Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2015 в 03:13, реферат

Краткое описание

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.

Содержание

1.Негізгі бөлім:
1.1 Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы
2.Қосымша бөлім:
2.1 Мәдениеттің құрылымы
2.2 Мәдениет морфологиясы
2.3 Мәдениет аспектілері
3.Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер:

Прикрепленные файлы: 1 файл

шығару керек.docx

— 39.71 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

1.Негізгі бөлім:

    1. Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы

2.Қосымша бөлім:

      2.1 Мәдениеттің  құрылымы

      2.2 Мәдениет  морфологиясы

      2.3 Мәдениет  аспектілері

3.Қорытынды

4. Қолданылған әдебиеттер:

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».  
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. 

«Мәдениет дегеніміз не?»  деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы  бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың  мадавият қала, қалалық деген сөзінен  енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан  түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық  тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу»  сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде  мәдениетке төмендегідей анықтамалар  берілген:

мәдениет белгілі бір  халықтың қол жеткен табыстары мен  шығармашылығының жиынтығы;

мәдениет адамзат қауымының  белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;

мәдениет адамдық әрекеттің  белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);

агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары). 

 

Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі  ұғымның тікелей қатысты екендігін  аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға  дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір  мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз  дәлелді болу үшін, «мәдениет» ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн  кәрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен  тығыз байланысты болды. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау-бақшаны  өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар  дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік  пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының  тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта  мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет  тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да осылардың  ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта  да құдайлар қоршауында болды, олардың  санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары  мен қала азаматтарын бәле-жаладан  қорғады. Міне, сондықтан да болар, белгілі  эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис дегеніміз  — шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының  заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан  қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын (халық жиналыстарын өткізуге, сот орындары мен қаланың  басқа да мекемелерінің жұмыстарына  және тағы басқалары қатысу) мұлтіксіз  орындап отырды. Мұндай қалаларда  мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі  дінге табынушылықты, әрі жер  өңдеуді де білдірген. Дәл осындай  үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының  азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал  жасады. Гректер бұл процесті «пайдейя» (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл  термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен  қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен  білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы  идеяны аңғаруға болады. Гректер сонау  көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан  азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған  сирек кездесетін білім беру жүйесін  жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде В. Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: «Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Батые Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді» (Драч Г.В. Культурология. — Ростов-н/Д., 1995. — С. 26). Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терең генеалогиялық дәстүрлер) жатыр. Ақсүйектік қасиеттер мен қатар, «адамзаттық» қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа апарар жол — білім жолы болды. Г.Е. Жураковский былай деп жазды: «Көп жылдық Афин мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты — оқушыларға афин қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады» (Жураковский Г.Е. Очерки по истории античной педагогики. — М., 1940. — С. 42). Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды. Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде мемлекеттік істер қаралатын жиналыстарға да қатыса алатын болды. Демек, бұл айтылған жағдайлардың бәрі көне «пайдейяның» гуманитарлық қызметімен қатар, көне мәдениеттің дамуына ықпал жасағандығын көрсетеді. Ерекше атап өтетін бір жай, мұндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады. Демек, грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан-саласына араласу белгіленген ережелер талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер «даналық табыстар» — нома (заңдар) деп атады. Демек мәдениеттің мақсаты адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды. Бұл жағдайда көне заман адамы өзінің табиғатпен байланысын ешуақытта жоғалтқан емес, ол үшін табиғат ерекше ыстық та, жақын да болды. 

 

Өкінішке орай, грек қоғамының  даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек «пайдейясының» идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-берекет саяси  уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім берудің және тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы  мұндай өзгерістерге қиындық пен  тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық  сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа  шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі  табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге  монотеимзді, натурализмге — руханилықты, геодонизмге (сүйсініп — рақаттану  табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені  бақылау және логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің  белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін — кітаби білімді қарама-қарсы  қойды. Өзінің жан дүниесіне терең  үңілген ортағасырлық адам өз тұлғасының қайталанбайтындығын, ерекшелігін, тұңғиық екендігін байқады. Ал бұл жағдай политеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңістік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші кезекте табиғаттан алды. Ол құпиялы аспан мен жұлдыздар әлемі, таулар мен өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөлшегі ғана. Ортағасырларда мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқалды. Рационалдық ізденісті адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын мәдениеттің көне түсінігі тұйыққа тірелді. Адамның заттық-аспандық дүниеден, оның тіршілік отанына басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше ләззат алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы «ақыл-ой» мен ең жоғарғы әділеттіліктік әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін «жетілдіру», оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда «табиғи» бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды «жетілдіру» тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рационалдылық қана емес екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер — махаббат, үміт, сенім және тағы басқалары жаңа сатыға көтерілді. Адам өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес, Құдайды тануда. Адамның бақыты мен бостандығы оның тәуелсіздігінде емес, оның Құдайтағаланың ықпалында болуы мен онымен рухани бірлікте екендігін мойындауында. Міне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Міне, осындай сипаттарға ие болған ортағасырлық мәдениетті тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуымен сипатталады. 

 

Жаңа заманда (XVII—XIX ғ.) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман  философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оған шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі —  буржуазиялық қайта құруларға, терең  саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең  болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл  ғалымдары болды. Олар (Англияда —  Толанд, Францияда Вольтер мен  Монтескье, Германияда — Лессинг, Гете, Шиллер және тағы басқалары) дүние мен  адамзат жөніндегі ақиқатты айту құқығын діннен тартып алып, адамзаттың ақыл-ойының тәуелсіздігін батыл  қорғайды. Адам өзінің табиғи жаратылысынан-ақ мүмкіндіктері мол, ақылды жан және соны тиімді пайдаланудың нәтижесінде  адам игілігіне сай қоғам құруға қабілетті. Ал бұл ізгі мұраттың жүзеге аспауына адамның өзі кінәлі, дәлірек  айтқанда, оның білімсіздігі мен мәдениетсіздігі, адамзатты ғасырлар бойы қараңғылық түнегінде ұстауы және тағы басқалары  мәдениет пен өркениеттің даму барысында басты кедергілер болды. Осы орайда Ағартушылық дөуірі ойшылдарының антиклерикалдық (дінге қарсы) көңіл-күйін аңғару онша қиынға соқпайды. Осындай көңіл-күй табиғат пен адамның осы бір жарық дүниедегі алатын орны туралы мәселені қайта қоюына мүмкіндік берді. Сондықтан да болар, Ағартушылық дәуірінің философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға мүмкіндік беретін категорияларға сүйенді (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой). Сонымен қатар бұл категориялар жалпы философиялық сипатқа ие болды. Олар XVIII ғасырдың ағартушыларына тарихи прогресс идеяларын дамытуға және тарихи дамудың мақсаты, қозғаушы күштері және мағынасы жөніндегі сұрақтарды белгілеуге мүмкіндік берді. Әрине бұл сұрақтарға жауап қалыптасқан жалпы философиялық негіздер тұрғысынан берілді. Мысалы: «Мәдениеттің классикалық үлгісі» ұғымы мәдениетті — адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастарының қол жеткен дәрежесі деп қарастырады. Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, Ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия және тағы басқалары) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды. Бұл игі мақсатты жүзеге асыруда олардың алдында орасан зор көне және тың материалдар көптеп кездесті. Ортағасырлар мен қайта өрлеу дәуірінен бастап зерттеле бастаған көне заманның тарихи, философиялық, ғылыми және көркем әдебиетінен басқа, олардың назарынан археологиялық ескерткіштер, халық мәдениетінің шығармалары, саясатшылардың дүние жүзінің әр елдері жөніндегі суреттемелері, түрлі тілдер жайындағы мәліметтері тыс қалған жоқ. Осыншама бай фактілерді есепке ала отырып, Ағартушылық дөуірінде адамзат мәдениетін тұтастай қабылдауға талпыныс жасалынды. Мәдениеттің мән-мағынасы табиғаттағы дүниежүзілік күштердің (құдайтағаланың құдіретін де ескергенде) батыл іс-әрекетінің нәтижесімен байланыстырылып, мәдениет — адамзат баласының қызметінің жемісі деп есептелді. Бірақ сол кезеңнің өзінде-ақ «табиғат» пен «мәдениеттің» гармониялық бірлігіне шүбө келтіру, оларды бірбіріне қарсы қою сарыны байқала бастады). (Әсіресе, Жан Жак Руссоның еңбектерінде). Руссо сол кездің өзінде-ақ ғылым мен өнердің адамдар табиғатын өзгерте алатынына күмән келтірді. Оның бұл көрегендігін бүгінгі күнгі адамзат баласының тағдыры, яғни «прогрестің» кейбір қайғылы іздері, салдарлары айқын көрсетіп отырған сияқты. Руссо ғылым мен өнердің жандануы қоғамдық прогреске нұқсан келтіргендігін дәлелдеуге ты-рысты. Оның ойынша, ғылым мен өнердің дамуына байланысты адамдардың «табиғи» жағдайы бұзылады, адамгершілік кері кетеді, қоғамдық теңсіздік орын альш, адамның бостандық сезімі аяққа басылады. Ол былай деп көрсетті: «Адам еркін болып туады, бірақ ол өз тіршілігін әрқашанда күреспен өткізеді» (Драч Г.В. Учебный курс по культурологии. — Ростов-н/Д., 1996. — С. 16). Күн тәртібінде қойылған бұл күрделі сұрақтар, келелі мәселелер төңірегінде айтылған бұл ойлар мен пікірлерге қарап Руссо өркениеттің рахатынан мүлде бас тартып, өткенге яғни «тағылыққа» қайта шақырған екен деген түсінік туып қалмауы керек. Ол адамзат болмысының қарама-қайшылықтары адамның алғашқы қауымдық құрылыстан бастап өркениетке деген құлшыныс жолындағы тарихи қозғалысының қарама-қайшылықтарынан келіп туындайтынын көрсете білді. Қалай болғанда да Руссо жаңа ғана туындап келе жатқан «буржуазиялық мәдениетті сынай отырып, «табиғи адам» ретінде көне заманның «тағы» адамдарын ерекше бағалаған. Бұзылған және моральдық жағынан азғынданған «өркениетті» ұлттарға Руссо патриархалдық даму сатысында өмір сүрген адамзат қоғамдарының «тазалығы» мен адамгершілік қасиеттерін қарама-қарсы қойды. 

 

Адамзатты қоғамдық-тарихи тұрғыдан нақтылы қарастырғандардың  бірі — Джанбаттиста Вико. Ол адамзат  тарихының үйлесімділік мәселелеріне, оның заңдары мен ережелеріне  баса назар аудару негізінде «адамзат баласының үздіксіз даму» идеясын  алғаш рет ұсынған болатын, бұл  идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында үш дәуірді басынан кешіреді —  «құдайлар ғасыры», «батырлар ғасыры»  және «адамдар ғасыры».  

 

Ұлы неміс философы Кант (1724—1804) «ақыл-ойға» табынған. Француз  ағартушылары дүниенің негізі «ақиқат», «қайырымдылық», «сұлулық» деп есептейтін идеяны қолдай отырып, мәдениет ұғымын моральдық тұрғыдан басқаша қарастыруға  әрекет жасады. Осы орайда Канттың  «мен үшін екі құпия нәрсе бар, олар: жұлдызды аспан мен адамның  ішкі рухани дүниесі» деген қағидасы кеңінен таралғандығын атап өткен  жөн. Болмыстың адамгершілік (моральдық) жағына ерекше мән бере отырып, ол мәдениетті адамды айуандардан айыруға мүмкіндік  беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарастырып, адам бойындағы  қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді  басты орынға қойды. Кант бұл жағдайды «келісімді императив» деп атады. Кант этикасының негізгі заңы бойынша  — адамға тек «құрал» деп қарау  күнә болып саналады. Дәл осыған ұқсас идеяларды Спиноза, Фейербах, Маркс, Фрейд сияқты ұлы философтар да айтқан болатын. Демек, Канттың ұғымынша, «мәдениет — табиғаттан бостандық  патшалығына» барар жол, ендеше Кант ілімінің маңыздылығы — оның мәдениетті гуманистік тұрғыдан қарастыруында.  

 

XIX ғасырда мәдениет мәселелерімен  тығыз айналысқан ғалымдардың  бірі — ағылшын ойшылы Эдуард  Бернетт Тайлор (1832—1917) болды. Ол  «мәдениет жөніндегі ғылым —  реформалар жөніндегі ғылым»  деп тұжырымдай отырып, мәдениетті  үздіксіз даму үстіндегі процесс  деп қарастырды. Тайлор мәдениетке  мынандай жалпылама анықтама  береді. «Мәдениет пен өркениет  кең, әрі этнографиялық мағынада  — білімнен, наным-сенімдерден, өнерден,  адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден  және қоғамның мүшесі ретінде  адамның игерген дағдылары мен  түрлі қабілеттерінен құралады».  Нақты идеалды тұрғыдан қарастырсақ,  мәдениет — жеке адам мен  бүкіл қоғамды, адамның бақыты  мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру болып табылады. Демек, Тайлор мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі ретінде, дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады. Тайлордың ілімінде барлық заттар мен идеялар «бір-бірінен туындап» жатады. Мұндай көзқарасты эволюциялық деп атау дәстүрге айналған. Оның ойынша, барлық ұлы адамдар өзінен бұрынғы әріптестерінің шығармашылық дәстүрін жетілдіріп, не соған сүйеніп отырады. Тайлордың басты жаңалықтарының бірі — мәдениет атауларының бастамасы, тіпті негізі болып табылатын «діннің шығуының анимистік теориясын» өмірге келтіруі. Бұл теория бастапқы қандай дін болса да (Тайлор оны «кішкентай дін» деп атаған) «тағы (дикарь) философтың» жанның қабілетіне, рухтың адам денесінен бөлініп шығатынына деген сенімнен шықты деген тұжырымға негізделген. Біздің көне замандағы ата-бабаларымыз үшін жұмбақ болган түс көру, галлюцинация, летаргиялық ұйқы, өліп-тірілу және тағы басқалары түсініксіз табиғат құбылыстары «кішкентай діннің» қалыптасуына әсерін тигізді.

Информация о работе Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы