Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 06:36, курсовая работа
Бағалы қағаздар нарығы мынадай элементтерден тұрады:
- Эмитенттер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
Инвесторлар, уақытша бос ақша иелері заңды және жеке тұлғалар;
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар және тағы басқа;
Қор биржалары, дипозитерлер және де басқа да бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Кіріспе...................................................................................................2
I бөлім. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні.............................4
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері........................................................4
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы және мәні...........................15
II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы............................17
2.1. Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.........17
2.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары.......................20
2.3. Қор биржасы және биржалық операциялар...............................23
III бөлім. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу..................26
IV бөлім. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
даму проблемалары..........................................................................28
Қорытынды..........................................................................................31
Қосымшалар........................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер...................................................................36
Жанама араласу:
ә) несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
а) мемлекеттің салық саясаты;
б) депозиттерге, несиелерге, қарыздырға үкімет кепілдігі;
в) қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
г) мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатымен іс-шаралары. Қазақстанда енді қалыптасқан қор нарығын әзірге жеткіліксіз жағдайда реттеуде. Бағалы қағаздар нарығына мемлекеттік ықпал етудің мақсаты мынадай:
Құқықтық қорғау - әкімшілік мемлекеттік тіркеу, кәсіби қатысушылардың қызметтеріне лицензиялары мен сертификат беру,шетел инвесторларын бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері.
Экономикалық қорғау - бағалы қағаздармен жасалатын операцияларының салықтық жеңілдіктер жүйесін жасау және қолдану; мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялар жолымен нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеу.
III бөлім. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары.
Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары кеңес одағының зандары негізінде 90-жылдарының басынан бастап пайда бола бастады. Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқанда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізілді. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген кәсіпорын акциясын сатып алуға болады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акцияларын сатып алуға болады. Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру 1994-1995 жылы өтті, ол кезде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық чектерін тапсырғанмен олардың орнына акция алғандары аз.
Қорыта айтқанда, жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-құқықтық формасы - акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болды. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы қезең. Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық экономикаға өтуі үшін елімізде қаржы нарығы және оның қызметтерін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етті, яғни қаржы нарығының үш саласының бірі бағалы қағаздар нарығы. Қазіргі кезде бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынға үйренген әдіс-ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі – қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдер шығарумен айналысады. Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта елімізде негізімен құрылып болды. Дегенмен, экономиканың дағдарыс жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейін көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі, халық табысының өсуі – Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемесі. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:
Мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері: мемлекеттік қазыналық вексельдер; мемлекеттік қазыналық облигациялар; Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары; жекеменшіктендіру купондары. Мемлекеттік қазыналық вексельдер мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады. Кәсіпорындар банкротқа ұшыраған қазіргі кезде жекеменшіктендіру чектерінің орнына берген акциялары оны иемденушілерге әлі дивиденд түсіре қойған жоқ.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы енді дамып келе жатқан нарыққа жатады. Мысал ретінде Қарағанды облысын қарастыруға болады. Айналысқа шыққан мемлекеттік емес құнды қағаздардың жалпы көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына сандық көріністе 1198,2 млн. дананы құрады (Республика бойынша көлемнің 2,8%-ы), бұл өткен жылғы сәйкес күнде шығарылған құнды қағаздар көлемінен 6,7 есе көп.
2003 жылдың соңында
айналымға шығарылған акциялар
көлемінде жай акциялардың
Бұлар:
а) қор нарығындағы бірлескен секторлардың дамымауы;
ә) халықты қор нарығындағы жинаққа тарту механизмдерінің жоқтығы;
б) бастапқы ынталандыру механизмдерінің жоқтығы.
Барлық аталған проблемалар бір-бірімен тығыз байланысты.
Экономикада пайдалы қағаздардың болмауы мемлекетті бағалы қағаздар нарығының рөлінсіз елестетуге мүмкіндік бермейді. Мемлекетті пайдалы қағаздардың рөлі экономиканың дамуы кезінде өзгерді. Мемлекеттік пайдалы қағаздар алғашында мемлекеттік несие құралдарының бірі ретінде төтенше шығындарды жабу үшін пайдаланылды, яғни соғыстар мен табиғи апаттарға байланысты. Уақыт өткен сайын Мемлекеттік бағалы қағаздар үлкен өлшемде экономикаға әсер ете бастады. Сонымен қатар мемлекеттің ақша айналымының қалыптасуында үлкен рөл атқара бастады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялардың 10%-нен аспайды. Демек, корпорация қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың корпорация ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді.
Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан, заемды шығару жағдайында, екінші жағынан, нарықтағы әр уақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға байланысты анықталады. Егер нарықты купондық бағасы жоғары жаңа заем болса, онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие-қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Вексель өзінің түр жағынан жай және аудармалы болып бөлінеді. Жай вексель ынтымақтастық жауапкершілікпен бірнеше адамға берілуі мүмкін. Аудармалы вексель – бір адамның екіншіге берген жазбаша түрдегі бұйрығы және үшінші адамда белгілі ақша сомасын көрсетілген мерзімде төлеуі.
