Факторингтік және форфейтингтік операцияларының пайда болуы мен әлемдік нарықтағы рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 20:00, контрольная работа

Краткое описание

Факторинг АҚШ-та шамамен 1890 жылы пайда болды. Экономикалық тұрғыда бұл борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі.
Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.
Мұндай мәміленің нәтижесінде банк өз клиентінің талабын қайта қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар төлемеу ықтималы тәуекелін өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын алады.

Содержание

1.1. Факторингтік және форфейтингтік операцияларының пайда болуы мен әлемдік нарықтағы рөлі
1.2. Факторингтік және форфейтенгтік операцияларының түрлері мен ұйымдастыпу ерекшеліктері
1.3. . Әлемдік нарықтағы факторинг және форфейтинг

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 86.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ

 

1.1. Факторингтік және форфейтингтік  операцияларының пайда болуы мен әлемдік нарықтағы рөлі

 

1.2. Факторингтік және форфейтенгтік операцияларының түрлері мен ұйымдастыпу ерекшеліктері

 

1.3. . Әлемдік нарықтағы факторинг және форфейтинг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Факторингтік және форфейтингтік  операцияларының пайда болуы мен әлемдік нарықтағы рөлі

 

 Факторинг АҚШ-та шамамен  1890 жылы пайда болды. Экономикалық  тұрғыда бұл борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі.

Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені  қайтаруды талап ету құқығын  қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.

 Мұндай мәміленің нәтижесінде  банк өз клиентінің талабын  қайта қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар төлемеу ықтималы тәуекелін өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын алады. Факторингпен айналысатын адам фактор деп аталады. Ақысы төленетін (төлеу сатып алушының ақшасын алуына қарай жүргізіледі) факторинг және төленетін және қаржыландырылатын (соманың 90 пайызын бір уақытта төлеу тауарды өндіруші жеткізгеннен кейін және келесі ақы төлеу – барлық ақша алынғаннан кейін жүргізіледі) факторинг деп бөлінеді. Соңғы түрі қымбаттау, себебі үлкен тәуекелділік бар. Бірақ борышкерді таңдау құқығы факторға: банк немесе сауда үйіне қалдырылады. Ұлыбританияда факторинг нарығының 60 пайызынан артығы факторинг фирмалары арқылы жұмыс істейтін коммерциялық банктерге жатады.

 «Факторинг» термині ағылшын  тілінен алынған – делдал, агент. Факторинг – коммерциялық банктер (олардың еншілес фактор - фирмалары) ұсақ және орта фирмаларға – олардың клиенттерге көрсететін қаржылық қызметтердің түрі. Факторинг мәні фактор – фирма немесе банктің клиенттен берешектерін өндіртіп алу құқына ие болуы және өз клиенттерінің борышкерлеріне талапты жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің төлейтін мерзімі басталғанға дейін берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы. Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген соң борышкер өз берешегін өтегеннен кейін клиенттерге қайтарылады. Нәтижесінде клиент берешектерін жылдам қайтару мүмкіншілігіне ие болады, бұл үшін фактор – фирмаға немесе банкке белгілі бір сыйақы төлейді. Факторинг жүзеге асырылғанда клиент борышкерден берешектерді алу құқығын фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады. Факторинг сауда операциялары сияқты пайда болды, одан кейін несие беру нысанасы ие болған. Банктердің факторинг операциялары мыналар: ішкі операциялары, мұнда жабдықтаушы және клиент (сатып алу, сату шарты бойынша тараптар), сонымен қатар факторинг компаниясы белгілі бір елде болады немесе халықаралық, ашық операциялар, борышкер факторинг компаниясының мәмілесіне қатысу туралы хабардар етілсе немесе жабық (жасырын) операциялар. Борышкер факторинг компаниясы не банк пайда болатын борыш бойынша құқықтық мирасқор болып табылатынын және төлеу оның пайдасына жүзеге асырылуы тиіс екендігін; жабдықтаушыға регресс құқығымен – кері талап құқығымен немесе құқықсыз төленген соманы; немесе белгілі бір күнге алдын ала ақы төлеу немесе талаптарға ақы төлеу нысанында жабдықтаушыға несие беру талабымен өтелетінін растайтын шотта фактураға тиісті жазу жазылу жолымен хабардар етіледі.

 Қазақстанда факторинг операцияларымен  банктер, шарттық және ақылы  негізде тауарлар және қызмет  көрсету үшін есеп-қисаптарды тезірек аяқтаумен байланысты несие-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырып, 1988-1989 жылдары айналыса бастады. КСРО Мемлекеттік банкінің келді 1989 жылғы 12 желтоқсандағы «Жабдықтаушылардың банкке жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлем талаптары бойынша төлем алуға құқықты беру бойынша операцияларды жүзеге асырудың тәртібі туралы» нұсқаулық хаты құқықтық негіз болады. Факторинг үшін ақы төлеу сатып алушыға қатысты құжаттар картотекаға енгізілсе төлемдер кезінде жасалмайтын кездері несие қаражатының сомасымен және оларды пайдалану мерзімдерімен және тұрақсыздық айыппұлмен анықталады. Факторинг ерекшелігі сол: ол тек қана мәміленің негізінде іске асады; қаржыландыру талап құқығымен; мәміленің ақылы болуы; ақшалай және

кәсіпкерлік сипаты ғана бар және болашақта талап  құқығы мүмкіншілігі болады. Сондықтан  факторинг міндеттемелердің дербес түрі болып табылады.

 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 30 бабына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар кезде банктердің факторинг операцияларын жүзеге асыруға: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болуға құқылы екенін көздейді. талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 729-738 баптарымен реттеледі. Факторинг бойынша қаржы агенті ақшаны клиент билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен (борышкермен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді не борышкерге ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында беруі мүмкін. Бұл ретте факторинг шарты бойынша қаржы агентінің міндеттемелері клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізуді және берудің нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкін.

 Бұл  ретте факторинг операциялары  банк операциялары болып табылмайды, бірақ олар халықаралық саудада  кең қолданылады. Халықаралық қатынастарда банктер 1988 жылы «Халықаралық факторинг туралы» Оттава УНИДРУА конвенциясын басшылыққа алады.

 Ақшалай  талапты беріп қаржыландыру азаматтық-құқықтық  міндеттеменің жаңа түрі, оның  құқықтық реттелуі Қазақстан  Республикасының Азаматтық Кодексіне алғашқы рет енгізілген. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг), жалпы ереже бойынша, ақылы және өзара шарт болып табылады, нақты шарттың талаптарына қарай ол нақты, келісімді шарт болуы мүмкін.

 Коммерциялық  кәсіпорындардың мамандандырылған банк ұйымдарын несиесіне негізделген ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты сауда несиесін өзгертеді.

 Ақша  қаражатының қайтарымдылық, мерзімділік  және төлемділік талаптарымен  берілуі тән банктік заем шартынан  айырмашылығы сол, талап құқығын беріп қаржыландыру шартына банктің алушының талабы құқығын, үшінші тұлғамен (борышкермен) қандай да болмасын шарт бойынша қаражатты беруі талабымен беруі тән ақшаларды осылайша беру, әдеттегідей, мерзімділігі және қайтарымдылығымен сипатталмайды. Талапты құқығын беріп қаржыландыру шартының өзара байланысқан талаптары болып табылады. Талапты беру шартта, әдеттегідей, талап құқығын ақылы беру, ал ақшалай талап құқығы тек қана объектісі (нысанасы) болып келеді.

 Факторинг  қаржы нарығының пайдалы құралы  болып табылады және несие тәуекелдерін сақтандырудың дамығандығын және дебиторлық берешек әкімшілігін жүргізуді болжайды. Осы талаптарда осы қызметтегі банктер үшін клиенттерді және пайданы көбейтуге және тәуелдікті азайтуға мүмкіндік беретін қорландыратын институттарды тарту бойынша агенттің рөлі анықтаушы бағытқа айналады.

   Форфейтинг (ағылшын тілінде forfeіtіng — құқықтан  бас тарта отырып бүтіндей) —  импортшы ризалық берген вексельдерді  экспортшылардан сатып алу нысанында  сыртқы экономикалық операцияларды несиелендіру. Коммерция банкілердің вексельдерді жай есепке алуынан өзгеше түрде Фофейтинг борышқорлық міндеттемелер бойынша барлық тәуекелдің сатып алушыға — форфейторға көшуін көздейді (“айналымсыз” есеп) Фофейтинг орташа мерзімді сипатта болады — жеті жылға дейін беріледі. Фофейтингтің артықшылықтары: несиелендірудің тұрақты мөлшерлемесі және вексельдердің берілуін ресімдеудің біршама оңайлатылғаны. Сайып келгенде тауардың бағасы арқылы төленетін Фофейтингтің құны көбінесе несиелендірудің басқа нысандарынан жоғары болып келеді. Батыс Еуропаның несие мекемелерінің, ең алдымен Швейцария, ГФР, Ұлыбритания банктерінің “а-форфе” мәмілелерінде көбірек қолданылады.

Форфейтингтік операциялар (форфетингтеу):

тауарларды  сатып алушының қарыз міндеттемесін  сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.

Форфейтинг  – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктiң немесе арнайы компанияның  экспортерға импортердiң төлеуге  тиiстi төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг  мәмiлесiде үш қатысушы болады:

Экспортер, яғни тауарды орта мерзiмдi кезеңге несиеге берушi;

Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;

Форфейтор, яғни мәмiленi қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

Мұндағы, 1 – мәмiлеге қатысушылар арсында  келiсiмшарт жасалады; 2 – тауарын  несиеге бередi; 3 – аудармалы вексельдi (5-7 жылға) жазып бередi; 4 – аудармалы вексельдi қайта сатады; 5 – аудармалы вексельдi есепке алады; 6 – мерзiмi жеткенде төлеуге ұсынылады; 7 – вексель бойынша мiндеттемесiн өтейдi.

