Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 16:30, реферат
Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурсының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Кәсіпорын қаржысы олардың шаруашылық қызметінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Капитал (баланстың пассиві) – активтің (айналымнан тыс және айналым) пайда болатын көзі. Кіріс тауар сатудан алынатын және өзге де операциялық және сатудан тыс алынған түсімнің нысаны болып табылады.Ақша қоры тұтыну, жинақтау және резерв қорына бөлінеді.Ақша қоры- көзделген мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің ақшалай қаражатының жеке бөлігі.Ақша қоры кәсіпорын айналымындағы ақшалай қаражаттың тек бөлігін ғана құрайды.
Кіріспе
Кәсіпорынның қаржы ресурсының мәні мен құрылымы
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Кәсіпорынның ұйымдық ,құқықтық құрылымы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіш
Кәсіпорын қаржысының ресурстарын жоспарлау
Кәсіпорынның меншікті қаражаттарының мәні ,құрылымы
Кәсіпорынның тартылған ресурсының мәні ,құрылымы
Кәсіпорынның негізгі капиталы, мәні ,құрылымы
Кәсіпорынның шығындары , мәні мен құрылымы
Кәсіпорынның қаржысын басқару ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС»
Оқу-таныстыру тәжірибесін өту нәтижелері туралы есеп
05В050900-Қаржы мамандығының 1 курс студенті: Анесова Алмира
Оқу-таныстыру тәжірибесінінің кафедра бекіткен жетекшісі: Тұрлыбекова Асель Жәнібекқызы
Алматы, 2013.
Мазмұны:
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Кәсіпорынның қаржы ресурсының мәні мен құрылымы
Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурсының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Кәсіпорын қаржысы олардың шаруашылық қызметінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Капитал (баланстың пассиві) – активтің (айналымнан тыс және айналым) пайда болатын көзі. Кіріс тауар сатудан алынатын және өзге де операциялық және сатудан тыс алынған түсімнің нысаны болып табылады.Ақша қоры тұтыну, жинақтау және резерв қорына бөлінеді.Ақша қоры- көзделген мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің ақшалай қаражатының жеке бөлігі.Ақша қоры кәсіпорын айналымындағы ақшалай қаражаттың тек бөлігін ғана құрайды.
Корпоративтік қаржының басты
функциясы - шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қорларының
3. Бақылау
''Капитал,кіріс және ақша қорын қалыптастыру '' функциясы мына қызметтерді атқарады:
''Капитал,кіріс және ақша қорын пайдалану'' функциясы мына қызметтерді атқарады:
''Бақылау'' функциясы былайша жүзеге асырылады:
Акция – бұл
оның иегеріне (акционерге) дивиденд
түрінде кәсіпорын табысына
2. Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру принциптері оның қызметінің мақсаттарымен және міндетімен тығыз байланысты.Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру принциптері :
Өзін-өзі реттеу принципінде кәсіпорынға қолда бар еңбек,материалдық және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми -техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға ,іске асыруға толық дербестік береді.Кәсіпорын өзінің қызметін тікелей жоспарлайды және шығарылған өнімге сұранысты негізге ала отырып өзінің даму келешегін белгілейді.Жедел және ағымдағы жоспарлар өнімді тұтынушылармен және материалдық ресурсты жеткізушілермен жасалған шарттарға негізделеді.Қаржы жоспары өндірістік жоспарда қарастырылған іс-шараларды ақша ресурсымен қамтамасыз ету сондай-ақ мемлекеттік бюджет жүйесінің мүддесіне кепілдік беруі тиіс.Айналым қаражатын толықтыру негізінен меншік қаржылай ресурстың ,ал қажет жағдайда -қарызға алынған және тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Өзін-өзі өтеу принципі корпорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амортизациялық аударымның есебінен өтелуге негізделеді.Осы қаражат кәсіпорынға тиесілі меншік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.Кәсіпорын өзі-өзі өтеген жағдайда ол қарапайым ұдайы өндірісті өзінің меншікті көзі есебінен қаржыландырады, сонымен бірге бюджет жүйесіне салық төлейді.Іс жүзінде осы принципті іске асыру үшін барлық кәсіпорындар пайдалы жұмыс істеуі және залалды жоюы тиіс.
