Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің қалыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 17:17, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның сақтандыру нарығы көптеген себептерге байланысты тенденциялар жиынтығымен сипатталады, олар: мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сақтандыру саласы заңнамаларының жалпы жағдайы, сақтандырылушылар мен сақтандырушылардың төлемқабілеттілігі және мемлекеттік реттеу құралдары мен олардың тиімділігі. Маңызды ықпал етуші себептер қатарына тек қан ішкі фактоларды ғана емес, сонымен қоса сыртқы- Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, ТМД елдері мен Шығыс Еуропа елдерінің сақтандыру нарықтарының дамуы.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................6

I бөлім. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік мәні
1.1 Сақтандырудың түрлері және оның нысандары............................................10
2.1 Қазақстандағы сақтандыру қызметінің даму кезеңдері................................16
II бөлім. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру саласының ерекшеліктері
2.1 Қазақстандағы сақтандыру қызметінің даму кезеңдері................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары....................................................26
2.3 Сақтандыру компанияларының төлем қабілеттілігін мемлекеттік реттеудің отандық және шетелдік үлгілерінің салыстырмалы анализі.................................32

ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ұйымының дамуының қиындықтары мен басылымдықтары
3.1 Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің негізгі бағыттарының қалыптасуы.................................................................................................................37 3.2 Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің жетілдіру жолдары..............43

Қорытынды.................................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................61

Прикрепленные файлы: 1 файл

сактандыру Сапенова часть ДЖ.docx

— 39.60 Кб (Скачать документ)

Сақтандыру  категориясы үшін оған мына белгілер тән болады:

  1. қатынастардың ықтималдық сипаты;
  2. қатынастардың төтенше сипаты (кез келген ауқымдық–мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде)

          Сақтандыру категориясының қаржы  категориясымен ортақ, өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынасының ақшалай сипаты;
  • сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
  • оның іс–қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланмен қосарланып отыруы;
  • баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы);
  • сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатта болуы;

 Сақтандырудың  экономикалық мәні барлық қатысушылардың  төлемдері   есебінен оқыс оқиғаға  ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде.  Демек, сақтандыру –  қолайсыз  құбылыстар мен күтпеген оқиғалар  болған кезде жеке заңи тұлғалардың  мүліктік мүдделерін қорғау және  оларға материялдық зиянды төлеу  үшін міндетті ақша қорларын  құру және пайдалану  жөніндегі  қайта бөлгіштік қатынастардың  айрықша сферасы.

       Сақтанушы:

  1. сақтандыру мүддесін көздеген және сақтандырушымен заң күшімен немесе екі жақты келісім-шарт жөнінде азаматтық – құқықтық қарым-қатынасқа түскен жеке адам, әлде заңды
  2. құқықы бар мекеме;
  3. сақтандыру куәлігінің иеленушісі;

Сақтандырушы:

  1. кез келген лицензиясы бар ұйым, тұлға;
  2. сақтанушының қажеттілігін қанағаттандырушы ұйым, тұлға;
  3. тиісті тәртіппен тіркеуден өткен, сақтандырудың өз қызметтерінің түрі ретінде жүзеге асырушы заңды ұйым;

   Сақтандырумен  айналысатын мекемені мемлекеттік  тіркеуді сақтандыру  қадағалауы  жүргізіліп, сақтандыруды жүргізуге  құқық, яғни лицензия беріледі. Сақтанушы шартта көрсетілген  соманы уақытында төлеуі тиіс. Егер ол сома уақытында төленбесе,  пеня, яғни өсім өседі. Сақтаушы  мен сақтандырушы  бір-бірімен  тығыз байланысты.

      Қазақстан Республикасы  аумағындағы мемлекеттік сақтандыру  қызметтерін реттеуді арнайы  құрылған Үкіметтік ұйым - Қазақстан  Республикасы Қаржы Министрлігі  сақтандыру Департаменті жүзеге  асыруы тиіс. Қаржы Министрлігі  сақтандыру Департаментіне сақтандырудың  қызметін реттеу мақсатымен мынадай  құқықтар беріледі:

-  сақтандыру  қызметіне лицензия беру;

- сақтандырудың  біріңғай мемлекеттік тізімін,  сақтандыру брокерлерінің тізімін  кіргізу;

- сақтандырудың  Қазақстан Республикасының сақтандыру  туралы заң шығармашылығының  сақталуын және де олардың  беріп отырған есептерінің растығына  тексеру жүргізу;

     Сақтандырушы сақтандырумен  айналысып, сақтандыру қорын құрып  және оны жұмсайтын жеке адам  немесе заңда құқығы бар мекеме. Ұйымдастыру нысаны бойынша сақтандырушылар  акционерлік сақтандыру қоғамы, өзара сақтандыру қоғамы, мемлекеттік  сақтандыру ұйымдары ретінде  танылады. Нарықтық үлгінің экономикасында  акционерлік сақтандыру қоғамы  негізгі сақтандырушылар болып  табылады.

     Сақтандыру қоры – қоғамдық  ұдайы өндірістің элементі, сақтанушылардың  жедел ұйымдастыру басқармасында  жарналар есебінен құрылады.  Сақтандыру мекемесімен жағдайластырылған.  Сақтандыру қоры қаржысының жартысы  мынадай өтімді нысанында тұрақты  болуы тиіс: банкілердегі депозиттер  түрінде, биржада көшірілетін  акциялар, мемлекеттік қазыналық  акциялар, міндеттемелер т.б.

     Сақтандыру полисі  – белгіленген үлгідегі  ақша  құжаты, оны сақтандырушы сақтанушыға  шартқа отырғанын растап, оның  ережесімен таныстыру үшін беріледі. Бір қалыпты үлгідегі сақтандыру  полисі мен жеке сақтандыру  полисінің айырмашылықтары бар.  Қалыпты үлгідегі сақтандыру  полисі көпшілік сипаттағы әдетті  сақтандыру қатерлері шеңбері  бойынша сақтандырушының қолымен  толтырылады. Ал, жеке сақтандыру  полсі болса, ол әдетте кәсіпқой  мансапқа байланысты әр адамның  сақтандырудағы жеке мүддесін  көрсетеді.

           Сақтандырудың  экономикалық және әлеуметтік  мәнін бұл қоғамның арнайы  арналымының көрінісі ретінде  оның бөлу және бақылау функциялары. Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын ала шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгілген.Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандрудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

         Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Соңғы уақытта бір қатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекел сақтандырудың негізгі арналымымен – қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

         Сақтық  қатынастардың бір бөлігінің  салыстырмалы жалпы бағыттылығы  мен (кең айналымдағы резервтік  қорларды пйдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге  асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады. Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар айналымдағы қорларды - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болып табылады. Бұл қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттілігімен байланысты.

       Үшінші бөлік  қатынастардың тұйық аясын пайдалана  отырып және олардың осы жиынтығы  шегінде бұл қатынастардың баламалығына  жете отырып, адамдардың денсаулығы  мен  әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші  субъектілердің мүлкін сақтық  қорғау жөніндегі қатынастар  болып табылады. Бұл - жалпы сақтандыру  мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.

          Сақтандырдың  жалпы жүйесін салыстырмалы дербес  бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.

          Сақтандыру  кезінде сақтық резервтері мен  қорларын қалыптастырудың ең  негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын қолдануды болжайды.

          Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасаушы алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері мен оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түрлеріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісім шартпен анықталады.

 Сақтық қатынастардың бірінші  бөлігінде – қоғамдық қорғауда  бюджеттік әдіс пайдаланылады,  екінші бөлікте – әлеуметтік  сақтандыруда – қос әдіс, үшінші  бөліктен – жалпы сақтандыру  мен өмірді сақтандыруда тек  сақтық әдіс пайдаланады. 

     Ірі апаттар мен  нәубеттердің зардаптарын жою  жөніндегі шараларды қаржыландыру  қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде  ақша қаражаттаррын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында  (босалқы қорлар – жем-шөп, тұқым, отын және басқа қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарында (шикізаттың  шла фабрикаттарының, басқа материалдық босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың, сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.

       Сақтандырудың  экономикалық категориясының материалдық  иелері – сақтық қорлары. Ол  қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері,  сақтық қатынастары қатысушыларының  жарналары, мемлекеттік бюджет  қаражатттары, қаражаттардың ерікті  аударымы, қайыр көрсету және  сақтық қатынастары тарапынан  болатын бірқатар  басқа айрықшалық  төлемдер есебінен қалыптасатын  ақшалай немесе материалдық қаражаттардың  резервтері болып табылады.

       Сақтық қорлары  – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы  сан алуан, алдын ала болжануы  мүмкін емес жайттардан сақтандыруға  арналған қоғамның резерв қорлары  жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

         Мүліктік  міндеттерді қорғауды, материалдық  зияннан  сақтандыруды және  оның орнын толтыруды сақтандыру  жүзеге асыратын сақтық қоры  материалдық немесе ақша қорлары  нысанында жасалады.  Сақтық қорларында  қоғам мүшелерінің ұжымдық және  жеке мүдделері қорғалады, олардың  тіршілік әрекеттерінің сан қырлы  экономикалық және әлеуметтік  аспектілері көрінеді.Сақтық қорларының  басқа қорлардан ерегшілігі: олар  алдын ала тұтыну қорларына  да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын  және қорлануға міндетті қызмет  етпейтін табыстардың бірден  бір бөлігі.

       Нарықтық экономикада  сақтық қатнастарының едәуір  бөлігі комерциалық қатынастар  болып табылады. Ең алдымен бұл  жалпы сақтандыру мен өмірді  сақтандыру категориясына қатысты,  бұлардың қызмет көрсетуі өзгеше  сақтық қызметтерін көрсетуге  түрленеді және мұндай қызмет  көрсетудің еркін рыногында ұсынылады.  Бұл қызметтер көрсетудің бағалары  сақтық тарифтер мен жарналары түрінде болады.  Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың санасымен және бағаның деңгейімен анықталады.

       Клиенттерді тарту  үшін сақтық ұйымдары клиентураға  қызмет көрсетудің ассортиментін  кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды  өтеу жөніндегі кепілділіктерді  арттырады.

          Сақтандырушылардың  жарналары есебінен жасалатын  сақтық қорлары белгілі бір  уақытта тікелей айналымында  – сақтық төлемдерін төлеу  үшін ( сақтық жағдайының болу  немесе ықтималдық сипатына қарай  оның пайда болмау сипатына  қарай оның пайда болмау мезетіне  дейін) пайдалынылмауы мүмкін. Мұндай  жағдайларда сақтық қорларының  қаражаттары қосымша табыс алу  үшін коммерциялық  айналымдарға  жіберуі мүмкін. Өз кезегінде  бұл табыстардың бір бөлігін  тапсырыскерлерді табу үшін сақтық  қызметтерді көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалылырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдары кезінде ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына көмектеседі.

       Экономиканың  нарықтық қатынастарға көшуі,  кәсіпкерлік қызметінің  дамуы,  тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер  арасындағы өзара келісім шарт  міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру  арқылы болатын кепілділіктерлің  берік жүйесін талап етеді.  Тек сақтандыру негізінде ғана  материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну  прцесінде пайда болатын қоғамдық  және жеке мүдделерді қорғау  мүмкін болады. 

       Өтпелі экономика  жағдайындағы сақтандыру институтының  ерекше маңыздылығы бірқатар  факторлармен анықталады.

       Біріншіден, мемлекет  тарапынан көзделген шаралардың  сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың  түрлі мүдделерін қосымша қорғауға  мүмкіндік береді. Қазіргі кезде  табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайларды жою жөніндегі  шығыстардың негізгі ауыртпалығы  мүмкіндігі объективті түрде  шектеулі болып табылатын мемлекеттік  бюджетке түседі.

      Екіншіден, сақтандыру  механизмін қазіргі жағдайда  пайдалану елдегі кәсіпкерлік  қызметті жедел дамытуды, Қазақстан  экономикасының негізгі саласының  ерекшеліктерін, оның климаты мен  географиялық орналасуы, экологиялық  деңгейін ескере отырып, өндіріс  технологиясын жетілдіруді қамтамасыз  етеді.

       Сақтық жүйесі  республика экономикасының сенімді  әрі орнықты дамуына, халықты  әлеуметтік қорғауды арттыру  үшін қосымша негіз жасауға,  азаматтар мен шаруашылық жүргізуші  субъектілердің мүлкін сақтандыруға  ықпал етуі тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтауды қоса алғанда,  әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына  тікелей    қатысты.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің қалыптасуы мен дамуы