Напалеон Банапарттың неше әйелі болған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 13:16, реферат

Краткое описание

Бүкiл Францияны уысында ұстаған Наполеон Бонапарт қанша қаһарлы, айлалы, айбатты болғанымен әйел затының алдында тым дәрменсiз едi. Әскери қызметтi кiшi лейтенант шенiнен бастаған ол түрлi кезеңнен өтiп, император тағына көтерiлгенде де әйелге деген әлсiздiгiнен арыла алған жоқ. Сұлу сылқымдарға көңiлi ауғанда Бонапарт бар дүниенi ұмытып кететiн. Ол, тiптi мұндай кезде алдында тұрған асқақ жоспарлары мен қыруар шаруасын да ысырып қоюға бейiл едi. Көздеген көркемдерiнiң көңiлiн табу үшiн миллиардтарды да мұң көрмей, ақшаны оңды-солды шашып, ғашықтық хаттарды майын тамыза жазатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

НАПОЛЕОННЫҢ НЕШЕ ӘЙЕЛI БОЛҒАН.docx

— 235.56 Кб (Скачать документ)

НАПОЛЕОННЫҢ НЕШЕ ӘЙЕЛI БОЛҒАН? 

 

Бүкiл Францияны уысында ұстаған Наполеон Бонапарт қанша қаһарлы, айлалы, айбатты болғанымен әйел затының алдында тым дәрменсiз едi. Әскери қызметтi кiшi лейтенант шенiнен бастаған ол түрлi кезеңнен өтiп, император тағына көтерiлгенде де әйелге деген әлсiздiгiнен арыла алған жоқ. Сұлу сылқымдарға көңiлi ауғанда Бонапарт бар дүниенi ұмытып кететiн. Ол, тiптi мұндай кезде алдында тұрған асқақ жоспарлары мен қыруар шаруасын да ысырып қоюға бейiл едi. Көздеген көркемдерiнiң көңiлiн табу үшiн миллиардтарды да мұң көрмей, ақшаны оңды-солды шашып, ғашықтық хаттарды майын тамыза жазатын.  

 

Мұның мойнына өзi асылған Тюрро ханым болмаса (ол халық өкiлi Конвенттiң жас әйелi едi. авт.), өзге бикештер бойы аласа, өзi арық, өңi солғын, жүдеу киiнетiн бұл офицерге, тiптi назар да салмайтын. Бiрақ бiрде, Марселде ағасы Жозефтiң балдызы, он алты жасар әп-әдемi Дезире-Евгения-Клараға көңiлi ауып, үйленуге уәде бередi. Қыз да бұл ұсынысқа қарсы болмаған. Әйткенмен, Парижге келгесiн үлкен қаладағы үлбiреген бойжеткендердiң бiрiнен соң бiрiне есi кетiп, жүрiсiнен жаңылды. Алдымен Пермон ханымға жүрегiн ұсынды, одан соң де ла Бушарди бикештiң бағына қонғысы келдi. Артынша де-Богарне сылқымның соңына түстi. Бонапарттың тұрақсыз сезiмiне қатты ашынған Дезире оған ащы назалығын бiлдiрген. Наполеон өзiнiң уәдесiн бұзғаны үшiн бұл арудың алдында өзiн өмiр бойы кiнәлi санап, тiптi айыбын ақтау үшiн император болған кезiнде оның күйеуiн империя маршалы етiп тағайындады.

Бонапарт Наполеонның  нағыз махаббат машақаты Жозефинамен жүздескеннен кейiн басталды. Он алты жасында виконт Богарнемен бас қосқан Жозефинаны көп ұзамай күйеуi тастап кеттi. Басы бос, бойдақ келiншек бұл мүмкiндiктi пайдаланып, өмiрiн саяхатпен өткiзуге көштi. Тек революция күндерiнде ғана күйеуiмен қайта табысты. Бiрақ  террор кезiнде Богарне өлiм жазасына кесiлiп, Жозефина абақтыға жабылды. Ол түрмеден жетегiне екi баласын ертiп, отыз жасқа келгенде бiр-ақ шықты.

