Оқу-таныстыру тәжірибесін өту нәтижелері туралы есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 16:30, реферат

Краткое описание

Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурсының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Кәсіпорын қаржысы олардың шаруашылық қызметінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Капитал (баланстың пассиві) – активтің (айналымнан тыс және айналым) пайда болатын көзі. Кіріс тауар сатудан алынатын және өзге де операциялық және сатудан тыс алынған түсімнің нысаны болып табылады.Ақша қоры тұтыну, жинақтау және резерв қорына бөлінеді.Ақша қоры- көзделген мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің ақшалай қаражатының жеке бөлігі.Ақша қоры кәсіпорын айналымындағы ақшалай қаражаттың тек бөлігін ғана құрайды.

Содержание

Кіріспе

Кәсіпорынның қаржы ресурсының мәні мен құрылымы
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Кәсіпорынның ұйымдық ,құқықтық құрылымы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіш
Кәсіпорын қаржысының ресурстарын жоспарлау
Кәсіпорынның меншікті қаражаттарының мәні ,құрылымы
Кәсіпорынның тартылған ресурсының мәні ,құрылымы
Кәсіпорынның негізгі капиталы, мәні ,құрылымы
Кәсіпорынның шығындары , мәні мен құрылымы
Кәсіпорынның қаржысын басқару ерекшеліктері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Корпоративтік қаржы.doc

— 112.50 Кб (Скачать документ)

Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы  тенденцияларға терең және жан жақты  сараптама жасау арқылы әлеуметтік экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. Арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада бәсекелестікті арттыру.Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.Жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып,бағыттауға мүмкіндік береді.

           6.  Кәсіпорынның меншікті қаражаттарының мәні ,құрылымы

        Меншікті капитал қалыптастыру кәсіпорынның жалпы қаржы стратегиясының өндірістік-коммерциялық қызметін ақшалай ресурспен қамтамасыз ететін бөлігі болып табылады.Меншікті капитал:                                1. Меншікті капитал есебінен айналымнан тыс активтің қажетті мөлшерін құру 2. Меншікті капитал есебінен айналым активінің белгіленген үлесін  құру мақсатында.қалыптастырылады                                                                      Меншікті капиталды басқару оның жинақталған бөлігін ұтымды пайдалану ғана емес,сонымен бірге корпорацияның келешекте дамуын қаматамасыз ететін қаржы ресурсының меншік көзін құрумен де байланысты.Меншікті капитал басқару процесінде оны қалыптастыратын көз ішкі және сыртқы көзге бөлінеді.

Ішкі көздің құрамына:                                                                                          бөлінбеген кіріс;                                                                                                                  меншікті капиталға негізгі құрал-жабдықты қайта бағалау нәтижесінде қосылатын қаражат ;                                                                                                                                   өзге де ішкі көз, резервтегі қор кіреді .                                                  Амортизациялық аударым да меншікті ақша ресурсын қалыптастыратын ішкі көз болып табылады, алайда ол меншікті капиталдың мөлшерін ұлғайтпайды, тек оны қайта инвестициялау тәсілі ретінде қарастырылады.                                           Сырты қаражат көзіне:                                                                                             қосымша үлестік капиталды жұмылдыру ;                                                               қосымша акционерлік капиталды тарту ;                                                                           заңды тұлғаның және мемлекеттің тегін қаржылай көмегі ;                                              қарыз қаражатты меншікті қаражатқа конверсиялау ( корпоративтік облигацияны артықшылықты акцияға ауыстыру );

Меншікті қаржы ресурсын (МҚР) қалыптастыру саясаты кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруын қамтамасыз етуге бағытталған.Аталмыш саясат мына негізгі сатылардан тұрады: 1. Базистік кезеңде МҚР пайда болуы мен оны пайдалануын талдау ; 2.Алдағы кезеңде (тоқсан,жыл) МҚР-ға жалпы қажеттілікті талдау ;  3.Түрлі көзден меншікті капитал тарту құнын бағалау ;  4.Ішкі және сыртқы көздің есебінен МҚР-дың барынша көп мөлшерін тартуды қамтамасыз етуді талап ету ;  5.МҚР пайда болатын ішкі және сыртқы көзді оңтайландыру.

