Лазерлік сәулелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 10:53, реферат

Краткое описание

Жылқының қиы табылмас тыңайтқыш
органикалық тыңайтқыштар – жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар. Органикалық тыңайтқыштар бұдан 3 мың жылдай бұрын Қытай мен Жапонияда қолданыла бастаған. Бұрынғы КСРО аумағында 14 – 15 ғасырлардан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыратын құрал ретінде кеңінен таралған. Органикалық тыңайтқыштарға көң, қи, құс саңғырығы, садыра, жасыл тыңайтқыштар, сабан, т.б. өсімдік қалдықтары, залалсыздандырылған тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, ақаба сулардың тұнбалары, т.б. жатады

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Органикалық тыңайтқыштар
Органикалық тыңайтқыштардың түрлері
Тыңайтқыш- мол өнім көзі.
Қоңырбас тұқымдастармағы
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиет тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

органикалы5 ты4айт7ыш.doc

— 165.00 Кб (Скачать документ)

 

                        Жоспары

Кіріспе

     Негізгі бөлім

  • Органикалық тыңайтқыштар
  • Органикалық тыңайтқыштардың түрлері
  • Тыңайтқыш- мол өнім көзі.
    1. Қоңырбас тұқымдастармағы
    2. Қорытынды.
    3. Пайдаланылған әдебиет тізімі

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Кіріспе

    Жылқының қиы табылмас тыңайтқыш

    органикалық тыңайтқыштар – жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының органикалық қосылыстары түрінде кездесетін қоректік заттар. Органикалық тыңайтқыштар бұдан 3 мың жылдай бұрын Қытай мен Жапонияда қолданыла бастаған. Бұрынғы КСРО аумағында 14 – 15 ғасырлардан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыратын құрал ретінде кеңінен таралған. Органикалық тыңайтқыштарға көң, қи, құс саңғырығы, садыра, жасыл тыңайтқыштар, сабан, т.б. өсімдік қалдықтары, залалсыздандырылған тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, ақаба сулардың тұнбалары, т.б. жатады. Өнеркәсіпте мочевина шығарылады. Органикалық тыңайтқыштар құрамында топырақтың ең маңызды агроникалық қасиеттеріне қажетті макро- және микроэлементтер бар. Топырақты қарашірікпен, қажетті химиялық элементтермен байытуға, оның ылғалдылығын молайтып, ауа мен су режимінің реттелуіне, физикалық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатып, сапасын арттырады. Құнарсыз топырақты құнарландыру үшін және суландыру жүргізілген жерлерді игеру үшін міндетті түрде органикалық тыңайтқыштар себіледі. Көбіне топырақты жыртқан кезде тұқымды себуге дейін енгізіледі. Қопсыту кезінде өте шіріген қарашірік, тауық қиын, т.б., ал үстеп қоректендіргенде көбіне садыра және тауық қиын қолданады. Картоп, жүгері, көкөніс және техникалық дақылдарды, күздік дақылдарды, т.б. отырғызғанда оның шұңқырына салу тиімді. Жылыжайларда егістік бетін жабындауда қолданады. Органикалық тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігі ылғалы жеткілікті аудандардағы шымды-күлгіндеу және орманның сұр топырақтарында жоғары, ал күлгінденген және сілтісіздендірілген қара топырақтарда төмендеу, құнарлы және қарапайым қаратопырақтарда төмен болады. Органикалық тыңайтқыштардың мөлшері дақылдың түріне және топырақ-климаттық жағдайға байланысты 15 – 60 т/га-ға тең. Минералды тыңайтқыштармен бірге қолданғанда оның мөлшері азаяды. Құрғақшылық аудандарда жырту қабатының барлық тереңдігіне енгізіледі, ал ауыртопырақты жерлерде оның тереңдігі 15 – 18 см-ден аспауы керек. [1]

    Азотты тыңайтқыштар — құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы — натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты — (NH4)2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4)NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады. Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2)2 + H2O. Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі. Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4)2HPO4]өндіріледі. Нитрофоска — құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4)2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы “Каскор” Акционерлік Қоғамында (аммиак селитрасы, натрофоска), Степногорск кен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі.

