Напалеон Банапарттың неше әйелі болған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 13:16, реферат

Краткое описание

Бүкiл Францияны уысында ұстаған Наполеон Бонапарт қанша қаһарлы, айлалы, айбатты болғанымен әйел затының алдында тым дәрменсiз едi. Әскери қызметтi кiшi лейтенант шенiнен бастаған ол түрлi кезеңнен өтiп, император тағына көтерiлгенде де әйелге деген әлсiздiгiнен арыла алған жоқ. Сұлу сылқымдарға көңiлi ауғанда Бонапарт бар дүниенi ұмытып кететiн. Ол, тiптi мұндай кезде алдында тұрған асқақ жоспарлары мен қыруар шаруасын да ысырып қоюға бейiл едi. Көздеген көркемдерiнiң көңiлiн табу үшiн миллиардтарды да мұң көрмей, ақшаны оңды-солды шашып, ғашықтық хаттарды майын тамыза жазатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

НАПОЛЕОННЫҢ НЕШЕ ӘЙЕЛI БОЛҒАН.docx

— 235.56 Кб (Скачать документ)

...Наполеонның жұлдызы  сөнiп бара жатты. Одақтастар француздарды Ватерлоо маңындағы шайқаста бiржола бүк түсiрдi. Император тағынан екiншi рет айырылған Бонапарт 1815 жылы 7 тамызда кемемен Әулие Елена аралына бет алып бара жатты. Буырқанған өмiрiнiң соңғы жылдарын осы аралда өткiзген Наполеон 1821 жылы 6 мамырда жұмбақ аурудан көз жұмды. Ол әйелi Мария -Луизаның бұл кезде Нейппергтен аяғы ауыр екенiн бiлген де жоқ.

Францияның ұлы билеушiсi соңғы демi бiтiп бара жатқанда «Жозе-фи-на...» деп сыбырлауға ғана шамасы жеттi.


Информация о работе Напалеон Банапарттың неше әйелі болған