Банк жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 13:53, курсовая работа

Краткое описание

Маманданған несие-қаржы институттарының кейбір шаруашылық аясында кең түрде қызмет көрсетуде:
1. Халықтың ұсақ жинақтарын тартуда;
2. Ипотекалық несие беруде;
3. Тұтыну несиесін беруде;
4. Ауыл шаруашылық несиесін беруде;
5. Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мен есеп айырысуда;
6. Өнеркәсіп компанияларының бағалы қағаздарын орналастыру мен капитал инвестициялауда.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
БӨЛІМ 1 Қазақстанның қаржы нарығынің құрамдас бөліктері
1.1 Банк жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері...................................................8
1.2 Валюта нарығы – қаржы нарығының маңызды бөлігі................................18
1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесінің қалыптасуы.........................................22
1.4 Зейнетақы нарығының қызмет етуі...............................................................25
БӨЛІМ 2 Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдау
2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау........................................................34
2.2 Валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау......................41
2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері................................49
2.4 Зейнетақымен қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру...............................65
БӨЛІМ 3 Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы
3.1 Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағы.................................................................71
3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері............................74
3.3 Алматы - халықаралық қаржы орталығы ретінде.......................................81
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................99

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 40.54 Кб (Скачать документ)

·        жаңа ұлттық валюта шетел валютасына қатысты оның нақты бағамын анықтауға мүмкіндік берді [1].

1993 жылдың қарашасында  ұлттық валютаны енгізу мемлекеттік  ақша-несие саясатын және банктік  реттеуді жүргізу тұрғысында  Ұлттық банктің рөлін арттырды. Ұлттық банк банк жүйесінің  қызмет етуінің нормативтік және  құқықтық негізін қалыптастыруға  үлкен көңіл бөлді, банк қызметі  үшін қажетті минималды резервтік  талаптар, экономикалық нормативтер  сынды пруденциалды реттеудің  нормативтері енгізілді, сонымен  қатар шетел қатысуымен қызмет ететін банктер қаражаттарының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру туралы және банктің қарыз қоржынын сыныптау туралы ережелер қабылданды. Айта кеткені жөн, банктік жүйенің реформалануы кезеңінде бұл нормативтердің көпшілігі мәнді өзгерістерге ұшырады.

Ақша қаражаттарын орталықтандырылған қайта бөлуді максималды қысқарту және Ұлттық банк қызметтерін орталық  банктердің классикалық қызметтеріне жақындату бойынша алдына міндеттер  қойған отандық банк жүйесін реформалаудың  алғашқы бағдарламасы 1995 жылдың 15 ақпанында  қыбалданды.

Банк жүйесін реформалаудың  келесі кезеңі ТМД аумағында алғышқылардың  бірі болып 1996 жылдың желтоқсанында  қабылданған 2000 жылдың соңына дейін  капитал өтімділігінің жеткіліктілігі, активтер сапасы, менеджмент, бухгалтерлік есеп деңгейі, ақпараттарды енгізу және беру тұрғысында қызметтің халықаралық  стандарттарына екінші деңгейлі банктерді  өткізу Бағдарламасы болды [2].

Жалпы, банктердің капиталдану  деңгейіне Ұлттық банктің қойған қатаң талаптары банктердің бірігуі/жұтуы, төмен капиталданған банктердің несие серіктестіктеріне өз еріктерімен  қайта құрылуы, барлық банк операцияларын  жүргізуге лицензияны жою мен  қаржылық тұрақсыз және төлем қабілетсіз банктерді күштеп жою тәртібін қолдану  есебінен банк секторын оңалтуды жеделдетті. Бұның барлығы халықаралық стандарттар  деңгейінде өз қызметін жүзеге асыратын, жоғары капиталдандырылған банктері бар  тұрақты банк жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ұлттық банк тарапынан  қабылданған шаралар банктер  санының 1993 жылғы 204-тен 1997 жылдағы 81-ге дейін қысқаруына әкелді. Қазіргі  уақытта Қазақстанда 37 екінші деңгейлі банк қызмет атқарады.

1997 жылы банктерді инвестициялық  және депозиттік деп бөлінуі  алынып тасталды, банк қызметінің  түрлерін кеңейту қарастырылды, сонымен қатар банктерді ашуға  және оларды лицензиялауға, ішкі  бақылауға және банктердегі тәртіптерге  қатаң талаптар қойылды, CAMEL жүйесі  бойынша банктердің қаржылық  жағдайын рейтингтік бағалау  енгізілді.

Қазақстанда банк операцияларының  жеке түрлерін жүзеге асыратын несиелік серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық компаниялар, инвестициялық қорлар және т.б. сияқты банктік емес қаржылық мекемелердің қалыптасуы да маңызды  болып табылады. Несиелік серіктестіктер және микроқаржылық ұйымдар сынды  банктік емес мекемелер қызметінің мақсаттары мен міндеттері халықты, шағын және орта кәсіпкерлерді несиелік ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық деңгейін арттыру болып табылды, және олардың қызмет етуі ауылдық  аймақтардағы қаржылық қызмет көрсету  нарығындағы олқылықтарды толтыруға  мүмкіндік береді, сонымен қатар  қосымша жұмыс орындарын жасау  жолымен әлеуметтік мәселелерді  шешуге көмектеседі, кедейлік деңгейін төмендетеді және шағын бизнес пен  орта бизнесті дамыта отырып, халықтың табыстарын арттырады.

Осылайша, 1998 жылдың соңындағы  банк жүйесін қайта қалыптастыру коммерциялық банктерден тұратын олардың  екінші деңгейі ломбардтар, несиелік серіктестіктер, тарсталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, ипотекалық компаниялар  түрінде көрініс табатын банктік  емес қаржылық мекемелермен толықтырылғандығымен негізделеді. 2009 жылдың 1 қазанында  Қазақстанда банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 17 ұйым, соның ішінде 7 ипотекалық ұйым жұмыс жасайды.

1999 жылдың сәуірінде Үкіметтің  және Ұлттық банктің шешімімен  Қазақстанда теңгенің еркін айырбас  бағамының режимі енгізілді, бұл  әсіресе Ресейде 1998 жылы сыртық  қаржы нарықтарындағы дағдарыстан  кейін ұлғайып кеткен Ұлттық  банктің араласуынсыз валюта  нарығындағы сұраныс пен ұсыныс  негізінде теңге бағамының қалыптасуын  білдірді. Бұл шара қаржы жүйесін  тұрақтылығына нұқсан келтірмей  экспорттық өндіріс жұмысының  рентабельділігін арттыруға мүмкіндік  жасады. Қазақстан бұл кезеңде  халықаралық қаржылық ұйымдардың  ұсыныстарына қарамастан, банк клиенттеріне  олардың салымдарын теңгенің  девальвациясына дейінгі бағам  бойынша ауыстыруға құқық беру  жолымен жеке және заңды тұлғалардың  жинақтарын қорғау бойынша мүмкін  шараларды жасады. Теңгенің еркін  айырбас бағамы режимін енгізу  өз нәтижелерін уақыт күттірмей  берді. Яғни, 1999 жылдың үшінші  тоқсанында сауда балансы оң  болды, долларлық сипаттағы экспорт  көлемі бірінші тоқсанмен салыстырғанда  60 пайызға өсті. 1999 жылдың қазанында  теңгенің бағамы  біршама тұрақтанды, ал Ұлттық банктің алтын валюта резервтері бір айдың ішінде 143 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясатының ең мәнді жетістіктерінің бірі 1993 жылы 2153%-ға дейін жеткен гиперинфляцияны  тоқтатуы болды. Инфляция қарқыны мен  қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің  серпінінің тенденциялары бір-біріне сәйкес болғандықтан, қайта қаржыландырудың  банктік мөлшерлемелерінің төмендеуінің серпінді процесі қатар жүріп  жатты. Яғни, 1994 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың қарашасы аралығында қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 27,0-ден 7,5%-ға дейін төмендеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақша және несиелер құнының ұзақ мерзімді жоспардағы тұрақтылығы экономиканың тиімді қызмет атқаруының және сәйкесінше оңтайды экономикалық өсу мен  халықтың жоғары жұмысбастылығының  шешуші алғышарттары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев, Ұлттық банк, Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия, Үкімет өкілдері, сонымен қатар республиканың  қаржы нарығының өкілдері қатысқан 1999 жылдың 28 мамырында Алматы қаласында  өткен Қазақстан қаржыгерлерінің  І Конгресі тек банк секторының ғана емес, бүкіл отандық қаржы нарығының  даму тарихында атап өтерлік оқиға  болды. Алғаш рет қаржы нарығының  барлық секторларының өкілдері экономикалық өсудің және халықтың әл-ауқатын жақсартудың  ғаламдық міндеттерін шешуге мүмкіндік  беретін қазақстандық қаржы нарығында  кең инвестициялық мүмкіндіктерді жасау және жаңа қаржылық институттарды қалыптастыру мәселелерін талқылау үшін ерікті түрде біріккен болатын.

Отандық қаржыгерлердің І  Конгресі резолюциясының негізінде  Конгресс отырыстарының арасынеда  қабылданған шешімдерді әрі қарай  жүзеге асыруға бағытталған Конгрестің жұмысшы органы ретінде Қазақстан  қаржыгерлерінің ассоциациясы (ҚҚА) құрылды. ҚҚА Қазақстан қаржыгерлерінің  атынан мемлекеттің қаржы жүйесін  дамыту, жинақтау бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа қаржылық құралдарды енгізу, қаржы нарықтарын реттейтін әрекет етіп отырған заңнаманы жетілдіру  мәселелері бойынша Парламентпен және Үкіметпен қызметтестік жасауға  бағытталды [3].

Айта кеткені жөн, 1999 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлерінің  алты Конгресі өткен.

1999 жылдың соңына қазақстандық  екінші деңгейлі банктерде жеке  тұлғалардың шамамен 30 миллиард  теңге депозиттері шоғырландырылған, ал сараптамашылардың бағалуы  бойынша, тұрғындарда іскерлік  айналымға салынбаған бір миллиард  АҚШ долларынан астам жинақтары  болған. Ал жинақтардың басым  бөлігін кәсіпкерлер Қазақстанның  шегінен шығарған. Тіпті еліміздің  Ұлттық банкінің ресми мәліметтері  бойынша капиталдың елден кетуі  1999 жылы 650 миллион долларды құраған.  Осылайша, жинақтардың басым көпшілігі  отандық банк секторынан тысқары  қалған. Негізгі себептердің бірі  – бұл сол кездегі ресми  құрылымдардың банктік есеп-шоттарға  заңды санкцияланған қол жетімділігі.

Сондықтан отандық қаржы  жүйесіне тұрғындардың сенімін арттыру  үшін келесі жүйелі шаралар кешені жасалды және жүзеге асырылды:

·        1999 жылы желтоқсанда «Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендірудің (сақтандырудың) қазақстандық қорын»  құру жолымен жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын міндетті сақтау жүйесін қалыптастыру;

·        барлық заңнамалық қайшылықтарды болдырмауға және банктік құпия қағидасын жүргізуге бағытталған «Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 2000 жылдың 29 наурызында енгізілуі;

·        2001 жылдың 2 сәуірінде «Ақшаларын заңдастырумен байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарының амнистиясы туралы» Заңның қабылдануы, оған сәйкес сол жылы тұрғындар табыстарын заңдастыру бойынша акция жүргізілді [4]. Заңдастырылатын соманың көлемі туралы ақпарат құпия болды және оларға ешқандай салық төлеу қажет болмады. Сонымен қатар, еліміздің салық органдары 1995 жылдан 2000 жылға дейінгі жеке тұлғалардың табыстары және мүлкі туралы декларацияна жоюға уәде берді (және жойды).

Жоғарыда аталған шараларды  жүзеге асыру нәтижесінде 2000 жылдың басында 16 банк жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қатысушылары болды. Тұрғындар  жинақтарын банктерге белсенді тарту  нәтижесінде банктің белсенді операцияларын  жүргізу көлемінің өсуіне, олардың  бәсекеге қабілеттілігінің артуына, банктік  қызмет көрсетулердің өзінідік құнының  төмендеуіне, және олардың банк клиенттеріне қол жетімділігіне әкелді. 2000 жыл  ішінде бұл жүйеге қатысушы-банктер  саны 18-ге дейін ұлғайды, ал 2004 жылдан бастап эеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға құқығы бар барлық әрекет етіп отырған екінші деңгейлі банктер  қосылды.

30 күнге созылған амнистия  нәтижелері бойынша екінші деңгейлі  банктерде ашылған ҚР азаматтарының  арнайы есеп-шоттарына 480 млн.  АҚШ долларынан астам сома  түсті, соның ішінде тек 50,5 миллионы шетелден келді. Арнайы  шоттарға жатқызылған депозиттердің  орташа көлемі 164 мың долларды  құраған, және де депозиттердің  минималдың сомасы 50 долларды құраса, максималды сомасы шамамен 800 мыңды құраған. Өз капиталдарын  заңдастыру құқығын шамамен еліміздің  3 мың азаматы пайдаланды, олардың  ішінде 88%-ы қолма-қол ақша әкелді.

Осылайша, банктердегі азаматтардың салымдарын қорғау бойынша шаралар  кешені тұрғындардың банктік жүйеге сенімін арттырды. Және де егер 1994-98 жылдарда салымдардың жалпы сомасы ( резидент еместерді қоса алғанда) 5,4-тен 31,6 млн. теңгеге өссе, онда 1999 жылы өсім 23,4 млрд. теңгені, 2000 жылы – 36,7 млрд. теңгені, ал 2001 жылы – бірден 248,3 млрд. теңгені құраған! [5].

Депозит көлемі соңғы жылдары 2000 жылғы 294 млрд. теңгеден 2007 жылдың соңында 6,4 трлн. теңгеге өскен (сурет 1). 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

Сурет 1 – Қазақстандағы  екінші деңгейлі банктердің депозиттері  мен міндеттемелерінің серпіні, млрд. теңге

Жағымды макроэкономикалық  жағдай және банктердің меншікті капиталы, ресурстық базасы жиынтығының жалғасып келе жатқан өсімі жағдайында 2000 жылдан 2007 жылдың бірінші жартысына дейінгі  кезеңдегі несие нарығы қазақстандық қор нарығының серпінді дамушы сегменттерінің бірі болып қалды. Қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің төмендеуіне, төмен  инфляцияға, ұлттық валютаның девальвация  қарқынының баяулауяна байланысты несиелер бойынша мөлшерлемелер 2000 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде нақты сектор кәсіпорындары үшін ұлттық валютада 18,1%-дан 12,9%-ға дейін, шетел валютасында 15,5%-дан 10%-ға дейін төмендеді.

Экономикаға несиелердің  көлемі 2000 жылғы 276,2 млрд. теңгеден 2007 жылдың соңында 10,2 трлн. теңгеге дейін өсті. Экономикаға банк несиелерінің ЖІӨ-ге қатысының көрсеткіштері көрсетілген  кезеңде 10,6%-дан 56,5%-ға дейін өсті (сурет 2). 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

Сурет 2 -Экономикаға несиелердің  ЖІӨ-ге қатысының серпіні, % 

 

 

 

Қысқа және орта мерзімді банктік  несиелеудің басты көздері депозиттік базаны кеңейту және шетел қаржы  институттарынан синдикатталған займдарды  тарту болды. Экономиканы ұзақ мерзімді несиелеудің негізгі көздері  ірі қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы болды. 2007 жылы қазақстандық банктердің еурооблигациялар шығаруы  кезіндегі қарыз алу, банктердің «мерзімсіз» еурооблигацияларын шығаруды қоспағанда, мерзімі 30 жылға жетті. Ұзақ мерзімді сыртқы қорландыруды тарту  шарттары да тартымды болды. Айналыс  мерзімі 5 жылдан жоғары екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді еурооблигациялары  бойынша орташа купон 2002 жылғы 10,8%-дан 2007 жылы 8,03%-ға төмендеді. Нәтижесінде  екінші деңгейлі банктердің қаржыландыру мерзімі 10-15 жылға дейінгі несиелер беруге жағдайы болды.

Екінші деңгейлі банктердің сыртқы капитал нарықтарында «ұзын» ресурстарды тартуы салдарынан 2003-2007 жж. аралығында банктердің ұзақ мерзімді несиелеуінің өсуі байқалды. Ұлттық банктің  мәліметтері бойынша 2007 жылдың басынан  қазақстандық экономиканы екінші деңгейлі банктер тарапынан несиелеуі 54,7%-ға ұлғайып, осы жылдың соңына 7258,4 млрд. теңгеге жеткен. Екінші деңгейлі банктердің ұзақ мерзімді несиелерінің көлемі 68,9%-ға өсіп, 2007 жылдың соңында 5800,8 млрд. теңгені  құраған, қысқа мерзімді несиелер 16,0%ға артып, 1457,6 млрд. долларды құраған. Осылайша, 2007 жылдың нәтижесі бойынша екінші деңгейлі банктердің жиынтықталған  ссудалық қоржынындағы ұзақ мерзімді несиелердің үлесі 79,9%-ға өскен (2006 жылдың нәтижесі бойынша – 72,8%).

Информация о работе Банк жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері