ҚР лизингтің сыртқы жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 13:21, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3
Бөлім 1. Лизинг туралы жалпы түсінік.
1.1.Лизингтің шығу тегі, пайда болуы.................................................5
1.2.Лизингтің негізгі түрлері.................................................................6
Бөлім 2. ҚР лизинг бизнесі.
2.1.Лизингтік операциялар есебі.........................................................12
2.2.Лизингтік келісімшарт....................................................................25

Бөлім 3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы
3.1.ҚР лизингтің даму жолдары. .........................................................27
3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері............................28
3.3.Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері...........................36
Қорытынды............................................................................................39
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................42

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизингктік операциялар есебі.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

     Дт 5784 «Қаржы  лизингі бойынша алынған негізгі  құрал – жабдықтар бойынша  амортизациялық аударымдар»

     Кт 1695 «Қаржы  лизингі бойынша алынған негізгі  құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация».

     Лизинг  алушы сыйақы бойынша төлемді,  сондай – ақ қаржылық лизинг  бойынша негізгі борыш сомасы  кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік  жазба жасалады:

     а) Есептелген  сыйақының сомасына:

     Дт 2705 «Басқа  банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар»

     Кт 2741 «Алынған  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша мерзімі өткен сыйақылар».

     ә) Негізгі  борыш сомасына:

     Дт 2057 «Басқа  банктерден алынған қаржы лизингі»

           2227 «Алынған қаржы лизингі»

     Кт 2058 «Басқа  банктерден алынған қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  мерзімі өткен берешек» 

           2225 «Банктің клиенттермен жасалған  өзге операциялары бойынша мерзімі  өткен берешегі».

     Есептелген  сыйақы мен негізгі борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бұл кезде:

     а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

     Дт 5900 «Тұрақсыздық  айыбы (айыппұл, өсімпұл)»

     Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».

     ә) Мерзімі  ұзартылған сыйақы сомасына:

     Дт 2741 «Алынған  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

     Кт 1050 «Банктердің  корреспонденттік есепшоттары».

     б) Негізгі  борыш сомасына:

     Дт 2058 «Басқа  банктерден алынған қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  мерзімі өткен берешек»

     Кт 1050 «Банктердің  корреспонденттік есепшоттары».

     Лизинг  келісімінің әрекет ету мерзімі  аяқталған соң лизинг заты  лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады, егер лизинг толық амортизацияланбаса, онда лизинг аушы аталған лизинг затын қабылдап - өткізу акті бойынша реттейді, ал егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда қалдық құн сомасына келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

  • Есепелген амортизация сомасына:

     Дт 1695 «Қаржы  лизингі бойынша алынған негізгі  құрал – жабдықтар бойынша  есептелген амортизация»

     Кт 1655 «Қаржы  лизингіне қабылданған негізгі  құрал – жабдықтар»

  • Қалдық құнына:

     Дт 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

           2227 «Алынған қаржы лизингі»

     Кт 1655 «Қаржы  лизингіне қабылданған негізгі  құрал – жабдықтар».

     Егер лизинг  келісімінің шарты бойынша лизинг  заты қайтарылмаса және аталған  лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда лизинг алушының лизинг  берушіге қалдық құнды қалпына  келтіруі лизинг келісімшартымен  реттеледі. Бұл кезде лизинг  алушыға лизинг затының құнын негізгі құралдар құрамына есептеуде мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:

  • Қалдық құн сомасына:

     Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

           1653 «Компьютерлік қондырғылар»

           1654 «Басқа да негізгі құралдар»

           1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар»

           1658 «Көліктік құралдар»

     Кт 1655 «Қаржы  лизингіне қабылданған негізгі  құрал – жабдықтар».

  • Есептелген сыйақы сомасына:

     Дт 1695 «Қаржы  лизингі бойынша алынған негізгі  құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

     Кт 1692 «Үйлер  және ғимараттар бойынша есептелген  амортизация»

           1693 «Компьютерлік жабдықтар бойынша  есептелген амортизация»

           1694 «Өзге негізгі қрал жабдықтар  бойынша есептелген амортизация».