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы енді дамып келе жатқан нарыққа жатады. 2000 жылы Қазақстанның қаржы нарығын жалпы капиталдандыру 4565,1 млн. доллар құрады. Дегенмен, әзірге Қазақстанда толық бағалы қор нарығының қалыптасуына кедергі келтіретін проблемалар аз емес. Олардың негізгілерін атап өтуге де болады. Бұлар:
Барлық аталған проблемалар бір-бірімен тығыз байланысты.
Қосымшалар.
Қарағанды облысы бойынша экономикалық қызмет түрлерінде айналысқа шыққан акциялардың айтарлықтай үлес салмағы өңдеуші өнеркәсібінің кәсіпорындарына – 60,3% (119,4 млн. дана) және қаржы қызметінің мекемелеріне – 19,0% (37,5 млн. дана) тиесілі. Атап өтетіні, қаржы қызметінің мекемелерімен айналымға шығарылған акциялар көлеміндегі айтарлықтай үлес салмақты (97,2%) екінші деңгейлі банктер алады.
Экономикалық
қызметтің жекелеген
акциялар көлемінің өзгеруі
млн. дана
Айналымға шыққан акциялар көлемінің динамикасы банкрот-кәсіпорындар акциясын жоюға байланысты экономикалық қызметтің барлық түрлерінде дерлік өткен жылмен салыстырғанда оның кемігенін көрсетеді. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер мен сақтандыру ұйымдарымен қосымша шығарылған акциялар есебінен қаржы мекемелерінде шығарылған акциялар көлемі шамамен 3 есе артты.
Айналымға шыққан облигациялар көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 1000,2 млн. дананы құрады, номиналды құнда 2608,5 млн. теңге. Облигацияны негізгі шығаратындар жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар және қаржы қызметінің мекемелері болып табылады, олардың үлесіне 2003 жылдың соңында шығарылған облигациялар құнының 38,3 және 59,7%-ы тиесілі.
Келтірілген деректер
орналастырылған акциялардың
Экономикалық
қызмет түрлері бойынша
Орналастырылған акциялар көлемінің динамикасын қарастыра отырып, өткен жылмен салыстырғанда қаржы қызметінің мекемелерінде және өңдеуші өнеркәсібінің кәсіпорындарында оның айтарлықтай өсуін атап өту қажет (сәйкесінше 52,9 және 42,7%-ға).
Бағалы қағаздар нарығының іс-әрекет етуінің негізгі шарты екінші қорлық нарықтың бар болуы және ондағы ұйымдастырылған сауданың құрылуы болып табылады.
2003 жылы Қарағанды облысы бойынша екінші нарықта мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәміле көлемінің өсуі байқалуда. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сату көлемі бір жылда 879,9 млн. теңгені құрады (бұл көлемдегі 54,7%-ды акциялар алады), бұл өткен жылғы сату көлемінен 2,4 есе асады. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу көлемі 5900,2 млн. теңгені құрады (бұл көлемдегі 81,6%-ды облигациялар алады) және өткен жылғы сату көлемінен 13,5 есе асты. Бағалы қағаздардың 5771,2 млн. теңгеге айтарлықтай көлемі (97,8%) сондай-ақ қаржы секторынан алынған. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу көбіне биржадан тыс баға белгілеу жүйесі арқылы жүзеге асырылды, онда 4027,2 млн. теңгеге бағалы қағаздар алынған, бұл жалпы сатып алынған мемлекеттік емес бағалы қағздардың жалпы көлемінің 68,3%-ын құрады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен операцияларда басқа облыстың екінші нарығының іс-әрекеті мемлекеттік бағалы қағаздармен мәмілемен жүзеге асырылады. Сонымен, 2003 жылы екінші нарықта 601,9 млн. теңге сомасына мемлекеттік бағалы қағаздар сатылған (2002 жылы – 1334,3 млн. теңгеге), ал бұл көлемдегі айтарлықтай үлес салмақты ҚР Ұлттық Банк ноталары – 132,1 млн. теңге (21,9%) және орташа жедел қазынашылық міндеттер (МЕОКАМ) – 380,0 млн. теңге (63,1%) алады. Атап өтетіні, мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, негізінен, қаржылық секторға (сатылған мемлекеттік бағалы қағаздардың жалпы құнының 98,3%-ы), ал сатып алу – мемлекеттік басқарма және қаржылық емес секторда (сәйкесінше 47,5 және 47,2%) жүзеге асырылған.
Сөйтіп, көптеген альтернативтер арасында акциялар мен облигациялар айтарлықтай танымал және бағалы қағаздардың жиі қолданылатын түрі болып қалуда. Бұл бағалы қағаздар инвестор шарттарына сай, икемді және белсенді қаржылық құрал санына жатуына байланысты.2
Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары