Коммерциялық банктердің несиелік саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2014 в 22:39, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасында банктердің атқаратын рөлі өте маңызды қаржылық институт болып табылады. Банктер миллиондаған жеке кәсіпкерлермен жеке тұлғаларға кредит рәсімдеп қана қоймай,олардың қажетінше көптеген банкттік операцияларды жүзеге асырады.
Сонымен осы қаржылық иституттың елімізге,еліміздің экономикасына маңыздылығына байланысты банк түсінігін дұрыс түсінуімізге себеп туады. Банк-әртүрлі банкттік операциялар ұсынатын,сонын ішінде, депозиттік, төлем, жинақ операцяларын және кредит рәсімдеуді ұсынатын маңызды қаржылық институт болып табылады.Осы банкттердің көп қызмет түрлерін корсетуіне байланысты оларды «қаржылық әмбебап» деп те аталған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.docx

— 1.14 Мб (Скачать документ)

 

Пластикалық карта бөлімінің операцияларының сипаттамасы

Төлем карточкаларының түрлері

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың халықаралық төлем карточкасы – бұл төлем жасаудың және қолма-қол ақша алудың әмбебап құралы. Төлем карточкалары Сіздің қай елде жүргеніңізге қарамай, карточкалық есепшотыңыздағы ақшаны тәулік бойы және жедел алуыңызды қамтамасыз етеді. 

«Банк ЦентрКредит» АҚ төлем карталары Сізді қолма-қол ақша алып жүру қажеттілігінен босатады, ал бұл Сіздің қауіпсіздігіңізді, сондай-ақ сауда және сервис орындарында сауда жасау мен қажет болғанда қолма-қол ақша алудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар карточкалық шотты заңсыз пайдаланудан жоғары деңгейде қорғайды.

«Банк ЦентрКредит» АҚ халықаралық картасын алып шетелге шыққанда, карточкалық есепшотыңыздағы қаражатты декларациялаудың қажеті жоқ – кез келген қажетті сома ешқандай қиындықсыз барлық шекарадан өте береді. Ал барған елдің валютасымен сауда жасаған кезде, сома тиімді бағаммен есепшот валютасына автоматты түрде айырбасталады.

Сіз карточкалық есепшотқа / карточкалық есепшоттан оңай әрі жылдам ақша аудара аласыз, бұл кезде Сізге мұндай операциялардың толық құпияда болатынына кепілдік беріледі.

Қонақүйге бронь жасау үшін Сізге халықаралық төлем картаңыздың нөмірін операторға хабарлау жеткілікті.

Сіз сенімді тұлғаларыңыздың бірінің атына қосымша карта ашып, оған өзіңіздің карточкалық есепшотыңыздағы ақшаны басқару құқығын бере аласыз.

Төлем карточкалары

2013 жылғы 01 қаңтардағы мәліметтерге  сәйкес айналымдағы карточкалар саны бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың нарықтағы үлесі 6,8% құрады. 2012 жылы шығарылған карточкалар саны 300 мыңнан асты. 2012 жылдың басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда, айналымға шыққан карточкалардың саны 9%-ға артты. Сауда желісіндегі айналым 14%-ға ұлғайып, 3,3 млрд теңгені құрады. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың карточкалары бойынша қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдердің көлемі 2012 жылы 28,2 млрд теңгені құрады.

Қолдануға болатын банкоматтар саны – 765 бірлік. Сауда және сервис кәсіпорындарында 1605 pos-терминал орнатылды, 410 pos-терминал банктің

филиалдарында іске қосылған. 2012 жылғы маусым айында

«Банк ЦентрКредит» АҚ Банктің POS-терминалдары желісінде чип карталарын қабылдауға қатысты «Сауда эквайрингі» жобасы бойынша MasterCard International Халықаралық төлем жүйесінде сертификаттаудан

сәтті өтті.

Сыйақы төлем карталарының желісін кеңейту мақсатында Банк 2012 жылдың шілде айында VIP-клиенттер үшін Visa Platinum Credit жаңа

карточкалық өнімін іске қосты. 2012 жылдың 4-ші тоқсанында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен бірге «Екіжақты Host2Host» жобасын іске қосу бойынша жұмыс жүргізілді, бұл Host2Host арқылы серіктес банктер желісінде қызмет көрсетілген Банк клиенттері үшін тарифтерді төмендетуге мүмкіндік берді.

«StarBanking» мобильді қондырғылары арқылы есепшоттардың барлық түрлерін қашықтан басқаратын жаңа жүйе іске қосылды. Бұл жүйе ұялы телефон арқылы: балансты қарау, үзінді көшірмелерді қалыптастыру, төлем жасау, ақша аударымын жүргізу және т.б. операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Банк банкоматтарында көрсетілетін қызметтердің санын ұлғайту аясында коммуналдық қызмет, кабельді теледидар, Интернет/ІР-телефония, күзет агенттіктерінің қызметі, балабақша, желілік компаниялардың қызметі үшін төлем жасау жүйесі енгізілген, сондай-ақ «Қазақстанның Банкаралық есеп айырысу орталығы» төлем агрегаторымен ынтымақтастық жобасы іске қосылды.

2013 жылы клиенттерге қызмет  көрсету арналарын кеңейту мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалануға енгізу жоспарлануда.

Банк 2013 жылы карточкалар бойынша өнімдік желіні ұлғайтуға, инновациялық жобаларды дамытуға және қолданыстағы сервистерді жетілдіруге ерекше назар аударады.

 

 

ХТЖ логотипі

Халықаралық төлем жүйесі туралы қысқаша

 
 
 
 

VISA INTERNATIONAL – карточкаларының саны бойынша, сондай-ақ айналым бойынша ең ірі халықаралық төлем жүйесі. Дүниежүзілік нарықтағы үлесі – 50%-дан жоғары. АҚШ-та басқа американдық банктермен бірге пластик есеп жүйесін алғаш енгізген Bank of America негізінде 1972 жылы ұйымдастырылған. Әр түрлі елдердің қаржы ұйымдарының қауымдастығының принципі бойынша құрылған. Ұйымдастыру принципі – табыссыз корпорация, АҚШ Делавер штатында тіркелген. Қауымдастықтың мүшелері ортақ иеленуші болып та табылады. Әлемдік ірі қаржы ұйымдарының қатарынан 19 мыңнан аса мүшелері бар.

"Visa-мен Go" деушілердің  саны күн санап артуда


 

VISA INTERNATIONAL төлем  жүйесі карталарының сипаттамасы

ХТЖ логотипі

Халықаралық төлем жүйесі туралы қысқаша

 

 

MasterCard Worldwide – әлемнің 210 еліндегі 22 мың қаржы мекемесін біріктіретін халықаралық төлем жүйесі. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан. Бірнеше американдық банктердің арасында Interbank Card Association деп аталатын қауымдастық құру туралы келісімнің нәтижесінде 1966 жылы құрылған. Әлемдегі төлем карталарының 26 %-ға жуығы MasterCard үлесіне тисе, 57%-ы әлемдік көшбасшы VISA төлем жүйесіне тиесілі.

"Әлемде ақшаға сатылмайтын  бірнеше зат бар. Қалғандары үшін MasterCard жеткілікті"


 

 

 

VISA INTERNATIONAL

Visa Platinum

 

 
Ауқатты және маңызды клиенттерге арналған Premium сегментінің мүмкіндігі жоғары картасы, ол Банктің клиентке деген айрықша құрметінің белгісі болып табылады. Бұл – ерекше қызмет көрсетудің және сәйкес көңіл бөлудің деңгейі.

Карта валютасы

KZT, USD, EUR

Қолдану саласы

Банкоматтар,  
қолма-қол ақша беру орындары (банктер),  
сауда желісі, интернет

Қосымша мүмкіндіктері

Premium сегменті  карточкаларын ұстаушыларға арналған қосымша қызметтер  
Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер 


 

 

Visa Gold

 

 

Дәулетті клиенттерге арналған қымбат алтын карточка. Карточка иесінің қаржылық тұрақтылығын көрсетеді және ауқымды қаржылық мүмкіндіктерді ұсынады: қонақүйде демалғанда, билет сатып алғанда, автокөлік жалдағанда, дүкендерде есеп айырысқанда және т.б. жеңілдік береді. VISA логотипі бар барлық жерде қызмет көрсетіледі.

Карта валютасы

KZT, USD, EUR

Қолдану саласы

Банкоматтар,  
қолма-қол ақша беру орындары (банктер),  
сауда желісі, интернет

Қосымша мүмкіндіктері

Premium сегменті  карточкаларын ұстаушыларға арналған қосымша қызметтер  
Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер 


 

 

Visa Classic 

 

 

Ең танымал және көп тараған төлем карточкасы. VISA логотипі бар барлық жерде қызмет көрсетіледі. Шетелге шыққан кезде өте ыңғайлы.

Карта валютасы

KZT, USD, EUR

Қолдану саласы

Банкоматтар,  
қолма-қол ақша беру орындары (банктер),  
сауда желісі, интернет

Қосымша мүмкіндіктері

Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер 


 

 

Visa Electron

 

 

Ең қарапайым және қымбат емес халықаралық карточка. Шетелге сапар шеккенде және күнделікті қолма-қол ақша алған кезде, тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысқанда төлем жасайтын ыңғайлы құрал.

Карта валютасы

KZT, USD, EUR

Қолдану саласы

Банкоматтар,  
қолма-қол ақша беру орындары (банктер),  
сауда желісі

Қосымша мүмкіндіктері

Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер 


 

 

Visa Electron Instant Issue

 

Карточканың басты ерекшелігі Банктің кез келген бөлімшесінен бірден шығарылады. Карточкада ұстаушының аты көрсетілмегеніне қарамастан, бұл картаға басқа Visa карталары сияқты POS-терминалдарда және банкоматтарда қызмет көрсетіледі.

Карта валютасы

KZT, USD, EUR

Қолдану саласы

Банкоматтар,  
қолма-қол ақша беру орындары (банктер),  
сауда желісі

Қосымша мүмкіндіктері

Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер 


 

 

Visa Instant Social card

 

 
 
Банктің тарифтеріне сәйкес Банк шығарған және зейнетақы, жәрдемақы және басқа да мемлекеттік төлемдерді алуға арналған дербестендірілмеген төлем құралы. Толығырақ ...

Карта валютасы

KZT, USD, EUR

Қолдану саласы

Банкоматтар,  
қолма-қол ақша беру орындары (банктер),  
сауда желісі

Қосымша мүмкіндіктері

Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер 


 

 

Visa Virtuon

 

 

Карточка Интернет желісінде есеп айырысуға арналған және жасалатын мәмілелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Виртуалды карточкалардың нөмірлері арнайы топқа бөлінген, бұл карточканы заңсыз пайдалануға жол бермейді. Виртуалды карточка есеп айырысатын картадан ерекшеленеді - онда магнитті жолақ та, чип те, қол қоятын жері және Visa логотипі жоқ.   Толығырақ ...

Карта валютасы

KZT, USD, EUR

Қолдану саласы

Интернет 

Қосымша мүмкіндіктері

Star Banking  
SMS -хабарлама 


 

 

Visa Gift сыйлық картасы

 

 
Бұл – алдын ала баланс салынған халықаралық төлем картасы. Visa Electron картасы негізінде шығарылады. Visa Electron халықаралық дебеттік картаның барлық артықшылықтарына ие. Бірден шығарылады. Карта дербестендірілмеген. Толығырақ ...

Карта валютасы

KZT, USD, EURO

Қолдану саласы

Банкоматтар,  
қолма-қол ақша беру орындары (банктер),  
сауда желісі, интернет 


 

 

 

Жалақы карточкалары

 

 
Бұл – мекеме мен компания қызметкерлерінің жалақысын карточкалық есепшотқа аудару қызметі, ол – қажет кезінде қолма-қол ақша алуға ыңғайлы және өз ақшасын тиімді басқаруға көмектесетін қаржы құралы (VISA Electron, VISA Classic, VISA Gold, Visa Platinum).

Карта валютасы

KZT, USD

Қолдану саласы

Банкоматтар,  
қолма-қол ақша беру орындары (банктер),  
сауда желісі, интернет 

Қосымша мүмкіндіктері

Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер  


 

 

Корпоративтік карточка (Visa Electron/VISA Business/Visa Gold)

 
 
 
 
 

 

Бұл карточка мекеменің немесе компанияның қызметкеріне арнап шығарылады. Ол мекеме немесе компания қызметкерінің өкілдік және іссапардағы шығындарын төлеуге арналған (қонақүйде тұру, авиабилеттер алу, мейрамханада түскі ас ішу, автокөлікті жалға алу және басқалар). Корпоративтік карточка мекеменің шығындарын тиімді басқаруға көмектеседі және мекеменің есеп айырысу шотынан толықтырылып отырады. Толығырақ...

Карта валютасы

KZT, USD, EUR

Қолдану саласы

Банкоматтар,  
қолма-қол ақша беру орындары (банктер),  
сауда желісі, интернет 

Қосымша мүмкіндіктері

Интернет Банкинг  
SMS-хабарлама  
Банкомат арқылы ақша аудару  
Visa-to-Visa ақша аударымдары 


 

 

 

MasterCard

MasterCard Platinum

 

 

MasterCard Platinum – бұл карталар  абырой мен халықаралық мойындауға аса мән беретін тұлғаларға арналған және олардың жоғары мәртебесінің белгісі болып табылады. Бүкіл әлем бойынша сенімді серіктестер желісі осы карточкаларды ұстаушыларға ерекше қызмет көрсетуді ұсынып, шет елдерде тауарлар мен қызмет көрсетулерге төлем жасаған кезде, қонақүй ақысын төлеген кезде, автокөлікті жалға алған кезде айтарлықтай жеңілдіктер беру сияқты бірқатар қосымша мүмкіндіктер сыйлайды.

Карта валютасы

KZT, USD, EUR

Қолдану саласы

Банкоматтар,  
қолма-қол ақша беру орындары (банктер),  
сауда желісі, интернет

Қосымша мүмкіндіктері

Premium сегменті  карточкаларын ұстаушыларға арналған қосымша қызметтер  
Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер  


 

 

 

MasterCard Gold

 

 
MasterCard Gold – бұл өз иесінің дәулетін білдіретін, жоғары сападағы беделді карта. Алтын картаны ұстаушылар ерекше қарым-қатынасқа, жоғары қызмет көрсету сапасына, елеулі жеңілдіктер алуға және дүние жүзінде тауарлар мен қызметтерге төлем жасаған кезде тиімді ұсыныстар жасалады деп сенуге құқылы.

Карта валютасы

KZT, USD, EUR

Қолдану саласы

Банкоматтар,  
қолма-қол ақша беру орындары (банктер),  
сауда желісі, интернет

Қосымша мүмкіндіктері

Premium сегменті  карточкаларын ұстаушыларға арналған қосымша қызметтер  
Карточкалар бойынша көрсетілетін қызметтер

Информация о работе Коммерциялық банктердің несиелік саясаты