 МҚР ойдағыдай қалыптастыру :                                                                                           1.Жол берілетін қаржы тәуекелін ескере отырып пайданын жиынын барынша көбейтуді                                                                                                                                       2.Таза пайданы дивидент төлеуге және өндірісті дамытуға пайдаланудың ұтымды құрылымын ;                                                                                                    3.Компанияда тиімді амортизациялық саясатты әзірлеуді ;                                                    4.Ұтымды эмиссиялық саясат (корпоративтік құнды қағаздың қосымша эмиссиясы)қалыптастыруды немесе қосымша үлестік капитал тартуды қаматамасыз етеді.                                                                                                                                                                                                                                            

             7. Кәсіпорынның тартылған ресурсының мәні ,құрылымы

         Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор.                       Тікелей инвестициялар – тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды сипаттайды. Тікелей инвестициялардың негізгі айрықша сипаттамасы – тікелей инвестор кәсіпорынды басқаруға елеулі әсер етеді. Осыған орай, инвесторға кәсіпорында 10 %-дық қатысуды қамтамасыз ететін барлық салымдар тікелей инвестициялар деп аталады. Тікелей инвестициялар санатына жататын операциялар санына, мұндай қатынастар негізін қалайтын капитал жұмсау бойынша бастапқы операциялар ғана емес, инвестор мен кәсіпорын арасындағы кейінгі операциялардың барлығы жатады.                  Портфельдік инвестициялар –пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құйылысында тікелей сияқты портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен бірге, экономика ресурстарындағы негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан  қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы – отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады. Инвестициялаудың негізгі этаптары:

- капитал жұмсалымдарына шығындар ресурстарды қайта құру, яғни инвестиция қызметінің (тіпті инвестициялау) нақты объектілеріне инвестицияларды трансформациялау үрдісі;

- инвестицияны түпкілікті қайта құру мен жаңа тұтыну құнын алуды сипаттайтын салынған қаражатты капитал құнының өсіміне айналуы;

- табыс және әлеуметтік әсер нысанындағы капитал құндарының өсімі, яғни инвестициялық қызметтің түпкілікті мақсаты жүзеге асады.    , Инвестициялар тәуекелдік (венчурлік) және ануитеттік болып бөлінеді.            Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз-өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік. Ануитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді. Инвестициялаудың шекті тиімділігі екі маңызды факторға тәуелді:                 1.өндіріс шығындарының өсу қарқыны; 2.өндірісті монополиялау деңгейі;

                     8. Кәсіпорынның негізгі капиталы, мәні ,құрылымы

Кәсіпорынның капиталы негізінде 2 түрге бөлінеді.

•   негізгі капитал

•  айналым капиталы

Негізгі капитал корпорацияның өтімді емес активтерін қалыптастыратын капиталдың бөлігін білдіреді. Негізгі капиталға салынған қаражаттардың орны ұзақ мерзім аралығында біртіндеп толтырылады.

Негізгі капитал төмендігідей бөлінеді.

•   Материалдық емес активтер.

•   Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

•   Аяқталмаған күрделі салымдар.

•Негізгіқұралдар.                                                                                                                        Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып 2 топқа бөлінеді.

•  Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады.( өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары әр түрлі станоктар, двигательдер және тағы да басқалары жатады.)

•  Өндірістік емес негізгі құралдар қатарына материалдық өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады.( тұрмыстық үй, комуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдиниет саласында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады.)

Негізгі құралдар кімнің иелігіне қарай меншіктік яғни шаруашылық субьектінің өзіне тиісті және уақытына жалға алынған болып екіге  бөлінеді. Уақытша жалға алынған негізгі құралдарды баланс сыртындағы шотта есептейді. Негізгі құралдарды бір тұтас принцип негізінде бағалау олардың көлемін құрылымын тозуын айқындап қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді.                        Бастапқы құн. Негізгі құралды сатып алуға салуға және жасап шығаруға кеткен нақтылы шығындардың және сатып алу барысында төленген негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізген тиісті шығындардан тұратын құны.

Ағымдағы құн. Негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі рыноктык бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн. Бұл бухгалтерлік және қаржылық есептерді көрсетілетін тозу сомасын  алып тастағандағы негізгі құралдардың жинақталған бастапқы немесе ағымды құны.

Жойылу құн. Тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің болжамдық құны.

Тозу құн. Негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құндарының арасындағы айырмашылығы яғни амортизациялық жолмен есептеліп өндіріске немесе айналымға жатқызылған шығындары.

Қалдық құн. Бұл өндірілген өнімге орындалған жұмысқа көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құн. Оны анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдардың тозу құнын алып тастайды.                                                                                                

               9. Кәсіпорынның шығындары , мәні мен құрылымы.

Өндірістік факторларды  пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алумен тікелей байланысты.Кәсіпорын  шығындары - өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі.

Нарықтық экономикадағы  шығындар:

·  айқын (бухгалтерлік);

·  жүктеме (арттыру);

·   кайтпайтын шығындар болып бөлінеді.

Жалақы төлеуге, өнімдерді  сатуға және өндірісті одан әрі дамыту қажетіне жұмсалған шығындар кәсіпорынның айқын шығындары деп аталады, қаржылық есеп беру негізінде есептелінетін болғандықтан, оларды бухгалтерлік шығындар деп те атайды. Барлық айқын шығындардың жиынтығы өнімнің өзіндік құнын құрайды, ал өнімнің өзіндік құны мен тауарларды сату бағаларының арасындағы айырма пайда болып есептелінеді.Қандайда бір өндіріс факторын пайдалануға, өлшемдерге, оларды баламалы пайдалануды жақсартуға жасалған шығындар жүктеу шығындары деп аталады.Қайтпайтын шығындарға орны қайта толтырылмайтын шығындар жатады.Өндірістік шығындарды тұрақты және өзгермелі деп те бөледі.Тұрақты шығындар - өндірістік факторларды пайдалануға байланысты тікелей шығындар.Мысалы:

·     кәсіпорынның штаттық жүмысшыларының жалақылары;

·     үй-жай жалдауға жұмсалатын шығындар.

Ал өзгермелі шығындар өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне байланысты өзгеріп отырады.Бұған:

·     жұмысшылардың еңбекақы төлемдері;

·     материалдық өнімдер мен қызметтер құрамы;

·     энергия, отын;

     Шығындарды басқарудың функциялары:                                                                            -   өндіріс шығындарын болжау, жоспарлау, нормалау және есептеу, өзіндік құнды калькуляциялау, инвестициялық қызмет пен капитал салымдарына деген шектелген (ұзақ мерзімді) шығындарды жоспарлау және есептеу;                                      -   шығындарды  әр түрлі бағыттары, сегменттері, өнімдері мен бөлімшелері бойынша,  көрсеткіш динамикасы, шығындар сметасы мен нормадан ауытқуы бойынша  бақылау және талдау;                                                                                                 -   белгілі бір шаруашылық қызметті басқаруда қолдану үшін, қызметті бақылау мен персоналды ынталандыру үшін ішкі сандық және сапалық ақпаратты қалыптастыру;                                                                                                                                  -   кәсіпорынның өндіріс процесінің барлық кезеңдері мен барлық өндірістік бөлімшелерінде шығындарды азайту резервтерін анықтау.Шығындарды басқарудың негізгі функциялары болжау және жоспарлау, есептеу, бақылау (маниторинг), реттеу және координациялау, сонымен қатар, талдау болып табылады.  Шығындарды талдауды жүйелі түрде жүргіземіз,яғни ұйымды жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлікретінде қарастырамыз. Жекелеген элементтерден тұратын бірлескен бөлік ретінде  шығындарды басқару жүйесін көруге болады.        