Бонапарт париждiктердiң қолда бар қаруларын өткiзуге бұйрық шығарды. Осыдан кейiн бiр жолы оның штаб-пәтерiне жасөспiрiм бала келiп, әкесiнiң қылышын естелiк ретiнде өзiнде қалдыруды өтiнiп сұранды. Наполеон оған рұқсат бердi. Генералдың бұл мейiрiмдiлiгiне алғысын айту үшiн артынша оның анасы да бой көрсеткен. Нәзiк, сұлу, сымбатты әйелмен бетпе-бет келген сол сәтте-ақ оның жүрегiн белгiсiз бiр сезiм шым еткiздi. Арада аз күн өткенде Бонапарт виконтесса ханымды өзi iздеп барды.

Жозефина қарапайым ғана тұрады екен. Бiрақ жас генералдың бар назары шашы иығына толқындана төгiлген, үлбiреген аққұба жүзiнде қызғылт рең ойнаған, ұзын, қою кiрпiктерiн қағып-қағып қалғанда ұялы жанарынан ұшқын ойнаған, әдемi кiшiрек мұрыны  мен сүйкiмдi бет пiшiнi өзiне жараса қалған, сиқырлы жымиысы  жанды арбаған мына кербез әйелден өзге ештеңеге ауған жоқ. Қолмен құйғандай сымбатты, түп-түзу   денесi еркiндiкпен, еркелiкпен ырғала қозғалатындай. Осы әсемдiк оны осында айналсоқтатып әкеле берген. Қылықты, қызуқанды, өзiне ерiксiз ынтықтырып тұратын әккi әйел оны ес-түссiз елiктiрiп, тағатсыз күйге салды. Бонапарт ғашықтықтың дертiне шалынды. Өзiне тұрмысқа шығуын сұрап, Жозефинаға жата кеп жалынды. Әйел келiсiмiн бердi. Шынын айтқанда,  ол бұл қадамнан ұтпаса ұтылмайтынын бiлдi. Жүрегiн ұсынған жiгiт жас, жiгерлi, болашақта жоғары өрлей алатын қабiлетi де бар.

1796 жылы 9 наурызда олардың үйлену тойы өттi. Тiркеу қағазына жiгiттiң жасы 28-де, ал қалыңдық 29-да деп жазылды. Ал, шынтуайтына келгенде Бонапарт 26-да, ал Жозефина 32-де едi. Үйленгеннен кейiн екi күн өткен соң генерал Бонапарт Италия армиясына аттанды, ал жаңа қосылған жары Парижде қалды. Бiрақ Наполеон әр пошта стансасынан ғашығына үздiккен хаттарын үздiксiз жолдап: «Егер ертерек келмесең, менi сырқат күйде табасың», «Сен келесiң ғой, жаным, айтшы», деумен болды. Әйткенмен, жорықтағы өмiр Жозефинаны мүлде қызықтырған жоқ. Керiсiнше, Париждегi көңiлдi күндер, мерекелiк мезеттер оның көңiлiн басқа жаққа алаңдата қоймады. Наполеонның «кел» деп өтiнгенiне де, жалынғанына да, бұйырғанына да былқ етпедi. Күйеуiнiң көкiрегiн қызғаныш, ынтызарлық, мазасыздық биледi. Ал, Жозефина оның соңынан салпақтамас үшiн «аяғым ауыр» деп жалған жауап қайтарып, көңiлiн жайлағандай едi. Әйткенмен, күйеуiнiң күйiп-жанған сезiмiн мұнымен баса алмаған ол амалсыз жолға шықты. Бонапарт оны Миланда күтiп алды. Екi күнге ғана мұрсат алып келген генерал үшiн осы аз ғана уақыт бақыттан басы айналғандай сәттер болды. Ал, оның армиясы бұл кезде күйреудiң қауiптi қадамында тұрған едi. Зарығып жеткен кездесуден кейiн араны тағы да сағыныш арқалаған хаттар легi жалғап жатты. Жиырма алты жасар жiгiттiң желiк жеңген ынтызар көңiлi әккi әйелдi әлекке салды. Тiптi, оның тағатсыз талабы Жозефинаны жалықтыра бастады. Бiрақ сұлу ханым шалқып өмiр сүрiп жатты, ақшаны оңды-солды жұмсады.

Қырықтың қырқасына шықса  да қылықты келiншектiң бетiнiң қызылы қайта қоймаған. Бонапарт үшiн ол әлi де уылжып тұрғандай көрiнетiн. Египетке сапар шегер алдында   Наполеон әйелiмен уағдаласып алды. Ол елдi қалай жаулап алады, солай әйелi де соңынан жетуi тиiс. Армияда еркекше киiнiп алып күйеулерiнiң соңынан келген офицерлердiң әйелдерi аз емес. Бiрақ Жозефинаның ондай ерлiкке бармайтынына көзi жеткен Бонапарттың ыстық-суығы басыла бастады. Ол, тiптi әйелiмен ажырасуға шешiм қабылдап, өзгеше қызықтан өзiн қақпауға бекiндi. Бұл ой оған жұмыртқадай жұтынған әппақ, жап-жас Маргарита Полина Белильге көзi түскенде келген. Ол ат егерлерi полкiнiң лейтенанты Фуренiң әйелi едi. Жас сұлуға қымбат сыйлықтар, жүрегiн ұсынған хаттар жолдай жүрiп, кездесуге илiктiрген. Лейтенантты тапсырмамен аяқ астынан Италияға аттандырып жiберiп, Белильмен оңаша қалудың оңтайлы сәтiн тапқан Бонапарт күйеуi келгенше оған бөлек үй дайындатып та үлгердi. Намыс пен ашуға булыққан Фуре келе сала әйелiмен ажырасты. Лейтенантты Сирияға ауыстырып жiберген соң  Бонапарт Белилот (ендi оны осылай атады. Авт.) ханымды ашықтан ашық нақсүйерiне айналдырып алды. Тiптi, ол бала туып берсе Жозефинамен ажырасып, оған үйленбек те болған, Алайда,  көңiлдесiнен ондай «сыйлық» болмады. Әскери жорығы Сирияға жалғасып, одан Парижге оралғанда Наполеон Жозефинамен айырылысуға берiк бекiнiп келген. Күйеуiнiң күн санап   өсiп бара жатқан мәртебесiн бiлетiн әйелi одан ажырамаудың бар амалын жасап, тәулiк бойы оның есiгiнiң алдында көз жасын көлдетiп отырып алды. Тiптi, болмаған соң қасына балаларын қосып алып, мүсәпiр күйге түскенде Бонапарт қалай райынан қайтқанын өзi де бiлмей қалды. Бiрақ ол Белилотты да жерге қаратқан жоқ,  ақшамен аптап, жеке үй әперiп, тiптi өзi таңдап күйеуге де бердi.

Грассинидiң дауысын тұңғыш рет Бонапарт Миланда жүргенiнде естiген. 27 жастағы осы әншi арқылы ол вокалды музыкаға ғашық болған едi. Әйелдiк әрiнен гөрi талантына тәнтi болған Францияның бiрiншi консулы онымен махаббат қызығын бөлiсе жүрiп, әншiнi Келiсiм мерекесiнде өнер көрсетуге де шақырды. Грассини Бонапартпен байланысын ашық бiлдiруге, сол арқылы өзiнiң есiмi мен талантына назар аудартуға  асық болды. Әйткенмен, Наполеон оның қоғамда көзге түсе бермесi үшiн оған оңаша үй сайлап, содан шықпауын бұйырған. Қамаудағы мұндай көңiлсiз өмiрге қанағаттанбаған әншi әйел скрипкашы Роданы сүйiктiсiне айналдырып алды. Мұны бiлген консул онымен атқұйрығын кесiсiп тынды. Бiрақ кейiн император кезiнде бұрынғы көңiлдесiн Парижге шақырып, оған  сыйлық пен зейнетақы тағайындауға бұйрық бердi.

