Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 19:31, курсовая работа

Краткое описание

Капитал құны неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын қызметінің тиімділігі де соғұрлым төмендей береді және керісінше. Сол себепті кәсіпорынның қаржы менеджерлері капитал құрылымын қалыптастыру көздерінің құнын анықтауға үлкен назар аударулары қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бурибаева Жибек курсовая.docx

— 151.26 Кб (Скачать документ)

 

3.2. Кәсіпорын капиталының құрылымын және оны қолдану

тиімділігін талдау

 

     Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын капиталының жеткілікті болуын және оның құрылымын талдау аса маңызды болып табылады. Бұл шаруашылық субъектілерінің дербестігімен және өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін капитал иелері, жұмысшылар, коммерциялық әріптестері және контрагенттері алдында толық жауапкершілік тартатындығымен байланысты. Капитал құрылымын және динамикасын талдау оны қолданудың тиімділігі туралы баға бере алмайды. Сол себепті кәсіпрын капиталын кәсіпорынның қаржылық жағдайыммен байланыстыра отырып талдаған дұрыс.

     Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, олардың орналастырылуын және қолданылуын сипаттайтын көрсеткіштердің жиынтығы болып табылады.

     Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл оның бәсекелестікке жарамдылығының, қаржы ресурстары мен капиталды қолдануын, мемлекет пен басқа да шаруашылық субъектілері алдындағы міндеттемелерін орындау деңгейінің сипаттамасы.

     Баланс активтерінің құрамын және құрылымын талдау кәсіпорынның барлық мүлкінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті немесе қатысты өсуін немесе кемуін анықтауға мүмкіндік береді, ал бұл, өз кезегінде, қолда бар резервтердің және оларды қаржыландыру көздерінің бағасын анықтап береді.

     Қаржылық есептің маңызды элементі болып табылатын активтерді талдау барысында олардың қолда бары, құрамы, құрылымы және ондағы орын алған өзгерістер зерттеледі. Жалпы активтердің құрылымын және оның жекелеген топтары талдау олардың ұтымды орналастырылуын бағалауға мүмкіндік береді.

     Активтердің артуы кәсіпорын жұмысын оң жағынан сипаттайды, өйткені оның әрі қарай дамуының дәлелі болып табылады.

     «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ қаржылық есебінің мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен орналастырылуын талдау үшін талдау кестесін құрамыз (3.2 кесте).

 

3.2 кесте. «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ активтерінің құрамы және орналастырылуы, мың теңге 

 

 

Көрсеткіштер 

Жылдар 

Ауытқулар, %

2009

2010

2011

2009/2010

2010/2011

Жалпы активтер, соның ішінде

1992483

1778839

1730203

89,3

97,3

Ұзақ мерзімді активтер:

467438

370101

402313

79,2

108,7

Материалдық емес активтер

447

336

236

75,2

70,2

Негізгі құралдар

466991

369765

402077

79,2

108,7

Ағымды активтер:

1525045

1408738

1327890

92,4

94,3

Тауарлық-материалдық запастар

162646

147177

145994

90,5

99,2

Дебиторлық қарыз 

1359377

1256311

1178434

92,4

93,8

Ақша қаражаттары 

3022

5250

3462

173,7

65,9

Ақпарат көзі: 2009-2011  жылдардағы «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ қаржылық есептері


      3.2 кестеден активтердің нақты құнын көрсететін валюта балансы есепті кезеңде 2,7%-ға, немесе 48636 мың теңгеге азайғанын байқаймыз, яғни 2011 жылды өткен жылмен салыстырғанда. Ал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда активтердің құны 10,7%-ға, немесе 213644 теңгеге кемігені көрініп тұр. Бұл кәсіпорын жұмысын теріс жағынан сипаттайды, өйткені оның әрі қарай даму перспективаларын көрсетпейді.

     Активтерді талдау барысында олардың қалай орналасқаны және есепті жылы неге басты көңіл бөлінгені, «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорнының өндірістік потенциалының деңгейі, мүліктердің мобильділік деңгейі туралы көрсеткіштерге басты назар аудару қажет. Бұл үшін ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалын білу керек, оны анықтау үшін арнайы әдебиеттерде түрлі көзқарастар кездеседі.

