Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:21, курсовая работа
Мен жұмысымды екi бөлiмге, яғни бiрiншi бөлiмде жалпы ақшаның эволюциясын және оның экономикалық мәнi мен қызметтерiне тоқталдым. Екiншi бөлiмде ақша теориясының дамуына, яғни оның басты бес теориясын және олардың айналысын қарастырдым. Бұл әр теорияның экономика үшiн әр түрлi пайдалы жақтары бар, сондай-ақ ақша теориясы экономикалық қатынастардың дамуымен оның құрылымы да осы бес теорияны бағыт ретiнде алып дами бередi .
Кiрiспе .......................................................................……………........3
1. Ақшаның түсінігі мен теориялық негіздері
1. Ақшаның эволюциясы...............………...........................................2-6
2.Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi.................7-11
3. Ақшаның қажеттілігі және мәні......................................……….....12-17
2. Ақша теорияларының сипаттамасы және қазіргі таңдағы ролі
2.1 Ақшаның металдық теориясы..........................................................18-19
2.2 Ақшаның номиналистік теориясы...................................................20-21
2.3 Ақшаның сандық теориясы........................................................22-23
2.4 Ақшаның монетаристік теориясы..............................................24-25
2.5 Ақшаның кейнсиандық теориясы .................................................26
3. Ақша теорияларының қазіргі кезде қолданылуы.....................27-31
Қорытынды ....................................................................……………..32
Қолданылған әдебиеттер .................................................…………….33
Осындай ақшалардың арқасында сатып алу-сату үдерісі кеңістікке және кезеңдерге бөлінеді, ал тауарлық ақшаның өзі сатып алынған тауар үшін төлем жасалатын ақша бірлігінің саны түрінде баға ауқымын қалыптастыратын есеп бірлігіне айналады.
Төртінші кезең – құнның ақшалай нысаны. Жалпыға бірдей балама рөлінің алтынға бекітілуі.
Бұдан әрі тасымалдауға қолайсыз, тозатын, бір текті емес ақшалардан бас тарта отырып, ең ыңғайлы тауар ақшаларын іздеу басталады. Ақша аренасына мыс, қола, одан кейін күміс пен алтын құймалары шықты. Осылайша, аталмыш металл құймалары меншікті тауар функцияларын жоғалтқаннан кейін тек айырбастау баламасы болып қалды яғни, олардың түр – сипаты арқылы қазіргі уақыттағы біздерге үйреншікті ақша пайда болды деп айтуға толықтай құқықтық негіз бар. Бірте – бірте алтын негізгі ақша материалына айналды, одан құндылығы әр түрлі монеталар соғылды.
Тәуелсіз еліміздің экономикасын тұрақтандыруда, экономикалық өсу мен экономикалық – қаржылық тәуелсіздігімізді қамтамасыз етуде ұлттық валюта – теңгенің рөлі айтарлықтай.
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрады: 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар, 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).
Кейіннен айналысқа : 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген).
2001 жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайн өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).
2002 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.
2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкноттар.
1993 жылға дейін
айналыста кеңес рублі
болды, сонан соң Ресей жаңа
рублін енгізді. 1993 жылдың күзінде
Қазақстан ТМД елдерінің
ең соңында рубль аймағынан
шықты. Ұлттық валютаны енгізу
туралы Жоғарғы Кеңес пен
Үкіметтің бірлескен қаулысы
Егер де бүгінгі таңдағы қаржылық жүйеге , біздің валютаға келетін болсақ, қазіргі кезеңде теңге нығайтылды деп айту әлі ерте. Оның бағамы тек тұрақтанды деуге болады. 1999 жылға шейін теңге бағамын жасанды түрде ұстап тұрдық. Бірақ басты проблема валюталық бағамда емес. 1996-1998 жылдар барлық күш инфляциямен күреске жұмсалды. Үкімет теңгешілдік саясатты жүргізе отырып, ақша тапшылығын тудырды.
Тәуелсіз мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі – оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез-келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Барлық ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының тарихы – Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы Жарлығынан басталады. Алайда сол күнге дейін теңгенің сыртқы сипатын жасау бойынша ұзақ жылдар мен айлар бойы қатарлы еңбек пен табанды жұмыс жүргізілген болатын. Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары мынадай номиналдардан тұрды 1,3,5,10,20,50 және 100 теңге. Бір теңге құны 1,2,5,10, 20 және 50 тиын болатын 100 тиыннан тұрды. Жеті банкнот жасау үшін Т.Сүлейменовтың басшылығымен суретші дизайнерлер командасы құрылды. Оған М.Әлин, А. Дүзелханов кірді. Оларға ерекше әрі өте жауапты жұмыс жүктелді. Банкноттың дизайны көркемдік жағынан алғанда эстетикаға сай әрі алдағы уақытта оларды көптеп шығаруға, яғни полиграфиялық басылым тұрғысынан алғанда барынша ыңғайлы болуы керек. Біріншіден, банкноттар тарихи тұжырымдама тұрғысынан алғанда шын мәнінде қандай болуы керек екенін шешу қажет болды. Екіншіден, оларда бейнеленген тарихи тұлғалардың бет-әлпетін барынша дәл түсіру керек болатын.
Металл ақша – ерекше әрі маңызды тарихи дерек көзі. Олар бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленді.
1994 жылы ұсақ қағаз тиындардың орнына құны 2; 5; 10; 20; және 50 тиындық латунь металл ақшалар шығарылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында "нейзильбер" қоспасынан жасалған 1993 жылдың үлгісіндегі құны 1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың үлгісіндегі "нбрасс" қоспасынан жасалған құны 1; 5; 10 теңгелік және "нейзильбер" қоспасынан жасалған 20,50 теңгелік металл ақшалар айналыста жүрді. 1997 жылғы үлгідегі (жаңа металл ақша қатары) металл ақшаларды айналымға қосу оларды халықтың пайдалануы үшін барынша қолайлы етіп шығаруға, металды аз жұмсауға деген ұмтылысқа, сондай-ақ металл ақшаның 50 теңгелік қосымша құнының енгізілуіне байланысты болды.
Республикада ақша айналымында металл ақшамен қатар мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар да қолданылуда. Мерейтойлық және ескерткіш металл ақшалар белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени-ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған. 1995-2000 жылдардағы кезең ішінде "нейзильбер" қоспасынан он бір ескерткіш және мерейтойлық металл ақша, тоғыз күміс және "prool" сапасымен бір алтын ақша шығарылды.
Банкноттармен металл ақшаларды әзірлеу саласындағы жетістіктерге қарап Теңге – тәуелсіз, егемен Қазақстанның рәмізі екендігін, еліміздің кешегі күнінің айғағы, сенімді бүгініміздің дәлелі және жарқын болашағының кепілі болып табылады.
1999 жылы біздің өсуімізге
жаңа мүмкіндіктердің
Ел экономикасының
стратегиялық даму көрсеткіштеріне
болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары
теңгені еркін айырбасқа
жіберу туралы мемлекетте бағдарлама
бекітілді. Осыған орай теңге
үш жылдан кейін барлық
экономикалық кеңістіктерде
АҚШ-тың доллары сияқты
еркін айырбасталатын валютаға
айналмақ.Мұндай жағдайда теңге
өзінің өміршеңдігіне негіз
қалайтын болады. Дей тұрғанмен
болашақта құрылатын
Қорғау элементтері, пайдаланатын техникалық тәсілдер, орындалу күрделігінің жиынтығы бойынша Қазақстан теңгесі қолданылып жүрген валюталардың жетекші әлемдік үлгілерімен бір қатардан орын алады және оның дизайны одан әрі жетілдірілуде, бұл полиграфиялық және компьютерлік технологиялардың дамуына әрі ақшаны жаңа тұрғыдан қорғау мен оған мәшине ғана оқи алатын элементтерді енгізу бойынша Ұлттық банктің жоспарлы жұмысына байланысты болды. 2006 жылы жаңа дизайндағы банкноттарды енгізді.
Ұлттық валюта- теңгені енгізген алғашқы күннен бастап қайта құру құрылымын тездету, инфляцияны төмендету, тұрақты экономикалық өсуге жету, төлем балансының тепе-теңдігін және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Осы мақсатта Үкімет пен Ұлттық банк қатаң макроэкономикалық саясат жүргізуге бағыт алды, оған бюджет тапшылығын едәуір қысқарту және кредит экспансиясын шектеу кіреді.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында валюталық режимді бұдан әрі ырықтандыру үшін қажетті алғышарт жасау бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасы іске асырылуда.
Есеп айырысу баламасына деген сұраныс б.э. д VIII ғасырда белгілі салмақ пен құрамдағы стандартты құймалардың пайда болуына негіз қалады.
Қазақстанның Конститутциялық Кеңесі Қазақстанның біртілді я екітілді мемлекет екендігін ашып айтып бере алмаған күйі үнсіз. Демек, елдегі солқылдақ ұлттық саясаттың салдарынан біз әлі де мемлекеттік тілдің статусын айқындай алмай жүрміз. Сөйтіп, төл теңгеміз қос тілде жарық көрді. Мемлекеттік тілде қате кетті.
Елдің елдігін, мемлекеттігін паш ететін 5 түрлі символы болады, олардың бастысы әрі бірегейі – тілі мен территориясы, шекарасы мен ақшасы. Ендеше, теңгеге тек төлем құралы ретінде ғана қарауға болмайды екен. Ол төлем құралы бола тұрып, елдің тарихи жадында паш етуі тиіс .
Айырбастау ауыр басталатын ақша сомасына тәуелсіз және қандай да бір комиссиялық алымдар ұ сталмай бірге –бір есебінде жүзеге асырылады. Алдағы уақытта болатын акция ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың республиканың бүкіл аумағында бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Әр түрлі дизайндағы банкноталар шыққан жылына қарамастан номиналы бойынша төлем құралы ретінде қабылдануға міндетті. Егер қатар жүру кезінде қандайда бір заңды тұлға ескі және жаңа дизайндағы банкноталарды номиналына қарамастан қабылдаудан бас тартқан жағдайда , онда мұндай іс- әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166 -1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызылады.
Біздің еліміз – көп
ұлтты мемлекет , мұнда : қазақ тілі
– мемлекеттік және ұлтаралық
қарым – қатынас тілі ретінде
қабылданған орыс тілін пайдалану
тарихы тұрғыда қалыптасқан. Біздің
заңдарымыз , Конституциядан бастап
бұл екі тілдің қандай
да бір жағдайларға қарамастан
тең дәрежеде, бірдей қолданылуын
көздейді. Объективті себептер – екі
тілдің қолданылуы және барлық
заңдардың көрсетілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық Валюта – Қазақстан теңгесінің банкноталары мен монеталары дизайны Тұжырымдамасының 10-тармағына сәйкес "Банкноталар мен монеталардағы жазулардың мәтіні мемлекеттік және орыс тілінде болуға тиіс,коллекциялық және инвестициялық монеталарда мемлекеттік тілде жазумен қатар шет тілде жазуды пайдалануға болады ".
Жаңа банкнотаны әзірлеу кезеңінде дизайнның бірнеше нұсқасы , әр түрлі тақырыпта жасалған болатын.Таңдалған тақырып ежелгі мекенімізбен қазіргі Қазақстанның , оның болашақтағы нышандарын сабақтастырушы буын болып табылады.
Жаңа үлгідегі банкноталарды енгізуге дайындықтың бастапқы сатысында ескі үлгідегі банкноталар жаңаны енгізгенге дейін жеткілікті болуының ықтимал нұсқалары зерделенеді. Енгізудің жарияланған күні- 2006 жылғы 15 қараша- бұрынғы дизайндағы теңгенің жеткілікті болуының соңғы мерзімі.
2. Ақша теорияларының
сипаттамасы және қазіргі
2.1 Ақшаның металдық теориясы
Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV—XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У.Стэффорд, Т.Мэн, Д.Норс жатса, Францияда А.Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.
Ақшаның металдық теориялары сауда буржуазиясының мүддесін қорғай отырып, олардың саяси экономиядағы бағыты — меркантилизмді көрсетті. Осы теорияға сәйкес байлықтың көзіне сыртқы сауданы жатқызды. Төлем балансының активті қалдығы ғана елге бағалы металдардың келуін қамтамасыз етеді деген.
Ертедегі метализм теориясының
қателігі, біріншіден, байлықтың көзіне
адам еңбегімен жасалатын
Капиталдың бастапқы қорлануы аяқталуымен байланысты олардың көзқарастары өзгеріп, яғни байлықтың көзіне сыртқы сауда мен бағалы металдар емес, мануфактура мен ауыл шаруашылығы жататындығына көздері жетті. Соған сәйкес ішкі нарыққа көңіл аударылып, металл ақшалардың ұлтқа қымбатқа түсетінін түсінді.
XIX ғ. екінші жартысындағы
ақшаның металдық теориясының
қайта тууы 1871—1873 жылдардағ
Информация о работе Ақшаның түсінігі мен теориялық негіздері