Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 20:00, контрольная работа
Факторинг АҚШ-та шамамен 1890 жылы пайда болды. Экономикалық тұрғыда бұл борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі.
Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.
Мұндай мәміленің нәтижесінде банк өз клиентінің талабын қайта қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар төлемеу ықтималы тәуекелін өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын алады.
1.1. Факторингтік және форфейтингтік операцияларының пайда болуы мен әлемдік нарықтағы рөлі
1.2. Факторингтік және форфейтенгтік операцияларының түрлері мен ұйымдастыпу ерекшеліктері
1.3. . Әлемдік нарықтағы факторинг және форфейтинг
1. Форфейтермен келіссөздер.
2. Экспортер мен импортер арасында саудалық келісім жасау.
3. Форфейтинг келісімін жасау.
4. Экспорттық келісімді жүзеге асыру.
5. Форфейтинг келісімді атқару.
Форфейтингтік келісім құнына келесілер кіреді:
1.қарыздық ресурстарды қолданғаны үшін төлем;
2.тәуекелге сыйақы;
3.аккредитивке қызмет көрсетуге комиссия.
Форфейтинг артықшылықтары Экспортер үшін:
- экспорттық келісімді жүзеге асыру барысында туындайтын дебиторлық берешекті басқарумен байланысты шығындарды азайту;
- тәуекелді, соның ішінде төлемеу тәуекелін форфейтерге беру;
- осындай келісімдердің құпиялылығы.
Форфейтер үшін:
- классикалық банктік несиелеуге қарағанда жоғарырақ табыс алу;
- банктік қызметті әртараптандыру;
- екінші нарықта алынған активтерді сату мүмкіндігі;
- жаңа клиенттерді тарту.
Импортер үшін:
- қажетті, соның ішінде бірегейлі өнімге ие болу;
- экспорттық келісім бойынша төлеумен қиындықтар туындаған жағдайда несиелеу мерзімін ұзарту мүмкіндігінің бар болуы;
- банкте несиелік желіні қолдану [2].
2.1. Әлемдік нарықтағы факторинг және форфейтинг
Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің мұны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5- 2,5 /о) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1—2 %-дай жоғары болып келеді.
Қазіргі күні отандық
Факторингтік
операцияларды қолданудың
Алғашқыда факторинг 16-17 ғ.ғ, пайда болған, оны саудагерлер өз тәжірибесіне алғаш енгізілген. Соңына қарай онымен сауда банктері айналыса бастаған. Басында олар тауар өндірушілерге өз тауарларын өткізуге, сатуға ықпал жасап отырған, содан соң олар тауарды өндіруші кәсіпорындардың жіберген тауарлары үшін ақшасын төлеп, тауарлы несие беруге көшкен, әрі қарай кейбір сауда делдалдары өз саудасын тастап, өз клиенттерімен қаржылық қарым-қатынасқа көшкен, яғни тауарды өндірушілерден шот-фактураларды сатып алып, ондағы қарыздық міндеттемені талап ету құқығына ие болды. Міне осылай факторингтік компаниялар пайда болған. Бірақ алғашында оларды тек қана банктік несиені алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қолданған. Ал қазіргі банктік қызметтің деңгейінің жоғары дамуы, сонымен қатар арнайы мамандандырылған несие мекемелерінің пайда болуы клиенттерге жоғары деңгейдегі, жан-жақты қаржылық қызмет көрсетуді дамытып отыр.