ҚР лизингтің сыртқы жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 13:21, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
Бөлім 1. Лизинг туралы жалпы түсінік.
1.1.Лизингтің шығу тегі, пайда болуы.................................................5
1.2.Лизингтің негізгі түрлері.................................................................6
Бөлім 2. ҚР лизинг бизнесі.
2.1.Лизингтік операциялар есебі.........................................................12
2.2.Лизингтік келісімшарт....................................................................25

Бөлім 3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы
3.1.ҚР лизингтің даму жолдары. .........................................................27
3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері............................28
3.3.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері...........................36
Қорытынды............................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизингктік операциялар есебі.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

 Әсіресе, шағын кәсіпорындар біліктілердің жеткіліксіздіктерінен жобаның инвестициялық мүмкіндіктерін тиімді бағалай алмайды, бұл жағдай олар үшін жоғары тәуекелділікті тудырады. Сондықтан да біз лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау процестеріне неғұрлым белсенді түрде қатысу қажет деп ойлаймыз. Яғни, олар шағын кәсіпорындарының тәуекелділіктерінің біраз бөлігін өздеріне алуы немесемүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қажет. Бұл жерде біздің көзқарасымыз бойынша, тәуекелділікті құрылғыны жеткізушіге берген неғұрлым тиімді, себебі ол өз құрылғыларының нарығымен неғұрлым толық таныс және сонымен қатар, «тәуекелділікті,оны неғұрлым тиімді басқаратын тұлғаларға беру керек» деген қағиданы ескерсек, онда жеткізушілер тәуекелділікті басқаруды лизингтік келісімге қатысушы басқа тұлғаларға қарағанда неғұрлым тиімді атқара алады. Ал, осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялардың өзіне алуы шағын кәсіпорындар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарылату арқылы орны жабылады.

 Бұл схема белгілі бір түрдегі шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың базалық моделі болып табылады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген схемаға оған әсер ететін әртүрлі себептерге, факторларға байланысты өзгерістер енгізуге болады. Мысалы, құрылғылар мен жеткізушілерді таңдау кезеңінде келісімді қаржыландыруға қатысатын банктер немесе тәуекелділіктердің белгілі бір бөліктерін өздеріне алатын сақтандыру компаниялары сияқты басқа қатысушылар да тартылуы мүмкін. Сонымен,лизингтің көмегімен жасалатын қаржыландыру схемасы нақты жағдайларға және келісімге қатысушы тұлғаларға тікелей байланыста болады.

 Лизингке алушылардың келесі бір типі орта және ірі кәсіпорындар болып табылады. Осы екі топты бір сегментке біріктіру себебіміз, олардың лизингтік қызметтерге деген сұраныстарының ұқсастықтары әсер етті. Айырмашылықтары тек қана қаржыландыру мөлшерінде болуы мүмкін. Нарықтың осы секторында жұмыс істеу лизингтік компаниялардан өте көп мөлшердегі қаржылық ресурстарды және арнайы қаржылық схемаларды құруға қабілеттіліктері бар біліктіліктері жоғары мамандарды талап етеді. Осысегменттерге лизингтік қатынастарды орнатудың неғұрлым перспективті механизмдерінің бірі біздің ойымызша, лизингтік холдингті дамыту болып табылады.

 Сонымен, лизингтік қызметтер нарығын жоғарыда көрсеткендей белгілі бір белгілері бойынша сегменттерге бөліп қарастыру лизингтік қатынастар механизмін жетілдіруге мүмкіндіктер береді. Осы лизингтіе келісімдерді қандай сегментте болсын, жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тәуекелділіктерді ескеру қажет деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. "Бухгалтерлік есеп  туралы және қаржылық есеп  беру туралы". Қазақстан Республикасының Заңы. (26.06.2002 ж.).

2. "Бухгалтерлік есеп  туралы" Қазақстан Республикасы  Президентінің заң күші бар  Жарлығы. 26 желтоқсан 1995 жыл, № 2732.

3. "Бухгалтерлік есептің  стандарттары және әдістемелік  үсынымдары". 19996 ж.

4. "Салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексі, 12 маусым 2001 ж. №209-11.

5. "Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік ессп бас шоттар жоспарын пайдалану бойынша нүсқау". Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі комиссиясымсн 18 қараша 1996 ж. № 6 қаулымен бекітілген.

6. "Методические рекомендации  о порядке выдачи доверенности на получение ТМЗ и отпуска их по доверенности" Бухгалтерлік есеп жөніндегі комиссиясымен 18 қараша 1998 ж. № 46 бүйрығымен бекітілген.

7. Абдиманапов А.Н. "Учетная  политика предприятия (рекомендацтия)". Бухгалтерлік есеп және аудит.  № 2, 1998.

8. "Аудит предприятия". Москва, 1995. Издательство "Дело".

9. Міржақыпова. Банктегі  бухгалтерлік есеп Алматы. 2003 ж.

10 Безруких "Бухгалтерский  учет". М., "Бухгалтерский учет", 1999.




Информация о работе ҚР лизингтің сыртқы жағдайы