Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 10:53, реферат
Жылқының қиы табылмас тыңайтқыш
органикалық тыңайтқыштар – жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар. Органикалық тыңайтқыштар бұдан 3 мың жылдай бұрын Қытай мен Жапонияда қолданыла бастаған. Бұрынғы КСРО аумағында 14 – 15 ғасырлардан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыратын құрал ретінде кеңінен таралған. Органикалық тыңайтқыштарға көң, қи, құс саңғырығы, садыра, жасыл тыңайтқыштар, сабан, т.б. өсімдік қалдықтары, залалсыздандырылған тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, ақаба сулардың тұнбалары, т.б. жатады
Кіріспе
Негізгі бөлім
Органикалық тыңайтқыштар
Органикалық тыңайтқыштардың түрлері
Тыңайтқыш- мол өнім көзі.
Қоңырбас тұқымдастармағы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиет тізімі
Сұлы туысы 33-тей түрі бар, олар негізінен Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде кең таралған өсімдіктер. БОР-дың территориясында 7 түрі кездеседі. Оның шашыраңқы болып келетін гүлшоғыры сыпырғы деп аталынады. Сыпырғының бұтакқшаларында масақшалар орналасады, олардың әр қайсыларында 2-4 гүл бар. Олпр өздігінен тозаңданады. Кейбір арамшп ретінде өсетін түрлері, мысалы қарасұлы дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған өсімдік. Сұлы суфққа төзімді дақыл. Мәдени жағдайда егістік сұлысын БОР-дың орталық және солтүстік аудандарында себеді.
Қоңырбас туысы. Туыстың қоңыржай салқын климатты зоналарында өсетін 200-дей түрі бар. БОР-дың территориясында 110 түрі бар, ал Қазақстанда 38 түрі кездеседі. Олардың кейбіреулері космополиттер. Мал азығы ретнде құнды өсімдіктер. Сондықтанда олардың кейбір ерекше құндылықтарын мәдени жағдайда себеді. Мысалы жуашақ қоңырбасын шалғын қоңырбасын көп жерде отырғызады. Жабайы түрлерінен аса құндылығының бәрі болып бір жылдық қоңырбас табылады.
Арпабас туысы. Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында кең тараған өсімдіктер. Олар оңтүстік Америкада және тропикалық елдердің орманды аудандарында да өседі. Гүл шоғыры агрегатты сыпырғы түзеді, олардың масақшалары бір шама ірі болып келеді. Мал азығы ретінде аса құнды өсімдіктер. Кейбір түрлері мәдени жағдайда аралас шөптер өсіруге пайдаланады. Қылтанақсыз арпабас көпжылдық көген тамырлы өсімдік ылғалдың аздығына және температураның төмендігіне төзімді өсімдік. Тарақбоз, арпаған ылғалы жеткіліксіз аудандарда өсетін өсімдік әсіресе БОР-дың европалық бөлігінде Кавказдың, Орта Азияның егістіктерінде кең таралған өсімдіктер. Қарабидай арпабасы егістіктің күздік және жаздың арамшөбі, әсіресе қарабидаймен сұлы егілген жерге ол көптеп кездеседі.
Басқа туыстарынан мына түрлер көңіл аударарлық: су бетегесі шалғынның өсімдіктер қауымының негізгі компоненті, мал азығы ретінде өте құнды өсімдік, шашыраңқы аққылтан тығыз түптенетін, көп жерлердің өсімдіктер қакуымында басым болып келетін көпжылдық өсімдік, әсіресе Карпат тауының субальпі белдеуіндегі шалғындарда ол айқын басымдылық көрсетеді. Кавказда бұл өсімдік қышқыл, нашар жетілген топырақтарда малдың шамадан тыс артық жайылғандығын көрсетеді, Қыздырма үйбидйық жаздық бидайдың бір жылдық арамшөбі, БОР-дың орманды және жартылай орманды аудандарында өседі,космополит, саңырауқұлақпен зақымданған дәндерінде темулин деген алколоид пайда болады. Ол бас ауруын және летаргия (ұйқыға ұқсас қалге ұшыратады) ауруын туғызады. Шалғын атқонағы-тамырсабағы қысқа болып келетін көпжылдық шөптесін өсімдік. Гүл шоғыры сұлтан деп аталынады, әдет жайылма шалғындарында және ылғалы орташа болып келетін шалғындарда өседі. Мал азығы ретінде ең құнды өсімдіктердің бірі, көп жағдайда оны бөдене араластырып себеді.
Қоңырбастар
тұқымдасын қияқ
Пайдаланылған әдебиеттер