Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджеттің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:54, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы бұл курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикасындағы мемлекеттік бюджеттің мәнін ашу, оның ел дамуындағы үлесін анықтау, қажеттілігін айқындау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сүйене отырып біз келесідей шаралар жиынын құрғанымыз жөн:
бюджеттің маңызын анықтау;
Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін зерттеу;
бюджеттің құрылу негізін қарастыру;
бюджетті жетілдіру мәселелерін қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………….....……..3



МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны және оның функциялары.................................................................. ..............5
Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде және бюджеттік жүйе.............................................................11


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
ҚР бюджет жүйесінің даму ерекшеліктері.........................22
ҚР мемлекеттік бюджет жүйесін жетілдіру мәселелері...25



ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................37

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая фин.doc

— 327.50 Кб (Скачать документ)

     Бюджеттік механизмнің әр құрылымдық буыны мен элементіне өздерінің орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері тән. Бірақ, бюджеттік механизмнің буындары мен элементтері өздерінің қатыстылы дербестігіне қарамай біртұтас болып қызмет атқарады, яғни барлық құрылымдық буындар мен элементтердің өзара байланысты әрекеттері бюджеттік механизмнің бірыңғай іс-әрекеттін қамтиды.

     Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы басқарудың құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат, экономикалық тұтқа және ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.

     Бюджет  қаржылық жоспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарларьына негізделеді, ал екінші жағьшан, ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория түріндегі экономикалық табиғатына қайшы келмейді. Себебі, «мемлекеттік бюджет» термині өз сипатына байланысты екі әр түрлі түсінікте қолданылады, біріншісі - бөліп тұратын қатынас саласына жатады, екіншісі - адамзат іс-әрекет процесінде пайдаланатын объективтік форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде болуы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты, яғни қоғамдық өнімді қүндық бөлістің айрықша саласы ретінде. Сондықтан, экономикалық категория түрінде мемлекеттік бюджеттің объективтік табиғатының мәнін оқып білу және оны бюджеттік қатынасты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.

     Қоғамдық  қайта өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен осы бюджет (әсірісе шығындары) арқылы ұлттық табыс және жалпы ішкі өнімді бөлу мен қайта бөлу процестері мен анықталады. Ол ақша қаражаттарын экономика секторлары, іс-әрекет салалары мен аумақтар арасында бөле отырып, жалпы экономикаға әсер етеді, себебі ол барлық үлттық шаруашылықтың бюджеті. Экономиканы реттейтін басқа қаржылық құралдар арасындағы бюджеттің рөлі өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Бюджеттің ерекшеліктері ретінде келесілерді айтуға болады:

  • бюджет мемлекеттің қолында ұлттық табыстын бір бөлегін оңашаландыруға байланысты қайта бөліс қатынастарының ерекше экономикалық формасы және табыстың сол бөлігін бүкіл қоғам мен оның әрбір аумақтарының мұқтаждықтарын қамтуға пайдаланады;
  • бюджет арқылы ұлттық табыс немесе сирек - ұлттық байлық экономика салалары, ел аумақтары мен қоғамдық іс-әрекет салалары арасында қайта бөліс атқарылады;
  • бюджеттік қайта бөліс пропорциялары қаржының басқа буындарына қарағанда көбінесе ұлғайтылған қайта өндірістің жалпы мұқтаждарымен және қоғам дамуының әр тарихи кезеңінде оның алдында тұрған міндеттемелерімен анықталады;
  • бюджеттік қайта бөліс аумағы мемлекеттік қаржы қүрамында орталық орынды қалайды, себебі бюджет қаржының басқа буындарымен салыстырғанда бастапқы дәрежеде.

     Бюджеттік қатынастың бөлістік сипаты мемлекетке бюджеттік экономикаға әсер ететін нақты тұтқа мен қоғамдық ілгерлікке ынта ретінде пайдалануға мүмкіншілік береді - бұл аспектіде бюджеттің әрекеті басқа құндық тұтқаларымен (баға, несие және т.б.) бір типті. Бірақ мемлекеттік бюджет қоғамдық өнімді құндық бөліс саласында бастапқы дәрежеде болғандықтан бүл оны экономиканы басқарудың орталандырылған жалпы мемлекеттік құралына - республиканың негізгі қаржы жоспарына айналдырады. Бүл дәрежеде бюджет қаржы ресурстарының бөлігін орталандыру негізінде мемлекет қарастырған әлеуметтік-экономикалық дамуды қаржыландыруын қамтиды, екінші жақтан қосымша резервтер айқындау мен сапалық көрсеткіштерді жақсартуга белсен-ді әсерін тигізеді.

     Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары  арасындағы орны мен мәнін келесідей анықтауға болады. Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа буындарынан айырмашылығы - ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында пайдаланатын қоғамдық өнім құнының бір бөлігінің айналымымен байланысты бөліс қатынастардың кең комплексінің бейнеленуі. Бұл мемлекетке бюджет арқылы барлық ел ауқымында құндық бөліс процестерін орталандыра басқаруға мүмкіншілік береді. Екіншіден, бюджет барлық кірістер мен шығыстардың басқа баланстары, қаржы жоспарлар, несиелік және кассалық жоспарлармен тығыз байланыста.  Үшіншіден, мемлекеттік бюджет қалыптастыру процесінде макроэкономикалық, қаржылық және өндірістік көрсеткіштер талданады және анықталады, қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының байланыстары үйлестіріледі, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қаржы және несие ресурстарымен тұжырымды қиыстыруға жетеді.

     Бюджеттің көптеген байланыстарын қамтамасыз ететін бюджеттік көрсеткіштердің нақты-адрестік сипаты оларды экономика салаларындағы іс-әрекет жағдайын бақылау мақсатына пайдалануға негіз тудырады. Бюджеттік көрсеткіштер арқылы қоғамдық қайта өндірістің барлық оның сатыларындағы жүрісі мен шаруа-шылықты жүргізудің барлық кезеңдері мен деңгейінің әр түрлі процестерді қадағалауға болады. Бюджет көрсеткіштерін орындау дәрежесі экономикада болып жатқан процестердің жүрісін көрсетіп, сондағы жаратымды және жаратымсыз беталыстарды анықтайды.

     Мемлекеттік бюджет арқылы жүргізетін жалпымемлекеттік бақылау қаржы бақылау түрінде іске асырылады. Бүл мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын іске асыруға арналған әсершіл қүрал қаржылық бақылау барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде және де оларды орындау, жөнінде есеп пен есеп беруді жүргізу, мемлекеттің активтері мен гранттарын пайдалану және т.б. бюджеттік әрекеттерде іске асырылады. Бүл бақылау уақытша шара емес, ол үнемі жүргізіледі және экономиканы басқарудың барлық үйымдастырушы жұмысының ажырағысыз құрамдық бөлігі болып табылады.

     Қаржылық  бақылауды іске асырудың объективтік негізі болып бюджеттің экономикалық категория ретіндегі бақылау функциясы табылады. Мемлекеттік бюджеттің бақылау функциясының әрекеті кең шекара мен бәрін қамтушы сипатпен айрықша танылу, соған негізделген бюджеттік бақылауда тек қана қоғамдық ілім қүнын бюджеттік бөліс саламен шектелмей бірталай аумаққа әсерін тигізеді. Сондықтан, қаржылық бақылауы экономиканың барлық саласындағы іс-әрекет жағдайы жөнінде пайымдауға мүмкіншілік береді. Оның іс-әрекет процесінде бюджеттің атқаруы, ақша қаражаттарының уақытымен және толық түсуі, оларды тиімді пайдалануы тексеріледі.

     Демек, қаржылық бақылау жүргізу негізінде әрбір субъектілер мен жалпы мемлекет бойынша барлық ресурстарды пайдалану бақылауын іске асыруға болады. Сонымен бірге бюджеттік процеске қатысушылардың нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау мен бюджеттік қаражаттар арқылы іске асырып жатқан шаралардың негізділігі мен экономикалық тиімділігі тексеріледі.

     Қаржылық  ресурстарды бюджет арқылы бөлудің  қоғамдық өндіріске әсері сандық және сапалық жақтарымен сипатталады. Сандық жагы бюджет арқылы қайта бөлінген қаржы ресурстарының үйлесімдері мен деңгейі бойынша білінеді. Қаржы ресурстары түсінігі ретінде мемлекет пен шаруашылық субъектілердің ақша қаражаттарының жиынтық қоры болғандықтан, олардың өсуінің негізгі факторы болып жалпы ұлттық табыстың ұлғаюы табылады. Мемлекеттің қаржы ресурстарының сандық мөлшері жиынтық қаржы баланста көрсетілуі мүмкін Мұндай балансқа бюджеттік жүйенің барлық ресурстарына қоса Ұлттық қор ресурстары мен барлық меншік формадағы шаруашылық субъектілерінің ресурс-тары жатады.

     Бюджет  арқылы бөлінетін қаржы ресурстардың экономикаға тигізетін әсерінің сапалық сипаты келесілермен сипатталады: біріншіден, мемлекет бюджеттік қаражаттар салымының бағыттарын пайдаланады; екіншіден, мемлекет осы қаражаттарды экономика дамуының қосымша ынта ретінде және оларды жұмылдыру мен елдің экономикалық өсуін жетілдіру, өндіріс тиімділігін жоғарлатуға жұмсау әдістерін қолданады.