     Мысалға, бір әдістеме бойынша активтердің құны негізгі құралдардың, өндірістік запастардың және аяқталмаған өндірістің құнын қамтиды.

    Екінші әдістеме бойынша кәсіпорынның өндірістік потенциалын сипаттайтын активтердің қатарына жоғарыда келтірілген активтердің түрлерімен қоса аяқталмаған құрылыстардың құнын және орнатылатын құралдардың құны қарастырылады. Бұл әдістеме кәсіпорында болып жатқан даму процестерін және оның материалдық-техникалық базасын сипаттайды.

     Сонымен қатар, 2 кестенің мәліметтері қолда бар қаржы ресурстарын ұзақ және қысқа мерзімді активтер арасында орналастырудың есепті жылы соңғыларының пайдасына шешілгендігін көрсетеді.

     Ағымды активтер 2009 жылы 1525045 мың теңгені құраса, онда олар ұзақ мерзімді активтермен салыстырғанда айтарлықтай басым екенін байқаймыз. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді активтердің соңғы үш жылда тұрақсыз екендігін байқауға болады. 2009 жылы олардың құны 467438 мың теңгені құраса, 2010 жылы олар 370101  мың теңгені құраған, ал 2011 жылы олар 2004 жылмен салыстырғанда қайтадан өскен және есепті жылы 402313 мың теңгеге жетіп жығылған.

     Солардыңы ішінде материалдық емес активтер 2009 жылы 447 мың теңгені құраса, 2010 жылы 336 мың теңгені, ал 2011 жылы олар тағы да 100 мың теңгеге қысқарған, нәтижесінде есепті жылы материалық емес активтер 236 мың теңгені құраған.  Негізгі құралдар да 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 20,87%-ға кеміген, ал 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда қайтадан 8,7%-ға өскен, нәтижесінде олардың құны есепті жылы 402077 мың теңгені құраған.

    Ағымды активтер соңғы жылдары төмендеп кеткен. Егер 2009 жылы бұл көрсеткіш 1525045 мың теңгеге тең болса, онда 2010 ол  1408738 теңгені құраған, ал 2011 жылы олардың көлемі 1327890 мың теңгеге азайған, яғни 5,7% төмендеген.

    Сонымен, 2 кестенің мәліметтері  кәсіпорын активтерінің қолайсыз динамикалық көрсеткіштерге ие екенін көрсетеді. Оларды жекелеген элементтер бойынша зерттеу мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Барынша өтімді активтер – ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді инвестициялар 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 73,7% өскен, ал 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда айналым капиталының мобильділігі 34,1% төмендеген, ол барынша мобильді (өтімді) активтердің (ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді активтердің) жалпы ағымды активтердің құнына қатынасы ретінде анықталады. Бұл көрсеткіш 2009 жылы небәрі 0,2% құраса, 2010 жылы – 0,4%, ал 2011 жылы ол 0,1%, қысқарып кеткен. Бұл коэффициент төлем ретінде абсолютті дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.

     Бұл көрсеткіштен кейін ағымды активтердің баланстағы үлесін анықтау қажет – активтердің мобильділік коэффициентін, яғни ағымды активтердің құнын кәсіпорынның жалпы мүліктерінің құнына қатынасын. Ол қарыздарды жабу үшін қаражаттардың үлесін көрсетеді. Коэффициенттің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорынның үздіксіз жұмыс жүргізу мүмкіндігі артады, кредиторлармен есеп айырысу қабілеті өседі. Қаржылық тұрғыдан оның өсуі активтер құрылымында оң өзгеріс болып табылады: кәсіпорын мүлкі барынша мобильді болмақ, бұл айналым қаражаттарының айналым жылдамдығының өскенін, оларды қолдану тиімділігінің өскені болады.

     Талдауға алынған кәсіпорында бұл коэффициенттің мәні 2009, 2010 және 2011 жылдары сәйкесінше 0,76; 0,79 және 0,76 құраған. Ол мынадай жолмен есептелген:

 

Км (2009) = 1525045/1992483=0,76

Км (2010) = 1408738/1778839=0,79

Км (2011) = 1327890/1730203=0,76

 

      Активтерді орналастырудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – бұл мобильді және иммобильді қаражаттардың қатынасы болып табылады. Ол ағымды активтерді ұзақ мерзімді активтердің құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл қатынастың оңтайлы және критикалық мәні кәсіпорындардың салалық ерекшеліктерімен анықталады. Өнеркәсіптік компанияларда аталған көрсеткіштің мәні 0,5-тен төмен болмауы тиіс.  /28/ Оның талдауға алынған «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорнындағы мәні 2009, 2010 және 2011 жылдары сәйкесінше 3,26; 3,81 және 3,3 құраған және ол былайша есептелген:

 

Киммоб (2009) = 1525045/467438=3,26;

Киммоб (2010) = 1408738/370101=3,81;

Киммоб (2011) = 1327890/402313=3,3

 

      Ең төменгі қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қарыздық міндеттемелері кепілдендірілген, ағымды активтермен қамтамасыз етілген деген тұжырымдамаға сәйкес, мұндай тұрақтылықтың белгісі: ағымды және ұзақ мерзімді активтердің қатынасының коэффициенті қарыз капиталдың меншікті капиталдың қатынасы коэффициентінен үлкен.

      Кәсіпорынның жалпы мүліктеріндегі негізгі құралдардың құнының коэффициентінің мөлшері баланстың активтерінің жалпы сомасының 50%-нан кем болмауы тиіс. Біздің мысалымыздағы кәсіпорында неізгі құралдардың құнының коэффициенті 2009 жылы 22,4%, 2010 жылы 20,8%, ал 2011 жылы  23,2% құраған. Яғни бұл көрсеткіш тиісті мөлшерге сәйкес келмейді, демек ол тиісті 50%-дық құннан төмен.

     Активтердің қалыптасу көздерін талдау процесінде меншікті және тартылған (қарыз) капиталдың нақты мөлшері анықталады, есепті кезеңде олардың өзгерістеріне себеп болған жағдайлар анықталады, оларға тиісті бағалар беріледі. Негізгі көңіл меншікті капиталға бөлінеді, өйткені меншікті қаражаттар көздерінің запасы – бұл қаржылық тұрақтылық запасы болып табылады.

     Меншікті капиталдың мөлшерін ғана емес, оның жалпы капитал сомасындағы салмақ үлесін де анықтау қажет. Ол бойынша кәсіпорынның қарыз қаражаттардан қандай деңгейде тәуелді екенін және қандай деңгейде меншікті қаражаттарды қолдана алатынын анықтайды.

     Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капиталдың бүкіл өндіріске салынған капиталға қатынасы түрінде мына формула бойынша анықталады:

 

Кн= Ск:Ак,                                                                                                                  (3.1)

 

     Мұнда: Кн – тәуелсіздік коэффициенті; Ск – меншікті капитал; Ак – авансталған (жалпы) капитал.

     Біздің талдауымыздағы кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәндері келесідей:

 

Кн (2009)= 458283/1992483 = 0,23

Кн (2010)= 459073/1778839 = 0,26

Кн (2011)= 451027/1730203 = 0,3

 

     «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорнындағы активтерді қаржыландыру көздерінің құрылымын талдау үшін арнайы кесте құрадым. (3.3 кесте).

 

3.3 кесте. «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» кәсіпорПоказатели нының негізгі көрсеткіштері.

 

Көрсеткіштер 

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Ауытқулар

2010/2011

мың. тг

%

мың тг

%

мың тг

%

+/-

%

Жалпы авансталған капитал, соның  ішінде

 

1992483

 

100

 

1778839

 

100

 

1730203

 

100

 

-48636

 

89,3

Меншікті капитал 

458283

23

459073

25,8

451027

26,1

-8046

98,2

Қарыз капитал 

 

1534200

 

77

 

1319766

 

74,2

 

1279176

 

73,9

 

-40590

 

96,9

Ұзақ мерзімді қарыз

158952

10,4

136285

10,3

141891

11,1

+5606

104

Тәуелсіздік коэффициенті

 

х

 

0,23

 

х

 

0,26

 

х

 

0,26

 

-

 

х

Қаржыландыру  коэффициенті

 

х

 

0,29

 

х

 

0,34

 

х

 

0,35

 

+0,01

 

х

Меншікті және қарыз капитал қатынасының коэффициенті

 

 

х

 

 

3,35

 

 

х

 

 

2,88

 

 

х

 

 

2,84

 

 

-0,04

 

 

х

Инвестициялау коэффициенті

 

х

 

0,31

 

х

 

0,33

 

х

 

0,34

 

+0,01

 

х

Ақпарат көзі: 2009-2011  жылдардағы «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» АҚ қаржылық есептері


     3.3 кестенің мәліметтерінене кәсіпорын активтерін қаржыландыру көздерінің соңғы жылдары қысқарып кеткенін байқаймыз. Айталық, 2009 жылы олар 1992483  мың теңгені құраса, 2010 жылы мың 1778839 теңгені құраған, ал 2011 жылы   1730203 теңгеге дейін төмендеген, яғни есепті жылы бұл көрсеткіш 48636 мың теңгеге, немесе 10,7% төмендеген. Мұндай өзгерістер негізінен қарыз капиталдың төмендеуінен болып отыр, атап айтсақ 2011 жылы 1279176 оның көлемі жылы теңгені құрап, соңғы жылы 3,1%, немесе 40590 мың теңгеге қысқарған.

     Дегенмен де, кәсіпорынның тәуелсіздік коэффициенті 2010 және 2011 жылдары алдыңғы жылдармен салыстырғанда 0,03 пунктке өсіп, нәтижесінде 0,26-ға жетіп жығылған.

     Тартылған қарыз қаражаттардың салмақ үлесі де соңғы жылдары төмендеп кеткен. Мысалға, жылы 2009 олардың үлесі 77% құраса, 2010 жылы 74,2, ал 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 0,3% төмендеп, 73,9%-ға жетіп жығылған.

     Тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш – бұл тәуелділік коэффициенті және ол былайша анықталады:

 

           Кз = Пк:Ак или Кз = 1- Кн,                                                               (3.2)

 

     Мұнда: Кз – тәуелділік коэффициенті; Пк – тартылған қарыз капитал; Ак – авансталған жалпы капитал.

     Біздің қарастырып отырған кәсіпорында аталған көрсеткіштің мәндері мынаған тең:

 

Кз (2009) = 1534200/1992483 = 0,770  немесе  Кз = 1 – 0,230 = 0,770

Кз (2010) = 1319766/1778839 = 0,742  немесе  Кз = 1 – 0,258 = 0,742

Кз (2011) = 1279176/1730203 = 0,739  немесе  Кз = 1 – 0,261 = 0,739

   

     Бұл коэффициент кәсіпорынның жалпы капиталындағы қарыз капиталдың үлесін сипаттайды. Бұл үлес неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорынның сыртқы қарыз қаражат көздерінен тәуелділігі де жоғары болады.

     Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі көрсеткіш – бұл қаржыландыру коэффициенті, яғни меншікті капиталдың қарыз капиталға қатынасы және ол былайша анықталады:  

 

              Кф=Ск:Пк,                                                                       (3.3)

 

     мұнда Кф – қаржыландыру коэффициенті; Ск – меншікті капитал; Пк – тартылған қарыз капитал.

Біздің мысалымызда ол мынаған тең:

 

Кф (2009) = 458283/1534200 = 0,299

Кф (2010) = 459073/1319766 = 0,348

Кф (2011) = 451027/1279196 = 0,353

 

     «Талдықорған электрмен қамсыздандыру» Акционерлік қоғамында бұл көрсеткіш 2009 жылы 0,299, 2010 жылы 0,348, ал 2011 жылы 0,353 тең. Бұл коэффициенттің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым банктер мен инвесторлар үшін аталған кәсіпорынды қаржыландыру сенімді және тиімді болмақ. Демек, біздің мысалымызда бұл коэффициенттің жыл сайын өсіп келе жатқанын ескерсек, аталған кәсіпорынды қаржыландыру мүмкіндігінің өскенін байқауға болады.

Информация о работе Кәсіпорын капиталының экономикалық негіздері