Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 00:09, автореферат

Краткое описание

Осы мақсатқа жету және ұсынылған болжамның дұрыстығын тексеру үшін мынандай зерттеу міндеттері анықталды:
− зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми көпшілік әдебиеттерге талдау жасау.
− оқытуда шығармашылық есептерді пайдалану арқылы оқушыларының физикаға қызығушылығын арттырудың әдістемелік негізін айқындау.
− физикалық шығармашылық есептердің жүйесіне, мәніне, мазмұнына талдау жасау және оларды шығару жолдарын жетілдіру шараларын қарастыру.
− шығармашылық есептер негізіне қойылатын талаптар мен критерийлерді тұжырымдау.
− шығармашылық есептерді пайдаланудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру.
− зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая менинки.doc

— 291.00 Кб (Скачать документ)

Эксперимент барысында оқушылардың шығармашылық есептерді шығару біліктіліктерін үнемі бақылап отыру міндеті қойылды. Осы міндетті шешу үшін 8, 10 сынып оқушылармен бақылау жұмыстары жүргізілді. Экспериментке 8-сыныптар бойынша 212 оқушы және 10-сыныптар бойынша 214 оқушы (барлығы 426  оқушы) қатыстырылды. Құрамы, дайындығы, үлгерімі мен оқушылардың физика есептерін шығаруға қарым-қатынасы (мотивтері) бойынша эксперименттік және бақыланатын топ сыныптары шамамен бірдей болды.

Эксперимент барысында  шығармашылық есептерді шығаруда қалыптасатын біліктердің өзгерісін қадағалап  отыруға мүмкіндік беретін бірнеші бақылау жұмыстары жүргізілді Оқушылар есептерді шығаруда келесі амалдарды меңгеруге тиісті болды (5-кесте).

 

5-кесте − Оқушылардың стандарт және шығармашылық есептерді шығаруында меңгеруге тиісті амалдар мазмұны

 

Амалдар мазмұны

Стандарт есептер

Шығармашылық есептер

Есептің берілгенін жазу.

Есептің шарты мен  талабын көрсету.

Есептеу формуласын жазу.

Есепті жалпы түрде  шығару.

Белгісіз шаманы табу.

Атаулармен жұмыс.

Есептің  жауабын көрсету.

1.Есептің нысаны мен құбылыстарды көрсету

2.Есептің берілген сипаттамаларын көрсету.

3.Есептің шартын көрсету.

4.Физикалық құбылысты негіздеу.

5.Есепті шығарудың болжамын ұсыну.

6.Қажетті суреттерді, сызбаларды орындау.

7.Есепті шығарудың нақты тәсілін көрсету.

8.Есептің мазмұнына, объектілерге талдау жасау.

9.Есеп нәтижесін логикалық өңдеу.

10.Тапсырманың экспериментте орыналуы, жұмыс жоспарын белгілеу.

11.Құбылыстың, объектінің практикалық қолданысын тағайындау.

12.Есептің алгоритмін құрастыру.

13. Физикалық шамалардың функционалдық тәуелділігін

графикалық тәсілмен тағайындау.


Алғашқы екі тексеру  жұмысы 8-сыныпта «Электр кедергісі», «Электр аспаптарының жұмыс кезіндегі қауіпсіздік» тақырыптарын өткеннен соң жүргізілді.    Ал 3,4 тексеру жұмыстары 10-сыныпта  «Электр заряды және электромагниттік өріс»,  «Металдардағы электр тогы» тарауларын өткеннен соң жүргізілді. Бақылау тапсырмаларына екі шығармашылық, екі репродуктивті есептер қамтылды.

Әрбір бақылау жұмысының нәтижесін элементтік талдау негізінде алынған мәліметтер бойынша оқушылардың шығармашылық есептерді шығару біліктіктері анықталды (4-сурет).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-сурет - Бақылау жұмыстарының нәтижелерін элементтік талдау негізінде алынған мәліметтер

 

Графиктен шығармашылық есептерді үнемі шығару есептің мазмұнын талдауға: оның пәнін, оның берілу тәсілін түсіндіруге, берілген шамалар мен есеп шартын көрсетуге, қажетті суретін салу біліктерін қалыптастырғанын көреміз. Шығармашылық есепті шығаруға қажетті негізгі амал: болжам айта алатын, берілген есепті шығарудың бірнеше тәсілін айтатын оқушылар саны әжептәуір артқан.

Оқушылардың пәнге қызығушылығы олардың оқу-танымдық іс-әрекеттері мен білім деңгейіне сәйкес (Г.И.Щукина) анықталатындығы, бізге оқушылардың үлгерім сапасын үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік берді. Осы мақсатта Алматы қаласындағы  №159 мектептің 8-сынып оқушыларының (91) және № 86 мектептің 10-сынып оқушыларының (89), Аякөз қаласының №5 мектебінің 10-сынып оқушыларының (90) физика пәні бойынша үлгерімі тексеріліп отырды. Тексеру жұмыстарына танымдық теориялық тапсырмалар мен шығармашылық мазмұндағы есептер қамтылды.

6-кестеде оқыту үдерісіне шығармашылық есептерді енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі оқушылардың үлгерімі кескінделген.

 

6-кесте − Оқушылардың үлгерімінің салыстырмалы көрсеткіші

 

 

Мектептер, сыныптар

4 (жақсы) және 5-ке (өте жақсы) оқитын оқушылар санының артуы ( %)

Тексеру жұмыстары

1

2

3

4

5

№159 мектептің 8-сыныптары (91-оқушы)

9

14

25

30

33

№ 86 мектептің 10-сыныптары (89-оқушы)

10

13

23

27

29

№5 мектептің 10-сыныптары (90-оқушы)

8

11

19

24

26


 

Кестедегі көрсеткіштер шығармашылық есептерді шығаруда оқушылардың физика пәніне қызығушылықтарының артуын үлгерім сапасының жоғарлауымен түсіндіреді.

Жалпы эксперименттік жұмыстың нәтижесін талдағанда оқушылардың  физика пәніне қызығушылығы оянып, теориялық білімдерімен қоса практикалық жұмыс жасау дағдыларының да артқаны анықталды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Теориялық зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыс  нәтижелері бізге келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

1. Зерттеу мәселелеріне қатысты әдістемелік, педагогикалық, психологиялық және жаратылыстану-ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау нәтижесінде оқыту үдерісінде оқушылардың «қызығушылығы», «шығармашылық есеп», «шығармашылық іс-әрекет»    ұғымдарының мәндік және мағыналық сипаттамасын ашып беруге; олардың өзара ара-қатынасын зерттеуге, шығармашылық есептерді орындауда теориялық және практикалық біліктерді қалыптастырудың мазмұндық құрылымын жасауға, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік туды. 

2. Шығармашылық есептердің ойлау үдерісінің логикалық және шығармашылық компоненттері анағұрлым қарқынды дамитын түрлеріне ажыратылуы:

  • оқушыларды ой операциялары мен іс-әрекеттің түрлі амалдарына үйретуге
  • оқушылар бойында ізденушілік, тапқырлық қабілеттерінің қалыптасуына
  • оқушылардың физикалық түсініктердің мазмұнына терең бойлауына
  • оқушыларды әртүрлі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар арасындағы логикалық байланысты ойлап табуға итермелеуге
  • оқу материалын көзсіз жаттап алудан сақтандыруға
  • физикалық ситуацияларды  талдау біліктілігін қалыптастыруға
  • есептерді шешудің түрлі амалдарын бойларына сіңірулеріне себептесетінін көрсетті.

3. Зерттеу барысында шығармашылық есептерді жалпыланған біліктіктер арқылы орындаудың теориялық және оқу алгоритімдік құрылымының анализі есепті шығару жалпы төрт әрекеттен тұратынын көрсетті:

  • есепті түсіну, қабылдау;
  • шығару процесін жоспарлау;
  • шығару процесін жүзеге асыру;
  • шығару нәтижесін талдау мен бақылау.

Бұл әрекеттер өз кезегінде оқу әрекеттері тәсілдері мен логикалық операциялар (анализ, синтез, қорытындылау, нақтылау, анықтау және т.б.) қамтылған танымдық әрекеттерге жіктеледі

4. Физикалық шығармашылық есептердің мазмұнын құрастыруда басшылыққа алынған талаптар мен критерийлер физика курсының «Электродинамика негіздері» бойынша жасалған шығармашылық есептердің мазмұндық ерекшеліктерін, оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруына қажетті іс-әрекет құрылымын,  оқушылардың қызығушылығын арттыру физикалық білімінің негізгі көрсеткіштерінің бірі − білімді меңгеруінде түйсінетін мотивтері арқылы  танымдық қажеттілік тұрғысынан туындайтынын ескере отырып құрылды.

5. Физика курсының «Электродинамика негіздері» бойынша жасалған шығармашылық есептердің топтамасы оқушылардың есептерді шығаруларына қажетті амалдарды меңгерту мақсатында дайындалған дидактикалық материалдарды даярлауға және оларды сабақта тиімді пайдалануға жәрдемдесті.

6.Физикалық білімді меңгеру және шығармашылық есептерді орындаудағы біліктер амалдары мен қимылдарын игеру, белсенді оқыту формаларын пайдалану, өмірде және күнделікті тұрмыста оқушылардың іс-әрекеттерінде қолдану сияқты шарттармен қамтамасыз етілетіндігі тәжірибелік эксперимент арқылы дәлелденді.

7. Оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру мақсатында пайдаланған шығармашылық есептер физиканы оқыту үдерісінде қолданылатын жаттығулар жүйесін, есептер жинақтары мен дидактикалық оқу құралдары мазмұндарын, сонымен қатар, мектеп реформасы тұрғысынан оқу үдерісін жетілдіруде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, зерттеуiмiздiң  ғылыми болжамы тәжiрибелік-эксперименттiк  жұмыс барысында дәлелдендi және жүргiзiлген зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес нәтижелер алынды.

 

 

ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ  НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

КЕЛЕСІ БАСЫЛЫМДАРДА ЖАРИЯЛАНДЫ

 

        1. Физикалық сапалық есептер жинағы. Оқу құралы., Респ. Баспа Кабинеті.− Алматы. − 1999. (Дүйсембаев Б.М. авторлық бірлестікте). 1,25 б.т.
        2. Физикалық шығармашылық есептер туралы //ИФМ.−1997.−№2.−5-6 бб. (Б.М.Дүйсембаев авторлық бірлестікте).
        3. Шығармашылық есептерге қойылатын талаптар //ИФМ. −  1997. − №6. − 39-41 бб. (Дүйсембаев Б.М. авторлық бірлестікте).
        4. Оқушыларды шығармашылық іс-әрекеттерге үйрету мәселелері. //ИФМ. −  №2. − 1998. −23-25 бб. (Сейітқалиева К.М. авторлық бірлестікте).
        5. Об активизации познавательной деятельности учащихся. Сборник научных трудов. «Социально гуманитарные исследования: состояние, проблемы, перспективы». − Алматы. − 1997. − С63-65.
        6. Некоторые вопросы активизации познавательной активности учащихся. //Ізденіс-Поиск. − Алматы. −№6. − 1997. − С41-43.
        7. Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолданудың кейбір мәселері. //Алматы Қалалық конференция материалдары: БЖҚДИ. −1999. − 33- 34 бб.
        8. Электродинамиканы оқытуда ғылыми таным әдістерін пайдалану //ИФМ. − №6. − 1999. − 9-11 бб.
        9. Физиканы оқыту үдерісін компьютерлендіру //ИФМ.− №3.− 2001. − 29-30 бб.
        10. Білімді бекітуде оқушылардың іс-әрекеттерін дамыту. //ИФМ.−  №5 − 2001. −10-11 бб.
        11. Дамыта оқыту негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендіру. //Халықаралық ғыл.-практ. конф. материалдары: «ХХІ ғасырда білім беру  және тәрбие жұмыстарының жүйелерінің дамуының басым бағыттары». − Шымкент. − 2001. −112-114 бб.
        12. Білім беру саласында оқытудың  компьютерлік технологиясын жүзеге асыру //Халықаралық ғылыми-практикалық. конференция материалдары: «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіз дамудың 10 жылдығы» −.Қызылорда. − 2001.−81-83 бб.
        13. Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесін жетілдіру. //Халықаралық ғыл.-практ. конф. материалдары: «ХХІ ғасырда білім беру: жайы және даму болашағы».−Астана. 2002. −208-211бб. (Мәженова А.Б. авторлық бірлестікте).
        14. Физика сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту //ИФМ. − 2002.− №3. − 31-37 бб. (Мәженова А.Б. авторлық бірлестікте).
        15. Физиканы оқытудың ғылыми негізінде оқушылардың шығармашылығын дамыту //Материалы ІІ Республиканских педагогических чтении: «Среднее образования ХХІ века: поиски, проблемы, перспективы». − Алматы. − 2004. 106-109 бб.
        16. Жаңа технология негізінде орындалатын физикалық эксперименттердің практикалық маңызын арттыру //Математика және физика. − Алматы − №6. − 2006.− 12-13 бб.
        17. Физикалық есептердің дамытушылық функциясын арттыру мәселелері. //Білім. Образование. −Алматы. − № 5. − 2007. 33-36 бб.
        18. Жаратылыстану-математикалық бағдарлы сыныптарда физикалық есептерді  қолданудың практикалық мәні. //Қазақстан кәсіпкері. . −Алматы. − № 7. − 2007. −9-10 бб.
        19. Физиканы оқытуда іскерлік ойын сабақтары арқылы оқушыларды кәсіпке баулу мысалынан. //Қазақстан кәсіпкері.  № 9 Алматы. − 2008. − 32-33 бб. (Ерматов С.Е. авторлық бірлестікте).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕЗЮМЕ

 

Сариева Айгуль Камзаевна

 

Методика повышения  интереса

учащихся к  физике посредством творческих задач

 

13.00.02 – Теория и  методика обучения и воспитания (физика)

 

Актуальность  исследования. Содержание физики, ее методическая система в контексте научно-технического прогресса и общественного развития нуждается в постоянном совершенствовании как по структуре, так и по содержанию. Анализ методики обучения физики показывает, что ученики школы относят физику к ряду сложных и неинтересных предметов. Результаты исследовательских работ, проведенные с учителями школ, также показали, что основная проблема обучения физике сводится к тому, что со стороны школьников отсутствует интерес к ней, как к предмету. Это свидетельствует о том, что в процессе обучения физике в школе, требуется совершенствование ее методов и средств.

Цель исследования: Методическое обоснование повышения интереса учащихся к физике посредством творческих задач.

Объект исследования: Процесс обучения физике в школе на основе творческих задач.

Предмет исследования: Повышение интереса учащихся к физике посредством творческих задач.

Научная новизна полученных результатов заключается в следующем:

− выявлены возможности творческих задач в повышении интереса учащихся и разработана их классификация;

− определены критерии и требования к содержанию творческих задач по физике;

− разработана.методика повышения интереса учащихся на основе творческих задач;

− апробирована методика повышения интереса учащихся через творческие задачи.

Степень внедрения: разработанная научно-методическая система была внедрена в практику преподавания  в средней школе-гимназии № 159 им. И.Алтынсарина, в школе-гимназии №86 г.Алматы и и в некоторых школах ВКО (2002–2009г.г.).

Теоретическая и практическая значимость исследования:

  • разработаны особенности методики повышения интереса учащихся в курсе физики;
  • разработаны критерии отбора творческих задач;
  • составлены творческие задачи, способствующие развитию учебно-познавательной деятельности учащихся;
  • результаты эксперимента могут быть рекомендованы учителям физики по применению творческих задач для повышения интереса учащихся к предмету;
  • использованы потенциальные возможности учащихся при выполнении учебных заданий с творческим содержанием;
  • внедрена в практику методика решения творческих задач;
  • методика, разработанная на основе творческих задач, может применяться для совершенствования содержательности сборников задач, системы упражнений и дидактических средств в процессе обучения.

Информация о работе Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі