Банк жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 13:53, курсовая работа

Краткое описание

Маманданған несие-қаржы институттарының кейбір шаруашылық аясында кең түрде қызмет көрсетуде:
1. Халықтың ұсақ жинақтарын тартуда;
2. Ипотекалық несие беруде;
3. Тұтыну несиесін беруде;
4. Ауыл шаруашылық несиесін беруде;
5. Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мен есеп айырысуда;
6. Өнеркәсіп компанияларының бағалы қағаздарын орналастыру мен капитал инвестициялауда.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
БӨЛІМ 1 Қазақстанның қаржы нарығынің құрамдас бөліктері
1.1 Банк жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері...................................................8
1.2 Валюта нарығы – қаржы нарығының маңызды бөлігі................................18
1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесінің қалыптасуы.........................................22
1.4 Зейнетақы нарығының қызмет етуі...............................................................25
БӨЛІМ 2 Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдау
2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау........................................................34
2.2 Валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау......................41
2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері................................49
2.4 Зейнетақымен қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру...............................65
БӨЛІМ 3 Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы
3.1 Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағы.................................................................71
3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері............................74
3.3 Алматы - халықаралық қаржы орталығы ретінде.......................................81
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................99

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 40.54 Кб (Скачать документ)

Экономиканың шикізаттық емес салаларына екінші деңгейлі банктер  ұзақ мерзімді несиелік ресурстарының 634,7 млрд. теңгесі немесе ұзақ мерзімді несиелердің жалпы көлемінің 10,9%-ы  келді (2006 жылдың соңына 11,4% болған). Оныі ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 49,3%, электр энергиясын, газ және суды өндіру мен бөлуге – 3,7%, көлікке – 17,2%, байланысқа – 5,3% жұмсалған. Осылайша, банк секторы үлкен несиелік ресурстарды иеленді, алайда негізгі қаржылық ағын ел өнеркәсібі мен инфрақұрылымын несиелеуге емес, сауда, тұрғын үй құрылысы және өзге де салаларды (өндірістік емес сала, сауда, жеке қызмет) қаржыландыруға бағытталды. Бұл салалар 2007 жылы екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының 67,8%-ын тартты [6].

Осылайша, банктердің салыстырмалы арзан шетел капиталын белсенді тартуы Қазақстан экономикасында 2002-2007 жж. Кең ауқымды несие экспансиясының пайда болуын ынталандырды. Бұл кезде  банктік несиелеудің орташа жылдық өсу қарқыны 60-70% болды.

Отандық қаржы институттарының  қызметін реттеу тұрғысында жүргізілген  реформаларды ерекше атап өтуге болады. Реформалаудың басынан бастап Қазақстан  қаржы жүйесінің барлық қатысушылары бір тәуелсіз мемлекеттік органмен реттелетін үлгіні таңдаған болатын  және мақсатты бағытты соған қадамдар жасады. Қаржы нарықтарын бірегей  реттеу жүйесін Қазақстан нарықтарына  қолдану мәселелері көптеген жылдар бойына талқыға түскен болатын. Қаржылық реттеуші органдарды біріктіру тұрғысында келесі негізгі аргументтер келтірілді: қаржы қызметінің кең спектірін (банк қызметі, сақтандыру, зейнетақы  қызметтері, активтерді басқару, корпоративті бағалы қағаздар нарығындағы андеррайтинг және маркет-мейкинг) білдіретін қаржылық конгломераттардың пайда болуы; қаржы ведомостволарының дұрыс  үйлестірілмеген әрекеттерінің  болуы, оның салдарынан қызметтерді  қайталау, реттеуші қызметті және пруденциалды қадағалауды жүзеге асырудағы қайшылықтар [7].  Сөйтіп, 2003 жылдың шілдесінде екі реттеуші органның бірігуі болды – Ұлттық банк пен Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы, Бұл Ұлттық банкке бүкіл қаржы жүйесі шеңберінде нарықтың барлық қатысушыларына дерлік қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Қаржы нарығын дамыту және қазақстандық қаржы жүйесінде мемлекеттік басқару механизмін жетілдірудің құрылымдың реформаларын жүзеге асырудың келесі қадамы қаржы нарығы қатысушыларын реттейтін бірегей органды құру болды. 2004 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасы қаржы нарықтарын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша агенттік немесе Қаржылық қадағалау агенттігі (ҚҚА) осындай орган болды.

Айта кеткені жөн, 2004 жылдан бастап Ұлттық банк Қазақстан Республикасындағы  бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету  негізгі мақсаты болып табылатын  орталық банктің классикалық  қызметтерін орындай бастады. Негізгі  мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан  Ұлттық банкіне келесі міндеттер  жүктелген:

1)      мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және жүргізу;

2)      төлем жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

3)      валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4)      қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізу [8].

2002 жылы 2003-2015 жылдарға арналған  Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық  дамыту Стратегиясы (әрі қарай  - Стратегия) қабылданды, оның негізгі  мақсаты экономика салаларын  әртараптандыру және дамудың  шикізаттық бағыттылығынан кету  жолымен еліміздің тұрақты дамуына  жету болып табылады.

Аталмыш Стратегиямен анықталған мақсаттарға жету үшін дамудың мемлекеттік  органдары құрылған болатын: «Қазақстанның  даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық  қоры» Инвестициялық компаниясы»  АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Экспорттық  несиелерді және инвестицияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Маркетингтік-талдау зерттеулерінің Орталығы» АҚ.

«Қазақстанның даму банк»  АҚ (әрі қарай - ҚДБ) жарғылық капиталда  мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған. ҚДБ  қызметінің мақсаттары мемлекеттік  инвестициялық қызметтің тиімділігін  жетілдіру және арттыру, өндірістік, көлік пен энергетика құрылымын  және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға септігін тигізу болып табылады.

ҚДБ негізгі міндеті ұзақ мерзімді және орта мерзімді төмен  пайызды несиелер, соныңішінде экспорттық несиелер беру жолымен, сонымен қатар  өзге несиелік институттарға берілетін  қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік міндеттемелер беру жолымен жеке сектор мен мемлекеттік бастамаларын қаржылық қолдау болып табылады.

Қазақстанның даму банкі  сонымен бірге қайтарымды негізде  қаржыландырылатын республикалық  және жергілікті инвестициялық жобаларға, сонымен қатар кепілдендірілген мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырылатын  жобаларға қызмет көрсету бойынша  қызметтерді орындайды.

Жалпы, банк секторымен экономиканы  ұзақ мерзімді несиелендіру көлеміндегі  ҚДБ үлесі 2007 жылдың соңында 1,3 пайызды  немесе 655,8 млн. теңгені (2006 жылдың соңында  – 1,4%) құрады. ҚДБ қаржыландыратын  экономиканың шикізаттық емес салаларын  жеке қарыстыратын болсақ, онда өңдеуші  өнеркәсіпте Банктің үлесі 14,2% (2006 ж. – 15,3%), электр энергиясын өндіру мен  бөлуде - 32,5%, көлікте – 7,4%, байланыста – 1,7% болды [6].

Біздің қаржы секторының келесі жетістігі ретінде бұл  саладағы халықаралық тәжірибені (АҚШ  және Малайзия) есепке ала отырып, 2000 жылдың желтоқсанында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» (әрі қарай - ҚИК) АҚ –н құру жолымен ипотекалық несиелеу жүйесін  енгізу саналады. Компания қызметінің негізгі міндеттері ипотекалық несиелеу көлемдерін кеңейту, пайыздық мөлшерлемелерді  төмендету жолымен тұрғын үй алуға  жағымды жағдай жасау болып табылады. Қазақстан Ипотекалық Компаниясының  рөлі коммерциялық банктермен қатар  ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге емес, ипотекалық нарықты жасау және реттеуге негізделеді.  ҚИК бағдарламасы бойынша несиелер серіктес-банктер арқылы беріледі. Мұндай серіктестер ретінде екінші деңгейлі банктер және банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар танылады. Сондықтан Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қызметінің негізгі бағыттары банктер тарапынан берілген ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығын алу, сонымен қатар ипотекалық несиелеу үшін, соның ішінде өзінің ипотекалық бағалы қағаздарын шығару жолымен ұзақ мерзімді ресурстарды тарту болып табылады.

Осылайша, Қазақстан 2001 жылдан бастап ипотекалық несиелеудің екі  деңгейлі жүйесі енгізілді: бірінші  деңгей  банктер және банктік емес ұйымдар ретіндегі алғагқы несие берушілерді білдірсе, екіншісі – талап ету құқықтарын және алғашқы несие берушілермен берілген ипотекалық несиелерге кепіл құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын қайта қаржыландырушы ұйымдар.

Айта кеткені жөн, 2002 жылы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ТМД  елдерінің ішінде алғашқы болып  ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша  талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген тиесілі компанияларды  қамтамасыз ететін ипотекалық обллигацияларды  шығарды, және отандық жинақтаушы зейнетақы  қорлары мен сақтандыру компаниялары негізгі институционалды инвесторлар  болады.

2004 жылы 2005-2007 жылдарға Қазақстандағы  тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік  бағдарламасы шеңберінде қолжетімді  тұрғын үйлерді ипотекалық несиелеудің  Арнайы бағдарламасы жасалды  және қабылданды. Бұл бағдарламада  ҚИК қаржылық оператор рөлін  иеленді. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай  бойынша «Қазақстан потекалық  компаниясы» АҚ екінші ретті  нарықта және республикалық бюджеттің  несиеліку қаражаттары есебінен  салынған тұрңын үйлерді алуға  азаматтарға шамамен 81,6 млрд. теңге  сомасындағы 31 мыңнан астам ипотекалық  несиелер берді. Жасалған келісім-шарттардың  басым үлесі Алматы қаласына  (жасалған келісімдердің жалпы көлемінің    31,8%) және Астана қаласына (13,2%) тиесілі болды. Сол кезеңде осындай несиелерді Шығыс Қазақстан (9,5%), Ақтөбе (8%), Павлодар (5,5%), Оңтүстік Қазақстан (6,4%) облыстарының азаматтары белсенді пайдаланды [9]. 

2005-2007 жылдардағы тұрңын  үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасының  қатысушыларының бірі Қазақстан  Республикасы Ұлттық банк Басқармасының  27 қазан 2003 жылдағы шешімімен  құрылған «Ипотекалық несиелерді  кеплідендірудің Қазақстандық қоры»  (әрі қарай - ИНКҚҚ) болды.

ИНКҚҚ ипотекалық несиелеу нарығында ипотекалық несиелеумен  байланысты залалдардың бір бөлігін  несие берушілерге кепілдендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.

ИНКҚҚ негізгі міндеттері ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға  ниет білдірген азаматтардың түрлі  санаттарына жағымды жағдайды қамтамасыз ету, мерзімдерін ұлғайту, пайыздық мөлшелеремелерді және алғашқы жарна  көлемін төмендету жолымен ипотекалық несиелердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

ИНКҚҚ қызметінің басымды  бағыттары Ипотекалық несиелер қоры тарапынан ипотекалық тұрғын үй қарызы келісім-шарты бойынша қарыз алушының өзінің міндеттемелерін орындамау  жағдайын кепілдендіру есебінен несие  берушілердің қаржылық тәуекелдерін төмендету  мақсаты болып табылатын елдегі ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру болып табылады.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы  жағдай бойынша Ипотекалық несиелерді  кепілдендірудің қазақстандық қоры  сомасы 39 296 млн. теңге көлемінде 13 687 кепілдеме міндеттемелерін берді [10]. Осылайша, еліміздің қаржы секторы тарапынан берілген қарыздар қоржынының жалпы көлемінде кепілдендірілген ипотекалық тұрғын үй несиелерінің үлесі 2%-дан 8%-ға дейін артқан. Бұл 2005-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджеттік қаражаттар есебінен салынған әрбір екінші пәтерді азаматтар Қордың қолдауымен алғандығын білдіреді.

Алайда, ипотекалық несиелеудің  шарттарына сәйкес оны тек қатысты  түрде қамтамасыз етілген орта кластың  адамдары ғана ала алады. Және де бұл әлемдік тәжірибе. Қазақстанда төмен табысты тұрғындардың үлесі жоғары, және көпшілік үшін ипотекалық несиелеу әзір қол жетімді болмай отыр. Сондықтан, 2003 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жалпы мемлекеттік саясатты жылжыту үшін жарғылық капиталында 100 пайыз Мемлекеттің қатысуымен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (әрі қарай ҚТҚЖБ) құрылды.

Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша шараларды  несиелеудің жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ең алдымен орташа және орташадан төмен табысы бар  тұрғындар үшін арналған бұл жүйенің  қағидалары мен шарттарының жүзеге асырылуы басталған ТМД аумағындағы  алғашқы ел.

ҚТҚЖБ несиелерінің негізгі  тартымдылығы – бұл қарыз берілген уақыт ішінде төмен сыйақы мөлшерлемесін  кепілдендіру. Банк ссудалық капитал  нарығынан тысқары қызмет атқарады, және сәйкесінше банктің пайыз саясаты  қаржы нарығының сыйақы мөлшерлемесінің  конъюнктурасынан қатысты тәуелсіздіктер болады. Бұл банкке жинақтаушы салымдар бойынша төмен пайыздар төлей  отырып, төмен пайыздық мөлшерлемемен  несиелер беруге мүмкіндік береді. Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша  іс-шараларды қаржыландырудың мақсатты бағытталған жүйесінің болуы  Қазақстан Республикасында тұрғын секторының сатылап дамуына әкеледі.

Сонымен, 2009 жылдың 1 қазанынындағы  жағдай бойынша ҚТҚЖБ тарапынан 221,96 млрд. теңге сомасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы 144 232 келісім-шарт жасалған, 47,79 млрд. теңге  көлемінде 15 540 қарыз берілген [11].

Бүгінгі күні ҚТҚЖБ көптеген ірі еуропа елдерінде оңтайлы  жұмыс жасап келе жатқан және төмен  табыс деңгейі бар отбасыларға  еліміздегі ең төмен пайыздық мөлшерлемемен  тұрғын үйді сатып алуға, салуға және жөндеуге мүмкіндік бергентұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жүзеге асыратын елімздегі жалғыз қаржы  институты болып табылады. 

 

 

  

 

 

  

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  

 

1.                      Избасаров Б. Развитие банковской системы Казахстана: первая пятилетка после реформ// htpp://www.priuralie.kz

2.                      Марченко Г. Развитие финансового сектора, как предпосылка экономического роста. Доклад на международной конференции «Экономический рост: после коммунизма», Москва, март 2002 г. // htpp://www.iet.ru

3.                      Официальный веб-сайт Ассоциации финансистов Казахстана// htpp://www.afk.kz

4.                      Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам банковской тайны» от 29 марта 2000 года №42

5.                      Ляхов А.Е. Банковская система Республики Казахстан// htpp://www.lyakov.kz

6.                      Позиционирование АО «Банк Развития Казахстана» в банковском секторе страны по итогам 2007 года// htpp://www.kdb.kz

7.                      Айдосова Б.Х. Автореферат диссертации на соискание степени кандидата наук «Механизм функционирования инфраструктуры рынка ценных бумаг: состояние и проблемы», КГУ им. Коркыт Ата, 2004, с.11.

8.                      Закон Республики Казахстан «О Национальном Банке Республики Казахстан» от 30 марта 1995 года № 2155 (с изменениями и дополнениями)

9.                      Информация о ходе реализации Государственной программы развития жилищного строительства в Республике Казахстан за январь-май 2007 года// htpp://www.mit.kz

10.                  Официальный веб-сайт АО «Казахстанский фонд гарантирования ипотечных кредитов» // htpp://www.mgf.kz

11.                  Официальный веб-сайт АО «Жилищный строительный сберегательный Банк Казахстана» // htpp://www.hcsbk.kz


Информация о работе Банк жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері