Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні мен құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 19:08, реферат

Краткое описание

Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.
Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорын қаржыларын талдаудың негізгі объектілері болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында қаржыгер үшін нақты объект болып табылатын және жаңа кірістер алу мақсатында оған әрдайым әсер ете алатын «капитал» түсінігі көбінесе қолданылады. Капитал – бұл кәсіпорын айналымға салған және бұл айналымнан кірістер әкелетін қаржылық ресурстардың бір бөлігі.
Мұндай қағида кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капиталының арасындағы қағидалы айырмашылық кез келген уақытта қаржы ресурстары кәсіпорынның капиталынан не үлкен, не тең болатынына негізделеді. Мұнда теңдік жағдайында кәсіпорынның қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға жіберілген деп есептеледі. Алайда бұл капитал мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне қаншалықты жақындаса, кәсіпорын соншалықты тиімді жұмыс істейтінін білдірмейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржы корпоративтик.docx

— 42.50 Кб (Скачать документ)

Осы аталған кезеңдердің  орындауына қарай қаржылық жоспармен  жоспарлау нәтижелігі және тиімділігі анықталады. Неғұрлым жоспар нақты  болатын болса, соғұрлым  компанияның  алыңғы кезеңдегі  стратегиясының орындауы нақты және жақын.

Қаржылық жоспарлаудың мәні келесілерден айқындалады:

-жасалған стратегиялық  мақсаттарды нақтылы қаржылық  көрсеткіштер нысанына өзгертеді;

-дамудың экономикалық  үйлесімін өндірістік жоспарда  қарастырылған қаржы ресурстарымен  қамтамасыз етеді;

-бәсеке жағдайында Корпорация  жобасының өмір сүру қабілетін  анықтау мүмкіндіктерін көрсетеді;

-сыртқы инвесторлардан  қаржылық көмек алудың құралы  болып табылады.

Корпорация қаржысын жоспарлаудың негізгі міндеттері болып мыналар  табылады:

-өндірістік, инвестициялық  және қаржылық қызметті қажетті  қаржы ресурстарымен қамтамасыз  ету;

-капитал салымының тиімді  жолдарын анықтау, оның ұтымды  пайдалану деңгейін анықтау;

-ақшалай қаражаттарды  үнемді пайдалану есебінен табысты  жоғарылатудың ішкі шаруашылық  резервтерін айқындау;

-бюджетпен, банктермен  және контрагенттермен ұтымды  қаржы қатынастарын белгілеу;

-акционерлер мен бсқа  да инвесторлардың мүделерін  сақтау;

-корпорацияның қаржы  жағдайын, төлем қабілеттілігін  және несие қабілеттілігін бақылау.

Қаржылық жоспрлауда келесі әдістер қолданылады:

-экономикалық талдау  әдісі;

-нормативтік әдіс;

-баланстық есептеулер  әдісі;

-ақшалай аындар әдісі; 

-есептеулердің көп варианттылығы  әдісі;

-экономикалық-математикалық  модельдеу әдістері.

Қаржылық жоспарлау бірнеше  сатыдан тұратын күрделі процесті қамтиды:

 

6. Кәсіпорынның  меншікті қаражатының мәні мен  құрылымы

          Меншікті капитал – бұл кәсіпорынның құрылу барасында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қарды ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншігінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті қаржылық ресурстардың көздері болып келесілер табылады:

  • жарғылық капитал (акцияларды сатудан түскен қаражаттар және қатысушылардың үлестік жарналары);
  • кәсіпорын жинақтаған резервтер;
  • заңды және жеке тұлғалардың басқа жарналары (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналар және т.б.).

Кәсіпорынның меншікті қаржылар құрылымы 1 суретте көрсетілген.

Кәсіпорынды құру кезінде  негізгі құралдар, материалды емес активтер, айналым қаражаттарын сатып  алу көзі жарғылық капитал болып  табылады. Оның есебінен кәсіпкерлік  қызметті жүргізу үшін қажетті жағдайлар  қалыптастырылады. Жарғылық капитал  – бұл кәсіпорынның жарғылық қызметін қамтамсыз ету үшін меншік иелері ұсынған қаражаттар сомасы.

Жарғылық капитал категориясының мазмұны кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына тәуелді:

  • мемлекеттік кәсіпорын үшін  – толық шаруашылық жүргізу құқығын кәсіпорынға мемлекет бекіткен мүлікін құндылық бағалау;
  • жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – меншік иелерінің үлестерінің сомасы;
  • акционерлік қоғам үшін – барлық түрлі акциялардың жиынтық номиналды құны;
  • өндірістік кооператив үшін – қызметті жүргізу үшін қатысушылар ұсынған мүлікті құндылық бағалау;
  • жалға берілген кәсіпорын үшін – кәсіпорын қызметкерлерінің жарналар сомасы;
  • басқа нысандағы кәсіпорын үшін – толық шаруашылық жүргізу құқығы бекітілген кәсіпорынның мүлігін құндылық бағалау.

            Меншікті тартылған қаржылық ресурстар – бұл кәсіпорынның барлық ресурстарының негізгі бөлімі, ол фирманың құрылу кезінде негізделеді және оның барлық өмірлік кезеңінде қолында болады. Қаржылық ресурстардың бұл бөлімін жарғылық қор немесе жарғылық капитал деп атайды. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты оның жарғылық капиталы акцияларды шығару және оларды кейін сату, жарғылық капиталға салымдар есебінен қалыптасады. Кәсіпорын өмір сүрген уақытта жарғылық капитал жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін, соның ішінде  кәсіпорынның ішкі қаржылық ресурстарының бөлімі есебінен де болуы мүмкін.

 

7. Кәсіпорынның  тартылған ресурстарының мәні.

Қаржы ресурстары пайда болуына  байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне ішкі қаржылық расурстар нақты нысанда  стандартты есептілікте таза табыс  және амортизация түрінде, ал айналдырылған  нысанда кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы міндеттемелер ретінде ұсынылған, таза табыс кірістердің жалпы сомасынан міндетті төлемдерді (салықтар, жинақтар, айыппұлдар, пайыздар және басқа да төлемдер) алып тасталғаннан кейінгі кәсіпорын табысы болып табылады. Сыртқы немесе тартылған қаржылық ресурстар меншікті және қарыздық болып бөлінеді. Осылай етіп бөлу берілген кәсіпорынның дамуына сыртқы қатысушылар ресурстарды салатын капитал нысанына байланысты: не кәсіпкерлік ретінде, не ссудалық капитал ретінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі тартылған меншікті қаржылық ресурстардың құрылуы болса, ссудалық капитал нәтижесі қарыздық қаражаттардың құрылуы болып табылады. Қаржыландырудың екі түрін ажырату қажет: ішкі және сыртқы. Мұндай бөлу кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен капиталының нысандары арсындағы қатаң байланыспен шартталған.   Меншікті тартылған қаржылық ресурстар – бұл кәсіпорынның барлық ресурстарының негізгі бөлімі, ол фирманың құрылу кезінде негізделеді және оның барлық өмірлік кезеңінде қолында болады. Қаржылық ресурстардың бұл бөлімін жарғылық қор немесе жарғылық капитал деп атайды. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты оның жарғылық капиталы акцияларды шығару және оларды кейін сату, жарғылық капиталға салымдар есебінен қалыптасады. Кәсіпорын өмір сүрген уақытта жарғылық капитал жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін, соның ішінде  кәсіпорынның ішкі қаржылық ресурстарының бөлімі есебінен де болуы мүмкін.

 

8. Кәсіпорынның  негізгі капиталының мәні және  құрылымы.

Кәсіпоын жүйесіндегі негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам уақыт) пайдаланылатын өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін)сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына  және атқаратын қызметтеріне қарай  мына топтарға бөлінеді:

  1. үйлер ,тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма
  2. ғимараттар,көпірлер, жасанды қоймалар
  3. өткізгіш тетіктер ,жұмыс машиналары, энергия  бөлетін тетіктер, құбырлар
  4. машиналар ,бумен жұмыс істейтін  және іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, көтергіш крандар, монометрлер, таразылар
  5. тасымалдау құралдары ,жолаушылар мен жүк таситын машиналар, көлікке тіркемелер
  6. құрал-саймандар мен жабдықтар,шкафтар, бактар
  7. шаруашылық құрал-жабдықтары ,диван, сейф
  8. жұмыс және өнім малдары;
  9. көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;
  10. жерді өңдеуге жұмсалған күрделі шығындар;
  11. басқа да негізгі құралдар, кітапхана қорлары және тағы басқалары

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігінде қарай  меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне  тиісті және уақытша жалға алынған  болып екіге бөлінеді.  Қазіргі  кезде пайдалану барысына қарай  негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың  қатарына тоқтатылған, белгілі себептермен  басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың  қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта  тозып немесе басқа да жағдайларға  байланысты істен шығатын негізгі  құралдардың орнына пайдалануға  арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатып алыну  мақчсатына қарай төмендегідей үш топқа  бөлініп есептелінеді:

  • негізгі құралдар
  • тауарлы-материалдық қорлар
  • қаржылық инвестициялар

Мысалы, корпорацияның қызметін атқару барысында қажет болып  табылатын өзінің пайдалану мақсатында сатып алынған көлік құралының  негізгі құралдар құрамында есептелінсе

9. Кәсіпорындардың  шығындарының мәні мен құрылымы.

 Кез-келген өнім (тауар, жұмыс және қызмет) өндіріс шығындарды анықтаумен байланысты.

Шығындар – бұл активтердің  азаюы (материалдардың, ақшалай қаражаттардың) немесе міндеттемелердің өсуі (көп  жағдайда кредиторлық қарыздар).                                                                                                               Экономикалық мазмұнына қарай барлық шығындарды үш топқа бөлуге болады:

-табыс алумен байланысты  шығындар;                                                                             -табыс алумен байланысты емес шығындар;                                                                           -міндеттеуші шығындар                                                                                                     Кез-келген корпорацияда  өндірістік шығындар келесі негізгі үш топқа топтастырылады:

  • капиталдық сипаттағы шығындар немесе инвестициялық шығындар /негізгі және айналым капиталының өсіміне болған/, яғни өндіріс процесін  кеңейтуге бағытталған шығындар;
  • өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын ағымды қызметпен байланысты  шығындар /өнімді өндіруге кеткен шығындар, тауарларды,  дайын өнімді сату шығындары/;
  • әлеументтік-мәдени іс-шаралар шығындары;

     Үшінші топтардағы  шығынға  корпорациядағы көптеген  әлеументтік-мәдени іс-шаралар шығындары,  яғни түрлі санаторийлер, мәдениет  үйлері, демалыстар, сондай-ақ, жұмыскерлердің  квалификацияларын жоғарылату және  тағы басқалар жатады. Қаржыландырпу  көзі – корпорацияның таза  кірісі болып табылады.  Сонымен  қатар шығындарды келесі түрлерге  де бөлеміз:

Тұрақты шығындар - өндіріс көлеміне байланысты болмайды. Оған құралдардың  құны, корпорацияның міндеттемелері, амортизациялық аударымдар, күзетшілер еңбек ақылары, жал төлемі, басқару  персоналының еңбек ақысы және т.б. жатады.

Тұрақсыз шығындар - өндірілетін  өнімнің көлеміне байланысты болады, яғни шикізат, материалдар, жұмыскерлердің еңбек ақысы және тағы басқалар.

Тұрақты және тұрақсыз шығындардың  сомасы корпорациядағы жалпы шығыындарды  құрайды.

Өндiрiстiк шығындар сонымен қатар  басқа да белгiлерi бойынша топтастырылады.

Өндiрiс көлемiне байланысты шығындар шартты-тұрақты және шартты-өзгермелi болып бөлiнедi.

Сонымен бiрге өндiрiс процесiне қатыстылығына байланысты шығындар өндiрiстiк (өндiрiс процесi барысында  пайда болған) және өндiрiстiк емес (өнiмдердi, жұмыстарды, қызметтердi өткiзумен  байланысты, бiрақ сатып  алушылармен  өтелмейтiн) деп бөлiнедi.

      Шығындардың мiндетi бойынша негiзгi (кез-келген жағдайда болады) және үстеме (өндiрiстi ұйымдастырумен байланысты шығындар) деп жiктеледi.

Өндiрiлген өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнына қосу әдiсiне қарай  шығындар тiкелей және жанама шығындар деп бөлiнедi.                                              10. Кәсіпорын қаржысын басқару ерекшеліктері.

Кәсіпорын мен корпорацияларды  басқарудың қаржылық механизмі –  бұл оның экономикалық және әлеуметтік даму міндеттерін шешу мақсатында қаржыларды пайдаланудың нысандары, әдістері мен  тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттің  басқарушы ісіне әсер етуі ретінде  қаржылық механизммен басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі өте  тығыз байланысты. Мысалы, салықтық жоспарлау көмегімен салықтық ауыртпалықтың  төмендеуі, негізгі құралдардың  амортизациясын жеделдету жүйесін  қолдану және т.б. Кәсіпорындар мен корпорацияларда қаржылық механизмнің әрекет етуінің негізгі қағидалар болып келесілер табылады: кешенділік, функционалдылық, біркелкілілік және бейімденушілік. Кешенділік – бұл бір-біріне қосымша болатын қызметті реттеуші қаржылық тетіктерді қолдану. Мысалы, өнімді, қызметті өткізуден түскен түсімді қалыптастыру мен пайдалану бюджеттік жүйе мен мемлекеттік бюджеттік емес қорлар, инвестициялар мен инновацияларды қаржыландыру төлемдерімен тығыз байланысты.   Кәсіпорыннның сәтті қызметі қаржы ресурстарын тиімді пайдаланусыз мүмкін емес. Қаржы ресурстарын рационалды пайдалануды қажет ететін мақсаттар төмендегідей:

  • кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда өмір сүруі;
  • банкроттықтан және ірі қаржылық сәтсіздіктен қашу;
  • бәсекелестермен күресте көшбасшылық;
  • кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарылату;
  • кәсіпорынның экономикалық потенциал өсімінің қолайлы қарқыны;
  • өндіріс пен өткізу көлемдерінің өсімі;
  • табысты жоғарылату;
  • шығындарды төмендету;
  • рентабельді қызметті қамтамасыз ету және т.б.

     Кәсіпорын таңдаған мақсатқа жету көбіне кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың жетілгендігіне тәуелді болады.

             Шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржы ресурстарын пайдалану жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы, сонымен қатар оның оның кадрлық құрамы кәсіпорынның мөлшеріне, оның қызметінің түрлеріне                        байланысты әр түрлі әдістер арқылы құрылуы мүмкін. Ірі компания үшін қаржылар бойынша вице-президентпен басқарылатын және құрамында бухгалтерия мен қаржылық бөлімі бар арнайы қызметті бөлген жөн. Шағын кәсіпорындарда қаржылық менеджердің рөлін көбіне бас бухгалтер атқарады

Информация о работе Кәсіпорынның қаржы ресурстарының мәні мен құрылымы