Ақша қаражаттар және есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 11:17, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мазмұны курс ориг.docx

— 72.47 Кб (Скачать документ)

Сонымен төмендегі кестеден көріп отырғанымыздай, яғни серіктестіктің 2012 жылы өнімді сатудан түскен түсім 14896,6 мың теңгені құраған, ал 2013 жылы 76465,4 мың теңге болып отыр. Демек өнімді сатудан түскен түсім сатылған өнімнің өзіндік құнының және өнім көлемінің, сонымен қатар сұраныстың өсуіне байланысты 61568,8 мың теңгеге яғни, 80,5 пайызға өскен. Ал ақша қаражаттары елеулі төмендеген. 2012 жылы 321435,5 мың теңгені, ал 2013 жылы 206484,1 теңгені құқраған, яғни 14951,4 мың теңгеге төмендеген, яғни 7,2 пайызға төмендеп отыр. Ақша қаражаттарының төмендеуі негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатып алумен және қарыздарды өтеумен байланысты. Негізгі құралдардың көрсеткіштері бойынша 2006 жылы 73594,8 мың теңгеге, ал 2013 жылы 30723,3 мың теңге, яғни 42871,5 мың теңгеге төмендеп отыр, бұл көрсеткіштің төмендеуі негізгі құралдардың істен шығуымен түсіндіріледі. Қорыта келгенде, рентабельділік деңгейі  төмендеген. Жалпы серіктестікте екі жылда да,  зиянмен аяқтап отыр.

 

 

 

 

Кесте 1 – «К – Елдос ЛТД »ЖШС қаржы – шаруашылық қызметінің технико – экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Жылдар, мың тенге

Ауытқу

         (+,-)

2012

2013

+,-

%

1

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге

73594,8

30723,3

-42871,5

139,5

2

Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге

54949,4

67432,7

+12483,3

122,7

3

Еңбекке ақы төлеу қоры, мың теңге

2582,7

3000,5

+417,8

13,8

6

Орташа тізімдік жұмысшылар саны, адам

68

79

+11

13,9

7

Өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс, мың теңге

14896,6

76465,4

+61568,8

80,5

8

Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, мың теңге

7928,6

66705,2

+58776,6

88,1

9

Қаржылық нәтиже, мың теңге табыс(+),  залал(-) 

6968

97602

27922

140,1

10

Қор қайтарымдылығы, теңге

0,2

2,4

+2,2

91,6

11

Қор сыйымдылығы, теңге

4,9

0,4

-4,5

112,5

12

Өткізу рентабельділігі, %

0,5

1,7

-1,2

70,5

 

Таза пайда (зиян)

-37548,5

-52809,8

-15261,3

28,8


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Халықаралық қаржы есептілігінің стандартары бойынша ақша   қаражаттар есебінің ерекшеліктері

 

  ХҚЕС бойынша арнайы  ақша қаражаттар есебінде есепті  реттеу сұрақтары қарастырылмайды. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы  есептілікті құру кезінде ХҚЕС-тың 7 “Ақша қаражаттар қозғалысы  туралы” есеп беру стандартын  басшылыққа алу қажет. Берілген  стандартқа сәйкес ақша қаражаттар  құрамына кассадағы және банктің  ағымдағы шотындағы ақша қаражаттары  және қалдықтары кіреді. Ақша  қаражаттар есебі түзетуді талап  етпесе де, ХҚЕС көшу барысында  баланстың барлық баптарына    талдау жасауды  қажет етеді.

  Ақшалай шоттар жедел  төленетін міндеттемелерді қолдану  кезіндегі есептемелерді құрайды. Баланстың “Ақша қаражаттар” шоттарындағы қалдықта ақша қаражаттар шоттарына енгізілген барлық есептемелер көрініс табады. ХҚЕС 1 “Қаржылық есептілікті ұсыну” ережесін ескере отырып, банктің ағымдағы, салым және арнайы шоттарындағы ақша қаражаттарының компенсациялық қалдықтарына белгілі бір шектеу болған жағдайда оларды ағымдағы немесе ұзақ мерзімді активтер ретінде қарастырады. ХҚЕС өту кезінде мұндай ақша қаражаттар қайта жіктелінуі тиіс.