Форфейтинг механизмiн мынадай  екi мәмiле түрiнде пайдаланады:

Қаржы мәмiлесiнде – орта мерзiмдi қаржы мiндеттемесiн тез арада iске асыру мақсатында.

Экспорттық мәмiле бойынша –  шетелдiк сатып алушыға несиеге  тауар бергенi үшiн экспортерға  қолма-қол ақшамен түсiм түсуге ықпал ету мақсатында.

Форфейтинг мәмiлесiнiң мерзiмi 180 күннен 5 жылға дейiнгi аралықты құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.

Қ.Р-дағы екiншi деңгейдегi банктер  өздерiнiң кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктiң Басқармасының  қаулысымен бекiтiлген “ҚР екiншi деңгейдегi банктерге кассалық операцияларды жүргiзу” ережесiне сәйкес жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Факторингтік және форфейтенгтік операцияларының түрлері мен ұйымдастыпу ерекшеліктері

 

 Форфейтинг және факторинг - бұл айналым активтерінің берілген түрін қайта қаржыландыру құралдары. Қайта қаржыландыру дебиторлық берешектің ақша қаражаттары және бағалы қағаздар секілді айналым активтерінің басқа түрлеріне айналуын білдіреді

Факторинг қызметінің мақсаты– төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.

 Нарық экономикасы дамыған  елдердегі факторингтік компаниялардың  көбіне еншілес фирмалары ірі  банктермен бірігіп жұмыс жасайды.

 Факторинг операцияларына үш  тарап қатысады:

1.                     Факторингтік компания - өздерінің  клиенттерінен шот-фактураны сатып  алатын арнайы мекеме.

2.                     Клиент (тауарларды жабдықтаушы,  несие беруші) – факторинг компаниялармен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

3.                     Кәспорын (қарыз алушы) – тауарларды  сатып алушы фирма.

 Факторинг мәмілесін жүзеге  асырудан бұрын талдау жұмысы  жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс  алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді.

 Факторинг операцияларының  жүзеге асырылу негізінде факторинг  туралы келісім-шарт жатады. Онда  факторинг операцияларының мынадай  жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.

 Факторингтің 2 түрі болады:

-         Ауқымды  (конвенционды);

-         Шектеулі (конфиденциалды).

 Қазіргі жағдайда бұл –  бухгалтерлік есеп жабдықтаулар  және сатып алушылармен есеп  айырысу, несиені сақтандыру және  т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық  қызмет көрсетушіліктің әмбебап  жүйесін сипаттайды.

 Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б.

 Факторинг операциясы бүгінгі  таңда отындық ақша нарығында  дами алмай отыр. Факторингті  енгізу сынағы негізінен 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 1990ж басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.

 Факторингтің бірегей құқықтық  негізін құру үшін 1988 ж халықаралық  факторинг туралы кез келген  келісім-шарт төменде берілгендердің  кемінде екеуін қамтуға тиіс:

1.     Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;

2.     Төлем талаптарына  жататын жабдықтаушының шоттарын  бухгалтерлік жағынан өңдеу;

3.     Борышқорлардан ақшалай  қаражат алу;

4.     Жабдықтаушыларды  олардың борышқорларының төлем  қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.

 Факторинг операциялары банктер  және арнайы ұйымдар арқылы  жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде  арнайы бөлімдер ашылуы тиіс.

 Факторингтік операциялардың  мыналар бойынша жасалмайтынын  ескеру қажет:

-         Жеке тұлғалардың  қарыздық міндеттері бойынша;

-         Бюджеттік  мекемелердің қоятын талаптары  бойынша;

-         Банктердің  несиеден алынып тастаған немесе  төлем қабілетінсіз деп танылған  кәсіпорындар мен ұйымдардың  міндеттемелері бойынша;

-         Кәсіпорындардың  филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттемелері бойынша;

 Факторингтің ашық және жабық  түрлері болады.

     Форфейтинг - импортермен акцептелген аккредитивпен немесе векселмен рәсімделген қарыздарды экспортерден форфейтердің сатып алуын көрсететін дебиторлық берешекті басқару құралы. Берілген қаржылық құрал сондай-ақ ішкі саудалық операцияларды қайта қаржыландыру үшін қолданылады, орта мерзімді (180 күн және одан көп) сипатқа ие болады және тауарлардың (машиналардың, құралдардың) экспортерлері және күрделі (инвестициялық) бағыттағы (мысалы, шетелдегі өнеркәсіптік объектілердің құрылысы) қызметтері үшін арналады. Форфейтингтік келісім объектісі болып төлемді кейінге шегеру шарттарында ипмортерге экспортермен іске асырлатын тауарлар мен қызметтер болып табылады. Келісім субъектілері болып экспортер (кәсіпорын-жабдықтаушы), импортер (кәсіпорын-сатып алушы) және форфейтер (коммерциялық банк) және басқа да қаржылық делдалдар табылады.

    Форфейтингтік келісім-шарт 5 этапта жүргізіледі:

Информация о работе Факторингтік және форфейтингтік операцияларының пайда болуы мен әлемдік нарықтағы рөлі