Несиенің мәні, түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 13:25, курсовая работа

Краткое описание

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;

Содержание

Кіріспе
1. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы
1.1 Несие теориясы және оның дамуы
1.2 Несие түрлері
2. Несие қызметінің түсінігі
2.1 Несиенің қызметі, шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру
2.2 Несие мен ақшаның өзара әрекеті
2.3 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

несие жүйеси ЖАНЕРКЕ.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан 2003 – 2015 жылдарына арналған Индустриялық инновациялық дамудың стратегиясын жүзеге асыруда халықаралық несиені қосымша құны жоғары әрі бәсекеге жарамды ғылыми сыйымдылығы бар өнімдер өндірістің жаңа машина, құрал – жабдық және технология импорты үшін пайдалануы қажет. Бірлестірілген несие банктердің шектеулі неисе мүмкіндіктері мен бірінші класты қарыз алушылардың ауқымды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік береді.

Лизингілік  несие. Қазақстан 2000 жылдан бері лизингілік несие қолданылып келеді. Лизинг – бұл негізгі құрал – жабдық  мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті  сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметінің түрі.

Қызметтің бұл түрі ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңымен, Азаматтық,

Салықтық және Кедендік кодекстермен, «Инвестицияны мемлекеттік  қолдау туралы» және «Инвестиция  туралы» заңдарымен реттеледі. Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын машина, құрал жабдық, сайман, үй ғимараты, құрылғы, көлік құралдары жатады.

Лизинг объектісі лизинг берушінің балансында болады және лизинг объектісінің амортизациясы жеделдетілген  амортизация коэффициентіне сәйкес «қызмет көрсету» жұмысының өзіндік құнына қатысты болады, лизингтің әрекет ету мерзімі лизинг объектісінің толық амортизациясының мерзімімен ұзақтық бойынша өлшемделуі керек.

Лизинг – бұл мүліктің меншік иесі мен жалдаушының арасындағы келісім. Бұл келісім – мүлікті  делдал болып табылатын лизингілік компания арқылы айтылған мерзімге және төлемі үшін пайдалануға беру.  Лизингілік мәміле лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы қатысады.

Лизинг өзінің мазмұны  бойынша несие қатынасына сәйкес келеді және мәні бойынша ссудаға  ұқсас. Лизинг осы экономикалық мағынасы лизинг берушінің лизинг алушыға мүлікті пайдалануға беру формасында берілетін несиені білдіреді.

Лизингтің банк несиесінен артықшылықтары:

- мүлік кепілге салынбайды, яғни мүлікті кепілге салудың қажетті болмайды;

-    бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі болмайды;

- лизингілік төлемнің  жүйесі икемді болады және  ол игеруге жатқызылады, бұл  салық салынатын базаны кемітуге  мүмкіндік береді,

-    жүз пайыздық несиелеу және төлемдерді дереу төлеуді талап етпейді.

Лизинглік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілер комбайн, трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субъектілері пайдаланылады.

Бүгінгі таңда лизинг кез келген өндірістің материалдық – техникалық  базасын дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуға мүмкіндік береді. Машиналар мен құрал – жабдықты сатып алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда лизингтің бірқатар елеулі артықшылықтары бар:

  • лизинг кәсіпкерге – жалдаушыға өндірісті аса ірі бір жолғы шығындарсыз ұлғайтылуына мүмкіндік береді;
  • өтімді қаражаттардың шектеліп қалу мәселесі жұмсарады;
  • негізгі құрал жабдықты сатып алуға кеткен шығын келісімшарт әрекет ететін барлық мерзімге бірдей бөлінеді;
  • қарыз капиталы тартылмайды және т.б.

Лизинг беруші  банктің  лизингілік қызметінің артықшылығы:

  • лизинг барысында мүлік лизинг алушының балансына өтеді;
  • қосымша құн салығының босатылады;
  • лизинг компанияның несиелеуінен табыс және акциядан дивиденттер алады.

 

 

 

 

 

2. Несие қызметінің түсінігі.

 

«Функция» («қызмет») деген  сөз латынның «functio» - деген - «атқару» «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз  байланысты; қызметінің атқаруындағы қарым қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытудың да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытудың сипаттайды.

Несиенің ұдайы өндіріс  процесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір  ғалымдар оны айналым белгісіне  жатқызса, басқалары бөлу белгісіне  жатқызады. В.М. Тарасов несиені ұлттық табысты қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.

Айырбас фазасына бөлу (өндіріс  нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.

Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны  жайлы  орныққан  біркелкі  көзқарас  жоқ.   Біреулер  екі  ( қайта   бөлумен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған  екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттардың жинастыру т.б. деп түсіндіреді.

Несиенің бақылау қызметі: дегенде ол – ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін  айтқан дұрыс. Ал, шынында бақылауды  несие емес, банк жүзеге асырады.

Өндірістік қорлар айналымның жанама түрлері бойынша несиенің қызметі ақшаларға да, қаржыларға да тән – бұл  біріншіден, екіншіден қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына да енеді.

 

 

 

 

 

 

2.1. Несиенің қызметі.

Шын мәніндегі ақшаларды  айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру.

Қазіргі кездегі нарық  шаруашылығында шын мәніндегі ақшалар(алтын) ел ішінде айналысқа түспейді, олардың несие негізінде шығарылған ақша белгілері айналымда болады. Нарық ақшалардың шығарылуы, немесе қолма – қол есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы несиелеудің ресурсы болып табылады.

Несиенің мұндай қызметінің дамуы банк жүйесінің пайда болуымен байланысты екендігін ескерген жөн. Ақшаларды банкінің есеп шотында  сақтау ақшалай міндеттемелер бойынша  тауарлар мен қызмет үшін қолма –  қол ақшасыз есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс беріс жасау айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты. Шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың есепшоттардағы қаржылық банкілердің несиелік ресурсы болып саналып, есепшоттардағы көрсетілген ақша айналымы банкінің ақша қаржыларының иелерімен несиелік байланыстары болып қалады.

Несиелеу процесі кезінде  ақша массасының  құрылымына, төлем  айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Яғни нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаларының түрліше формалары пайда болады.

Экономиканың дамуының алғашқы сатысында бұл айналымнан алтынды ығыстырып шығарумен байланысты болды. Қазіргі кезде нағыз ақшаларды алмастыратын несие қызметі ақша тасқындарының қозғалысын тездететін қолма қол ақшасыз есептер, несие карточкаларын, вексельдерді, чектерді, депозиттік сертификаттарды қолдану арқылы көрініс танытады.

Осы кездегі шаруашылықта қолдағы ақшаны несие операцияларымен ауыстырудың қажетті шарттары жасалған. Ақшаларды бір есепшоттан екіншілеріне қолма-қол ақшасыз есеп жасау үшін аудару, өзара талаптарды қанағаттандыруға байланысты, ақша айналымының құрылымын жақсартуға мүмкіндіктер туады.

Бұл жерде айрықша  ескеретін жәйт – несие осы қызметінің барысында ақшаларды жалпылама ауыстырудың емес, оларды экономикалық айналымда уақытша ауыстыру қызметін, яғни несие ақшаның ролін атқарады. ТМҚ – ны алу, қызметтерді төлеу, еңбекақыларды, зейнетақыларды төлеу үшін пайдалануды және т.б.

Демек, нағыз ақшаларды  несиелік ақшалармен және несиелік операциялармен алмастыру, негізінен, екі түрлі жолмен жүзеге асырылады:

 

-  алтының орнына  айналымға экономиканы несиелеу  жолындағы несиелік ақшалар шығарылады, олар тауарлармен және қызметтермен  қамтамасыз етіліп, міндетті түрде  банкідегі эмитетке қайта келіп түсулері қажет;

-   несиелеу барысында  төлем қаржылары жасалады, яғни, қолма – қол  ақшасыз есеп  айрысуды ұйымдастыруға байланысты  айналымға ақшасыз қолма –  қол есептер жасалынатын ақшалар  келіп түседі.

 

2.2.   Несие мен  ақшаның өзара әрекеті.

 

Адамдар көп жағдайда несиені ақша сияқты қабылдайды. Бір  қарағанда, несие - әсіресе, ақша түрінде ұсынылатын банк және несие – түрлі ұғымдар ғана емес әртүрлі қармы – қатынастар да болып табылады.

