Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 11:39, доклад
Басқа жанрлармен салыстырғанда айтыстың поэтикалық табиғатына тән ерекше бір құрылым – оның ішкі өзегінде жатқан бітіспес қарама-қайшылық, сол құбылыстың сыртқы көрінісі – айтыстағы шендестіру, қарсыластыру әдістері дер едік. Бұл тұрғыдан оның бойында драмалық сипат бар. Көне айтыстың үлгілері «Қыс пен Жаздың айтысы», «Өлі мен тірінің айтысы», «Қыз бен жігіттің айтысы» болып қарама-қайшы мәнде келуі де содан. Бір сөзбен айтқанда, айтыс есте жоқ ескі заманда байырғы адамның санасындағы мифтік жұптық тайталас (бинарная оппозиция) құбылысына арқа сүйеп, әу баста пайда болған, сол әуенінен бүгінде жаңыла қойған жоқ дей аламыз.
Байырғы айтыс және ру
Басқа жанрлармен салыстырғанда айтыстың поэтикалық табиғатына тән ерекше бір құрылым – оның ішкі өзегінде жатқан бітіспес қарама-қайшылық, сол құбылыстың сыртқы көрінісі – айтыстағы шендестіру, қарсыластыру әдістері дер едік. Бұл тұрғыдан оның бойында драмалық сипат бар. Көне айтыстың үлгілері «Қыс пен Жаздың айтысы», «Өлі мен тірінің айтысы», «Қыз бен жігіттің айтысы» болып қарама-қайшы мәнде келуі де содан. Бір сөзбен айтқанда, айтыс есте жоқ ескі заманда байырғы адамның санасындағы мифтік жұптық тайталас (бинарная оппозиция) құбылысына арқа сүйеп, әу баста пайда болған, сол әуенінен бүгінде жаңыла қойған жоқ дей аламыз. Әсіресе рулық-тайпалық қоғам тұсында оның өзегінде жатқан қарама-қайшылық әлеуметтік жіктердің өзара қызу тартысының айнасына айналды, айтыс сол кезеңде буыны бекіп, бұғанасы қатып, жеке жанр ретінде қалыптасты деуге болады. Бұл туралы М.Әуезов былай деп жазады: «Ру жігіне бөлінген ел кей кезде ұранмен бас құрасып, ұран атымен тіршілік еткенде рудың бәйгеге қосқан атын қызықтаса, күреске түскен палуанын қызықтап намыспен сүйсе, мынау өлеңдердің тұсында сол сияқты ру таласы, ру намысы, ру бәйгесіне сөз жүйрігін қосқандай болып, жік-жікке бөлініп, солардың тілеуін тілесіп, қызығын қызықтасады» дейді. Сонымен бірге белгілі маман Е.Ысмайыловтың айтқан мына түйінді пікірін де есте ұстаған абзал: «Шынтуайттап келгенде революциядан бұрынғы айтыстың көбі әсіресе жеке рулардың, ата ұлдарының өмірлік мәселелерін қозғаушы еді. Патриархалдық-феодалдық заманның тұсында жеке рулар, ата ұлдары өзара жауласып, атысып-шабысып жататын, сондықтан, сарбаз жігіттер сияқты, суырыпсалма ақындар да өзіндік шешендік өнерімен, ақындық шеберлігімен өз руының ар-намысын, мүдде-мақсатын қорғайтын, қызу айтыс-тартыстың үстінде қарсы жақты мінеп-сынап, өмірдегі шындықтың бетін ашатын» (Қараңыз: Е.Ысмайылов. Ақындар айтысы // Қазақ әдебиеті. 14 август 1964 жыл). Бұл мағынадағы пікірді Е.Тұрсынов пен С.Қасқабасов та білдіреді. Айтыстанушы ғалым М.Жармұхамедұлы былай деп қорытынды жасайды: «Әсіресе, рушылдық бәсеке, талас басым болып келген тұстарда айтыс өзінің шырқау шыңына көтерілді».
Бүгінгі айтыс пен ежелгі үлгі-өрнек
Айтыс жанрының өмір сүруіне дем беретін негізгі тірек – топқа, жікке бөліну жүйесі қазіргі айтыс өнерінен де белгілі дәрежеде байқалып отырады. Рас, қазіргі айтыскерлер рудың емес, негізінен облысының атынан (Бұл құбылыс Кеңестік кезеңде пайда болды) сайысады, ал көрермендер екі ақынды қолдап, екі жікке жарылады, тіпті SMS арқылы қызу пікір білдіреді.
Айтыстың ежелгі
заманнан бергі қос қанаты – фольклор
мен ауыз әдебиетінің көркемдік құралдары
десек, қазіргі қазақ айтысы да осы екі
негізден қара үзіп, алшақтап кете қоймағанын
байқаймыз. Демек, қазіргі айтыс елдің
құлағына әбден сіңісті, көзіне үйреншікті
болған машықты үлгі, қалыпты бейне, дағдылы
сарындарға иек артып отыр деген байлам
жасаймыз. Оның көркемдік кестесінен халық
поэзиясының «қошқар мүйіз оюы» андағайлап
көрініп тұр. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі
айтыс дәстүрлі канондық поэтиканы тірек
етеді, себебі осы жанрдың жаратылыс табиғаты
әрі тыңдарманның машықты үлгіні шапшаң
да автоматты қабылдауға лайықталған
зердесі дәл соны талап етеді.
Біздің ойымызша, қазіргі айтысты ежелгі дәстүрмен етене сабақтастырып тұрған – типтік сарын, типтік ситуация, типтік теңеулер қоры. Бұл орайда М.Әуезовтың «Әрбір жеке ақындар айтысының бас-басына өзіндік өзгешеліктері болғанмен, солардың көбіне ортақ бірнеше жалпылық мазмұн, мотивтері де бар…көпшілік айтыстарында қолданылып жүретін мерзімді, үйреншікті тақырыптар да болады» деген пікірін есте ұстаған абзал.
Қазіргі ақындар да дәстүрге сайып, өздерін соғысқалы келген батырға, күрескелі тұрған палуанға, құралайды көзге ататын аңшы-мергенге теңейді. Сонымен бірге айтыстың өзегінде жатқан жұптық тайталас танымы айтыскерлерді қозғаушы ерен күшке айналады, әрі айтыскерлер өздерінің және бір-бірінің лирикалық бейнесін осы үдде тұрғысынан сомдағанын көреміз.
ҚАЗІРГІ АЙТЫС ӨТКІРЛІГІН ЖОҒАЛТТЫ
Біздің кездегі айтыс пен қазіргі айтыстың арасында айырмашылық бар. Қазіргі жастар кімнен не үйренем десе, бәрі дайын. Өйткені, олардың алдында үлкен шоғырдың, мына біздердің айтыстарымыздың жазбасы тұр. Алдарында мектеп бар. Қазіргі уақыт – айтыстың ең бір дамыған кезі. Әрі айтыстың көркемдік дәрежесі де жоғары. Бүгінгілердің айтысын Иса Байзақовтар көрсе, таңқалар еді. Бірақ бұл қазіргі айтыс кемшіліксіз, мінсіз деген сөз емес. Қазіргі айтыстың ең үлкен кемшілігі өткірлігін жоғалтып алды. Біздің кезімізде айтыста айтылмаған мәселе қалмайтын. Облыс-облыспен жарысып, команда болып та, айтысатынбыз. Оның бір жақсы жері айтыстың алдында қарсыласымыздың өңіріне арнайы барып, тұрмыс-тіршілігін барлап, жергілікті халықтың жағдайын зерттеп қайтатынбыз. Қазіргідей сырттай тұспалдамай, көзбен көріп, нақты жағдайларды мінейтінбіз. Бүгінгі айтыста осы дәстүр жоқ. Бүгінгі күні айтылып жүрген «ақындарымыз ұсақталып барады» деген сөз негізсіз емес. Біздің кезіміздегі айтыста ірі-ірі, түйдек-түйдек мәселелер көтерілетін. Ал қазір жүлде таратамыз деп те ақындарымызды «бүлдіріп» алдық. «Дүние пейілді бұзады», – дейді. Біз кезінде дүние үшін айтысқан жоқпыз. Айтыстың мақтау қағазын алсақ та мәз болатынбыз. Республикалық айтыстың өзінде бірінші орынға магнитофон, екінші орынға транзистор, үшінші орынға шәйнек тігілетін. Соның өзін місе тұтатынбыз. Ал қазір автокөлік тігіп, оны сахнаға шығарып қоямыз. Дүние тұрған жерде сыйластық та, сахна мәдениеті де естен шығып кетпей ме? Бүгінгі айтыста сондай жағдайлар да орын алып жатады.