    1. Органикалық тыңайтқыштар дайындау

    1. Жалпы  ақпарат. Өсімдіктер өмір сүру үшін оларға ең алдымен коректену қажет. Олар өздерінің коректік заттарын топырақтан алады. Сөз жоқ, бақша топырағында коректік заттардың негізгі көзі болады. Бірақ оны үнемі толықтырып отыру қажет. Ол үшін ең алдымен топыраққа органикалық, содан кейін минералды тыңайтқыштарды себу қажет.

    Коректенудің  басты элементтеріне азот, фосфор және калий жатады. Ал өсімдіктерге аз мөлшерде  магний, натрий, марганец, кальций, темір, сонымен қатар бор, мыс, мырыш, молибден сияқты микроэлементтер қажет. Осылардың барлығы далалық, бақшалық және қыртысты жерлерде кездеседі, алайда олардың мөлшері органикалық материалдарда айтарлықтай көп.   Органикалық заттардың 30 – 40% көбі қосымша себілген тыңайтқыштарға жататын шымтезекте, қарашірікте, шіріген жапырақтарда кездеседі.

    2. Тыңайтқыш  түрлері. Технологияcы. Органикалық тыңайтқыштардың тобына -  - төмендегілер жатады:

    - өсімдік тектес;

    - құрғақ жануарлар тектес;

    - балық эмульсиясы негізінде;

    - жануарлардың көңі мен тезегі;

    - табиғи (синтетикалық емес) минералдар;

    - балдырлар негізінде; 

    - компосттар.

    Казіргі таңда  көптеген бақшашылар минералды тыңайтқыштардан  бас тартып немесе оларды қолдануды  азайтып, органикалық жер игеруге  көшуге тырысуда. Мұндағы басты мақсат – ақшаны үнемдеумен қатар, экологиялық таза өнім алу.

    Сондықтан біз  арзан, айтарлықтай қол жетімді, бірақ көп жағдайда қолданыла  бермейтін және ең бастысы дұрыс  дайындалған жағдайда компост пен  көңнен еш кем емес тыңайтқыштар туралы айтамыз.

    Сабан мен пішен. Бұл тыңайтқыштарға қалаған кезде қол жеткізу бақшашылар үшін соншалық қиын болмаса да, оның  құндылықтары туралы көп жағдайда ұмытып кетеді.  Сабан мен пішен әртүрлі пайдалы қасиеттерге ие, мысалы олардың бірі ретінде суды сіңіру мен ұстап тұру қасиетін айтсақ болады. Сабанның бір бөлігі судың үш бөлігін сіңіре алады. Микроағзалардың өсімдік қалдықтарын, әсіресе сабанды қайта өңдеуі кезінде өсімдіктерге ауруларға қарсы төзімділік қасиет беретін ерекше зат экотол өңделініп шығады. Сабанды топыраққа себуден бұрын оны дұрыс дайындау қажет.

    Түбі жоқ  ағаш жәшікке бір қап сабан  салып, оған8 литрнесеп ерітіндісін  құяды (50 -60 г. ерітінді 10 литрсуға). Осылайша үш қапты жинап салады. Басқа ерітінді үшін шамамен1 кг. шіріп тұрған көңді немесе компостты алады да10 литрсумен араластырып, дайын болған ерітіндіні сабан салынған жәшікке толғанша құяды.  Бұл субстратты микроағзалармен тезірек толтырып, оның қозғалу механизмін жылдамырақ жүзеге асыру үшін керек.

    Бұл операция әдетте қыркүйек айында жасалынады да, сабан осы түрінде қысқа қалады. Бір жылдан кейін сабан толығымен шіриді. Алынған субстрат арасында жартылай шіріген сабан қалдықтары бар, борпылдақ, қара-қоңыр түсті болады. Көктемде оны барлық өсімдіктерді отырғызу кезінде компост сияқты қолданады.

