Несиенің мәні, түсінігі және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 13:25, курсовая работа

Краткое описание

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
Несие мәселесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;

Содержание

Кіріспе
1. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы
1.1 Несие теориясы және оның дамуы
1.2 Несие түрлері
2. Несие қызметінің түсінігі
2.1 Несиенің қызметі, шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру
2.2 Несие мен ақшаның өзара әрекеті
2.3 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

несие жүйеси ЖАНЕРКЕ.doc

— 175.00 Кб (Скачать документ)

Банк несиесі негізінен тікелей  болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға тікелей берілсе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа тауарлыр сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе вексельді пайдаланумен беріледі.

Қазақстандағы коммерциялық банктер  соңғы бес жылда (2001- 2004жж.) экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады. ЖІӨ - дегі ссудалық қоржын 1.01.2002ж. 15,0% - ды құраған болса, 1.01.2005ж.-32,7%,яғни, 2еседен көп.

1.01.2005ж. несие салымдарының құрылымы:

- қысқа мерзімді несие - 499%;

- орта мерзімді неисе(1жылдан 5жылға  дейін)- 30,2%

- ұзақ мерзімді несие(5жылдан  жоғары)-19,9%

      Тұтыну несиесі. Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай – ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатысты тұтыну несиенің мазмұны құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарапта болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.

      Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.

Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік  несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған  елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл  сайынғы табысының 10 – 12 % - ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай қолды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16 – 18 % - ды құрайды.

Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілу мүмкін. Тауарлық форма халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. Ақшалай  форма банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі.

Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі  бар: бір жағынан, тауар айналымы артатын болса, несие мөлшері  де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие  сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса, төлем қабілеті бар сұранысты арттырады.

Несиелеу объектісі бойынша  Қазақстанда тұтыну несиесі мыналарға: кезек күттірмейтін қажеттілік ( шұғыл мұқтаж ) несиесіне, құрылыс салу және тұрғын үй сатып алу несиесінде, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған несиеге бөлінеді.

Тұтыну несиесі белгілі бір  дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды.

Ол ұзақ пайдалануға жарамды  тауарлардың салыстырмалы түрде  жоғары бағасы мен халықтың ағымдағы табысы арасындағы және халықтың бір  тобындағы ақша қорланымы мен  оны басқа топтың пайдалану қажеттілігі  арасындағы екі қарама қайшылықты шешіп береді. Тұтыну несиесі банк операцияларымен тығыз араласып кеткен. Мәселен, сатып алушылардың ұзақ мерзімі борыштық міндеттемесін сауда ұйымдары банкінен несие алу үшін пайдаланады. Түтынушыларға несие банкінен тікелей беретін болса, сауда фирмасы мен банктің арасындағы несие қатынасының артық буыны жойылады.

Несиеге сатып алынған тауарларды сауда ұйымдары олардың ссудасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырады. Сондықтан да сонғы жарна төленгенше тауардың меншік құқығы сауда ұйымдарында қалады.

Өнеркәсібі дамыған елдерге  тұтыну несиесінің бірнеше түрі пайдаланады. Алайда, олардың арасында тауарды  төлем мерзімін ұзату мен сатудың  үлес салмағы басым.

Тауарды несиеге сатып алуда  сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы жарнама мен төлеп  қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзарту мен сатуда тауардың бағасы коммиссиялық сауда ұйымының мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан жоғары көтеріледі.

Тұтыну несиесі көптеген елдерде  маңызды роль атқарады. Осыған орай, ол мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банк және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады.

Экономика құлдыраған жағдайда мемлекеттің саясаты халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға оларды ынталандыруға бағытталады. Бұл үшін тұтыну несиесін алудың, атап айтқанда қолма қол ақшамен төленетін тауар бағасын арзандату, несие мерзімін ұзарту, оның құнын кеміту секілді жеңілдікті шарттар еңгізіледі.

Инфляция жағдайда, керісінші, қолма қол ақша мен төлеудің үлесі артады, несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарлайды.

Тұтыну несиесі халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады.

Қазақстанда тұрғын үй құрылысын  салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған мемлекеттік құрылыс жинақ ақша банкісі құрылды. 2004 жылғы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері 122,1 милрд. теңгені құрады, 2003 жылмен салыстырғанда 9,4% - ды құрады.

    Ипотекалық несие. Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотеқалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:

- ипотекалық несие  бұл қатаң анықталған кепілзатпен  берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған  жағдайда кепілге салынған жылжымайтын  мүлік сатылады және одан түскен  қаражатпен несиеегердің алашағы  өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең сенімді несие ретінде саналады:

- ипотекалық ссуданың  көбісі қатаң мақсатты тағайындауға  ие, өйткені, ол тұрғын үй мен  өндірістік үй жағдайлары қаржыландыру, сатып алу, тұрғын үшін және  жер учаскелерін игеру үшін  пайдаланылады;

- ипотекалық несие,  әдетте,10 – 30 жылға дейін ұзақ  мерзімге беріледі. Несие алдын  ала жасалған кестеге сәйкес  біртіндеп өтелетін болады. 

      Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартқа кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болуы керек.

Ипотекалық несиелеудің  жүйесі икемді болуы үшін ұдайы жетілдіріп отырады. Мәселен, дамыған елдерде  мыналар болады:

  • өлемдері кезең сайын өсетін ссуда: алғашқы бес немесе ол жылда борышқордың шығысын тұрақты өсіруді қарастырады;
  • төлам сомасы өзгеріп отыратын ссуда: жеңілдікті кезеңнің болуын ұйғарыды, мұнда борышқор тек пайыздарды ғана төлейді. Жүктемені бөлудің мұндай тәсілі борышқорға үлкен пайда береді;
  • пайыз мөлшерлемесі өзгермелі ипотека пайыз мөлшерлемесінің деңгейі келісімшартта нақты шама түрінде тіркеледі әрі қандай да бір нақты көрсеткішке немесе ирдекске байланатын болады. Мөлшерлемелер жарты жылды бір рет қарастырылады.

Ипотекалық несиені ресімдеуде негізгі құжаттарға кепілхат, вексель және өзге де бағалы қағаздар жатады. Бұл құжаттарға ипотекалық компания шығаратын ипотека облигациялар секілді құнды қағаздардың қайталама нарығында баға белгілеуі мүмкін. Бұл арада кепілхат ссуда бойынша кепілге салынған мүліктің заңды меншік құқығын несиелерге беруді ұйғаратын құжат болып табылады. Жылжымайтын мүлік аясындағы кепілхат ипотека несиенің негізгі қамтамасыз етушісі болып табылады. Онда несие келісімшарты бойынша борыштарды төлеу жөніндегі қарыз алушының міндеттемесі, пайыз, салық, алымдар және меншіктен өндіріліп алынатын өзге де төлемдер нақты көрсетіліп, сонымен бірге, оны бүлінбеген қалпында сақтау, жылжымайтын мүлікті сақтандыру, оны басқа тұлғаға кепілдік аясында беруге тыйым салынатыны және т.б. айтылады.

Өзіндік қаражат, ипотекалық облигациялар және клиент шотына тартылған  ресурстар банктің несие ресурстарын  құрайды.

ҚР “Ипотека туралы”  заңы шыққаннан кейін Қазақстанда  ипотекалық несиелеу қарқынды дамыды.

Республиканың ірі банктері ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыратын өздерінің ипотекалық компанияларын құрды.

2000 жылдан бастап ҚР  Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100%-ды құрайды Қазақстандық ипотеке  компаниясын (ҚИК) құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен бастап несие үшін алынатын пайыз мөлшерлемелерін кеміту бағытындағы саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министірлігінің қарамағына өтті. Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшерлемелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да тұрақты түрде кеміп келеді. Ипотекалық несиелеудің дамуына 2003 жылы Мемлекеттік құрылыс –жинақ ақша банкісінің құрылуы жағымды әсер етті. ҚИК 300 және 500 млн сомаларында ипотекалық облигацияның екі шығарылымын шығарып үлгереді және оларды сәтті орналастыра білді. Қазақстанда ипотекалық несиелеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының ажырағысыз бөлігі болып табылады.

   Халықаралық несие. Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді. Осылайша, халықаралық несие қайтару, мерзімді және ақылы шаттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен үғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ол төлем балансының тапшылығы(экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналды.

Шетелдік инвесторлар  үшін халықаралық несие басқа  елдерге, әсіресе, қосымша инвестицияға мұқтаж дамушы елдерге капитал салудың  ең тартымды формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады, өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалар және банктермен ғана емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар, филиалдар  және банктер халықаралық несиені  жиі пайдаланады. Бұл белгілі бір реттеуді  және шектеуді қажет етеді. Әйтпесе өтелмеген берешектердің жинақталуы және сыртқы қарыздың ағымдағы қызмет көрсету бойынша өсе түскен төлемдер мемлекеттің қаржылық – валюта жағдайын қиындатып, оны тұрақсыз етеді, тіпті, үкімет, яғни мемлекет тарапынан саяси және экономикалық қысым көрсетілуі мүмкін.

    Халықаралық несие делдалдың көмегі арқылы немесе тікелей берілуі мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және трансұлттық банктер, халықаралық және аймақтық валюталық – несие әрі қаржы ұйымдары алға шыға алады.

Меншік формасы бойынша  халықаралық несие мемлекеттік, жеке және аралас несиелерге бөлінеді. Қазақстан жеке халықаралық несиені  жиі алады,

яғни несиені жекеше компаниялардан, фирмалардан, банктерден алады. Ол қарыз алушы елдің валютасында, үшінші елдің валютасында берілуі мүмкін. Халықаралық несие формасы бойынша коммерциялық және  банктік несиелерге бөлінеді.

Коммерциялық немесе фирмалық несие сыртқы саудамен және қызмет көрсетулермен тікелей байланысты болады. Оны, әдетте, басқа елдердегі әр түрлі коммерциялық құрылымға ие компаниялар, фирмалар вексельдің көмегімен тауарлы формада береді. Экспорттаушы тауарды тиегеннен кейін аударылатын вексельді импорттаушыға қояды. Импорттаушы коммерциялық құжаттарды алғаннан кейін оның векселін акцептейді, яғни оның төлемін белгілі бір мерзімде төлеуге келісімін береді.

Банктік несиелеу тек  экспорт – импорт операциялар  бойынша есеп айрысулармен ғана байланысты.

Экспорттық  банк несиесі бұл – экспорттаушы ел банкісінің импорттаушы елдің банкісіне машина, құрал – жабдық жеткізілімін несиелеу үшін беретін несиесі. Ол, сонымен бірге, байланысқан несие деп аталады, өйткені, ол тек машина мен құрал – жабдық  үшін ғана беріледі.

Импорттық банк несиесі – бұл импорттаушы елдің фирмаларына және банктеріне тікелей берілетін несие берушінің елінде қандай да бір тауарларды сатып алуға арналған несие.Сатып алушы несиенің бірнеше несие,  несие желісі, сондай – ақ, өнеркәсіптік және азаматтық құрылғыларға арналған несие, оны құрал – жабдықты  жеткізумен береді.

Қазақстанның халықаралық  жетекші ұйымға кіруі экономикалық реформаларды жүргізуге қажетті  қосымша қаржыға жол ашты.

Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) “стенд - бай” несие аясында 185,6 млн қарыз алудың арнайы құқығы сомасында келісімге қол қойылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан  халықаралық қайта құру және Даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Жапонияның экспорт импорт банкі  және өзге де халықаралық қаржы –  валюта мекемелері беретін несиені  пайдаланады.

Қазақстанның және банктердің халықаралық рейтингісі игеруі несие бағасы бойынша да, оның мерзімі бойынша да пайдалы шартқа құрылған халықаралық несиеге жол ашты.

Халықаралық несие арқылы ұлғайтылған ұдайы өндірісті  қамтамасыз ету, қолма қол ақшасыз есеп айырысуды дамытудың халықаралық есеп айырысу саласындағы айналыс шығынын үнемдеу, сондай ақ, капиталдың және шоғырлануын орталықтандырылуын күшейту мақсаттарында капитал елдерге қайта бөлінеді.

Информация о работе Несиенің мәні, түсінігі және түрлері