Қысымды өлшейтін құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 15:45, курсовая работа

Краткое описание

Қысым (орыс. давление ) бір дене екінші дене бетіне (мысалы, ғимарат іргетасының грунтқа, сұйықтықтың ыдыс қабырғасына,қозғалтқыш цилиндріндегі газдың піспекке, т.б.) әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің (дене бетіне перпендикуляр) қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама. Егер денеге әсер ететін күш оның бетіне біркелкі таралса, онда қысым (р) былай өрнектеледі:
Мұндағы S – дене бетінің күш түсетін бөлігінің ауданы, F – сол бөлікке перпендикуляр түсірілген күштердің қосындысы. Күш біркелкі таралған жағдайда қысым дене бетінің барлық нүктесінде бірдей болады, ал күш біркелкі таралмаса, онда қысым бір нүктеден екінші нүктеге өткен сайын өзгеріп отырады. Тұтас, үздіксіз орта үшін сол ортаның әрбір нүктесінің қысымы туралы ұғым енгізіледі. Бұл ұғым сұйықтық пен газ механикасында маңызды рөл атқарады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
Қысымды өлшеу техникасы...................................................................7
Атмосфералық қысымды өлшеу.............................................................7
Торричелли тәжірибесі............................................................................8
Сиретілген газдың қысымын өлшеу.....................................................9
Өлшейтін аспаптардың медицинада қолданылуы.
Қысымды өлшейтін құралдар..................................................................
Манометр.................................................................................................
Барометр..................................................................................................
Вакуумметр.............................................................................................
Танометр.................................................................................................
Қортынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жоба (Автосохраненный).docx

— 157.62 Кб (Скачать документ)

Жалпы алғанда атмосфералық фронт өткен кезде ауа райы кенет өзгеріп: температура мен қысымның ауытқуы, жауын-шашын түсуі, желдің бағытының өзгеруі мен жылдамдығының күшеюі сияқты құбылыстар жиі байқалады. Ауа массалары арасындағы осындай фронттар жиынтығынан климаттық фронттар қалыптасады. Оларға арктикалық, полярлық және тропиктік фронттар мысал болады.

    1. Торричелли тәжірбиесі

Э. Торричелли тәжірибесіндегі сынапты түтікке вертикаль шкала орнатса, қарапайым сынапты барометр пайда болады. Сынапты барометрдегі сынап бағанының биіктігі 1 метрге жуық әрі оны тік етіп орнату немесе іліп кою керек. Сондықтан ондай барометрді алып жүру қиын әрі ыңғайсыз және қауіпті де, өйткені сынаптың буы - улы. Әсіресе кемеде, ұшақта, барометр өте қажет болған басқа да жағдайларда оны қолдану тіпті мүмкін емес. Сондай кездерде атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероидтар (грекше анероид - сұйықсыз) кеңінен колданылады. Барометр-анероид беті толқын тәрізді қатпарланған дөңгелек жұқа металл қорапшадан (1) тұрады (1-сурет). Оның ішіндегі ауа сорып шығарылған. Атмосфералық қысымның әрекетінен қорапша қабысып қалмауы үшін оны серіппе (2) арқылы керіп қояды. Атмосфералық қысым өзгергенде қорапшаның көлемі де өзгереді. Соның салдарынан серіппе созылады немесе сығылады. Мысалы, атмосфералық қысым артқанда қақпақ төмен қарай майысады да, серіппе керіліп ұзарады. Ал қысым кемігенде қақпақ қайтадан орнына келеді де, серіппе, керісінше, жиырылады. Беріліс тетігі (3) серіппенің осы қозғалысын құралдың шкаласы бойымен жылжып отыратын көрсеткішке (4) береді. Шкала (5) миллиметр сынап бағанымен (мм сын.бағ.), кейде килопаскальмен (103 Па) градуирленеді. Атмосфералық қысым атмосфералық құбылыстармен байланысты болғандықтан, барометр шкаласына қарап ауа райын да болжауға болады.

1.3. Сиретілген газдың қысымың өлшеу.

 Сиретілген газдың қысымын өлшеуге арналған аспап әрбір вакуумдық жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі вакуумдық техникада қысымның аймағы 105- 10-12 Па. Мұндай кең диапазонда қысымды өлшеу әрине бір ғана аспаппен шектелмейді. Сиретілген газдың қысымын өлшеу тәжірбиесінде әрекет принціпімен дәлділік классымен ажыратылатын әр түрлі түрлендіргіштер қолданылады. Ваукумды техникада жалры қысымды өлшеуге арналған аспапты вакумметр деп атайды, және әдетте екі бөліктен тұрады.  Олар: Манометриялық түрлендіргіш және  өлшеуіш қондырғы. Вакумметрлер өлшеу әдісі бойынша абсолютті және қатынасты болып бөлінуі мүмкін. Абсолютті аспаптардың көрсеткіші газдың түріне тәуелсіз және алдын ала есептелуі мүмкін. Бұл манометрлер молекуланың бетіне түскен соққының күшіндей қысымды өлшейді. Төменгі қысымда қысымның күшін тікелей өлшеу оның төмендііне байланысты мүмкін емес.Қатынасты өлшеу аспаптарында қысымнан ағып жатқан вакумдағы физикалық процестерінің кейбір параметрлерінің тәуелділігін пайдаланады. Бұл аспаптар үлідегі аспаптардың дәйектілігіне қажеттенеді. Вакумметрлер вакумдық жүйедегі газдың қысымын өлшейді

    1. Өлшейтін аспаптардың медицинада қолданылуы.

Стерилизация  дегеніміз – бұл аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардың спораларын толық жою болып табылады. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз стерилизацияланған аспаптарды қолдану сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады.

Біздің елімізде « Медицинаға белгіленген өнімдерін дезинфекциялау және стерилизациялау  тараулық стандарты енгізілді. Осы стандартпен дезинфекциялау мен стерилизациялаудың әдістері, дәрілері мен тәртіптері белгіленді. Қазіргі емдеу мекемелерінде орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімшелері ( ОЗБ )  ұйымдастырылды. Олардың негізгі мақсаты медициналық құралдарды залалсыздандырып, алдын –ала тазарту. ОЗБ-ның құрылымы  2 блоктан тұрады. Біріншісі залалсызданған, екіншісі залалсызданбаған блок. Залалсызданбаған блокта  залалсыздандыру алдындағы тазартуды, залалсыздандыруға арналған материалдарды қораптау және бу стерилизаторларын, құрғақ ауа-шкафтарын дайындау жүргізіледі. Ал залалсызданған блокқа стерильденген материалды түсіреді. ОЗБ-да ашық түрде медициналық өнімдерді залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде құрғақ ауа шкафында залалсыздандыруға болады.

Мысалы вирусты гепатитпен ауырған науқастарға процедуралық кабинетте барлық шприцтер мен инелерден бөлек алдын-ала залалсыздандырылған шприцтер мен инелер беріледі. Процедуралық кабинетте бөлімшедегі вирусты гепатитпен ауырған науқастардың тізімі болуы керек.

Майлы шприцтер мен инелерге крафт-пакеттер немесе екі қабатты бөз орағыштар арналады. Майлы ерітінділерді енгізуге арналған шприцтерді басқа шприцтермен араластырмайды.ОЗБ-ға залалсыздандыруға тапсырғанда процедуралық мейірбике майлы шприцтері бар орағыштарды белгілейді, себебі олар бөлек салынады.

Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары жүргізіледі.Яғни тазарту арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен тазартады.Қолмен тазарту келесі ретпен жасалады:

  1. Қанмен ластанған аспаптарды 0.14% натрий олеатының ерітіндісіне 22С температурада 60 минутқа салу керек.

  1. Су ағымымен 0,5 минут жақсылап шайады.

  1. « Биолот» жуғыш затына 15 минутқа батырады.

  1. 0,5 минут сумен жуады.

  1. Ағымды және дистильденген сумен 3 минут шайады.

  1. Ыстық ауалы стерилизаторда 80-85С-та кептіреді.

Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау жүргізіледі. Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және басқа заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік сынамамен анықтайды.

Амидопириндік сынама — 5% амидопиринннің спирттік ерітіндісін 30% сірке қышқылының 3% сутектің асқын тотығымен бірдей мөлшерде араластырады.Реактивті шприцтің поршенімен цилиндріне тиген қанның көмегімен тамызады, осылайша инеге алады.Егер залалсыздандыру алдында өңдеудің барлық кезеңдерінен кейін қан ғана қалса, тез арада реактив көкшіл-жасыл түске боялады. 2 минуттан кейін пайда болған боялу есептелмейді.

Азопириндік сынама – азопирам реактиві мен 3%-тік сутегі тотығының біркелкі мөлшерін араластыра отырып дайындалады. Одан кейін тексеру үшін қанды даққа 2-3 тамшы тамызамыз.Егер 1 минуттан аспай күлгін түс пайда болса, кейін қызғылт түске ауысса ректив қолдануға жарайды.Егер 1 минуттың ішінде боялу байқалмаса реактивті пайдалануға болмайды.

Фенолфталейндік сынаманы жүргізу әдістемесі.

Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталейн ерітіндісінде суланған мақтамен сүртеді.Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады.

Стерилизацияның негізгі 3 түрі бар. Олар: жылулық, сәулелік және химиялық.

Жылулық( термиялық) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.

Өңдеу келесі манипуляциялардан тұрады:

  1. Жарақатпен, қанмен және инфекциялық бөлінділермен жанаспаған медициналық заттарды дезинфекциялап, екі рет шайып алады.

  1. Жоғарыда аталған заттармен жанасқанда стерильдеуден бұрын алдын-алы жақсылап өңдеуден өткізеді.

Сынама қойған кезде бақыланып отырған затқа екі реактивтен де тамызады. Қан немесе жуу заттарының қалдықтары бар болған жағдайда ондай заттарды қайта өңдеу керек болады.Стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылауға тәулігіне өңделген заттардың әр түрінің 1%-ы алынады.

  1. Іріңді операция немесе жұқпалы аурулар кезінде қолданылатын заттарды алдымен дезинфекциялап, тазалап, стерильдеуге жібереді.

  1. Шыныдан, металдан, термотөзімді полимерлерден, резинкадан жасалған заттарды стерилизаторда 30 минут қайнатады, содан соң стерильдейді.

  1. Шыныдан, металдан жасалған және стоматологиялық аспаптарды 120-130С-та 15 минут өңдейді.

Жылулық стерилизация қатарына құрғақ ыстықпен стерилизациялау жатады. Құрғақ ыстықпен стерилизациялау ауалы стерилизаторларда немесе Пастер пешінде жүргізіледі.

Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 160С-та 120 минут жүргізіледі.Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.

Жылулық стерилизациялаудың екінші бір түрі ыстық бумен стерилизациялау болып табылады. Булы стерилизаторларда қысымды бумен өңдеу  — стерилдеудің әмбебап тәсілі.

Булы стерилизатор  немесе автоклав – қабырғасы мықты, герметикалық жабылатын, су буы және стерилдеуші камерадан тұратын металды цилиндр. Аппарат манометр, термометр және басқа да бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталған. Автоклавта жоғары қысым қайнау температурасын арттырады. Микробтарға жоғары температурамен бірге бу әсер ететіндіктен споралар 120С-та жойылады. Атмосфералық қысым мен температура жоғарылаған сайын стерилдеу уақыты азаяды. Микробтар бірнеше секундта жойылғанымен, материалды өңдеу уақыты ұзағырақ, себебі жоғары температура стерилденетін материалдың ішіне енуі керек. Автоклавта таңу материалдарын, төсек, коррозияға төзімді металды құралдар, қоректік орталар мен инфекциялық материалдарды стерилдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Қысымды өлшейтін құралдар

2.1. Манометр 


Біз оппа қармен жүрсек, омбылап жүре алмай қоямыз. Ал аяғымызға шаңғы байлап алсақ, сол жаңағы аяғымыз кіріп кеткен қардың бетімен зырқырай емін-еркін жүйткіп жүре аламыз. Қысқасы, шаңғы таққанда қарға батпаймыз (1-сурет).