    Ағаш үгінділері. Көптеген бақшашылар ағаш үгінділеріне айтарлықтай мән бермейді, немесе оны дұрыс қолданбайды. Көп жағдайда бақшашының өсімдік түбіне жас ағаш үгіндісін көп мөлшерде сеуіп, одан мол өнім күтетінін байқауға болады. Нәтижесі – қураған, сарғайған өнім. Ағаш үгінділері шіру кезінде азотты көп мөлшерде сіңіреді. Негізінен, шіри бастаған ағаш үгіндісін пайдаланған дұрыс. Олардың  әр қапшығын азотты тыңайтқыш қоспасымен кезек-кезек араластыра отырып, бір үйме қылып жинайды. Қоспаны құстардың көңімен араластыруға да болады. Ағаш үгінділерін компостпен араластырудың қажеті жоқ, себебі олар 2-3 жылға дейін шірімей қоюы мүмкін. Қара шірікке айналған ағаш үгінділерін таңқурайдың, қарақаттың, қарлығанның түбіне (қалыңдығын5 см етіп) пайдаланады. Нәтижесінде олардың маңына утаспа мен қияқ сияқты арамшөптер өспейтін болады.

    Жапырақтар. Көптеген тәжірибелі бақшашылар жеміс ағаштары мен бұталарынан түскен жапырақтарды жинауға болмайтынын айтады. Бұл дұрыс. Бірақ қар астында қалған жеміс ағаштарының жапырақтарында зиянды жәндіктер қыстайды, сондықтан да жапырақтарды жинап алып, өртемей, керісінше шірінді түрінде басқа өсімдіктер үшін қолданған дұрыс.    

    Жиналған жапырақтарды бір  төбе қылып үйеді де, оның үстіне құстардың көңінен дайындалған  ерітіндінің (1:15) 30-40 литрін құяды. Тыңайтқышты күздің жаңбырлары шайып кетеді деп үрейленуге болмайды, себебі, біріншіден, жапырақтың бір бөлігі судың бес бөлігін ұстай алады, ал екіншіден оның көлемі көп болғандықтан су күз соңынан бастап  қыстың басына дейін барлық үйіндіні жерге дейін шайып кетуі мүмкін емес. Ал көктемгі су тасқыны тек тыңайтқышты жапырақтар үймесіне теңдей бөледі.

    Егер тыңайтқышты көктемнен  бастап жасаса, күзге дейін жапырақтар толығымен шіриді, сондықтан олардың  құрамында қыстап қалған зиянды жәндіктер  қалып қояды деген қауіп болмайды.

    3. Сату. Сіз жеміс-жидек, көкөніс және басқа да өсімдіктер өсіретін адамдарға органикалық тыңайтқыш сататыныңыз туралы ақпарат бере аласыз.

    4. Болжамды есептеулер. Сізде бақша құрал-жабдықтары (күрек, тырма және т.б.) мен тыңайтқыш сақтайтын орын (қора) болса, онда қаржылық шығыстар болмайды. Дайын тыңайтқыштың бағасын сіз өзіңіз тұратын аймақтың ерекшелігіне байланысты белгілейді.

    Тыңайтқыш - мол өнім көзі

               Бүгінде ауыл шаруашылығы мамандарын қуаңшылықпен қатар, топырақтың құнарсызданып бара жат-қандығы да алаңдатып отыр. Жер ресурстарын басқару Агенттігінің «Агрохимия қызметі» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Ті-лекқабыл Нұрғалиұлы бұл мәселеге ден қойып, жердің тозып кету қаупін бәсеңдететін уақыт келді деп есептейді.

            Ауыл шаруашылығы саласында бүгінгі күні 2011 жылға дейінгі ылғал және ресурс үнемдеу технологияларын қолдану жобасы бар. Яғни, топырақтың табиғи қалпын сақтап, ауылшаруашылығы өнімдерінің шығымын арт-тыру мәселесіне көңіл бөліне бастады. Бүгінгі таңда болып жатқан ғаламдық құбылыстар, табиғи ресурстардың шек-теулігі, әлемде адам санының өсуі, сондай-ақ, климаттың өзгеруі, мұның барлығы адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету барысында алдағы жылдары біраз қиындықтар орын алады деген бол-жамға саяды. Мұндай жағдайда ғылыми тілмен айтқанда, ауыл шаруашылығында ылғал және ресурс үнемдеу технологияларын пайдаланудың маңыздылығы артады. Мысалы, топырақ өңдеудің минимальды технологиясын пайдалану егістік алқапта жанармай шығынын гектарына 30 литрге дейін азайтып, еңбек шығындарын 6 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, ыл-ғалды жинау, сақтау және тиімді пайдалану. Топырақтың құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру. Топырақты су және жел эрозиясынан қорғап, тиімділігі жоғары гербицидтерді пайдалану есебі-нен егіс алқаптарының ластануын төмендетті. Ауылшаруашылығы министрлігі енгізіп отырған ұсыныстардың бірі – ыл-ғал және ресурс үнемдеу технологияларын енгізу. Бұл – топырақтың құнарын қалпына келтіру және топырақтың тозуымен күреске бағытталған мақсаттағы жұмыстар қатарына кіреді. Әсіресе, минералды және органикалық тыңайтқыштар енгізудің ғылыми негізделген әдістерін қолдану тозған жерлерге көпжылдық дәнді дақылдар себуде өте пайдалы. Алайда, бүгінгі күні минералды тыңайтқыштар енгізу 13 пайызды ғана құрап отыр. Онда да тыңайтқыштар еш жүйесіз пайдаланылады. Топырақтың құнарлылық деңгейі ескерілмейді. Агенттік тарапынан минералды тыңайтқыш топырақ картограммасына сәйкес енгізілген жағдайда сатып алынған тыңайт-қыштарға арнайы субсидия бөлінеді. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар зерттеулер жүргізген ғалымдардың айтуынша, 2011 жылға қарай елде ресурс өңдеу технологиясын 12 млн. гектардан астам жерге пайдалану ісі қолға алынады. Бұл барлық егістік жердің жартысы деуге болады. Осылайша, астықтың жылдық түсімі 25 млн. тоннаға дейін артады. Әлемде астықты эксторттаудан бесінші орынға көтерілген Қазақстанның сыртқа шығаратын тауар көлемі біршама өсуі мүмкін.

            Жер ресурстарын бас-қару Агенттігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми - әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл Ермекбаев:

    - Ауылшаруашылығы  өнімдерінің сапасын жоғары деңгейге  жеткізу үшін жерді пайдаланудың  теориялық мәселелерін де жақсы  білуіміз керек. Ыл-ғалдың аздығы, қуаңшылық, агро техникаларды дұрыс пайдаланбау, тыңайтқыштардың аздығы мұның барлығы - астық тапшылығына алып келеді, - дейді.

            Бұл да мемлекеттік деңгейдегі мәселе, ауылшаруашылығы дәнді дақылдарын әртүрлі аурулардан құтқару және минералды тыңайтқыштарды көбірек пайдалану арқылы астық көлемін ұлғайтуға болады. Республикалық ғылыми - әдістемелік орталықтың мамандары Ақтөбе облысының егістік алқабына агрохимиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіген болатын. Мысалы, Әйтеке би ауданында 198,25 мың гектар, Қарғалы ауданында 116,44, Хромтау ауданында 119,02 мың гектар жер мамандардың бақылауына алынды. Осы зерттеулердің нәтижесіне үңілгенімізде облыс аумағындағы егістік алқаптың 87,9 пайызында қара-шірік көлемі өте төменгі деңгейде екендігі анықталды. 776,44 мың гектар жерде топырақтың құрамында қоректік заттар мөлшері азайып кеткендігі байқалған. Осы егістік алқаптардың 23,9 пайызы жылжымалы фосформен аз қамтылған. Бұл мысалдарды алға тарта отырып, қажетті минералды тыңайтқыштарды пайдалану жағдайлары ескерусіз қалғанын атап айтуға болады. Сондықтан, егістік алқаптардағы топырақ құрамын зерттеуші кәсіби мамандар тұқым себер алдында жерге агрохимиялық картограмма жасалу керек деп отыр. Өйткені, кей жағдайда бидайдың бітік шықпауына топырақ құрамында фосфор, азот, өзге де минералды тыңайт-қыштардың аздығы себеп болады.

           Соңғы кездері ауылда шаруа қожалықтары өз беттерінше жұмыс жүргізеді. Бұрынғыдай жоғары білімді агроном мамандар жоқтың қасы. Жердің құнарлығын арттырып, оны тозып кетуден қорғау және ауыл шаруашылығында астық шығымын жақсарту үшін мамандар топырақты баппен қопсытып, жерге жанашырлықпен қарауды ұсынады. Жылжымалы фосфор, алмаспалы калий, органикалық қарашірік мұның барлығы топырақ құрамына ауадай қажет қоректік заттар. Бір ғана фосфор тыңайтқышы егіс-тіктегі ылғалды жақсы сақтайды екен.

            Ақтөбедегі ауылшаруашылық тәжірибе станциясында бұл әбден дәлелденген. Ал, биылғыдай қуаңшылық уақытында фосфорлы топырақта өскен астық күйіп кетпей, ол жерден жақсы өнім алуға болады. Мамандар ылғалды жинау, сақтау және тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру мұндай шараларды біздің жерімізде де жүзеге асыруға әбден болатынын айтып мәлімдеуде. «Заречное тәжірибе өндірістік шаруашылығы» ЖШС өз тәжірибесінде осындай жаңа технология-лармен жұмыс жүргізіп көрген. Аталмыш шаруашылықта минимальды технологияны қолданғанда жаздық бидайдың түсімділігі 1,5 есеге өссе, қара бидай түсімі екі есеге дейін артқан. Бір мезгіл-де егістік алқаптың әр гектарынан жоғары өнім алынған. Сондай-ақ, егіс алқаптарының ластануы 3 есеге кеміп кеткен. Яғни, бұл жүйе топырақты құнарландыру алдағы уақытта тұрақты түрде тәжірибеде пайдаланылуы тиіс. Себебі, мұндай жүйе құрғақшылық жылдардың өзінде мол өнім алуға мүмкіндік беретіні даусыз.

             Қызыл қоңыр топырақты болып келетін жылдық орташа жауын-шашын көлемі 250-300 мм аспайтын Ақтөбе өңірі үшін жаңа техногоияларды қолдану деңгейі 25 пайыздан 50 пайызға дейін артуы мүмкін. Мысалы, ауыл шаруашылығында кәдімгі тыңайтқыш ретінде пайдаланылып келген 1 тонна көңнің құрамында 5-6 кг азот, 1-1,4 кг фосфор, 12-18 кг калий, 2,3 кг кальций және өзге де минералды заттар бар. Отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында Ақтөбе облысына 321 тонна аммиак селитрасын, 90 тонна аммофос және 36 тонна қарапайым суперфосфат алуға арнайы квота бөлініпті. Алайда, мамандар топырақты ылғалдандыратын, қоректендіретін тыңайт-қыштар сатып алынғанымен, оның аздық етіп отырғандығын да алға тартып отыр. Сұранысты толық қаматамасыз ету үшін әлі де қосымша 10040,0 тонна азот, 18627 тонна фосфор қажет.  

     

    Қоңырбастар тұқымдастармағы

    Масақшаның 2 масақтық қабықшасы болатын көпгүлді немесе біргүлді өсімдіктер. Бұл тұқымдастармағына  Экономикалық жағынан маңызы аса  зор тамаққа пайдаланылатын жарма  алынатын және нан пісіруге қажетті  ұн алынатын, сонымен бірге малға азық болатын өсімдіктер жатады.

    Бидай туысы (пшеница) -19 түрі бар, олардың тек 4-уі ғана табиғи жағдайда белгілі, қалғандары м2дени жа5дайда –сет3н немесе жабайы жа5дай5а fesc0fy –с3мд3ктер болып келед37 БОР-ды4 территориясында 13 т8р3 бар6 нег3з3нен Грузияда ( түрлерінің ең көп кездесетін орталығы, бидайдың шыққан жері болуы да мүмкін) Өмірлік формасы-біржылдық және екіжылдық шөптесін өсімдіктер. Масағы жалғыздан, оның 3-тен 7-ге дейін гүлі болады. Дәнднрі әдетте 2-3 төменгі гнлдерінен пайда болады. Гүлшоғыры күрделі масақ. Дүниежүзінің ауылшаруашылық өндірісінде негізгі нан өнімдерін беретін дақыл. 4 мыңнан астам сорттары белгілі.

    ҚАТТЫ БИДАЙ(твердая пшеница)-мәдени жағдайда аса кең таралған түрлерінің бірі, әсіресе БОР-дың оңтүстік аудандарында, (Еділ бойында, Кавказда,Батыс Сібірде), көптеп себіледі. Олардан ұнтақ жарма, ұн, макарон алуға қажетті сапасы өте жоғары дән алынады. Жұмсақ бидай  егістік көлемі жағынан бірінші орынды алады. Ол шөлейт аймақта және жартылай орманды жерлерде ебіледі, сонымен бірге солтүстік жаққа да біршама жылжыған. Екі дәнді бидай жаздық сорттар, сондықтанда оларды аз мөлшерде себеді. Қара бидай туысы оның қоңыржай климатты облыстарда , әсіресе солтүстік ендіктің таулы аудандарында кең таралған 8 түрі бар. БОР-дың флорасында 5 түрі кездеседі, олар негізінен Кавказда шоғырланған. Жабайы қарабидайдың ареалы кең (ТМД-елдерінің европалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында, Кавказда, Батыс Сібірде,Орта Азияда), ол көп жылддық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, масағы екі гүлді гүлдің төменгң қабықшасының қылтығы болады, дәннің сыртын түктері айқын қаптап тұрады. Мәдени қарабидай –бір және екіжылдықдақыл ретінде БОР-дың европалық бөлігінде, Сібірде себеді: оңтүстік аудандарда ол көп жағдайда арамшөп ретінде кездеседі, Күрделі масағының әрбір масақшасында 2 жақсы жетілген, және 1 толық жетілмеген гүлі болады. Қарабидай  желмен тозаңданатын өсімдік. Қарабидайдың дәнінен алынған ұнның түсі қоңыр болады. Одан қарабидай нанын пісіреді.

    Арпа  туысы(ячмень). Туыстың құрамында 26 түр бар, оның 12-сі Қазақстанда кездеседі. БОР-дың территориясында , соның ішінде Қазақстанда екі түрі көптеп себіледі:  қосқатар арпа (ячмень двурядный ) және кәдімгі арпа (ячмень обыкновенный)

             Арпаның гүл шоғыры күрделі масақ. Масақтың өсінің әрбір кертпегінде 3 біргулді масақша орналасады. Арпа гүлденген кезде өздігінен тозаңданады, бірақ әрі құрғақ жазда айқас тозаңдануыда мүмкін. Қосқатарарпаның үш масақшасында тұратын тобының , тек ортаңғысында ғана қос жынысты гүл және дән пайда болады, ал кәдімгі арпаның бар үш масақшасының гүлдері түгелдей гүлдеп дән бойлайды. Арпа ерте пісетін дәнді  дақыл.Оның дәндерінен арпа жармасын дайындайды және сыра ашытады. Сонымен бірге арпа мал азығы ретінде де пайдылы дақыл, оның дәнімен жылқыны, ірі қарамалды, шошқаны және құстарды семіртеді.

    Информация о работе Лазерлік сәулелер