Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 11:39, доклад
Басқа жанрлармен салыстырғанда айтыстың поэтикалық табиғатына тән ерекше бір құрылым – оның ішкі өзегінде жатқан бітіспес қарама-қайшылық, сол құбылыстың сыртқы көрінісі – айтыстағы шендестіру, қарсыластыру әдістері дер едік. Бұл тұрғыдан оның бойында драмалық сипат бар. Көне айтыстың үлгілері «Қыс пен Жаздың айтысы», «Өлі мен тірінің айтысы», «Қыз бен жігіттің айтысы» болып қарама-қайшы мәнде келуі де содан. Бір сөзбен айтқанда, айтыс есте жоқ ескі заманда байырғы адамның санасындағы мифтік жұптық тайталас (бинарная оппозиция) құбылысына арқа сүйеп, әу баста пайда болған, сол әуенінен бүгінде жаңыла қойған жоқ дей аламыз.