                 10.Кәсіпорынның қаржысын басқару ерекшеліктері

           Корпорацияның қаржы жағдайын бағалау активтердің және олардың қалыптасу көздеріне баға беруден басталады.   Баланс активін топтастырудың негізгі белгісі олардың өтімділік деңгейі болып табылады (қолма-қол ақшаға айналу жылдамдығына қарай). Осы белгіге сәйкес баланс активтері ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер болып бөлінеді.                               Корпорация  қаражаттары ішкі айналымда, сондай-ақ оның сыртында да қолданылуы мүмкін (дебиторлық қарыздар, басқа корпорациялардың акцияларын, облигацияларын сатып алу).  Корпорация қаражаттарының дұрыс орналасуы қаржылық қызмете және оның тиімділігін арттыруда аса маңызды орын алады. Корпорацияның өндірістік және қаржылық қызметінің нәтижесі, сондай-ақ қаржы жағдайы көп жағдайда негізгі және айналым қаражаттарының көлеміне, олардың қаншасы өндіріс және айналыс саласында, ақшалай және материалдық нысанда болуына, сонымен қатар олардың тиімді арақатынасына байланысты болып табылады. Осыған сәйкес талдау процесінде бірінші кезекте активтердің құрамы мен құрылымы зерттелінеді және бағаланады.Баланс  активтері құрамы мен құрылымының  динамикасын талдау корпорация мүлкінің және оның жекеленген түрлерінің абсолютті және қатынасты өсімінің немесе азаюынының шамасын анықтауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі (кемуі) корпорация қызметінің кеңейгенін (тарылғанын) бейнелейді. Ал тұтас активтер және оның жекеленген топтарының құрылымын талдау олардың орналасуы жөнінде баға беруге мүмкіндік береді.Егер баланс активінде корпорация қаржаттары көрініс  тапса, пассивінде олардың қалыптасу  көздері көрініс табады. Корпорацияның төлем қабілеттілігі көп жағдайда оның қарауындағы қаражат түрлеріне  және олар неге салынғанына байланысты болып келеді.                                                                                                                                           Тиістілік деңгейі  бойынша пайдаланылып отырған капитал  меншікті (баланс пассивінің І бөлімі) және қарыз болып (баланс пассивінің ІІ және ІІІ бөлімі) болып бөлінеді.                                                                                                            Пайдалануына  байланысты капитал ұзақ мерзімді тұрақты (перманентті) – баланс пассивінің І және ІІ бөлімі және ағымдағы –  баланс пассивінің ІІІ бөлімі болып  бөлінеді. Меншікті капиталдың қажеттілігі корпорацияның өзін қаржыландыру талаптарымен байланысты. Меншікті капитал корпорация тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Бірақ корпорация қызметін тек өз қаражаттарының есебінен қаржыландыру әр уақытта тиімді бола бермейді (әсіресе оның өндірісі маусымды болса) Бұл ретте жекеленген уақытта олар жетіспейді. Сонымен қатар қаржы ресурсатарының бағасы төмен болса, ал корпорация несиелік ресурстар өтеміне қарғанда капитал салымының қайтарымын жоғарғы деңгейде қамтамасыз ете алса, онда қарыз қаражаттар қатыстыра отырып-ақ меншікті капиталдың рентабельділігін жоғарылата алады.Корпорацияның қаржы жағдайы көп жағдайда меншікті және қарыз капиталының тиімді арақатынасына  байланысты. Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талдау оның есеп беу кезеңіндегі қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарғаны туралы мәселені анықтауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Оқу-таныстыру тәжірибесін өту нәтижелері туралы есеп