Несие мен ақша – түрлі экономикалық категориялар. Ақшаға қарағанда несие тарлау болып келеді. Себебі, несие қарым – қатынастың субъектілері барлық заңды, заңды емес және тұлғалар болып табылады.

Осыған байланысты несие  және ақша қарым-қатынасының ең бірінші  ерекшелігі – қатысушылар құрамының  әр түрлі екенін атап өткен жөн. Ақша қарым қатынасына сатып алушы мен сатушы қатысады, ал ақша жалпы балама сияқы ақшаны алушы мен сатушы субъектілері арасындағы қарым қатынас нәтижесінде осындай қалыпқа енеді. Бұл жағдайда тауар мен ақшаның ыңғайластық қозғалысы жүреді.

Несие қарым – қатынасының  қатысушылары несие беруші мен қарыз алушы болып табылады, ал несие құнның қайтарылу қозғалысының себебі бойынша ерекше қарым – қатынасты көрсетеді. Бұл жағдайда құн ыңғайластық қозғалысқа түспейді, өйткені ол несие берушіден қарыз алушыға өтеді және белгіленген мерзім өткеннен кейін өз иесіне қайтады. Несиеге ақшалай қарым – қатынаста жол берілмейтін мерзімі ұзартылған төлем тән. Соған қарамастан ақша мен несие бір – бірімен қатар болып, өзата әрекетке түседі. Сонымен, тауарларды несиеге сату процесінде төлем құралы ретінде несие мен ақша қатысады.

Несие мен ақша әр түрлі  тұтыну құнына ие. Несие пайыз келтіретіндігімен  ақшадан ерекшеленеді.

Несие ақша түрінде де, тауар түрінде де ұсынылуы мүмкін.

Бұл ерекшеліктерге қарамастан тауар ақша қатынасының талаптарында ақша мен несие тығыз байланыста дамып , ұдайы өндірістің барлық қорына Қызмет көрсету арқылы өзара бір бірін толықтырады.

Банк берген несие  клиенттерге банктің депозит  есепшоттарына жаңа ақша салуға мүмкіндік  береді. Клиенттер оларды төлем құралы ретінде жеткізушілердің шоттарын және басқа да төлемдерді өтеу үшін пайдаланады.

Банк клиенттері, яғни банк есепшотының иелері бір уақытта ақша және несие қарым-қатынасының субъектілері де болып табылады. Нарық экономикасының жағдайында несие мен ақшаның өзара әрекет етуінің алдағы уақытта күшейе беру тенденциялары көрініс табады. Оған мына себептер бар:

-  қолма – қол  ақшасыз есеп айрысудын кеңеюі, Интернет арқылы есеп айрысудың  электрондық жаңа жүйелерінің,  төлем карталарының, дебет карталарының пайда болуы, бір жағынан, банк шоттарына ақшаны тартып, оларды несие ресурстарына айналдыру себеп болса, екінші жағынан ақша айналымын тездетеді, сондықтан ақшаның бір бөлігі есеп айрысу үшін керексіз болып қалады және депозит есепшоттарына банктің несие ресурстарын көбейтіп, тұрақталып қалады;

-  орталық банктер  несиені экономиканы ақша – несие жағынан реттеуінің негізгі құралы ретінде пайдаланады. Оның шегі тарылу немесе кеңеюі арқылы айналымдағы ақша жиынтығына банктің эмиссиялық қызметіне, әсер етеді.

Болашақта несие мен  ақшаның өзара әрекеті жалғасып, күшейе береді.

 

 

2.3.  Несиенің экономикадағы рөлі және оны қолданудың шектері

 

Несиенің ролін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын нәтижесімен анықтауға  болады. Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдеріне өзгеріп отыруы мүмкін.

Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз  беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез – келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика саласында тауарларды сатып реттеуді арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда  бар жиынтықтардың арасында болатын қарама –қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар айналысының біркелкілік танытпайтындығына байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады. Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеудің қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. мүмкіндіктер тудырады.

Информация о работе Несиенің мәні, түсінігі және түрлері