     Мемлекеттік бюджет экономикалық ынта ретінде басқа  экономикалық ынталардан айыратын белгілі ерекшелігі бар. Бюджеттің экономикалық ынта ретіңдегі рөлі тек қана бюджеттік қатынастар ұйымдастыру формалары арқылы кәсіпорындарды неғұрлым жоғары экономикалық нәтижеге жетуін құштарлау емес, оньщ рөлі ең алдымен бас шаруашылық субъектінің, яғни мемлекеттің мүдделерін іске асырудағы бюджеттің әрекетімен байланысты. Егер қаржы ресурстарды бюджеттік қайта бөліс арқылы ғылыми-техникалық прогресс тездетілсе, қоғам өндірісінің салалық және аумақтық құрылымы жетілдірілсе, экономикалық өсудің факторлары белсендірілсе, онда бұл арада бюджеттің экономикаға тигізген тек сандық әсері ғана емес, мұнда бюджет барлық қоғам өндірісінің экономикалық рента ретінде сипатталады.

     Бюджеттік жүйе – мемлекеттің барлық қаржы  жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің  орталықтандырылған ақша қорын –  бюджетті –  

– қалыптасу  мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қорытындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіреді.

     2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында  күшіне енгізілген Бюджеттік  кодекстің 6-бабаына сәйкес Қазақстан  Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:

  • республикалық бюджет;
  • облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
  • аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).

     Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып  есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында  Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастылылады.

     Елдің бюджеттік жүйесінің орталық  орнын келесі қаржы жылға ҚР заңымен  бекітілген республикалық бюджет алады. Жаңа бюджеттік кодекс бойынша республикалық  бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бабағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген. Олар жергілікті мелекеттік органдардың функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.

     Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде  қалыптасатын және республикадағы төтенше  немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақатан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағында төтенше немесе әскери жағдай жарияланса.

     ҚР  Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес қор активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономикагны шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

     Бюджеттік жүйе қызметатқаруының негізгі келесі қаржылыққатынастары:

  • мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесінде жөнінде;
  • мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;
  • мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;
  • мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;
  • қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министрлігі, Ұлттық банк және т. б.);
  • мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен.

     ҚР  бюджеттік жүйесі ынтымақтастық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасында басты болып ынтымамақтастық және дербестік принциптері саналады.7

     Ынтымақтастық принцип – бюджеттік жүйенің  ұйымдастыру-экономикалық орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Бюджеттік жүйенің ынтымақтастық принципі біріңғай құқықтық база, біріңғай бюджеттік жіктеу арқылы бюджеттерді сапқа тізу,бюджеттік процесті іске асыруда бірыңғай шаралар пайдалану, статикалық және қаржылық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларының бірлестігі, біріңғай ақша жүйесі, біріңғай ақша жүйесі, біріңғай әлеуметтік-экономикалық және салықтық саясатпен қамтамасыз етіледі. Бұл принципті қолданған бюджетті құрастыру мен бекітуде көбінесе артықшылығы бар баптардың болмауына әсерін тигізеді.

     Толығу  принципі – бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың заңнамаларымен қарастырылған, объективті және сенімді  көрсеткіштер негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде  болуын қадағалайды. Үкіметте бюджетте қарастырылғаннан басқа ешқандай да кірістер мен шығыстар болмауы тиіс. Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын пайдалануда есепке жатқызудың өзара талаптары мен талаптар құқығына жол беру жіберілмейді. Бюджеттің толығу принципімен бюджет-брутто мен бюджет-нетто түсініктері байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің шығыстары мен кірістер бойынша барлық қаржы операцияларын көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек қана бюджет баптарының қалдықтарын көрсетеді, яғни әр бап бойынша кіріс түсіруге жұмсалған шығындарды алғанна кейінгі түсімдерді көрсетеді.

     Шынайшылық  принцип деген бюджеттің қабылданған көрсеткіштерінің республика мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарлары және ортамерзімді фискалдық саясаттың бекітілген параметрлері мен бағыттарға сәйкестігіБұл принцип бюджет атқару жөнінде есеп беруді бұрмалауын блдырмау мен жоюға қажет. Ол мемлекеттің қаржы операцияларын әділетті көрсету мен бекітілген сомалар бюджеттік белгілеулерге пайдалануын қарастырады.

Информация о работе Ұлттық экономикалық жүйедегі мемлекеттік бюджеттің рөлі