Инвестициялык компаниялар жане корлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 17:27, реферат

Краткое описание

Инвестициялдық компания - өз қолына шағын салымдарды шоғырландырумен айналысады. Ол қаржы өндірісті дамытуға бағытталады. Сондай-ақ бұл компания құнды қағаздар шығару, оны тарату, құнды қағаздарға қаржы жұмсау, өз атынан және өз есебінен құнды қағаздарды сатады, сатып алады. Компанияның ресурстары құрылтайшылардың меншікті қаражатынан, меншігіндегі құнды қағаздар эмиссиясынан құралады.

Содержание

1 Инвестициялық компаниялар мен қорлардың қүрылуы мен қызметі
2 Инвестициялық процестегі компаниялар мен қорлардың ролі
3 Түрақты және өзгермелі бағалы қағаздар портфелі
Қолданылған әдебиеттер</h3>

Прикрепленные файлы: 1 файл

kontrosha.kz.doc

— 62.50 Кб (Скачать документ)

<h1> >

</h1>

<h2>Инвестициялық компаниялар және қорлар</h2>

<h3>Жоспар

1  Инвестициялық компаниялар  мен қорлардың қүрылуы мен  қызметі

2 Инвестициялық процестегі  компаниялар мен қорлардың ролі  

3 Түрақты және өзгермелі  бағалы қағаздар портфелі

Қолданылған әдебиеттер</h3>

 

<h4>Инвестициялдық компания - өз қолына шағын  салымдарды  шоғырландырумен айналысады. Ол қаржы  өндірісті  дамытуға бағытталады. Сондай-ақ бұл компания  құнды қағаздар  шығару, оны  тарату, құнды  қағаздарға қаржы жұмсау, өз атынан және өз есебінен құнды қағаздарды сатады, сатып алады.  Компанияның ресурстары  құрылтайшылардың меншікті қаражатынан, меншігіндегі құнды қағаздар  эмиссиясынан құралады. </h4>

Инвестициялдық қор  инвесторлар ақша қаражатын жинақтау мақсатында акциялар  шығарудың және қор атынан ол  қаражатты құнды қағаздарға аударуды жүзеге асырады. Бұл қор  ашық және  жабық  нысанда болады. Жабық тұрпаттағы қор өз  акцияларын  инвесторлардың белгілі тобы үшін таратады, қор  жиналған  капиталды көлемі жағынан ұлғайтуға не оны акциялар есебінен  азайта алмайды. Ал ашық қор құнды қағаздарды  қайта сатып  алуға құқылы, ол акцияларды өз қалауынша шығара алады, сондықтан  ашық қор  ауыспалы капитал деп те аталады.

Холдингтік компания басқа бір компаниядағы акцияларды бақылауға құқылы компания. Осы құқығы арқылы холдингтік компания бірлестікке енетін кәсіпорындарды басқарады, бақылайды.

Қолдағы құнды қағаздардан  кіріс түрліше тәртіппен:

  • белгіленген пайыздық ретпен
  • пайыздық ставканы сатылап қолдану
  • құнды қағаздардың құны көрсетілген индексі бойынша
  • ұтыс заемдарын тарату арқылы
  • дивидендтерді пайдалану, тағы басқа да тәсілдер негізінде алынады.

Демек, құнды қағаздар иесі биржалардағы осы қағаздардың  қозғалысын зерттеп, қадағалап отыруға  тиіс.

Практикада, құнды  қағаздармен  байланысты  істерде тәуекелділік  жағдайы да жиі ұшырасады. Олардың қатарына  тәуекелділіктің  мынадай түрлерін  атауға болады:

  • ұдайы  кездесетін тәуекел. Бұл тұтастай алғанда құнды  қағаздар нарқы  дағдарысына  қатысты тәуекел: 
  • Ұдайы емес тәуекел. Ол құнды қағаздың нақтылы түрімен  байланысты;    
  • селективтік  тәуекел. Бұл портфел қорын  қалыптастыру кезінде  басқадай қағаздармен салыстырғанда  инвестициялауға арналған  бағалы қағаздарды дұрыс іріктеп алмасу салдарынан болатын  тәуекел;
  • уақытша тәуекел.  Құнды қағаздарды сату және сатып алу мерзімін  дұрыс анықтамай, шығынға ұшырататын  тәуекел;
  • құнсыздану әрекетінен болатын  тәуекел. Бұл инвесторлардың  құнды қағаздардан алатын кірісінің мейлінше құнсыздануға ұшырататын  тәуекел.
  • құнды қағаздардың  бағаларының өзгеруі салдарынан болатын тәуекел.

Сөз жоқ, бұл тәуекелділік құнды қағаздар рыногының дамуына  үлкен кедергі жасайды. Халықтың да, кәсіпорындардың да  өз қаржысы  қорын сақтауына зиян келтіреді. Сондықтан менеджерлер күнделікті экономикалық өріс құбылыстарын, ақша  нарығының деңгейін талдап, орынсыз тәуекелділікке ұшырмауды реттеп отырады. Менеджер қызметіндегі шешуші мәселелердің  бірі де осы.

<h4>Қазақстан Республикасының  "Бағалы қағаздар нарқы" заңында бұл саладағы кәсіби қызмет түрлері атап көрсетілген.  Республикамыздың қаржыгерлері  мен менджерлері сол қызмет  түрлері мен олардың міндеттерін жете білуге тиіс.

Ол қызметтер –  брокерлер, дилерлік, депозитарлық, кастандиандық  және : </h4>

  • құнды қағаздар портфелін басқару;
  • құнды қағаздармен операциялар бойынша өзара талаптар мен міндеттемелерді айқындау;
  • құнды қағаздар ұстаушыларының тізімін жүргізу;
  • өкілетті органның  белгілеуі бойынша кәсіби  қызметін басқа да  түрлері;

Аталмыш Заңда  құнды  қағаздар  рыногын мемлекеттік  реттеу негіздері  талап көрсетілген.  

Олар – ең алдымен  құнды қағаздардың мемлекеттік  тіркеуден өткізілетіндігі:  

  • құнды  қағаздар субъектілері қызметіне міндетті талаптар  белгілейтін нормативтік актілер шығару;
  • эмиссиялық  құнды қағаздар шығаруды тіркеу мен  оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын  бақылауды жүзеге асыру;
  • құнды қағаздар нарқына  кәсіптік қатысушылар  қызметін лицензиялау;
  • биржадан  тыс нарық айналысындағы құнды қағаздардың  бағасын  белгілеуді және оның саудасын технологиялық  жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қор биржалары мен  ұйымдардың қызметін лицензиялау;
  • құнды қағаздар нарқында инвесторлардың  құқықытарын  эмитенттер мен құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылардың  сақтауына  бақылау жасау;
  • құнды қағаздар нарқына кәсіптік қатысушылар қызметіне  бақылау жасау және құнды қағаздар нарқын реттейтін заңдарды бұзғаны  үшін тиісті  санкцияларды қолдау;
  • құнды қағаздар нарқында заңдарды бұзатын адамдарды  анықтау және  жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қодау;
  • құнды қағаздар нарқына қатысушылардың кәсіптік және  білім деңгейін арттыру жөніндегі жүйелерді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады деп, басты-басты міндеттер көрсетілген;

Құнды қағаздар нарқы  саласында басты қызметпен  шұғылданушы  мамандар қатарында :

Брокер –комиссияның немесе тапсырыс негізінде клиенттің  тапсырмасы бойынша , соның есебінен құнды қағаздарды  сату-сатып алу ісімен шұғылданатын қаржылық делдал.Олар атқаратын  қызметіне қарай тіркелген, тәуелсіз, сауда залында атқарушы , несиемен айналысатын брокерлер деп аталады.

Дилер – құнды қағаздар нарқына қатысушы, өз есебінен және  тапсырма бойынша құнды қағаздарды сатушылар.

Сонымен, құнды қағаздар түрлері өзінің түрліше әрекетімен  қаржы қорын молайту, оны  әр  салада  ұтымды пайдалануға  елеулі үлес қосатын құралдар.

Қазіргі кезеңде техникалық  өркениеттің дамыған  жағдайында қағаздар нарқа тиімділігін арттыру, ол істі мейлінше  жүйелі  жүргізу  мақсатымен нақ заманы компьютерлер  мен телекоммуникация  желілерін  қолдану өте-мөте жақсы.  Мұның өзі осы құнды қағаздар   рыногына байланысты ақпаратты қолма-қол алып, нарық жағдайындағы өзгермелі әрекетін анықтап, іске тезірек өріс беретін ілкемді шаралар белгілеуге көмектеседі.  Компьютерлердің көмегімен биржалық, биржадан тыс құнды қағаздар нарқы ауданындағы  істі білуге, сауда  қызметінің деңгейі мен ерекшілігін анықтауға, құнды қағаздар  түрлері, бағалар, басқа  да шешуші  бағдарламаларды біліп, нарықты  тиімді ұйымдастыруға негіз  қолайлы.

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  вексель айналысы туралы" Заңында  құнды  қағаздардың бір  түрі – вексельді пайдаланудың  тәртібі талдап көрсетілген. Вексельдің  түрлері, индоссамент, аваль  туралы заңдық тұрғыдағы  міндеттер нақты баяндалған.  Осыған байланысты  аталған құнды  қағазға сәйкес  ерекшелікті атаған жөн. Айталық,  аударым векселі және жай  вексельдің жасалуы  мен нысаны дәлме-дәл көрсетілген. Бұл заңда  аударым  векселінде қандай белгілер болатыны  түсіндірілген.  Мысалы мынадай талаптар белгіленген:

  • құжат мәтінінің өзіне енгізілген және осы құжат жасалған тілде  айтылған вексель атауы.
  • белгілі  бір ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық;
  • төлем төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) атауы;
  • төлем мерзімін көрсету;
  • төлем жасалуға тиіс орынды көрсеті;
  • кімге немесе кімнің бұйырығымен төлем төленуге тиіс тұлғаның атауы;
  • вексель шығарыатыны уақыты, оны қай ұйымда шығарылатынын көрсету;
  • вексель беретін тұлғаның (вексель берушінің) қолы болуға тиіа.

Ал жай вексель мыналардан тұрады:

  • мәтіннің  мазмұнына енгізілген және сол құжат жасалған тілдегі вексель атауы;
  • белгілі бір ақша сомасын  төлеуге  қатысты  мәселелер мен  шарттастырылған  уәде;
  • төлем мерзімінің көрсетілуі;
  • төлемді жүргізген орынның көрсетіуі;
  • кімге немесе кімнің бұйрығымен төлемнің орындауға  тиіс тұлғаның атауы;
  • вексельдің  шығарылған күні мен орнын көрсету;
  • құжатты берушінің (вексель берушінің) қойған қолы болады.

Заңда Республикада вексель  айналысының тәртібі  айтылған. Мысалы, Қазақстанда вексель айналысы жай  және  аударым коммерциялдық  вексельдерін  шығаруды, ол бойынша  тап ету құқығын беруді, оған байланысты  вексель міндеттемелері мен операцияларын орындауды, есеп-қисап кеңселерінде  вексельдермен операциялар жүргізуді қамтиды. Вексельдік міндеттеме –вексель  берушінің тиісті дәрежеде рәсімделген вексельді заңды  түрде берген мерзімнен бастап пайда болады. Сол сияқты  Республикада  заңды және  жеке тұлғалар өзара есеп айырысуларды жай және  аударым вексельдерін пайдалануға құқылы.

Ал индоссамент деген не ?  Ол вексельдің сыртқы  бетіндегі  табыстау жазбасы, бұл жазба осы вексельді иелену  құқығының басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын ұғымды білдіреді.

Егер индоссамент бланктік индоссамент  болса, онда  вексельге  иелік  етуші:

  • өз кезегінде вексельді  бланк арқылы немесе қандай да басқа  бір  тұлғаның атына индоссациялай алады.

Вексельді бланк толтырмастан және индоссамент жасамастан  үшінші тұлғаға бере алады.

Менеджерлер вексельге  байланысты  аваль деген терминнің  мәнін білгені жөн. Аваль  дегеніміз  вексель кепілдігі. Аваль беруші  тұлға вексель жөніндегі міндеттемені басқа  тұлғалардың осы аталған  міндеттемелерді орындауы үшін жауапты  болады.  Сондықтан Заңда авальдің кімнің есебінен беріліп  отырғанын көрсету ескертілген. Ал вксель төлеміне  берілетін жазбаша  келісімді акцепт  арқылы аударым векселін мерзімінде төлеуге өзіне тиісінше  міндеттеме  қабылдай алады. Акцепті пайдалануға байланысты ережелерді  Заңдағы талаптарға сәйкес жүйелеп алып, сол бойынша іс-қимыл  жасау ерекшілігін акцепке қатысты қызмет атқаратын мамандар  жете білуге, осы негізде іс жүргізуге тиіс.

Соңғы жылдары Қазақстанда  құнды қағаздар шығару ісі  қолға  алынды. Бұл мәселемен көбінесе  жекешелендірілген кәсіпорындар айрықша шұғылданып отыр. Мысалы, 1997 жылдың тек бес айы  ішінде ғана Қазақстанда жалпы сомасы  22 миллиард  сома мөлшерінде құнды қағаздар шығарылды. Негізінен  олар – акциялар , облигациялар.  Тәуелсіздік алған  Қазақстан өзінің  нарықтық  өркендетуге, ең алдымен, қаржы фукнцияларының  ықпалын нығайтуға  күш салды. Сөйтіп , Республика  дағдарысқа  тап болған экономикаға жаңа  бағыт-бағдар берді. Осы мақсатты  жүзеге асыру үшін Қазақстан үкіметі шетелдерден   инвестициялдар  тартты. Шетелдік инвесторлардың қаржысын тарту  есебінен бір  қатар өндіріс ошақтарын ортақтаса пайдалануды  ұйыдастырды. Әрине, бұл шараларды  іске асыру оп-оңай болған жоқ. Үкіметтің табанды іскерлік- қимылы  арқасында  республика  экономикасы ілгері басып отыр.

Әдетте, қолдағы қаржы  қорын  молайтудың жолдары сан  алуан. Ақшаны тікелей өндірісте  пайдалану, тауарлар шығаруды еселеп молайтып, оны сату есебінен қою  жинақтау сияқты ұтымды  әдістер дамыды, керісінше  жетілдіріп отырылды.

Қаржы нарқын құрып,  оны дамытуға да  айрықша көңіл  бөлінді. Бұл салада құнды қағаздар шығару аса тиімді болды.  Ол үшін үкіметтің  "Құнды қағаздар туралы"  арнай заңының  маңызы зор. Құнды қағаздар мен жұмыс істейтін қор биржасы  құрылды.  Осы заңға сәйкес қор биржасының  фукнциялары белгіленді. Ол мынадай  бағытта:

  • биржа өз клиенттеріне құнды қағаздарға байланысты жұмыс атқаруға қажетті сауда алаңын беру;
  • құнды қағаздармен сауданы ұйымдастыру;
  • құнды қағаздарға арнап баға белгілеуді жүзеге асыру;
  • биржа өз тарапынан өз мүшелеріне қызмет көрсету;
  • биржа өз қызметіне сәйкес талдамалық мақсатта зерттеулер  жүргізу;
  • құнды қағаздар нарқында субъектілер арасында  құқықтық қатынастар негізінде есеп айырысуды жүргізу;

Бираның басқару органдары  да құрылды . Ол органдар:

  • биржаның жоғарғы басқару органы – акционерлердің  - жалпы жиналысы;
  • байқаушы орган – биржа кеңесі (байқаушы кеңес);
  • орындаушы орган – басқарма ;
  • бақылаушы орган  - түгендеу  комиссиясы.

Қор биржаның бүкіл ұйымдық  шаралары заңда  белгіленген ережелерге сәйкес  жүргізілуде. Мысалы, құнды қағаздар  бойынша сауда ұйымдастыру ауыкциондық нысанда атқарыларды.  Дүние жүзінде аукциондар  ұйымдастырудың бірнеше нысандары  қалыптасқан. Айталық, қарпайым аукцион – сұраныс пен  ұсыныстың шағын көлемі жағдайында ұйымдастырылады. Мұнда  құнды  қағаздарды  сатушы мен сатып алушылар өздеріне пайдалы ұсыныстарды анықтау үшін ынталы болады.

Ағылшындық  аукционда  бәсекелестік жағдайда  сатып алушы  бағаны әдейі  арттыра  беруге ынталы, сол  арқылы ол бастапқы  бағаны жоғары деңгейге өзгерте береді.

Голландық аукционда  - сату өрісінде ең алдымен  ағымдағы баға орнына ең жоғарыбаға аталады.  Егер сол баға  бойынша  алушы  болмаса, онда оны біртіндеп кемітуге мәжбүр болады.

Сырттай өткізілетін  аукционда  сатып алушылар бағалық мөлшерлемені бірмезгілде атайды, кейін саудаласу кезінде құнды қағаздар бір тоқтамға келген баға бойынша сатылады.

Информация о работе Инвестициялык компаниялар жане корлар