1803 жылы Бiрiншi консул өзi тұратын Мальмезонға итальян әртiстерiн шақырып, «Дорина түнi» спектаклiн көрсетудi сұрады. Жозефина бұл кезде бедеулiктен емделу үшiн Пломбьер курортына кеткен болатын. Сүйкiмдi, жап- жас актриса Луиза Роландо Бонапарттың сезiмiне шоқ салып, желiгiн тағы оятты. Ару әртiс те жалынын жасырған жоқ. Бiрақ екеуiнiң «ертегi сәттерi» ұзаққа бармады. Курорттан ерте оралған Жозефинаның жанжалы бал шырын күндерiнiң шырқын бұзды. Әйткенмен, Грассини мен Луиза Наполеонның әртiстерге деген тәбетiн ашып кеттi.

Арада алты ай өтпей жатып оның жүрегi мадмуазель Жоржға (шын аты-жөнi –Веймер) тұсалды. Бұл актрисаның сұлулығы салынған суретпен тең едi. Ғашығы туралы ол кейiнiректе: «Ол консул емес, сезiмнiң құрбаны едi. Оның сөзiнiң, әрекетiнiң ынтызарлығы сондай, сол күйге менi де ерiксiз көшiретiн. Ол менi тұтқынына түсiру үшiн, тiптi бала болып кететiн» деп еске алған екен. Ал, Александр Дюманың «Наполеон сiзбен неге қоштасты?» дегенiне комедиялық актриса «Император болу үшiн» дептi тәккаппарлықпен.

Наполеонның құдiретi артқан сайын оған табынушылар, тiптi көбейдi. Ол ғашықтық қызықтарды ендi өзi iздемейдi, ондай қызықтар мұны iздейдi. Франция билеушiсiнiң назарын аудару үшiн сарайдың статс-ханымы Водей де аз қылық танытқан жоқ. Сыртқы сымбатына ақылы сай, соған қоса керемет ән салатын, сөз өнерiне де жүйрiк сұлу императорды өзiне илiктiрiп алған соң қыруар қарызын төлетуге мүмкiндiк тапты. Бiрақ мұндай тым қымбат ләззаттан Наполеон көп ұзамай бас тартты.

Бонапарт 36 жасында өзiнен 16 жас кiшi Анна Рош де ля Костқа көңiлi кеттi. Белi қылдай, қою қоңыр шашты бикеш лектриса (мәнерлеп оқушы) болатын. Сондықтан оған императордың қонақүйiне кiруге рұқсат берiлетiн және өзi де қызметшi әйелдермен көршi тұратын. Наполеон оған деген сезiмiнiң белгiсi ретiнде қымбат әшекей жiберген. Ал, екеуi ғашықтық байланыста жүргенiнде император сарай iшiндегiлердiң бәрiнiң көзiнше қыздың қолына салмақты сақина салды. Жозефина бұл астамшылыққа төзе алмады. Лектриса  бұл маңнан аластатылды. Бiрақ Бонапарт оны бiршама уақыттан соң бай қаржыгерге күйеуге бердi.

1805 жылы Наполеон император тәжiн киген соң оны ұлықтауға Италияның кафедралды соборына халық көп жиналды. Осы салтанатқа келген қаланың ханшаларының iшiнде Карлотта Гадзани да бар едi. Сұңғақ бойлы, талшыбықтай бұралған, жәудiркөз, көркi көздi арбаған сұлуға сұқтана зер салған императордың ықыласына, әрине қарсылық болған жоқ. Карлотта 500 франк айлықты мiсе тұтып, қарапайым тiршiлiгiнiң күрмеуiн келтiре алмай жүрген әйел едi. Бiрақ ол өте ибалы, iзеттi жан болатын. Сондықтан көңiлдесiне ешқандай талап қойған емес. Әйткенмен, император әдеттегi мәрттiгiнен жаңылмай бұл әйелдiң мәртебелi ортаға қосылуына жағдай жасап бердi.

