Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 12:59, курсовая работа
Қазіргі кездегі банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін қаржылық-экономикалық қатынастарды түрлендіруге, қаржы жүйесін нарықтық жағдайларға сай келтіруге және инвестициялық белсенділікті дамытуға қызу ат салысатын, сондай-ақ, әлеуметтік хал-ахуалдар мен экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз ете алатын, Қазақстан Республикасының тиісті заңдары мен сол заңдардың негізінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын, экономикалық сипаттағы қызмет болып табылады.
КІРІСПЕ
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Банктік қызмет пен өнімдердің негізі мен қалыптасуы
1.2. Банктік қызметтердің сыныпталуы
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ (ТЕМІР БАНК ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
2.1 « Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ –нің қызметіне сипаттама
2.2 Банк қызмет көрсетуінің тиімділігін қамтамасыз ету және банк қызметін басқару
2.3 Банктердің активтік қызметтері
3. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІ ҰСЫНҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ
3.1 Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізінен коммерциялық банктердің операциялық қызметтерін дәрежелеу өте қиын. Банктік істің қазіргі кезгі теориясында келесі схема (сызба) қолданылады.
Сурет 2. Коммерциялық банктердің операциялары
Екінші деңгейлі банктердің пассив операциялары - өз қарауына әртүрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және өзге де қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларға қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белілі бір қор мөлшері қажет.
Пассивтік операциялар
– коммерциялық банктердің ресурстарын
жинақтайтын операциялар
А) жарғылық капитал;
Б) қорлар, резервтік және арнайы;
В) құнды қағаздар операциясы және несие беру нәтижесінде болатын шығынды өтеуге кететін міндетті резервтер;
Г) бөлінбеген табыстар.
Екінші деңгейлі банктердің актив және пассив операцияларының арасындағы байланыс өте күрделі болып табылады. Егерде ресурстар құны өссе, онда банктік маржа қысқарып, табыс азаяды нәтижесінде банк өзінің жұмысын жақсарту үшін капиталдық салым салудың тиімді салаларын іздестіреді. Аса маманданған емес банктер жоғары пайызбен максимальды тәуекелді несиелерді ұсынуды қолайлы көріп тұрады, бірақта осындай шешімнің қабылдануы банктің төлемқабілеттілігіне кедергі келтіреді. Сондықтан банктік қызметтердің координациясы қажет. Сонымен бірге келесі негізгі қағидаларды ескеру керек:
Банктік жарғылық капиталы оған қатысушылардың жеке қаржысынан құралады. Жарғылық капиталдың төменгі көлемі мен құралу тәртібін ҚР Ұлттық банкі белгілейді. Резервтік қор табыстың бір бөлігінен құралып, банк қызметі нәтижесінен болатын шығынды жабуға кетеді. Бұл қордың төменгі көлемі жарғылық капиталдың 15 пайызына дейін болады.
Міндетті қордың болуы банк үшін міндетті. Кей жағдайда міндетті қор табыс көзінен құралады. Сақтандыру резерві салымдар құнын жоғалтқанда несие қайтарымы төмен болған жағдайларды өтеу үшін құрылады. Бөлінбеген пайда – бюджет төлемінен, резервтік капитал төлемінен арнайы қорларымен дивиденд төлемінен артылған табыс бөлігі. Банктің негізгі ресурстары оның тұрақтылығы үшін маңызы зор. Тартылған қаржылар келесі банктік операциялар негізінде құралады.
Депозиттік операциялар – белгілі бір уақытқа салынған заңды және
жеке тұлғалар қаржысымен
жүргізілген банктік операцияла
Белгілі бір уақытқа банк шотына салынған депозит субъектілерінің қаржысы – депозиттік операциялар объектісі.
Банктің депозиттік саясатының негізгі проблемасы Заңды және Жеке тұлғалар салымдарының оңтайлы мерзімін анықтау. Ол мерзім депозиттер бағытталған несиеге мерзімімен сәйкестенуі қажет.
Депозиттік емес салымдар арасында ҚР Ұлттық Банкі беретін банкаралық несиелердің маңызы зор.
Банкаралық несие – бір коммерциялық банктің екіншісіне беретін несиесі. Бұл операция банкаралық рынокта жүзеге асады. Несиені банктер несиелеудің мына негізгі прициптері сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік және мақсаттылық.
Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит) несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда, Голландияда, Бельгияда борышқорға ашылатын контокоренттік шот бойынша лимит бекіту формасы кең тараған. Контокоренттік шот деген несиелік шот пен ағымдағы шоттың біріктірілуі.
Ал кейбір мемлекеттердің (Ұлыбритания, Канада) банктері несиені шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді. Овердрафт – клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беру немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса, бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі.
Халықаралық практикада бір жарым айдан 6 айға дейінгі мерзімі бар депозиттер кең таралған. Шекті мерзім 1 күннен бірнеше жылға дейін.
Банкаралық рынок қаржысын несиелер – банктер өз активті операцияларына ғана емес, сонымен қатар банк балансын теңестіруге де пайдаланады.
Активті операциялар (АО) – жеке және тартылған қаржыны пайда түсіру үшін жұмсайтын операциялар. Банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастырылуын актив операциялар деп атайды.
АО-ды сапалы жүргізілуімен банктің қаржылық тұрақтылығы тығыз байланысты. Экономикалық мазмұнына қарай банктің АО-ры былай бөлінеді:
АО-лар негізінен несиелік операциялар құрайды. Олардың қауіптілігі
жоғары, бірақ та неғұрлым табысты. Несие беруші банк несиегердің оның төлем қабілеттілігін анықтайтын заңды құжаттарды талап етеді.
Ол құжаттар төмендегідей:
Банк беретін несиелер
түрлі қасиетіне қарай
А) Несие алушылар түріне – кәсіпорын, үкімет органдары, тұрғындар, банктер.
Б) Пайдалану мерзіміне – қысқа, орта, ұзақ мерзімді (қызметі).
В) Несиегердің шаруашылық түріне - өндіріс кәсіпорны немесе басқа.
Г) Несиегердің жұмыс саласына - өнеркәсіп, көлік,
ауылшаруашылық, сауда саласы.
Д) Қайтарым түріне – кепілдік, сақтандыру, кепілдік мүлік.
Е) Қайтарым әдісіне – бір мезгілде немесе бөлшектеп.
Қор биржаларында бағаланатын құнды қағаздар мен вексельдермен жүргізілетін операциялар құнды қағаздар операциясына жатады.
Кепілдік операциялар - кейбір жағдайға байланысты клиент қарызын төлеу құқығын үшінші тұлғаға кепілдеме ретінде беру.
Комиссиялық операциялар - клиент тапсыруымен банктер жүргізіп, ол үшін комиссиялық төлем алу операциялары.
Негізгі комиссиялық операцияларға мыналар жатады:
Лизингтік операциялар – ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автокөлік, компьютерлерді) жалға беруді айтады. Лизингтің бірнеше түрлері қарастырылады:
а) оперативті немесе жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі және оның объектісі болып төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал жабдықтар табылады;
б) қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Олар құрал – жабдықтардың және машиналардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді;
в) қалдық құн бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға беру. Бұл жағдайда лизинг объектісі бастапқы емес қалдық құны бойынша бағаланады.
Факторингтік операция – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқығын басқаға беру. Оның мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұл келісім – шартпен жүзеге асады. Онда сатып алынған қарыздың сомасы және пайызы көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Ақпараттық қызмет көрсету – қазіргі кездегі телекомуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде Екінші деңгейлі және екінші деңгейлі емес ақпараттарды иеленеді. Осының негізінде банктер өзінің мәліметтер базасын жасап, клиенттер оған қол жеткізу үшін ақы төлейді.
Екінші деңгейлі банктер қызметінің өзгешелігі – олардың өзгенің қаражатымен қызмет жасауы. Банк капиталының 90% - ға жуығы тартылған қаражат. Тартылған қаражаттың ең үлкен мөлшері банктің өз капиталына байланысты анықталады. Әр елдерде өз капиталы мен тартылған капиталдың арақатынасы әр түрлі болады. Ол номативтер 1:10 қатынасынан 1:100 қатынасына дейін ауытқиды. Мысалы Швецарияда ол 1:12 қатынасы болса, ал Жапонияда 1:83 қатынасына тең.
1.3. Коммерциялық
банктердің қызметтері мен
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды.
Банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талар етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
Информация о работе Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары