Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 15:21, реферат
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…
Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген.Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.
Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.
Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.
Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр.Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп барады. Есірткінің медициналық-әлеуметтік проблемалары республика орталығының мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал 1,5 млн-дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі-сәрі күй кешуде. Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Жылына БҰҰ-ның сараптауы бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан арқылы жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Мысалы: Теміртау қаласында 9 ай ішінде 633 нашақор бар екені анықталып, 111 заңды бұзғандықтан істері сотта қаралған. Өз облысымызда 20 мың 732 нашақор, 637 СПИД ауруына шалдыққандар тіркелген. Осылардың 48%-ы қылмыскерлер.Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К-деген гипертониямен кісі жағдайы бақуат бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір тиын жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің қаражатына иек артқысы келеді. Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл-көсір дастархан жасап, ал өз денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір дәріні де сатып алып ішкісі де келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн.
Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде
организмді шынықтыру дене
- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:
- әлеуметтік – экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.
Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.
Міндеттері:
-денсаулықты сақтау және нығайту;
-жұмыс қабілетін жақсарту;
-адамдарды өз денсаулығын
сақтауға және зиянды заттарды
пайдаланудан қашық болу
-қоршаған орта факторлары
негізінде адамдардың өз
Салауатты өмір сүру салтына байланысты өткізілетін іс-шаралар.
2001 жылы сәуір айында
С. Торайғыров атындағы ПМУ
2003 жылы 11 қазанда С. Торайғыров
атындағы ПМУ-дің дәрісхана
Нашақорлық – қазіргі қоғамдық мәселелерге немқұрайлы қарамайтын жастарды толғандыратын бірден-бір мәселе, ол университеттің дебат клубының талқысына аз түскен жоқ. Дебат клубының мүшелері төмендегі тақырыптарды талқыға салды:
1. Жеңіл есірткілердің легализациясы шешімін тапты ма?
2. Бұл палаты нашақорлықпен күрестің жаңа механизмін енгізеді.
3. Нашақорлардың (қазіргі және бұрынғы) қоғам қауіпсіздігі үшін құқықтары шектеулуі тиіс.
4. Есірткі туралы
фильмдер оларды насихаттау
5. Есірткіні тұтыну үшін қылмыстық жауапкершілік ақталды ма?
Пікірсайысқа ПМУ жастарісі жөніндегі комитет өкілдері, студенттер Кәсіподағы және студенттік ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты.Есірткімен күрес күнінің қарсаңында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Дебат клубы басқа ЖОО-ның дебат клубтарымен БАҚ-ның нашақорлық және құқық бұзушылыққа әсері туралы мәселелер бойынша кездесу өткізді. 2006 жылы сәуірде университеттің дебат клубы «Қоғамның ЖИТС науқастармен, ВИЧ науқастырымен және ескірткіге тәуелділермен қарым-қатынасы туралы» тақырыбына пікір сайыс өткізді.
Біздің университеттегі спорттық секциялары мен жетістіктері:
1960 ж. — Павлодар индустриялды
институтында Л.Утешов еркін
1970 ж. — ПИИ командасы
Бүкілқазақстандық студент
1971 ж. — Земцов А, — жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатының жүлдегері, Шадрин Ю – жеңіл атлетикадан СШК.
1973 ж. — баскетболдан қыздар
командасы Қазақстан
1975 ж. — баскетболдан қыздар
командасы Бүкілқазақстандық
1977 ж. — баскетболдан қыздар
командасы – Қазақстан
1978 ж. — волейболдан қыздар
командасы — Қазақстан
1982 ж. — баскетболдан қыздар командасы — Қазақстандағы ЖОО командаларының лидері.
1984 ж. — Кругляков В., Кенжеғалиев Н — СССР СШ, еркін күрестен Қазақ ССР чемпионы; СССР универсиадасының жүлдегерлері.
1990 ж. — Кежеғалиев Ж. — СССР СШ, Қазақстан чемпионы.
1996 ж. — Еркін күрестен
С.Торайғыров атындағы ПМУ
2001 ж. — ҚР ЖОО Спартакиадасы;
С.Торайғыров атындағы ПМУ
2002 ж. — Садырбаев К — Азия чемпионы, әлем чемпионы.
2003 ж. — С.Торайғыров атындағы ПМУ командасы ҚР студенттердің 11 Универсиадасына спорттың 14 түрінен қатысты; комплексті зачетта елдегі ЖОО 64 командасының ішінде 3 орынға ие болды.
ҚР Чемпионатының жоғары лигасына ПМУ-нің бес командасы құрылды және қатысты:
С.Торайғыров атындағы ПМУ-де жыл сайын спорттың 14 түрінен студенттер арасынада, 9 түрінен профессор–оқытушылар және қызметкерлер арасында комплексті спартакиада өткізу.
2004 ж. — С.Торайғыров атындағы
ПМУ студенттер командасы стол
теннисінен Гьер қаласында (Венгрия)
өткен студенттердің әлем
Афиныдағы жазғы Олимпиада ойындары. Қазақстанның құрама командасынада С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің 4 студенті кірді: (Юда, Худиев Р., Медянников Н., Иглинский А.)
2005 ж. — С.Торайғыров атындағы
ПМУ командасы ҚР
2007 ж. — С.Торайғыров атындағы
ПМУ командасы ҚР
2008 ж. — С.Торайғыров атындағы
ПМУ командасы ҚР ІІ қысқы
Универсиадасына қатысты:
Пекиндегі Жазғы Олимпиада ойындары. Қазақстан құрама командасында С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің 2 спортшы студенті (Худиев Р., Скляр А) қатысты.
Студенттердің дене тәрбиесі деңгейін көтеру ерекше маңызды мәселе, ол тек қана жоғары оқу орындарындағы бағдарламаныы меңгерумен шектеліп қоймай алдағы уақытта дене тәрбиесінің қоғамға қатысын, адамдардың салауатты өмірді таңдауына әсер етеді. Қоғамдағы салауатты өмірді қалыптастыру үшін зиялы қауым, мамандар, жетекшілер, дене тәрбиесін ілгерілету үшін үлес қосуы керек.Білім беру жүйесінің реформаларынада қоршаған ортада жаһандану мәселелерін шешуде дені сау, шыныққан, шыдамды, өзін салауатты өмір сүру дағдыларына саналы бағдарлаған, «Қазақстан 2030» Ұлттық стратегиясын тиімді түрде жүзеге асыруға белсенді ат салысатын азаматтарды тәрбелеу ман қалыптастыру басты мақсат болып табылады.С.Торайғыров атындағы ПМУ–нің спорт клубы құрамы студенттер, профессор-педагогтар мен университет қызметкерлерімен толығуда.Аталып өтілетін күндерге байланысты өткізілетін спорттық барлық түрлерінен студенттік спартакиада, дәстүрлі дене шынықтыру мен спорттық шаралардың кестесі мен тәртібі көрсетіледі.
Информация о работе Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру