудың нақты мүмкіндіктері туралы кешенді ғылым ретінде салауатты өмір салты туралы түсінікті жинақтап жастар келешегіне жарқын жол ашу.

Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кіснің болса да денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. Салауатты өмір салты үшін еңбек етуді де, демалуды да орынды пайдалану керек. Қозғалу режимі денсаулықты нығайтудың және жұмысқа деген қабілеттілікті көтеру әр адамның өз қолында. Спорт кәрінің де, жастың да денсаулығын жақсартады, ауруларды болдырмауға мүмкіндік жасайды. Ғалым дәрігерлердің зерттеу нәтижесінде шынығу организмді нығайтудың, экологияның адам денсаулығына кері әсер етуін жеңудің тиімді құралы. Адам табиғи факторларды тиімді пайдалану арқылы денсаулығын нығайтуы мүмкін.

Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Г. Икіманова. Саулық пен  сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991.

2. «Қазақстан – 2030» стратегиясы

3. Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск. 2009ж. №2(2) -Б.262-264.

4. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж.

5. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің "Білік" газеті

 

 

 


Информация о работе Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру