Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2015 в 03:13, реферат

Краткое описание

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.

Содержание

1.Негізгі бөлім:
1.1 Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы
2.Қосымша бөлім:
2.1 Мәдениеттің құрылымы
2.2 Мәдениет морфологиясы
2.3 Мәдениет аспектілері
3.Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер:

Прикрепленные файлы: 1 файл

шығару керек.docx

— 39.71 Кб (Скачать документ)

 
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.  
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. 
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне , талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.  
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты

Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет.

Сократ, Спенсар, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мідениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттена мәдениет туралы ғылым , сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философиянын басты саласы мәдениет философиясын қамтиды.Біздің қоғамымызда мәдениетке бірден-бір ой бөлген Абай Құнанбайұлы.  
Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. 
Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б. байланысты. Оларды игілікке пайдалана білу де мәдениеттің бір саласы.  
Сөйтіп, материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты екен. Одан шығатын қорытынды, мәдениет – қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ. Біздің қазіргі қоғамдағы қиын жағдай осы өтпелі кезеңде туып отыр. Біріншіден, қаражаттың жетіспеуінен көптеген мәдени ошақтар асып-тосып, істен шығуда. Ауылдық жерлерде клубтар, кітапханалар жабылып жатыр. Қалалы жерлерде кинозалдардың, театрлардың материалдық негізі құлдырап, төмендеді. Екінші жағынан, жалақының аздығынан көптеген талант иелері сауда-саттыққа ауысып кетті.

Мәдениеттің маңызды аспектісі – адам белсенділігін реттестіретін механизмдер, оларға нормалар, ережелер, талаптар, эталондар, үлгілер, әрекетпен араласудың инварианттары жатады. Мәдениет сипаты білім беру, тірбиелеу, басқару билік институттарымен мекемелеріне де берілген.

Мәдениеттің дамуы мен қызмет етуі обьект-субьектілі қарым-қатынастардың контексінде ғана мүмкін. Материалды затттар өзімен-өзі болып, қоғамдық және жеке адамдық санамен белгілік қатынасқа түспесе, олар өлі болып саналады. Субьект-индивит және топ әрекетінің арқасында мәдениеттің сәуле таратуы мен қозғалысы қамтамасыз етіледі.Алдыңғы ұрпақтар жасап кеткен мәдениет әлемінде әрекет ету үшін, жаңа ұрпақтың өкілдері материалдық заттар тасушыларда сақталған шеберлік, дағдыларды меңгеруі тиіс. Бірін-бірі алмастыратын ұрпақтардың еңбегінде заттандыру мен затсыздандыру процестері өзара жүзеге асады. Заттандыру адамның қасиеттерін, білімдерін , қабілеттерін обьективті заттарға көшіру болса, затсыздандыру-бұл ана немесе мына заттарды-мәдениет тасушыларын жасауға көмектескен әдістер мен тәсілдерді адамдардың меңгеруі. Бұл заттар екі болмысқа ие болады бір жағынан олар адамға тәуелсіз ақиқаттылық, тікелей сезімдік зат болып қала берсе, екінші жағынан, басқа ақиқаттылықтың орнын басады, соны көрсетеді, мағынаға ие болады. Мағына дегеніміз- адамзат тәжірибесін түзетін, обьективтік байланыстар, қатынастар өзара әрекет көрініс табатын идеялық құрылым.Материалдық тасушыларда сақтала отырып , мағына тұрақтылық, өзгермейтіндік сипат алады және өзінің осы сипатында қоғам немесе топтың рухани саласының мазмұнына енеді. Мағына нақты заттық тасушыда бекітілгеніне қарамастан, ол шындықты жалпылау болып саналады.

Қорытындылай келе мәдениет адамның қоғамдық өмірінде ерекше орын алады. Ол адамдар арсындағы қарым-қатынастың негізгі тірегі болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қолданылған әдебиеттер:

      1. Ғабитов Т.Мәдениеттану. А., 2007.

      2. Т.Х Ғабитов. С.Е Нұрматов Дінтану А.,2006

 

 

 


Информация о работе Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы