Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 12:59, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кездегі банктік қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі мәселелерді шешуге септігін тигізетін қаржылық-экономикалық қатынастарды түрлендіруге, қаржы жүйесін нарықтық жағдайларға сай келтіруге және инвестициялық белсенділікті дамытуға қызу ат салысатын, сондай-ақ, әлеуметтік хал-ахуалдар мен экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз ете алатын, Қазақстан Республикасының тиісті заңдары мен сол заңдардың негізінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын, экономикалық сипаттағы қызмет болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Банктік қызмет пен өнімдердің негізі мен қалыптасуы
1.2. Банктік қызметтердің сыныпталуы
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ (ТЕМІР БАНК ЖӘНЕ РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
2.1 « Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ –нің қызметіне сипаттама
2.2 Банк қызмет көрсетуінің тиімділігін қамтамасыз ету және банк қызметін басқару
2.3 Банктердің активтік қызметтері
3. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІ ҰСЫНҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ
3.1 Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Банктік қызметтер түрлері. КУРСОВАЯ 12.doc

— 367.50 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: Банктік қызметтер түрлері

 

 

 

Жоспар

КІРІСПЕ

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ  БАНКТЕРДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Банктік қызмет пен өнімдердің  негізі мен қалыптасуы

1.2. Банктік қызметтердің сыныпталуы

1.3. Коммерциялық банктердің  қызметтері мен операциялары

2. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРІН  ТАЛДАУ (ТЕМІР БАНК ЖӘНЕ РЕСЕЙ  ЖИНАҚ БАНК  МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

2.1 « Ресей жинақ  банкі» АҚ ЕБ –нің қызметіне   сипаттама

2.2 Банк қызмет көрсетуінің  тиімділігін қамтамасыз ету және банк қызметін басқару

2.3 Банктердің активтік  қызметтері

3. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІ ҰСЫНҒАН  ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАНК ҚЫЗМЕТТЕРІ

3.1 Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Банктер – нарықтық құрылымдар жүйесінің ортақ бөлімшелерінің бірі, олардың қызметінің дамуы –  нарықтық механизмін нақты құруға қажетті жағдай болып табылады.

Өз қызметі көлемінде банк түрлі аудиториямен: клиенттермен, бәсекелестермен, мемлекетпен қызмет алмасады. Мақсаты: табыс көзін ұлғайту.            

Қазіргі кездегі банктік  қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі  мәселелерді шешуге септігін тигізетін  қаржылық-экономикалық қатынастарды түрлендіруге, қаржы жүйесін нарықтық жағдайларға сай келтіруге және инвестициялық белсенділікті дамытуға қызу ат салысатын, сондай-ақ, әлеуметтік хал-ахуалдар мен экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз ете алатын, Қазақстан Республикасының тиісті заңдары мен сол заңдардың негізінде қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатын, экономикалық сипаттағы қызмет болып табылады.

Сонымен, банктік қызмет қоғамдық, қоғамдық-мемлекеттік маңызы бар материалдық мүдделер мен  қажеттіліктерді (соның ішінде жекеше мүдделерді) қамтамасыз етуге, Қазақстанның банк және кредит жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің ақшалай ресурстарын қалыптастыруға және оларды дұрыс пайдалануға бағытталған, сондай-ақ өзге де Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген банктік операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыру түрінде көрініс табатын қаржылық экономикалық қызмет ретінде, әсіресе, мемлекеттің ақша-кредит саясатының соңғы кездерде қарқынды іске асырылуына қарай мемлекеттік басқаруды қажет етеді.

Қазіргі нарықтық экономика  жағдайындағы банктік қызмет және оны  мемлекеттік (экономикалық және әкімшілік) басқару жайындағы ғылыми ізденіс-зерттеулер мемлекет тарапынан айтарлықтай  қолдау тауып отырғаны белгілі, сондай-ақ, банктік қызметті қаржы нарығын  және қаржы-кредит жүйесін дамыту, жаңаша сипаттағы мемлекеттік басқару-реттеу жөнінде ақпарат алғысы келетін мүдделі тұлғалар мен арнайы қаржылық - кредиттік және әкімшілік органдарының қатары күн санап көбеюде. Банктік қызмет көбінесе қаржылық, валюталық және кредиттік реттеудің нысаны болып табылатындықтан, оны мемлекеттік қадағалау-реттеудің маңызы мен мән-жайларын тиісті нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және халықаралық талаптарға сай болуын қамтамасыз ету сияқты және т.б бағдарлар бойынша айқындауға болады.

Клиентті ауқымды түрде тартуға  қажет банк операцияларының тиімді әрі ыңғайлы жүйесі ішкі ақша жинағын  көбейтуге әсер етеді. Өзгерістегі  экономиканың қалыптасып жатқан тұтыну қабілетіне икемделуге бейім ыңғайлы  банктік қызмет бұл тұрғыда маңызды орынға ие.

Банктік қызметтің саны және сапалық  мінездемесіне нарықта  орын алған бәсекелестік те әсерін тигізеді. Бұлай дамыған ақпараттық технологияларды есепке алмай жұмыс жасау банкті дағдарысқа әкеліп соқтыруы ғажап емес. Сондықтан да көптеген банктер жаңа заманға сай қызмет түрлерін енгізуде.

Бүгінгі күні коммерциялық банктер  клиенттерге 200 түрлі қызмет түрін көрсете алады. Аталған банктік операциялардың барлығы күнде жүргізіле бермейді. Бірақ та кейбір операциялардың базалық жиынтығынсыз (депозит қабылдау, төлем қабылдау) банктер жұмысын тоқтатуы мүмкін.

Дәстүрлі банктік қызмет көрсету  – депозит қабылдау, несие беру, халыққа есеп – кассалық қызмет көрсетуімен қатар жаңа заманғы  банктік институттар электрондық  қызмет көрсете бастады. Оған пластикалық карточкалар, банк аралық электрондық есептесу, интернет торабында әлемдік қаржы нарығын қалыптастыру жатады. Клиенттер тапсырысына байланысты маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар және де трасттық, ақпаратты – анықтамалық, консультациялық қорлар арасындағы операцияларды жүргізеді.

Банктер ролін арттырудың маңыздылығы  оның аз шығынымен кең көлемде  жұмыс атқаруында, клиентке банктік  қызмет көрсетудегі толық сұранысын  қанағаттандыруында.

Ұзақ уақыт бойы банктер мемлекеттік  ұйым болып табылды және экономиканың «мәнсіз бөлігі» ретінде қызмет атқарды. Бүгінгі таңдағы мақсат нарықты экономиканы құра отырып, біз банк қызметін ұйымдастыра отыруда әлемдік деңгейге шығуымыз керек.

Осыны ескере отырып курстық жұмысты Қазақстан Республикасының банк жүйесінде, Қазақстандағы коммерциялық банктердің қызметіне сипаттама мен талдама, банктік қызметтердегі шетелдік тәжірибе, экономиканы дамытуда банктердің рөлі, қазақстандық банктердің халықаралық қаржылық нарықтарға енуі жөнінде мәліметтер көрсетіліп «Еуразиялық Банк» АҚ мәліметтері көрсетіледі.

 Жоғарыда айтылған мәселелер  мен біздің елдің экономистері  тарапынан банктік қызметтің  даму перспективасын арнайы зерттемегендігі  курстық жұмыс тақырыбының нарыққа көшу жағдайында жаңа және өзекті екендігін анық көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Банктік қызметтердің ерекшеліктері

 

Алғашқы кездерден бастап банктердің пайда болуы мен қызмет етуі, өзінің дамуында бірнеше тарихи кезеңдерден  өткен ақша эволюциясына байланысты. Ежелгі Рим мен антикада Грецияда ақша  рөлін мал атқарған кезде ешқандай банктер туралы сөз ету мүмкін емес еді. Бірақта, ежелгі және қазіргі заманғы тарихта да банктердің қандай қызметтерді орындауымен пайда болғаны жөнінде толық және нақты мәліметтер жоқ. Сондықтан да экономикалық әдебиетте банктердің шығу тарихы толық анықталмаған, ал қазіргі жаңа тарихтардағы мәліметтер бойынша банктердің пайда болуын метал ақшаның пайда болу кезеңіне жатқыза аламыз. Осы жерде француз елінің мақалын келтіре кету артық емес: «Егерде тиын домалақ болса – ол айналуы керек». Оның айналымы банк қызметі арқылы жылдамдатылады.

Тарихта банктердің ең қарапайым қызметі, мысалы тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға  дейінгі Вавилонда кездескен. Сол  сияқты ақшаны несиеге алып ежелгі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар – ақша айналысы және несие қатынастардың ауқымы тарылып, тек  XIII-XIV ғасырларда сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк қызметі қарқынды өрістей бастаған. Ортағасырда банк қызметінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.

Капиталистік банктердің алғашқы  ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 жылы айырбас қызметінің негізінде, яғни әр түрлі қалалардың ақшасы пайда болды. Банктердің негізгі қызметі ақшаны сақтау, қабылдау мен ақшасыз есеп айрсуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиентің қатысуымен банктердің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударуды жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609 ж) және Гамбургте (1618 ж) ұйымдастырылды. Бұл банк қызметінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер сауда мен есеп айырысуға қызмет еткенімен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталистің қайталама айналымымен байланысты аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. Ал, капиталистік банктер керісінше ұдайы өндірістің өнеркісіп және сауда капиталының қажеттілігінен пайда болды.

Совет өкіметі кезеңінде Қазақстанда  өзінің банктік жүйесі болған жоқ, өйткені республика аумағында СССР-нің орталықтандырылған несиелік жүйесі мен филиалдар жұмыс істеді. Ол кезеңде несие капиталдары нарығында акционерлік коммерциялық банктер (47 банк, 743 филиалы) басты роль атқарып 1914 жылы жоғарғы деңгейге жетті.

Кіші және орта буржуазияға қызмет көрсететін шағын несиелік құрылымдар: өзара несие қоғамы (11081) және қалалық қоғамдық банктер (343) жұмыс істеді. Ипотекалық несие жүйесі мемлекеттік дворяндық жер банкінен және мемлекеттік жер банктерінен, 10 акционерлік жер банкі, 36 қалалық несиелік және басқа да ипотекалық несие банктерінен тұрды.

Несие құрылымдары арасында кең  көлемде тараған деревнялардың  ауқатты тұрғындарына қызмет көрсететін несиелік операциялар болды. Ол несие  жинақтау кассасынан және несие серіктестерінен тұрды.

1930-32 жылдары кеңес одағында  несиелік реформа жүргізу нәтижесінде  жаңа принциптегі түрлі салалық  банктер құрылды. Қаржылық салымдары  несиелеу және қаржыландыру үшін  төрт арнайы банк құрылды.

Электр шаруашылығы және құрылысын қаржыландыру банкі (промбанк) 1959 жыл. КСРО құрылыс банкі болып қайта құрылды.

Көптеген несиелік серіктестермен республикалық ауылшаруашылық банктер  орнына құрылған социалистік жер  игеру банкі (сельхозбанк) 1959 жыл  жойылып, оның қызметін СССР мемлекеттік және құрылыс банктері атқарды.

Кооперация құруды қаржыландыру банкі  бүкіл ресейлік кооперативтік банк негізінде құрылды. 1936 жылы Всенобанк  жойылып, оның активтері және пассивтері СССР сауда банкіне беріліп, ол 1959 жылы жұмысын тоқтатты.

Коммуналды және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (цекомбанк) 1959 жылы таратылды. Оның қызметі стройбанкпен СССР мемлекеттік банкіне берілді. Барлық одақтас республикаларда, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері құрылды. Және де  банктерді орталықтандыру принципі, олардың банктік жоғарғы органдарына бағынуы сақталды. 1991 жылы желтоқсанда егемендік алған соң Қазақстан нарықтық экономика талаптарына сай банктер жүйесін қалыптастыруға кірісті, 1991 жылдың қаңтар айында ҚазССР банктер және банктік қызмет туралы Заң қабылданып, өз банктің реформаның басы болып есептелді. Республикалық мемлекеттік банк облыстық басқармасымен бөлімшелері бар ҚР ұлттық банкі болып қайта құрылды.

Республикалық мемлекеттік Промстройбанк – акционерлі коммерциялық Тұранбанк болып, Агропромбанк – акционерлік – коммерциялық ҚР Агропромбанкі қайта құрылды. Внешторгбанк – акционерлі коммерциялық Әлембанк болып, республикалық жинақ банк ҚР жинақ банкі болып қайта құрылды. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып құрылса, жинақ банкі - ҚР Халық банкі болып аталды.

Қазақстандағы банктік  жүйенің дамуын қарасақ біз банктік  институттар қысқаруын байқаймыз. 1993 ж елімізде 204 банк болса, 1997ж республикада 82 болды. Бүгінгі күні елімізде екінші деңгейдегі 35 банк болса, оның ішінде 16 банк шетелдік үлесі бар. Қысқартудың бір себебі банктер арасындағы бәсекелестік.

ҚР екінші деңгейлі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді. Лицензияның  өзіндік стандартты формасы бар  және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады. ҚР – дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандауын белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және тағы басқалары.

Бізге белгілі банктер  әртүрлі операциялар мен қызметтерді  жүзеге асырады. Банктік қызмет –  бұл табыс табу және және нарықта  өндіру мақсатынан маркетинг-ізденістер негізінде құрылған мамандандырылған интеллектуалдық өнім. Банктік қызметтер – жеке персонификациялы күрделі формалары бар қызмет. Жалпы банктік қызметтердің келесідей ерекшеліктері бар: қателеспеушілік, сақтықсыздық, жинау қабілетсіздігі және қызметтердің тұрақты сапасының кепілдігі.

Сондықтан, банктік қызметтер сферасы қызмет көрсетудің жоғары тәуекелді сферасы болып табылады. Банктік қызметтердің ерекшелігі және тәуекелді куәландыратын фактор болып, олардың халықаралық масштабта тарихи құрылған патенттік қорғаныссыздық саналады.

Банк қызметін – банктің клиент мүддесі белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Банктік қызметтің тағы бір ерекшелігі – есептеу обьектілерінің көпшіге емес, сонымен қатар, есептеу мәселелерінің қиындата түсетінін, оларды өлшеудің бірліктердің көптігінде.

Екінші деңгейлі банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың  мемлекетке бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Банктің клиентпен орнататын  қатынастарын анықтау үшін «банктік өнім», «банктік қызмет көрсету», «банктік операция» деген түсініктерге анықтама беру керек. Банктік қызмет көрсету – клиент қажеттілігін қамтамасыз ету түрі, банктің клиентке қызмет көрсету нәтижесі. Банктік өнім құжаттар түрінде банктің клиенттерге қызмет көрсетуі. Банктік операция – мақсаты, уақыты және орны бойынша банк қызметшілерінің жиынтық іс-әрекеттері. Осы түсініктердің айналысын төмендегі сызба арқылы сипаттауға болады.

Қазіргі кезде негізгі  дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша  салымдар тарту мен қарыз беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп  бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірігінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін. Екінші деңгейлі банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрімен айналысады.

Қазіргі кезде әмбебап  банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын  ұсынады. Осы кезде басқа банктер  бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Информация о работе Қазақстан республикасында банктік қызметтің дамуының негізгі перспективалары