Наполеонның атақ-абыройы асқақтаған сайын Жозефинаның қадiрi құлдырап бара жатты. Кезектi қызғаныш жанжалынан кейiн Бонапарт әйелiне ажырасатынын мәлiмдедi. Күйеуiнен айырылып қалудан қорыққан Жозефина етегi жасқа толып, жазып-жаңылып, аяғына жығылып жалынды. Император тағы да райынын қайтты. Көп ұзамай ол әйелiне «императордың әйелi» тәжiн киетiн салтанатқа дайындалуын бұйырды. Бұл Жозефина үшiн Бонапарттың басқа көңiлдес әйелдерiнiң алдында өзiнiң мәртебесiн биiктететiн басымдық едi.

Консул сарайында жиырма жас шамасындағы, үлбiреген өңiне ақ қауырсындай үлпiлдеген шашы жарасқан, имек мұрын, жымиғанда жүзi нұрланып сала беретiн сымбатты әйел бар болатын. Кербез қимылы мен талғампаз болмысы оның дәулеттi ортадан шыққандығын аңғартып тұратын. Ал, күйеуi өзiнен отыз жас үлкен екен. Мұндай сұлудың император қармағынан қағыс қалуы мүмкiн емес... Жозефина күйеуiн онымен  «ұстап» алғаннан кейiн тура тоғыз айдан соң шекесi торсықтай ұл туылды. Бiрақ нәрестенiң түрiнен өзiне ешбiр ұқсастық таппаған соң император әкелiгiн мойындаудан бас тартты.

Бонапарт әйелқұмарлық әдетiн жасырудан қалды. Ол, тiптi өзi емес, өзiне сұқтанған сұлулардың да көңiлiн қалдыра қоймады. Жозефинамен спектакльге бiрге барып жүрiп-ақ қатарына «қимас құрбысын» iлестiрiп алудың амалын оп-оңай тауып алатын. Жозефина күйеуiнiң күйiгiн көз жасымен жуып, күрсiнумен күн өткiзетiн болды. Әйелiнiң күйзелiстi күйiне жаны ашыған Наполеон мұндай бейсауыт байланыстарын үзуге бел буған. Әйткенмен, императордың көзiне түсуге өздерi ұмтылатын бикештер оның тәбетiн тоқтата алмады. Өзiн солай арбаған Элеонора де ля Плэнь оған ұл туып бердi. Леон деп атаған бұл сәбидiң әкесi өзi екенiне ол күмән келтiрген жоқ. Император заңсыз туған бұл баласын, тiптi тақ мұрагерi етудi де ойластырған. Бiрақ оның жөнi келмедi. Көңiлдестен туған ұлын ол, әрине қамқорлықсыз қалдырған жоқ.

Польшаға келген кезiнде Наполеонның Мария Валевскаямен ең ыстық махаббат романы басталды. Бай, егде еркектiң жап-жас сұлу әйелi бұл ықыласқа ынтызарлық таныта қоймаған. Әйткенмен, Франция императорының сезiмiн саяси ойынды шешуге пайдаланып қалғысы келген поляктың ықпалды адамдары Марияға Бонапарттың  меселiн қайтармай, соның есесiне Польшаға азаттық әперуге үгiттедi. «Барша  өзге жұрт үшiн мен еңселi еменмiн, ал сен үшiн сол еменнiң жаңқадай жаңғағымын» деп жалынған билеушiге бiраз «бас бермей» жүрiп, ақыры «ақылға» келген Мария сұлу Наполеонның ресми нақсүйерi ретiнде император сарайына көшiп алды. Ессiз сезiмге елiткен Бонапарт ғашығына бар уәденi үйiп-төккенiмен Польшаға тұтас тәуелсiздiк берген жоқ. 1807 жылы шiлдеде бұл елдiң бiраз бөлiгiне, ұлы герцогтық Варшава аймағына ғана азаттық жариялады. Бұл да болса Марияға деген махаббатының белгiсi едi.

Валевская нақсүйерiне ұл сыйлағанда ол қуаныштан жарыла жаздаған. Нәрестеге империя графына төленетiн ақша белгiледi. Ал, ержеткенiнде жас граф Валевскийге Польшадан ауқымды жер бердi.

Наполеон Жозефинамен ажырасуға шешiм қабылдағанымен, бұл қадамға көп уақытқа дейiн бара алмай жүрдi. Ол оны аяды, бiрақ мұрагер мәселесiн ойлағанда осылай етуге мәжбүр едi. Бұл жолы ол әйелiнiң көз жасына да, талып-құлағанына да қараған жоқ. Бiрақ Жозефинаның меншiгiне Елисей Сарайы, Мальмезон, Наввар бекiнiсi, титулы, гербы, күзетi мен эскорты қалдырылып, жылына үш миллион ақша төлеп отыру белгiлендi. Сөйтiп, олар 1809 жылы 15 желтоқсанда заңды түрде ажырасты. Айырылысқаннан кейiн де Бонапарт оның жағдайын бiлiп тұрды. Бiрақ тек көпшiлiктiң арасында ғана жүздесетiн. Өйткенi, оған деген отты, сиқырлы, соқыр сезiм қайта тұтанып кете ме деп қорқатын едi.

Жозефинамен некесi ажыраған соң ол өзiне король қанынан қалыңдық iздей бастады. Соны бiлген Австрия императоры оған өзiнiң үлкен қызы Мария-Луизаны жар етудi ұсынды. Бұл неке оның дiттегенiндей едi. Австриялық монархиямен туыстық байланыс оның дәрежесiн олармен теңестiретiнi анық-тын. Бонапарт болашақ жарының бейнесiн тек портретiнен ғана көрген. Ақторғын шашты, ұялы көгiлдiр көздi, жұқа қызғылтым өңдi бұл бойжеткен дене сымбатымен ерекшеленбейтiн. Ол толықша келген қыз едi. Әйтсе де, ең бастысы оның мұрагер бала туып беруге денсаулығы мығым екенi байқалады.

Австрия императорының қызы Бонапартты ә дегеннен-ақ өзiне бағындырып алды. Наполеонға бұл әйел өзiн ақыл-парасатымен арбап алғандай көрiнген. Ол бос уақытының бәрiн жас әйелiнiң жанында өткiзуге тырысып, оны атқа мiнуге үйреттi, аңға бiрге алып шықты, театрда қасынан тастамады. Алайда, кез келген еркектi ерiксiз ерiтiп жiберетiн Жозефинаның қылықтарын еске алғанда жас ханшаның қасына оңаша ешкiмдi қалдырмауды ойлады.

Мария-Луиза оған Евгения  есiмдi тақ мұрагерiн туып бергесiн оны, тiптi уысында ұстады. Наполеон ендi Мария-Луизаны Империяның регентшасы (орынбасары авт.) деп салтанатты түрде жариялады. Бiрақ басқа қонған бақтың да мәңгiлiк еместiгi айқын. Франция империясының да күнi бiтiп, күйредi. Қуғынға түсiп, басымен қайғы болған Бонапарт Эльба аралынан бiр-ақ шықты. Мұнда келген бетте-ақ ол қасына әйелiн шақырып алуды ойлаған. Ол Мария-Луизаның келетiнiне бек сенiмдi едi. Өйткенi, оның өзi үнемi «Евангелия талап еткендей жақсы әйел күйеуiнiң қасынан табылуы керек» дейтiн.

Наполеон оған Эльбадан керемет аппартамент дайындатып, зарыға күттi. Бiрақ аңсап күткен жан жарының орнына баяғы ғашығы Мария Валевская келдi төрт жасар ұлы Александрды алып.

Бұл кезде Мария-Луиза да ай қарап жатқан жоқ едi. Ол күйеуiнiң орнын жоқтатпаған генерал Адам-Альберт-Нейппергпен өмiрдiң ләззатты шақтарын кешiп жүрген. Бонапарттың Венаға жазған хаттары жауапсыз қалды, әйелi оған келмек түгiлi тырс еткен хабарын да берген жоқ.

Информация о работе Напалеон Банапарттың неше әйелі болған