Қаржының мәні және объективтік қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 16:58, курсовая работа

Краткое описание

Қайсы бір ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың – бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай - ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады.Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т.б. болып бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқару үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты құқықтық тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------3
І. ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ----6
1.1. Қаржының мәні және қаржы құрылымы----------------------------------6
1.2. Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі ------------------------------8
1.3. Қаржының объективтик қажеттілігі----------------------------------------9
1.4. Қаржының айрықша белгілері және табиғаты--------------------------13
ІІ. ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ------------------------16
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуы
Қаржы мен экономикалық өсу арасындағы байланыс----------------16
2.2.Қаржының экономикалық дамуына жасаған ықпалы ----------------19


ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ------------------------------------------------------------------------24
3.1. Қазақстанда қаржыны дамыту жоллары---------------------------------24
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой 2.docx

— 403.79 Кб (Скачать документ)

Қаржы қатынастары  өзінің негізіңде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдык өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.

Қаржы қатынастарының ақшалай сииаты мен бөлгіштік  сипаты қаржының аса маңызды белгілері  болып табылады, бірақ оның ақтық  белгілері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге  де, кредитке де ортақ.

Қаржының  түрлі мақсатты акша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша  қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.

Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары  қоғамдық өдніріс қатысушыларының  барлығында, өндірістік емес сферада  қаржылық әдістердің көмегімен жасалынады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен байланысты болады.

Ақша  қаражаттары экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде  пайдаланылады. Баламалылық белгісі  басқа экономикалық категориялардың  — бағаның, еңбекақының, кредиттің  іс-қимылына тән. Ақша қорларының бүкіл  ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын  ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы  құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалынады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшеліхпен (салықтар, табыстан (пайдадан) аудары-латын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т.т.), яғни баламасыздықпен сипатгалады. Салалық каржыларда қорлардағы ақша қаражаттарыньщ ішкі шаруашылық мақсатгы оқшаулануының ұқсас қағидаты қодданылады.

Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері  бүл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан  мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіңдік  береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін  атап көрсетеді. Басқа бірде-бір  құндық экономикалық категория белгілердің  жоғарыда аталған жиынтығын иемдене  алмайды. Егер белгілердің алғашқы  екеуі — қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп отыратьн болса, қаржыға тән қор нысаны, міңдетгі сипаты, біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.

Қаржы —  бүл қоғамдық өнімді бөлу және қайта  бөлу процесінде пайда болатын айрықша  экономикалық қатынастардың жиынтыгы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс  қатысушыларының сан алуан жеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады.

Қаржының  қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы — табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау.

Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең  мумкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметгік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамсыз ете алмайды.

Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, соңдықтан мемлекеттің қарамағына қаражатгарды ор-талықтандырудъщ дәрежесі айтарлықтай жоғары — мемлекетгік  бюд-жет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы жөне жиынтық  қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан  бойынша) бөлінеді.

Елде  жергілікті мәні бар міндеттерді  шешуге бейімделген жергілікті өзін өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап  етеді.

Сондықтан өтпелі кезенде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен аймақтарға ерекше көңіл аударылады, оларға қаржы  ресурстарын қалыптастыруда үлкен  құқық пен дербестік беріліп  отыр. Тек бүл ресурстар орталықтың, аймақтардың, шаруашылық жүргізудің төменгі  буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатьш қара-жаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.

Мемлекеттік сектор қызметімен байланысты қаржы  қатынастары елеулі дәрежеде "қоғамдық (немесе әлеуметтік) тауарлар" деп аталынатындарды — мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынатын материалдық, сол сияқты материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады.

 

2.2. Қаржының экономикалық дамуына  жасаған ықпалы

 

Қаржы рыногы — рыноктық экономиканың қалыптасқан  элементтерінің бірі. Өз аясына капитал  рыногын, валюта рыногын ғана емес және бағалы кағаздар рыногын ендіреді. Бұл рыноктарды өз құрамына енгізудің мақсаты — еркін козғалыстағы акша ресурстарын мемлекеттің, кәсіпорынның және акционерлік коғамның мүддесіне жұмсау. Әкімшілдік-әміршілдік жүйеде қаржы рыногының кызметін мемлекеттік бюджет, банктің ңесие жоспары, министрліктің каржы жоспары т.б. тетіктер аркылы жүргізілген.

Экономикалық  реформа кезінде кәсіпорын өз шаруашылығын жаңа түрде жүргізіп қаржы ресурстарын қалыптасқан тәсілмен бөліп, қолдануға барынша шектеу қойылды. Ресурстардың министрліктер арқылы ішкі сала бойынша бөлінуін барынша қысқартты. Сондықтанда қаржы нарығы құрудың кажеттілігі пайда болды. Оның экономикалық негізгі кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қажеттілігінен туып, оны беру мүмкіндігін қысқартты.

Қаржы рыногы - өзінің инфракұрылымымен айқындалған күрделі механизм және жаңа ақпараттык ағымдармен ерекшелінеді. Қаржы рыногын кұру үшін кешенді мәселелерді меңгеру қажет. Оған бағалы кағаздар эмиссиясы жане оның курсының өзгеруі, инфрақұрылым мен ақпаратты камтамасыз етуді жатқызамыз. Рыноктық экономикаға өтуде каржы нарығын дамыту несие -қаржы жүйесін қайта құруды талап етеді.

Әлемдік тәжиірибе көрсеткендей, нарықтык экономикаға екі түрлі қаржылык катынастар әсер етеді бюджеттік және рыноктық. Мемлекеттік бюджет пен баска денгейдегі бюджеттер және бюджеттік емес орталық қаржы қорларының қалыптасуы, әдетте кәсіпкерлер отбасының қайтарылмайтын бір бөлігінен және азаматтар табысынан тұрады. Осы табыстар мемлекеттің қабылдаған міндеттері мен мақсаттарына қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландыру жолымен қолданылады.

Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықпен толықтырылып отыруы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде жұмыс атқарады. Оның қолдану бағасы рынок санына сәйкес сұраным мен ұсыным негізінде белгіленеді. Қаржы рыногы жағдайында кәсіпорын ұғымдар, тұрғындар тұрақты ақшалай қорланған табысты қалыптастырып, оны алуға ұмтылыс жасайды. Ал халық шаруашылығы қосымша қаржы кезеңдеріне ие болады. Мұндай капитал нарықсыз кәсіпорындарды өзін-өзі қаржыландыру мүмкін емес. Олардың инвестициялық мүмкіндіктері тек өздерінің кұрал-жабдықтарына шектеліп, баскадай толтыру көздері жоктьщ касы.

Біздің  шаруашылық өмірімізде акша ресурстарын  пайдалануда бюджеттік әдіс кеңірек  белең алып, қаржы нарығы тіпті  болғанда жоқ. Ақшаның барлық қоры мемлекеттің  колында болып, мемлекеттІк бюджет арқылы ұлттык табыстын үштен екісі  бөлінді. Несие жүйесінде тек  қана мемлекеттік банктер жұмыс  жасады. Олардың кызметінде кәсіпкерлік  бастамаға шек койылды. Бюджеттік  қор мен несие ресурстары "жоспарға негізделіп" бөлініп, олардың қаржылық каукары және тиімді колданылуы ескерілмеді. Рентабельдігі төмел және шығындары  көп кәсіпорындар осылай күн кешіп, берекесіздік белең алып, мемлекеттік бюджет тапшылығы пайда болды. Жүзеге асырып шаруашылық реформасынық (1965 жылғы) нәтижесінде кәсіпорындар каржы ресурстары біршама өсті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫНЫ  ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Қазақстанда қаржыны дамыту жоллары

 

Ұзақ  мерзімді және экономиканы дамытудың  көптеген өзекті мәселелерін шешуге бағытталған құжат – ол «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2030 жылдарға арналған стратегиясы». Ол Елбасының 2003 ж. 17 маусымдағы №1096 Жарлығымен бекітілген. Бұл стратегияны әзірлеумен алғашқыда Индустрия және сауда  министрлігі шұғылданды, кейіннен оны  Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігі, Индустрия және сауда, Білім және ғылым, Көлік және коммуникация, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы министрлігімен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі  агенттік пен, Ұлттық Банкпен бірлесе  отыра әзірледі. Бұл стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттан кетуге жағдай тудыратын экономика салаларын  диверсификациялау жолымен елдің орнықты дамуына жету, ұзақ мерзімді тұрғыда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайды дайындау. Алға қойған міндеттердің кейбірін атап өтсек; олар, өңдеуші өнеркәсіпте жылдық орташа өсу қарқынын 8-8,4 пайыз көлемінде қамтамасыз ету; еңбек өнімділігін 2015ж. 2000 ж-мен салыстырғанда кемінде 3 есеге өсіру және ІЖӨ -нің энергиялық қамтамдылығын екі есеге азайту.