   Ал Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарында ақша қаражаттарының осы аспектісі ескерілмеген және ақша қаражаттар есебінде көрсетілмеген. ХҚЕС өту барысында осындай шектеулері бар ақша қаражаттары қайта жіктелуі міндетті.

  Ақшадан өзге де  ақша қаражаттар құрамында ақша  қаражаттар эквиваленттері де (нақты  ақша қаражаттар сомасын оңай  тартатын және құнының өзгеру  тәуекелділігіне алып келетін  қысқа мерзімді өтімділігі жоғары  салымдар) ескеріледі.

 Ақша қаражаттар эквиваленттері  инвестициялау және өзге де  мақсаттар үшін ғана емес, олар  қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді  өтеу үшін де қолданылады.

   Өтеу мерзімі  қысқа  инвестициялар ақша қаражаттардың  эквиваленттері ретінде танылады.

   Ақша қаражаттардың  эквиваленті түрінде қарастырылатын  қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды  мойындау талаптары бойынша ҚБЕС  мен ХҚЕС арасында елеулі айырмашылық  бар және олар келесідей: ҚБЕС  сәйкес кейбір қаржылық инвестициялар  ақша қаражаттардың эквиваленті  ретінде қарастырылады, ал ХҚЕС  бойынша қарастырылмайды.  ХҚЕС  сәйкес есептіліктерде ақша қаражаттар  эквиваленттерін қысқа мерзімді  қаржылық инвестиция ретінде  мойындалуы тиіс.

   Ақша қаражаттар  құрамына пошта маркалары, іс  – сапар шығындарына берілген  аванстар, сыртқы қатысушылар мен  жұмысшыларына төлемдер енгізілмейді.

  Кәсіпорындарда күнделікті  шығындар үшін шағын касса  құрылады. Бұл касса ағымдағы  транспорттық, пошталық және кеңсе  шығындарын өтеу үшін өте қажет.

  Шағын касса шоттарындағы  қалдық жалпы ақша қаражаттар  қалдықтарының бір бөлігі болып  табылады және шағын кассаны  жалпы касса есебінен толтыру  немесе құру кезінде өзгеріске  ұшырайды.

 Ақша қаражаттарының  артықшылығы немесе жетіспеушілігі  кіріс және шығыс шоттарында  көрініс табады.

  ХҚЕС өту кезінде басшылық  “Халықаралық қаржылық есептілік  стандарттарын алғашқы пайдалану”  ережесін қадағалаған жөн. Бұл  стандарттардың мақсаты ХҚЕС-те  қолданылатын кәсіпорынның қаржылық  есептілігін құрастыру сәйкестігіне  жету  болып табылады. Берілген 10 стандартқа сәйкес барлық активтер  мен міндеттемелер есептілікте  көрініс табуы міндетті. Осы міндеттемелер  мен активтердің есептілікте  көрініс табуы ХҚЕС-тің басты  талаптары болып табылады.

ХҚЕС бойынша ақша қаражаттар есептілігіне мысал.

Талдау және шоттарды ауыстыру үшін ақпараттар.

ЖШС “ЛТД К-Елдос” 2005 жылы 1 қаңтардан бастап ХҚЕС өтті. ХҚЕС ның талаптары бойынша есетілікті құру шін 2005 жылы 1 қаңтарға құрылған қаржылық есептілікті талдау қажет.

Берілген есеп саясатты және оның бухгалтерлік есепте қолданылатынын  талдау.Талдау барысында ұйымның кассалық операциялары 23.07. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен “Кассалық операцияларды жүргізу тәртібі” бойынша  жүргізілетіні анықталды.

Кассалық операцияларды толық материадық жауапкершілігі бар кассир жүзеге асырады.

  Кассалық операциялар  есебі 1С : кәсіпорын бағдарламасы  арқылы электронды түрде  жүргізіледі.

  Касса ревизиясы ҚР  «Бухгалтерлік есеп және қаржылық  есептілік туралы» заңына сәйкес  бірінші басшының бұйрығымен  тағайындалған комиссия мүшелерімен  әр ай сайын жүргізіледі. Барлық  тексерулер актта рәсімделеді, тексеру  нәтижелері бойынша ЖШС президенті  шешім қабылдайды.

  Кассада өзге тұлғалардың  ақша қаражаттарын және құжаттарын  сақтау тиым салынады. Ал табылған  уақытта оларды артықшылық ретінде  кірістейді.

  Бос ақша қаражаттарын  сақтау және қолма – қолсыз  есеп айырысуды жүзеге асыру  үшін ұйым банкте өз қызметіне  және қаржыландыру көздеріне  байланысты есеп айырысу, ағымдағы  және өзге де шоттарды ашады.

  Бірінші қол қою  құқығы ЖШС президентіне, ал екінші  қол қою құқығы бас бухгалтерге берілген.Есеп айырысу шотына сомаларды есептеу бойынша немесе оны банкке жіберу бойынша операциялар шот иелерінің жазбаша түрдегі бұйрықтары немесе олардың келісімі негізінде жүзеге асырылады.

   Әр күні немесе  өзге де мезгілде банк белгіленген  келісім шарт бойынша есеп  айырысу шоттарынан ұйымға құжаттар  беріп отырады. Банк құжаттары  тексеріледі және сомалар арасында  корреспонденттік шоттар қойылады.

  Талдау барысында  ЖШС ақша қаражаттар есебі  «Кассалық операцияларды жүргізу  ережелеріне» және қызмет етуші  банктің келісімшартына сәйкес  жүргізіледі. Жыл соңында бухгалтерлер  бақылау мақсатында қызмет етуші  банкке есеп айырысу шотына  кассадан ақша қаражаттарын тапсырды. Касса бойынша сальдо нөлге тең.

 

  Талдау нәтижелерін  кесте арқылы өрнектеуге болады.

Кесте 2 – ХҚЕС талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп элементтерін салыстыру

                                                                                                                                           

Есеп элементтері

Айналым сальдо тізімдемесі бойынша шоттар

БЕҚС бойынша шоттар жоспарының бөлімі

ХҚЕС сәйкестігі

Ескертпе

лер

Жолдағы ақшалар

1020

Ақша қаражаттар

Сәйкес

 

Карт–шоттағы ақшалар

1070

Ақша қаражаттар

Сәйкес

 

Ел ішіндегі шетел валютасындағы ағымдағы шоттағы ақшалар

1050

Ақша қаражаттар

Сәйкес

 

Ұлттық  валютада  ағымдағы шоттардағы ақшалар

1040

Ақша қаражаттар

Сәйкес

 

Ұлттық  валюта түріндегі кассадағы қолда бар ақшалар

1010

Ақша қаражаттар

Сәйкес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 3 – ХҚЕС негізінде есеп саясатындағы қажетті өзгертулерді талдау, сипаттамасын және қайта қарастырудың қажетті көлемін анықтау

                                                                                                                                         

Есеп элементтері

Есеп саясатындағы өзгерістер

Өзгеріс сипаттамасы

Жолдағы ақшалар

Жоқ

Жоқ

Карт–шоттағы ақшалар

Жоқ

Жоқ

Ел ішіндегі шетел валютасындағы ағымдағы шоттағы ақшалар

Жоқ

Жоқ

Ұлттық  валютада  ағымдағы шоттардағы ақшалар

Жоқ

Жоқ

Ұлттық  валюта түріндегі кассадағы қолда бар ақшалар

Жоқ

Жоқ


 

Кесте 4 – Корректировкаға қажетті ақпараттарды  жинақтау және талдау

                                                                                                                                     

Есеп элементтері

БЕҚС бойын

ша шоттар

ХҚЕС бойынша шоттар

Баланс сома

сы

Коррек

тировка сомасы

ХҚЕС бойын

ша сома

Жолдағы ақшалар

1020

1020 «Жолдағы ақша теңгемен қаражаты»

150000

150000

Карт–шоттағы ақшалар

1070

1070 «Арнайы шоттағы ақша  қаражаты»

250000

250000

Ел ішіндегі шетел валютасындағы ағымдағы шоттағы ақшалар

1050

1050 «Ағымдағы банк шоттағы  валютамен ақша қаражаты»

680000

680000

Ұлттық  валютада  ағымдағы шоттардағы ақшалар

1040

1040 «Ағымдағы банк шоттағы  теңгемен ақша қаражаты»

870000

870000

Ұлттық  валюта түріндегі кассадағы қолда бар ақшалар

1010

1010 «Кассадағы теңгемен  ақша қаражаты»

0,00

0,00

Информация о работе Ақша қаражаттар және есеп айырысу