     Егер бұл заңда немесе лизинг келісімінде қарастырылмаса, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затын қосалқы лизингке өткізуге құқылы. Лизинг алушы үшінші тұлғаға лизинг келісімі бойынша төлемдерді төлеу міндеттемесін жолдауына болмайды. Лизинг затын қосалқы лизингке жолдау кезінде лизинг алушының банкінде жазба жасалады:

     а) Лизинг  затының баланстық құнына:

     Дт 1655 «Қаржылық  лизингке алынған негізгі құрал  – жабдықтар»

     Қосалқы  лизингке жолдаған лизинг заты  құнының есебі үшін жеке дербес шот:

     Кт 1655 «Қаржылық  лизингке алынған негізгі құрал  – жабдықтар».

     Лизинг  заты қосалқы лизингке берілген  әрбір клиент бойынша 1655 шотта  жеке дербес шоттар ашылады.

     ә) Есептелген  амортизация сомасына:

     Дт 1695 «Қаржы  лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»

     Кт 1695 «Қаржы  лизингі бойынша алынған негізгі  құрал – жабдықтар бойынша  есептелген амортизация».

     1695 шотта  қосалқы лизингке жолданған әрбір  лизинг заты бойынша жеке дербес  шоттар ашылады.

     Ай сайын  айдың соңғы жұмыс күнінен  кешіктірмей лизинг алушы қосалқы  лизинг бойынша сыйақы төлеуді  жүзеге асырады. Бұл кезде келесі  бухгалтерлік жазба жасалады:

     Дт 1860/1 «Банк  қызметі бойынша өзге дебиторлар»

     Кт 4801 «Жал  бойынша кірістер».

     Сонымен  қатар 1860/1 шотында лизинг заты  қосалқы лизингке берілген әрбір  клиент бойынша жеке дербес  шоттар ашылады.

     Лизинг  алушы қосалқы лизингке жолданған  лизинг заты бойынша есептелген  кірістерді өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

     Дт 1050 «Банктердің  корреспонденттік есепшоттары»

     Кт 1860/1 «Банк  қызметі бойынша өзге дебиторлар».

     Клиент  мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына  қосалқы лизинг бойынша төлемдерді  кешіктірген кезде келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

     Дт 1860/2 «Банк  қызметі бойынша өзге дебиторлар»

     Кт 1860/1 «Банк  қызметі бойынша өзге дебиторлар».

     Сонымен  қатар, 1860/2 шотта қосалқы лизинг  бойынша мерзімі өткен төлемдері  бар әрбір клиент бойынша жеке  дербес шоттар ашылады.

     Сол уақытта лизинг алушы айыппұл, өсімақы және тұрақсыздық сомасын (егер бұл қосалқы лизинг келісімінде көрсетілсе) есептейді. Бұл кезде келесі жазба жасалады:

     Дт 1860/3 «Банк  қызметі бойынша өзге дебиторлар»

     Кт 4900 «Тұрақсыздық  айыбы (айыппұл, өсімақы)».

     1860/3 шотында  әрбір клиент бойынша айыппұл, өсімақы немесе тұрақсыздық есептелетін жеке дербес шоттар ашылып, мынадай жазба жүргізіледі:

     Дт 1050 «Банктердің  корреспонденттік есепшоттары»

     Кт 1860/2 «Банк  қызметі бойынша өзге дебиторлар».

  • Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

     Кт 1860/3 «Банк  қызметі бойынша өзге дебиторлар».

  • Айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық сомасына.

     Лизинг  затын қосалқы лизингке алған  клиентпен қосалқы лизинг келісімшарттарын  орындауда келесі бухгалтерлік  жазбалар жасалады:

     а) Баланстық  құн сомасына:

     Дт 1655 «Қаржылық  лизингке алынған негізгі құрал  – жабдықтар»

     Кт 1655 «Қаржылық  лизингке алынған негізгі құрал  – жабдықтар».   

     Қосалқы  лизингке берілген лизинг затының  құнын есептеуге арналған жеке дербес шот;

     ә) Есептелген  амортизация сомасына:

     Дт 1695 «Қаржы  лизингі бойынша алынған негізгі  құрал – жабдықтар бойынша  есептелген амортизация»

     Қосалқы  лизингке берілген лизинг затының  амортизациясын есептеуге арналған  жеке дербес шот;

     Кт 1695 «Қаржы  лизингі бойынша алынған негізгі  құрал – жабдықтар бойынша  есептелген амортизация».

     Клиент  мерзімі ұзартылған сыйақы және  айып, өсімақы немесе тұрақсыздық  сомасы өтелмесе, келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:

     а) Айыппұл,  өсімақы, тұрақсыздық сомасына:

     Дт 4900 «Тұрақсыздық  айыбы (айыппұл, өсімақы)»

     Кт 1860 «Банк  қызметі бойынша өзге дебиторлар».  Бір кезекте, кіріс 7130 «Шығынға  шығарылған борыштар».

     ә) Мерзімі  ұзартылған сыйақы сомасына:

     Дт 4801 «Жал  бойынша кірістер»

     Кт 1860/2 «Банк  қызметі бойынша өзге дебиторлар».  Бір кезекте, кіріс 7130 «Шығынға  шығарылған борыштар».

     Клиентпен  мерзімі ұзартылған сыйақы және  айып, өсімақы немесе тұрақсыздық  сомасы өтелсе, келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:

     Дт 1050 «Банктердің  корреспонденттік есепшоттары»

     Кт 4922 «Банктік  емес қызметтен өзге кірістер».  Бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға  шығарылған борыштар».    

 

2.2. Лизингтік келісімшарт

 Лизингтік келісімшарт.  Лизинг – бұл ұйымдастырылуы  біршама күрделі операция.Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:

1) лизинг беруші мен  лизинг алушы арасында;

2) лизинг беруші мен  жабдықтаушы арасында;

3) лизинг алушы мен  банк арасында.

 Әдетте мәмілеге  келу алдында клиентті толық  талдаудан өткізеді.Лизингте ең маңыздысы,бұл келісімшарт соңында құрал-жабдыұтың белгілі бір қалдық құнының қалуы.Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен,ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.

 Іс жүзінде кез  келген лизингтік келісімшарт  мынадай элементтерді қамтуға  тиіс:

1.Объектісі.

2.Жабдықтау мерзімі.

3.Лизингке алу мерзімі.

4.Лизингке берушінің меншіктік құқы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім 3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы.

3.1.ҚР лизингтің  даму жолдары.

 

 Кәсіпкер өзіне қажетті құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей екі жағдайда шешім қабылдауы мүмкін: біріншіден, егер құрылғыларды лизингтік банкке алу банктік несие есебінен сатып алуға қарағанда неғұрлым тиімді болса, ал екіншіден, кәсіпкердің банктен несие алу үшін несиелік тарихы болмаса. Осы жерде лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған сәйкес банк несие беруден бас тартатын клиенттермен қосымша тәуекелділіктерге бара отырып жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді. Бұл жағдай лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.

 Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығында бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдайларды ескере отырып,біз лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру үшін неғұрлым перспективті нарықтарды бөліп қрастыруды ұсынамыз.

 

 1-белгі

 

 2-белгі

 

 Лизингтік келісімдер:

 Сегмент №1-шағын

 Сегмент №2-орта

 Сегмент №3-ірі

 

 Лизингтік қызметтер нары-

 ғының сегменттері

 

 Лизингке алушылар:

 Сегмент №1-шағын

 Сегмент №2-орта

 Сегмент №3-ірі


 

 

3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері.

 

 Лизингтік қызметтер нарығы сегментердің бір белгісі ретінде лизингтік келісімдердің алынуына оның осы сегменттегі сұраныс ерекшеліктерін анықтайтындығы, ал екінші белгі ретінде лизингке алушылардың алынуына, олардың сұраныстарының сипатын анықтайтындығы әсер етті.

 Енді, осы суретте көрсетілген лизингке алушы тұлғалардың әрбір типіне неғұрлым толығырақ сипаттама берейік.

 Қаржыгерлердің үшінші Конгресінде ҚР-ң Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР-ң Үкіметіне және ҚР ҰБ-не индустриялдық саясат шеңберінде приоритеттік

маңызы бар салаларды  нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмін дамытуды тапсырғаны белгілі.Элемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік сұрақтарды шешуде шағын бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгілі. Шағын кәсіпкерлік жалпы экономиканың дамуының қозғаушы күші бола отырып, халықты жұмыспен қамту деңгейін қамтамасыз етеді және қоғам тұрақтылығының негізі – орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.

Информация о работе ҚР лизингтің сыртқы жағдайы