Өзін-өзі өтеумен салыстыра отырып өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес,сонымен бірге жай шектеліп қалмай ,керісінше кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурсын сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алады.Өзін-өзі қаржыландыру принципін жүзеге асыру үшін төмендегі талаптарды сақтау керек:
Қаржы резервін құру нарық жағдаяты ықтимал ауытқитын ,сонымен қатар өз міндеттемелерін орындамау үшін әріптестер алдында материалдық жауапкершілік артқан жағдайда кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.Акционерлік қоғамда қаржы резерві кәсіпорынның жарғысына сәйкес таза пайдадан қалыптастырылады.Осы принциптерді сақтау кәсіорын қаржысының тұрақтылығын,белсенділігін және кірістілігін қамтамасыз етеді.
3. Кәсіпорынның ұйымдық ,құқықтық құрылымы.
Бизнесті ұйымдастырудың
басқа нысандарымен
Деңгейлес корпорациялау бір тектес өнім нарығында өндіріс ауқымын кеңейту негізінде қалыптастырылады.Ол ұзақ мерзімді мүдделер келтіруі ықтимал зиянды жоя отырып ,саладағы бәсекелік жайғасымдарды ұзақ мерзімді келешекте нығайту үшін күреске ынталандырады.Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ағымдағы пайданың көрсеткіштерімен теңдестірілмейді,біртектес өнім нарығындағы ұзақ мерзімді артықшылық ретінде қарастырылады.Республикада деңгейлес корпорациялаудың даму табалдырығы ''Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу'' туралы Заңда (14 бап) белгіленген тауар нарығында жиынтық үлесі 35 %-ды құрайтын нарық субъектілерінің кез келген нысандағы толықтай немесе ішінара жетілген келісімі деп бекітілген.
Сатылас корпорациялау шикізат өндіруден бастап түпкілікті өнім жасап ,оны сатуға дейінгі өндірісті біріктіру негізінде құрылады.Ол өндірістердің технологиялық өзара тәуелділігі мен процестердің уақыт пен кеңістікте үйлесетін жүйелілік принципіне негізделеді. Сатылас корпорациялаудың артықшылығы капиталды шоғырландыруға және ғылыми-техникалық прогресстің ықпалымен қоғамдық еңбекті бөлуді тереңдетуге қол жетіскен үздіксіз өндірісте артады.
Әртараптандырып корпорациялау түрлі өндірістерді біріктіру негізінде
қалыптастырылады.
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:
Шаруашылық серiктестiк;
Акционерлiк қоғам;
Өндiрiстiк кооператив;
Шаруа қожалықтары;
Жеке (дара) кәсіпкерлік.
Жоғарыда аталған ұйымдық-
4. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіш
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – шаруашылық жүргізуші субъектінің белгіленген уақытта өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі мен айналым процесінде капиталдың жағдайын бейнелейтін экономикалық категория болып табылады. Өнім өндіру, өткізу мен қаржылық қызмет процесінде капитал айналымының үзіліссіздігі болады, қаржы құрылымы мен олардың қалыптасу көздері өзгереді , қаржы ресурстарының бары мен қажеттілігі, яғни осының барлығы мекеменің қаржылық жағдайын, төлем қабілеттілігін көрсетеді.
Қаржылық талдаудың
тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі
ережеле-рін қалыптастырды. Олардың
ішінен алты негізгі әдісті бөліп
қарастыруға болады: 1)көлденең талдау;
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңі-мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен
салыстырғандағы бухгалтерлік есептің
түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы
ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.Тікелей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды
қаржылық көрсеткіштердің құ-рылымын
анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері
бойынша қоры-тынды көрсеткіштегі жеке
баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік
бере-ді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің
кәсіпорын мүлкінің жалпы құнын-дағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы
және тағы басқалар.Тікелей және көлденең
талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондық-тан да есептік бухгалтер үлгі
құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің
динамикасын да сипаттайтын кестелерді
жиі жасайды.Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын
базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар
көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есеп-теуге негізделеді. Басқаша айтқанда,
трендтік талдау әрбір есеп позициясын
бір қатар өткен кезендермен салыстыруды
және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес
ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен
тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын
анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен
болашақтағы көрсет-кіштердің мүмкін
болатын маңызы қалыптасады, одан кейін
перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
5. Кәсіпорын қаржысының
ресурстарын жоспарлау
Информация о работе Оқу-таныстыру тәжірибесін өту нәтижелері туралы есеп