Стратегияны жүзеге асыру үшін инвестиция түріндегі  шығынның көлемі жылына 1,2 млрд. АҚШ  доллары мөлшерінде, мемлекеттік  шығын жылына 260 млн. АҚШ доллары  мөлшерінде болады деп болжамдалуда.

Қазақстан Республикасының 2015 ж. дейінгі индустриалдық  инновациалдық даму саясаты. 2015 ж. дейінгі Қазақстан экономикасының Индустриалды – инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес экономиканың шикізаттық емес секторындағы, әсіресе өндіру өнеркәсібіндегі жаңғырту жолында туындайтын бірінші және басты қиындық – бұл негізгі капиталдағы инвестициялардың тапшылығы.

Қазақстан экономикасындағы инвестициялық ресурстар  аз әрі көп, сондықтан капитал  рыногындағы жағдайды қысқаша түрде  «молшылық кезіндегі тапшылық»  деп сипаттауға болады. Ішкі жалпы  көлемдегі қорлар кез келген елдегі инвестициялық ресурстардың негізгі  көзі болып табылатындығы белгілі. Қазақстанда олардың мөлшері  әзірше ІЖӨ 24 % артпайды, бұл - әлемдік  рыноктың қолайлы конъюнктурасында. Оңтүстік Шығыс азия елдеріндегі  экономиканың жедел  өсуі үшін бөлінген қорлардың мөлшері  ІЖӨ 32 – ден 47 % дейін жетеді. Егер теңгерімді  экономикада қорлардың мөлшері  жинақтардың мөлшеріне тең болуы  керек болса, бірқалыпты жеделдетілген  қарқын болғанда да, яғни 5 – 6 % болғанда, бұның экономика өсуін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екендігі өзінен - өзі түсінікті де. Елде қорлардың  мөлшері ІЖӨ 33 – 35 % шегіндегі болуы  керек.

Бірақ шикізат  секторының кірістеріне әртүрлі  жеңілдіктер мен преференциялар беру арқылы, трансфертті және демпингті  экспорт бағаларын қолдана отырып, ҚҚС кері қайтару есебімен роялти төлеумен, т.б. қатар салықтар салынады. Оның үстіне Қазақстан аз мөлшерде жол берілмейтін ренталы төлемдерді бюджетке алады. Мысалы, мұнай компанияларының үстеме пайдасына 24 % ставкалы салық салынады, ал  көптеген  елдерде 80 % дейін, ал жекелеген елдерді үстеме пайданың  тіпті 90% дейін мемлекеттік бюджеттің пайдасына алынады. Шынында, шикізат секторының кірістерінің бір бөлігі негізгі капиталдың инвестицияларына, бірақ негізінен тура сол шикізат секторын дамытуға түрлендіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тұжырым. Бүгінгі таңда қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Нарықтық  қатынастарға көшу барысында қаржы  жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл  артады. Қаржы-кредит нарықтық механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының  біріне айналуы тиіс.

Сол сияқты зерттеліп отырған курстық жұмыстың І – тарауы: «Қаржының теориялық негіздері» тарауында мынадай мәселелер қаралды:

- Қаржының  мәні, экономикадағы рөлі;

- Қаржы  саясаты және механизмі; 

- Қаржыны  ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесі.

Қаржының  мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Қаржы саясаты  өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын — ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды. Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтаса керек.

ІІ –  тарауы «Қазақстан Республикасындағы  қаржы жүйесін талдау»

- Қазақстан  Республикасында қаржының қалыптасуның  алғышарттары,

- Қазақстан  Республикасында қаржы бағдарламасының  жүзеге асуын талдау,

Информация о работе Қаржының мәні және объективтік қажеттілігі