Тәжірибе жасайық. 2-суретте көрсетілгендей сыртқы пішіні әр түрлі бірақ салмақтары өзара тең (1 кг) екі гир аламыз. Сонан соң өзара бірдей екі тақтайша алып, ол тақтайшалардың аяқтары міндетін атқаратын төрт-төрттен шеге қоямыз. Тақтайшамыз шегеаяқшалары бар үстелшеге айналады. Содан кейін оларды қорапта тұрған құм үстіне қатар-қатар тізіп орналастырамыз. Енді осы үстелшелерге жаңағы әр пішінді гирлерді бір-бірден қоямыз. Сонда бірінші гир қойылған үстелше құмға бірден тереңірек кіріп кетеді, ал екінші үстелше құмға аз кіреді, өйткені екінші үстелдегі гир жалпақ пішінді.

Құмға бір үстелшені шалқасынан жатқызып, оның үстіне 1 кг гірді қояды. Шалқасынан жатқан үстелше құмға болар-болмас та батпайды. Енді сол үстелшені құмға аяғынан тұрғызып қойып, үстіне жаңағы 1 кг гірді қойса, бұл жолы үстелше аяқтары құмға терең түбіне дейін кіріп кетеді. Бұл бір күш аймақтары екі түрлі ауданға екі түрлі әсер етеді деген сөз. Олай болса, белгілі бір ауданға белгілі бір күш түсті деу сол ауданның әрбір бөлігіне келетін күш шамасын анықтап бере алмайды.

Қысқасы, күш әсерінің нәтижесі оның өзінің сандық шамасына ғана байланысты емес, ол сол күш түсетін аудан мөлшеріне тікелей байланысты. Аудан бірлігіне қатысты күш ұғымы жалпылама ұғым болып қалғандықтан, жаңа ұғым – қысымды енгіземіз. Белгілі бір аудан бетіне тіке түсірілген күштің сол аудан бірлігіне келетін шамасын қысым деп атайды. Сонымен

Қысымды формула түрінде жазуға болады. Ол үшін әрбір физикалық шамаларды жеке әріптермен белгілеу керек. Сонымен, қысымды р әрпімен, күшті Ғ әрпімен, ауданды S әрпімен белгілесек, онда қысым формула түрінде былай жазылады:

.

Қысымның өлшем бірлігіне 1 м2 ауданға 1 Н күш түскенде туатын қысым шамасы алынған. Бұл 1 м2 ауданға 1 Н күш түскенде туатын қысымды паскаль деп атайды. Қысымның осы атауы француздың әйгілі ғалымы Блез Паскальдің құрметіне қойылған. Паскаль – қысқаша Па деп жазылады. Сонымен, 1 Па = 1 Н/ м2. Паскальдің гектопаскаль, килопаскаль дейтін үлкен мәнді түрлері де бар: 1 гПа = 100 Па; 1 кПа = 1000 Па.

Қысымның паскальдан басқа техникалық өлшем бірлігі де бар. Ол бір шаршы сантиметрге 1 кг күш түскенде туатын қысым. Техникалық бірліктерді дұрыс ұғыну үшін техникалық бірліктермен алынған танымал денелердің түсіретін қысымын мысалға келтірелік. Орта салмақты адамның тудыратын қысымы 0,5 кг/см2, ал ат 1,4 кг/см2 қысым түсіреді екен. Кәдімгі инені салмағымен шанша салғанның өзінде де ол ең үлкен экскаватордан да, алып мұз жарғыш кемеден де мыңдаған есе көп қысым түсіреді. Себебі ине ұшының ауданы 0,00001 см2, ал оған түсірілген болар-болмас күш соншалықты көп қысым тудырады. Оған берілген күшті 0,1 кг, 1 кг, 10 г, 100 г деп есептеп, оның бір шаршы сантиметрге түсіретін қысымын анықтап көрген абзал.

Молекулалық физика дегеніміз физиканың, заттың құрылысымен қасиеттерін молекула-кинетикалық деп аталатын тұрғыдан зерттейтін физиканың бөлімі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанды, қатты, сұйық және газ күйінде кездесетін кез келген дене өте кішкентай дербес бөлшектердің – молеклалардың үлкен жиынтығынан тұрады. Кез келген заттың молекулалары қалыптасқан бағыты жоқ, ретсіз, хаосты қозғалыста болады. Оның интенсивтігі заттың температурасына байланысты болады.

Қабырғаға газ тарапынан әсер ететін күш оның бетінің ауданына байланысты қабырға бетінің бірлігіне түсірілетін күшті P = F / S қысым дейді.

Информация о работе Қысымды өлшейтін құралдар