Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 06:36, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздар нарығы мынадай элементтерден тұрады:
- Эмитенттер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
Инвесторлар, уақытша бос ақша иелері заңды және жеке тұлғалар;
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар және тағы басқа;
Қор биржалары, дипозитерлер және де басқа да бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................2
I бөлім. Бағалы қағаздардың экономикалық мәні.............................4
1.1. Бағалы қағаздардың түрлері........................................................4
1.2. Бағалы қағаздардың пайда болуы және мәні...........................15

II бөлім. Бағалы қағаздар нарығының құрылымы............................17
2.1. Бірінші және екінші нарықтар және олардың қызметтері.........17
2.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары.......................20
2.3. Қор биржасы және биржалық операциялар...............................23

III бөлім. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу..................26
IV бөлім. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының
даму проблемалары..........................................................................28
Қорытынды..........................................................................................31
Қосымшалар........................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер...................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

bagaly_kagazdar.doc

— 228.00 Кб (Скачать документ)

Бағалы қағаздарды сатып алушылар жеке және институттік инверсторлар болуы мүмкін. Нәтижесінде олардың бір-бірімен қатынастары экономиканың даму деңгейінен, қор жинау деңгейінен және несие жүйесінің жағдайынан байланысты болуы мүмкін. Дамыған елдерде бағалы қағаздар нарығында институттік инвесторлар басым. Өндірістік іс-әрекеттерді инвестициямен қаржыландыру мақсатында акциялар шығару жаңа компаниялардың құрылуымен "Жоғары технология" саласында жеке меншік компанияларды қайта құрумен байланысты. Дамушы елдерде акция шығарудың негізгі себебі, тұтас корпорация капиталында қарыз капитал бөлігін жабуды және төмендетудің қажеттілігін қаржыландыру. Жаңа акциялар эмиссиясының бірінші себебі – компаниялардың сеңуі. Бұл компаниялар жаңа акциялар эмиссияларын өндіре отырып бірінші нарыққа шығады.

Екінші себебі, қазіргі заманғы корпорациялардың бағалы қағаздар нарығына, тұтас капиталдық корпорациялардағы қарыз капиталдарын төмендету. Себебі кейбір елдерде меншіктік  және  қарыздық капиталдардың ара  қатынасы заңмен жүзеге асырылады.

Бағалы қағаздардың бірінші нарықта орналасуы екі формадан тұрады:

  1. Тура инвесторларға айналдыру жолымен;
  2. Делдардар арқылы.

Дамыған мемлекеттердің нарығының артықшылығы – бұл бағалы қағаздарды гофедниктер арқылы орналастыру, яғни инвестиция беруші банкілердің ролі арқылы. Компания – эмитент пен инвестициялық банк арасындағы бір-бірімен қатынас эмиссиялық келісім негізінде құрылады. Инвестициялық банк компания - эмитентпен бірігіп эмиссия шартын анықтайды. Эмиссиялық келісімге қатысты инвестициялық банктер бағалы қағаздарды не сатып алушы ретінде, не агент ретінде орналыстырады. Бағалы қағаздарды орналастыру формасына тәуелсіз жаңадан шығаруға дайындық әр қашан бірнеше этаптан тұрады:

  1. Арнайы үкіметтік органдармен шығаруды реттеу. Ол тіркеуге  өтініш  негізінде өнделеді.
  2. Басылу кезеңі. Бұл кезең ағымында өтініштерді тексеру өтеді.
  3. Эмиссия алдылық кеңесу кезеңі. Онда тіркеу жөніндегі өтініштер алынады және эмиссия тізімінің қорытынды тізімі анықталады.
  4. Жаңа шығарылымдарды тікелей жүзеге асырылу кезеңі.

Бірінші нарық  бағалы қағаздардың екінші нарығының пайда болуына әкеледі. Тіптен, бірінші нарық екінші нарықтың жоқ болуынсыз өмір сүруі мүмкін емес. Екінші нарық – ол ерте шығарылған және басқа формадағы бағалы қағаздардың алдын ала сатылуындағы айналым қамтылады. Нарықтың негізгі қатысушылары эмитенттерде, инвесторлар да емес спекулянттар. Арзанға сатып алып, қымбатқа сату олардың мақсаттары, яғни курстық айырмашылық арқылы табыс табу. Екінші нарықтың бірінші нарықтан айырмашылығы инвестиция мен елдегі жинаққа әсер етпейді. Ол әр түрлі шаруашылық субъектілерінің арасындағы бірінші нарық арқылы шоғырландырылған ақша қаражатын үнемі қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Биржалық алып сатарлардың мақсаты курстық айырма түрінде табыс алу болғандықтан, олар өзінің табысын өсіру мүмкіндігін тауысқан кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып, келешегі бар кәсіпорындармен шаруашылық салаларының бағалы қағаздарын сатып алады. Сонымен қатар, екіншілік нарығы бағалы қағаздардың өтімділігін және біріншісінде орналасуға жақсы жағдайды қамтамасыз етеді.

Екінші бағалы қағаздардың ұйымдасқан, ұйымдаспаған екі негізгі түрі бар: ұйымдасқаны – биржалық; ұйымдаспағаны – биржалық емес. Қорлық сауда ұйымының ең қарапайым түріне стихиялық нарық жатады. Стихиялық нарыққа сипаттама: бағалы қағаздардың бір курсының болмауы; нарық жайындағы бәрін қамти алатын ақпарат.

Биржадан тыс  айналым биржаның альтернативасы ретінде  туындайды. Көптеген компаниялар биржаға  тіркеу нормасына көрсеткіштерінің сай келмеуіне байланысты биржаға  шыға алмаған болар еді. Нақты  қазіргі уақытта биржадан тыс нарық айналымына барлық бағалы қағаздардың  көпшілігі айналысқа түседі. Биржадан тыс  айналымда сауданы специалистер жүргізеді. Олар брокерлік және дилерлік компаниялар. Екінші нарықтың дәстүрлік формасы болып ұйымдасқан қор биржасы табылады.

 

 

 

2.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары.

Бағалы қағаздар нарығының  жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:

Брокерлер – делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Олар келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасасуға арнаулы өкілеттік беріледі, ол тек сол өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.

Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:

    1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде ;
    2. Брокер клиенттің белгілеген сомасы шамасында әрекет жасайды. Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады;
    3. Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны (өзіне делдалдық үшін сыйақы қалдырып) клиенттің есепшотына аударады;
    4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет. Ол жөнінде клиент көшірме талап етуге құқы бар;
    5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере алады.

Құрылымы жөнінен  брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі және хабарлама- техникалық  бөлімнен тұрады. Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:

    1. Консалтинг;
    2. бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;
    3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару.

Брокерлік фирма  өз клиенттерінен тапсырма алғанда  олардан кепілдік беруді талап етеді. Кепілдік ретінде мыналар беріледі:

  1. Мәміледегі бүкіл сомаға вексель;
  2. Мәміленің  кемі 25%-ын немесе 100%-ын  құрайтын сома брокердің шотына түсірілуі керек;
  3. Брокердің атына ағымдағы шот ашылуы мүмкін;
  4. Брокерге сақтандыру полисі және әр түрлі кепілдіктер.

Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар. Олардың атқаратын қызметтері:

    1. Бағалы  қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;
    2. Клиенттердің тапсырмасын орындау;
    3. Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қағаздарды сату, сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.

Бағалы қағаздар нарығында дилерлердің қызметі  брокерлердің қызметінен өзінің кең  көлемділігімен ерекшеленеді. Дилерлік фирмаларда алғашқыда өзінің капиталы болады, кейіннен ол делдалдық сыйақымен және инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырады. Дилерлік фирма сатып алушылар мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысын жолға қоюға себепші болады. Олар нарықтың катализаторы ретінде жұмыс істейді.

Джобберлер – бағалы қағаздар нарығындағы конъюнктура (өзгерістерді сипаттайтын белгілер) мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Ең алғашында олар Лондон сити нарығында пайда болды. Олардың іс-әрекеттері бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде өрістеп және үнемі өзгеріп отыратын болса пайдаланылады.. Джобберлер күрделі және жан-жақты мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы банктердің, инвестициялық қорлардың шығарған акцияларның курсының келешекте өзгеруін бағдарлайды. Ол үшін олар уақытша қызмет істейтін зерттеу ұжымдарын құрады. Зерттеу ұжымдарында белгілі экономистер, банк қызметкерлері және басқа да мамандар зерттеу жүргізеді.

Сонымен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары  көбеюде, тек олардың бір-бірімен  байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.

 

 

    1. Қор биржасы және биржалық операциялар.

Қор биржасы  деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық  орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. "Биржа" деген жолмен ежелгі грек сөзі - "бурзе", яғни жинақ деген мағынаны аңғартады.

Алғашқы қор  биржасы XVI ғасырда Голландияда бағалы қағаздар шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғасырда биржалар тауар және қор биржалары болып бөліне бастады. Қор биржасының кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезеңі, яғни XX ғасыр басы. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары кәсіп-орындардың акцияларын шығару және сату болды.

Қор биржасы  – бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті қатаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын тұрақты орын.  Қор биржасының толық мәні, оның атқаратын мынадай экономикалық қызметтерінен көрінеді.

Қор нарығындағы биржалық делдалдардың, бағалы қағаздарды сату жағымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру; өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру; бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру. Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Бағалы қағаздарды биржада сату  мен сатып алу биржалық курс  негізінде жүзеге асады. Биржалық  курс дегеніміз – қор биржасы айналымындағы бағалы қағаздың сатылу  бағасы. Биржалық  курс  дивидент  көлеміне тікелей, ал қарыз пайызының мөлшеріне кері байланысты болады. Биржа мүшелерінің құрамынан биржа комитеті сайланып, арнайы комиссия ұйымдастырылады. Комиссия бағалы қағаздарды биржа операциясына жіберу туралы шешім қабылдайды.

Еркін бәсеке нарығындағы  жағдай мемлекеттік үлестіруді айналып  өтіп, қор биржасы және несиелеу биржалары арқылы ірі ақшалай  қаражаттардың саладан салаға құйылуын қамтамасыз етеді. Бұл кезең ұйымдастырылмаған "жабайы" нарықтың уақытымен сипатталады. Қаржы нарығының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қор биржаларын ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы және топтық құқықтық сипаттағы қор биржалары.

Жеке құқықтық сипаттағы қор биржалары жеке компания ретінде ұйымдастырылып, кейіннен акционерлік қоғам, аралас кәсіпорындарға айналады. Мұндай типтегі қор биржалар мүшелерінің саны қатаң шектеледі.

Топтық құқықтық сипаттағы биржалар мемлекеттік  мекемелер болып саналады. Олардың қызметтерін үкімет органдары бағалы қағаздар айналысын реттеуші арнайы комиссиямен бірлесе отырып, бақылау жасайды.

Биржада жеке компаниялардың мемлекеттік органдардың немесе шетелдің бағалы қағаздары айналымға  түседі. Биржа операциялары  кассалық және мерзімдік болып ірі 2 топқа бөлінеді. Біріншісі бойынша келісімге келген бойда есеп жүреді, яғни сатып алушы қағаз үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағаз алады. Екіншісінде, есеп мәміледе көрсетілген мезгілде жүргізіледі. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздың бағасынан өзгеше болады. Сонымен қатар, мерзімдік мәміле алыпсатарлық мәміле деп те аталады. Алыпсатардың мақсаты - биржадаға құндылықтардың сатып алу, сату бағасы арасындағы айырмашылығынан пайда табу. Мерзімдік операциялар тұрақты, шартты және прологонциялық болып бөлінеді. Тұрақты мәмілеге қатысушылар бағалы қағаздар бумасын белгілі бір мерзімде сатқанда онда көрсетілген шарттар өзгермейтіндігі туралы өздеріне міндеттеме алады. Ал шартты мәміле бойынша оған қатысушылардың бірі екіншісіне сыйлықақы беріп өз міндеттемесін орындауынан бас тартуға құқы бар. Мақсаты  - биржа операциясы кезінде бағалы қағаздар курсының өзгеруінен келетін шығыннан қорғану.

Мерзімдік шартты мәміленің төрт түрі бар: алдын ала келісіммен сыйақымен қайтарылатын, опциондықақы және стеллаж. Опцион мерзімдік мәмілеге кіріңілетін талап. Ол бойынша екі жақтың біріне мәміленің кейбір қарама-қайшы талаптарының бірін таңдау немесе алғашқы ережесін өзгерту құқы беріледі.

Стеллаж - бағалы қағаздар бойынша мерзімдік мәмілелердің түрі, мұнда екі жақтың бірі мәміле мерзімі басталғанда сату мен сатып алушы жағдайының бірін таңдау құқына ие болады.

Прологанциялық  мәміле - бағалы қағаздардың нарығының өзіне қарай есеп айырысуының мерзімін кейінге қалдыру. Прологанциялық мәміле екіге бөлінеді: репорттық, депорттық.

Репорт - мерзімді мәміленің түрі, мұнда бағалы қағаздар иесі оларды белгілі бір уақыттан кейін жаңа неғұрлым жоғары бағамен міндеттеніп банкке сатады.

  Депорт - оған белгілі бір мерзімнен кейін төмен курспен кері сату шартымен бағалы қағаздарды сол күнгі курс бойынша сатып алу тән. Қазіргі кезде дүниежүзінде 60-тан астам елде 200-ге жуық  қор биржасы бар. Олардың  ішіндегі ең ірілері: Нью-Йорк (1023,2 млн. доллар), Лондон (76,4 млн. доллар), Токио (392,3 млн.доллар),Париж (19,3 млн. доллар) биржалары болып табылады.

Қазақстан Республикасында  қор биржасын құру процесі енді ғана басталуда. Бұл процесс меншіктің  қалыптасуы кезінде жеделей түседі. Қазақстанда 1996 жылы сәуір айында «Бағалы қағаздар және қор биржасы» туралы Заң қабылданды. Онда жалпы құқықтың ұйымдық жағдайлар айқындалып, оны шығару мен айналымға енгізу қаралып, қор биржасы қызметінің негізгі принципі қарастырылған.

Алғашқы қор  биржасы 1991 жылы сәуір айында Алматы орталық қор биржасы деген атпен ашылды. Қазақстан қор биржасының жұмысын тиімді деп айта алмаймыз. Қазақстан қор биржасындағы  тек көлемді сауда-саттыққа ғана бағалы қағаздар операциясын жатқызамыз.

 

2.3. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттек реттеу.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» 1996 жылғы 21-ші  сәуірдегі жарлығына байланысты  елімізде  бағалы қағаздар  нарығы  айналымына акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен депозит, сертификаттарды  және  вексель  жіберіледі.

Бағалы қағаздар ережесі бойынша  оларды  нарыққа  еркін сату  Қазақстан  Республикасы  1997 жылғы  15-ші  наурыздағы  «Бағалы  қағаздар  нарығы туралы»  Заңына сәйкес  жүргізіледі.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің маңызды міндеті. Ондағы мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Дүниежүзілік тәжірибеде бағалы қағаздардың нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүреді: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу. Тікелей араласу шартына мыналар жатады:

Информация о работе Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары