Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің қалыптасуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 17:17, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның сақтандыру нарығы көптеген себептерге байланысты тенденциялар жиынтығымен сипатталады, олар: мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сақтандыру саласы заңнамаларының жалпы жағдайы, сақтандырылушылар мен сақтандырушылардың төлемқабілеттілігі және мемлекеттік реттеу құралдары мен олардың тиімділігі. Маңызды ықпал етуші себептер қатарына тек қан ішкі фактоларды ғана емес, сонымен қоса сыртқы- Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, ТМД елдері мен Шығыс Еуропа елдерінің сақтандыру нарықтарының дамуы.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................6

I бөлім. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік мәні
1.1 Сақтандырудың түрлері және оның нысандары............................................10
2.1 Қазақстандағы сақтандыру қызметінің даму кезеңдері................................16
II бөлім. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру саласының ерекшеліктері
2.1 Қазақстандағы сақтандыру қызметінің даму кезеңдері................................20
2.2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары....................................................26
2.3 Сақтандыру компанияларының төлем қабілеттілігін мемлекеттік реттеудің отандық және шетелдік үлгілерінің салыстырмалы анализі.................................32

ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы сақтандыру ұйымының дамуының қиындықтары мен басылымдықтары
3.1 Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің негізгі бағыттарының қалыптасуы.................................................................................................................37 3.2 Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің жетілдіру жолдары..............43

Қорытынды.................................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................61

Прикрепленные файлы: 1 файл

сактандыру Сапенова часть ДЖ.docx

— 39.60 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

 

«ҚҰҚЫҚ және ЭКОНОМИКА» ИНСТИТУТЫ

 

«ҚАРЖЫ және БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП»  КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының  сақтандыру қызметінің қалыптасуы мен  дамуы».

 

 

 

         Қорғауға  жіберілді:

 

  «Қаржы және бухгалтерлік  есеп»

 кафедрасының         меңгерушісі: 

э.ғ.д, профессор                    ____________________    Иманбердиев Б.Ж.

 

          

    Ғылыми жетекшісі ______________________________ Пернеева Г.А.

        (э.ғ.к, доцент)

 

           Студент_____________________________ Сапенова С.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013 ж.

 

 

 

 

                                                         ЖОСПАР

Кіріспе.......................................................................................................................6

 

I бөлім. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік мәні

1.1 Сақтандырудың түрлері  және  оның нысандары............................................10

2.1   Қазақстандағы сақтандыру  қызметінің даму кезеңдері................................16

II бөлім. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру саласының ерекшеліктері

2.1   Қазақстандағы сақтандыру  қызметінің даму кезеңдері................................20

2.2 Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру қызметінің қазіргі  жағдайы, өзекті  мәселелері және оларды шешу жолдары....................................................26

2.3  Сақтандыру компанияларының  төлем қабілеттілігін мемлекеттік  реттеудің отандық және шетелдік  үлгілерінің салыстырмалы анализі.................................32

 

ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру ұйымының дамуының қиындықтары  мен басылымдықтары 

3.1 Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің негізгі бағыттарының қалыптасуы.................................................................................................................37 3.2 Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің жетілдіру жолдары..............43

 

Қорытынды.................................................................................................................53

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................61

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстанның  сақтандыру нарығы көптеген себептерге байланысты тенденциялар жиынтығымен  сипатталады, олар: мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сақтандыру саласы заңнамаларының жалпы жағдайы, сақтандырылушылар мен сақтандырушылардың төлемқабілеттілігі және мемлекеттік  реттеу құралдары мен олардың  тиімділігі. Маңызды ықпал етуші  себептер қатарына тек қан ішкі фактоларды ғана емес, сонымен қоса сыртқы- Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, ТМД елдері мен Шығыс  Еуропа елдерінің сақтандыру нарықтарының дамуы.

Нарықтың  қозғалысы мен көлемдерін сипаттайтын  көрсеткіштерді сараптай отырып, отандық  сақтандыру нарығының дамуын үш кезеңге  бөлуге болады: қалыптаса бастауы, әлеуметтік сақтандырудың дамуы және банктік  сақтандырудың дамуы. Төртінші кезең, біздің ойымызша, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруімен және шет елдік сақтандырушылар  тарпынан болтын бәсекелестіктің күшеюімен  байланысты болатын сияқты.

1992-жылы Қазақстан  Республикасының «Сақтандыру туралы»  Заңы қабылданған болатын және  ол бүкіл отандық сақтандыру  нарығының қатысушылары үшін  олардың іс қызметі барысындағы  бағдар ретінде болды. Сол жылдар  сақтандыру іс қызметін мемлекеттік  реттеу жүйесі енгізілді, яғни  сақтандыру ұйымының капитализациясына  талаптар күшейтілді, олардың сақтандырудан  басқа кәсіпкерлік түрімен айналысуына  тиым салынды, жекеленген келісімшарттардағы  жауапкершіліктің барынша жоғары  көрсеткіші енгізілді. Бірақ бұған  қарамай, сақтандыру компанияларының  саны өсе берді. 2002-жыл мен 2012-жыл  аралығы қазақстандық сақтандырушылар  үшін сандық жағынан да, сапалық  жағынан да ерекше кезең болды.  Міндетті сақтандыру сыйақыларының  көлемі бірден 30%-ке өсіп кетті.  Бұған айтарлықтай  әсер еткен автокөлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігіндегі сақтандырудың  енгізілуі болды. Содан кейінгі жылдары әлеуметтік сақтандыру түрлері 9-ға дейін жетті және бұл жалпы сақтандыру нарығының дамуына түрткі болды.

Бірақ осы  үрдіспен қатар, сақтандырушылардың саны қысқарды. Капитализация дәрежесіне, қаржылық тұрақтылығына және төлем  қабілеттілігіне деген талаптардың  күшеюі бірден бірнеше ондаған сақттандыру  компанияларының жабылуына әкелді. 2010-жылы нарықта 34 сақтандыру компаниясы қалды.

Дәл осы кезеңде  ерікті мүліктік сақтандыру түрлерінің айтарлықтай өсімі басталды: 2009-жылы осы саладағы сақтандыру кірістері 33% , ал 2010-жылы - 40%, ал 2011 -жылы  93% құрады. Мамандар сақтандыру сыйақыларының  көлемінің жағымды қарқынмен  өсуін банктік «жарылыспен» байланыстырады. Осылайша,егер қарыз алушы банктердің бірінде автокөлік немесе пәтер  несиеге алғысы келсе, ол сол банктің  қосалқы сақтандыру компаниясының  сақтандыру полисін сатып алуы қажет. Бұл шартты орындамайынша несиелендіру жүзеге асырылмайды.

Банктік сақтандырудың  үлкен қарқынмен дамуы өз өзінен ресми емес түрде отандық сақтандыру компанияларының банктік және нарықтық болып бөлінуіне әкелді.Біріншілерінің міндеттері айтарлықтай дәрежеде өзінің бас бөлімінің банктік өнімдерін  сақтандыруды қамтамасыз ету деуге  болады. Ал екіншілеріне диверсификацияланған сақтандыру бумасы бар сақтандыру компаниялары жатады.  

Көптеген  зерттеушілер мен  осы сала мамандарының пікірінше банктік сақтандырудың  біржақты даму тенденциясы отандық  сақтандыру нарығының да, жалпы қаржы  нарығының дамуына тиімді емес.Банктік  сақтандыру компаниялары өздерінің  басты құрылымдарының (банктің) қанатының  астында өз қызметін жүзеге асыра  отырып, тәуекелділіктерді басқарушылардың  орнына банк кірістерінің оптимизаторларына  айналып отыр. Бірақ мұнысымен  банктік бизнес душар болып отырған  жүйелік тәуекелділіктердің артуына  салдарын тигізуде.

Нәтижесінде сақтандыру компаниялары қаржылық нарықта  тұрақтандыру- шы рөл ойнай алмайды, себебі тәуекелділіктер өз құрылымдарының ішінде шоғырланады. Басқа сөзбен айтқанда, ақша жай ғана бір қалтадан екінші бір қалтаға өткізіледі.

Қалыптасып  отырған бұл жағдай сақтандыру нарығының  мүмкіндіктерін толық пайдалану  мүмкіндігін бермей отыр.Банктік  сақтандыру қауымдастығы- ның күннен күнге өсіп отырған резервтері банктік  трансакцияларға оралады да, қайтадан сол банктік индустриясының мүдделеріне  бағынышты болып қалады. Нәтижесінде, сақтандыру нарығының шынайы капитализациясы  шектеулі, жекеленген түрде жүзеге асады да, ал бұл өз уақытысында  сақтандырушылық қызмет көрсету  саласының ел экономикасына енуге  кедергі болады. Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сақтандыру компаниялары капитализация көлемі бойынша ол елдерде сөзсіз көшбасшы болып отыр.Онда сақтандыру компаниялары банктерге  қатысты «кіші іні» емес, серіктес ретінде болады. Сондықтан, біздің пікірімізше, бүкіл Қазақстан экономикасы  үшін отандық сақтандыру нарығын  транспоренттілік бағытында және «ата аналық әлпештеусіз» дамыту тиімді болар  еді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – сақтандыру қызметінің даму кезеңдерін зерттеу және сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігіне баға беру.

Қойылған  мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды және шешілді:

- сақтандыру  қызметінің даму кезеңдерін анықтау;

- сақтандыру  ұйымының төлем қабілеттілігінің  мәні мен ерекшелігін ашу;

-   сақтандыру  ұйымын мемлекеттік реттеу органын  қарастыру;

      -  Еуропалық Одақ  елдерінің сақтандыру нарығын  зерттеп-үйрену;

      - сақтандыру ұйымының  іс қызметі түрлеріне сараптама  жасау;

      - сақтандыру ұйымының  қаржылық құрылымын зерттеу және  оның төлем қабілеттілігін бағалау;

      - сақтандыру нарығын  жетілдіру жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмысты  жазуда әдістемелік негіз болған осы саладағы отандық және шет  ел авторларының еңбектері. Бұл бағыттағы  ТМД елдері мен Қазақстан ғалымдарының еңбеңтерін өте құнды деп атауға болады.

Ақпараттық  база ретінде Қазақстан Республикасының  Президентінің 2010-жылдың 28-ақпанында  халыққа Жолдауы, «Қазақстан-2030»  стратегиясы, Қазақстан Республикасының  Конституциясы, Қазақстан Республикасының  Президентінің Нұсқаулары, Қазақстан  Республикасының құқықтық нормативтік  актілері және «Тұран Әлем Банкі» АҚ-ның  қаржылық есептерінің мәліметтері  пайдаланылды.

Зерттеу пәні сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігіне  баға беру және бақылау.    
     Зерттеу объектісі болып сақтандыру компаниясы табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Кіріспеден, үш маңызды бөлімнен, қорытындыдан және 4 суреттен, 27 әдебиеттерден, қосымшалардан  құралды.

       Бірінші бөлімде  сақтандырудың экономикалық және  әлеуметтік мәні,  сақтандырудың  түрлері  және оның нысандары,  Қазақстан Республикасындағы сақтандыру  саласының ерекшеліктері, сақтандыру  қызметінің даму кезеңдері қарастырылады.

       Екінші бөлімінде  Қазақстан Республикасындағы сақтандыру  қызметінің қазіргі жағдайы, өзекті  мәселелері және оларды шешу  жолдары қарастырылады.

Сақтандыру  ұйымдарының төлем қабілеттілігін мемлекеттік реттеу органдарының отандық және шетелдік үлгілерінің салыстырмалы анализі көрсетілген.

Үшінші бөлімде  сақтандыру ұйымының дамуының қиындықтары  мен басылымдықтары қарастырылады. 

     Сақтандырудың мақсаты  қоғамдық ұдайы өндірісін қамтамасыз  ету үшін азаматтарды, мүліктерді,өндіріс  процестерін қоғамдық және ұжымдық  қорғау болып табылады.

     Сақтандыру шеңберінде  мемлекет сақтық ресурстары меншігінің  субъектісі болып келетін сақтандыру  жалпы мемлекет қаржысының құрамды  бөлігі болып табылады, қалған  барлық жағдайда сақтық үшін  экономикалық жүйе шеңберіндегі  айрықша сақтаушыға немесе оның  қайта бөлу процестерін жүзеге  асыратын арнаулы қаржы-кредит  институты ретінде қарауға болады

      Қазақстан Республикасының  бүгінгі таңдағы даму кезеңінде  экономикалық көрсеткіштердің өсіп  келе жатқандығы қуантады. Мемлекетіміз  өсіп-өркендеп келе жатқанда оның  бәсекелі ел болуына атсалысуымыз  керек. Осы дипломдық  жұмысымның  да басты мақсаты сақтандырудың  әлеуметтік–экономикалық көрсеткіштерін  жоғарылатып, сақтандырудың дамуын  жылдамдату міндеті тұр. Бұл  міндетті атқару үшін экономикалық  және әлеуметтік мәні жайлы  сөз жүргізіп, талқылауымыз керек.

      Сонымен қатар  сақтандырудың түрлерін және  оның нысандарына тоқтала отырып, олардың әрқайсысының анықтамасыз  талдау, салаларға ажырата отырып, олардағы жасалатын жеңілдіктер мен талап етілетін заңдарға сәйкес міндеттемелер жайлы да қарастыру міндеті тұр.

 Отандық  сақтандыру ісінің тарихы сонау  жиырмасыншы жылдары кеңестік  дәуірде монополиялық түрде құрылған  мемлекеттік сақтандыру ұйымымен  байланысты. Оның негізгі фунциясы  сол кезде мемлекеттік сақтандыруды  жетілдіру, сонымен қатар осы  саланың өндіріс пен шаруашылыққа  әсері болды. 

Нарықтық  қатынас жағдайында, яғни барлық қаржылық механизм түбегейлі түрде өзгерген сәтте, халық шаруашылығы кешенін  қаржы жағынан сақтандырудың, тұрғындардың бұдан кейінгі сұранымдарын да барынша  қанағаттандырудың ықпалды жолын  табу керек. Мұндай жағдайда сақтандыру белгілі түрде біздің Қазақстанның тағдырын анықтайтын осы және өзге де маңызды міндеттерді шешуден  сырт қалмауға тиіс еді.

       Менің міндетім  осы дипломдық  жұмысты жазу  барысында экономикалық және  әлеуметтік мәнін ашып беру, барлық  қарастырылған мәселелерді талқылау. Осы мәселелердін бірден бір  шешімін табу арқылы сақтандырудың  даму жолдарын көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік мәні

1.1 Сақтандырудың түрлері  және оның нысандары

 

         Сақтандыру  – қоғамның экономикалық қатынастарының  айрықша сферасын бейнелейтін  көне категориялардың бірі. Сақтандыру  сферасы адам өмірінің, өндірістік  және әлеуметтік – экономикалық  қызметінің барлық жағын қамтиды.  Сақтандыруға түрткі болатын  басты себеп  - бұл өндіріс пен  адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін  жалғастыру, азаматтардың жекелеген  санаттарының өмір тіршілігі  мен әл–ауқатын қолдап отыру  мақсатында оларды сатып алу  үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және  аумақтық аспектілерде) натуралдық–  заттай босалқы қорларын да  немесе резервтерін де, сондай–ақ  ақша ресурстарын да кіріктіретін  қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық  қорлары түрінде қалыптасады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің қалыптасуы мен дамуы