Инвестициялык компаниялар жане корлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 17:27, реферат

Краткое описание

Инвестициялдық компания - өз қолына шағын салымдарды шоғырландырумен айналысады. Ол қаржы өндірісті дамытуға бағытталады. Сондай-ақ бұл компания құнды қағаздар шығару, оны тарату, құнды қағаздарға қаржы жұмсау, өз атынан және өз есебінен құнды қағаздарды сатады, сатып алады. Компанияның ресурстары құрылтайшылардың меншікті қаражатынан, меншігіндегі құнды қағаздар эмиссиясынан құралады.

Содержание

1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қүрылуы мен қызметі
2 Инвестициялық процестегі компаниялар мен қорлардың ролі
3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар портфелі
Қолданылған әдебиеттер</h3>

Прикрепленные файлы: 1 файл

kontrosha.kz.doc

— 62.50 Кб (Скачать документ)

Тәжірибеде, қарапайым  аукцтонда бәсекені сатушылар, әйтпесе  сатып алушылар ұсынады. Бұл шара дамыған  қаржы нарқында  аса  тиімділікке қол жеткізбейді. Сондықтан қарапайым аукцион баға бағамының өрісіне қарай қосарландырыла ұйымдастырылатын аукциондық әдіске көшіріледі. Бірақ бұл әдіс  нарық жағдайына әрқашан тиімді бола бермейді. Сауда өрісін  қалайда ұтымдылыққа қол жеткізу үшін түрліше әдістер қолданылады. Мысалы, нарық жүйесінде бір дүркінді немесе талап  етушілік деп аталатын аукцион түрі бар. Бұл әдіс  саудада өтімділік төмендеген кезде қолданылады. Сол сияқты  үздіксіз ұйымдастырылатын  аукцион  кезінде ұсыныстар тіркелетін  кітаптағы мәліметтер пайдаланылады.

Қор биржасы құнды  қағаздармен көтерме сауда жүргізетін  буын болғандықтан, Қазақстанда  биржаның экономикалық қатынастарда тиімділікті  күшейту бағыты ұстанған.  Қазір  Қазсқатанда құнды қағаздардың  қарыздық құнды қағаздар,  таратылатын құнды қағаздар, үлесті құнды қағаздар, туынды құнды қағаздар сияқты  түрлері бар. Қазсқатанда құнды қағаздар нарқы біртіндеп дамытылуда.

Дүние жүзінде құнды  қағаздар акцияларның  нарқы жүйесінде  бірінші орында АҚШ тұр. Мұнда  осы  нарық 1939 ж. құрылғын. Нарықта реттеушілік, бақылаушылық  тәртіп нығайтылған. АҚШ-та коммерциялық банктердің  құнды қағаздар бойынша сауда жүргізуіне аранай актімен шек қойылған.  Өйткені бұрынғы шығарылған, қосымша шығарылған акцийялардың  беделі, рөлі бірдей болады.

Ұлыбританияда акциялар жөніндегі нарық АҚШ пен Жапониядан кейін үшінші орында. XIX ғасыр  басында  Еуропада өнеркәсіп төңкерісінен  кейінгі дәуірден бері қалыптасқан  акционерлік қоғамдардың Англияда ұзақ тарихы бар. Соның өзінде  ағылшындардың  тек 5 пайызға жуығының ғана акция алады екен. Керісінше, қор сақтық компанияларының, жеке меншікті зейнеткерлік қорлардың, қор басқарушы топтардың үлесінде.  Ұлыбританияда акциялар  үшін екінші деңгейдегі  нарық әрекет етуде. Бұл нарық "Баламалы инвестициялық нарық" (АІМ) деп аталады.

Жапония акциялармен  сауда – саттық  жөнінде әлемде екінші орында. Мұнда аса ірі биржалар Токио, Осака  қалаларына  орналасқан. Осы екі биржа арасында бәсекелестік  өте-мөте күшті.  Жапония құнды  қағаздар жөнінде дүние жүзінде  ең ірі  фирмалары бар ел ретінде мақтана алады. Токио қор биржасының  "Екінші секция" деп аталатын екінші деңгейдегі нарық жүйесі бар.  Жапония өз акцияларын шетелдерге шығармайды.  Сондықтан  шетелдік инвесторлар өз акцияларын Жапон сейфтерінде  сақтауға  келісім жасасады.

Германияда акциялық нарық соңғы  жылдары өріс ала  бастағанына  қарамастан  мүмкіндігі әлі  шамалы. Неміс  инвесторлары акциялардың тәуекелділік сипатынан  гөрі, қарыз  қағаздарға сенісділігі  жоғары.

Ресейде қазіргі кезеңде  жекешелендірілген кәсіпорындардың  акциялары екінші орында. Ал мемлекеттік құнды қағаздар нарықта жетекші үлеске ие болған.

<h4>Әлемнің ірі елдерінде акциялар нарқының ерекшеліктері  осындай.

Құнды қағаздар түріндегі  инвестиция, бұл қаржылық инвестицияның   өзіндік бір түрі.  Бұл қосымша ақша табуды  көздеген жәй.  Ал құнды қағаздар  бойынша алынатын  кіріс  дидвидент (үлес)  және бағамдық  құнның өсімі арқылы қалыптасады. Осыған қатысты  қағаздардың кірістілігі, яғни пайда келтірушілік рөлі де белгілі болады. Құнды  қағаздардың кірісін нақты пайымдау үшін нақты мысал  келтірейік. </h4>

Купонмен шығарылған құнды  қағаздар өз иелеріне тиісінше  кіріс келтіреді. Ол кіріс құнды  қағаздың тіркелген  кезіндегі  құнының  тиісті пайызы түрінде алынады.  Мұндай жағдайда кіріс  купондар бойынша төленеді. Егер құнды қағаздың  купондық мөлшерлемесі белгілі жағдайда, кірісті төмендегіше есептеп шығаруға болады.

<h4>Кіріс  осы есептеу нәтижесіне орай төленеді.

Әдетте, құнды  қағаздар әрқашан купонымен бірге  шығарыла  бермейді. Егер құнды қағаздар купонсыз шығарылса, олардың бағасы алғашқы  таратылуында   нақты  құнынан төмен  деңгейде  белгіленеді.  Сонан эмитент құнды қағазды  бастапқы  құны бойынша  сатады. Сондықтан  құнды қағаздың  сатылған бағасы мен алғашқы  инвестор сатып алған бағалар арасында  айырма қалыптасады.  Осы айырма  дисконт деп аталады, бұл инвестордың кірісін құрайды. </h4>

Акциялар бойынша кіріс  дивидент түрінде төленеді.

Тек тиімділіктің  әрекет жөнінен айтқанда құнды  қағаздар мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығын жоюға үлкен  үлес қосты. Сондықтан да менеджерлер нарықтық экономикада  шаруашылық жүргізудің  жаңа тұрпатты әдістерін  қарқынды дамытып отырған  жекешелендірілген   кәсіпорындардың қаржы саласындағы, оның  тиімділігін арттыру ісіндегі тәжірибелерін зерттеп, менеджменттік практикада сол игілікті шараның кең өріс алуын белсенді түрде ұйымдастырушылары  болуға тиіс.

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ.
  2. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.
  3. Ілиасов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Оқулық – Алматы, 2003 ж.
  4. Қабдиев Д.К. “Экономикалық саясат”, экономика, Алматы, 2002 ж.

5. Куликов Л.М. “Основа  экономических знаний” М 1998 г. 

 




Информация о работе Инвестициялык компаниялар жане корлар