Қаржының мәні және объективтік қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 16:58, курсовая работа

Краткое описание

Қайсы бір ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне, шаруашылықтың – бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай - ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады.Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т.б. болып бөлінеді. Осы қаржы жүйесінің маңызды буындарын қысқаша сипаттайық.
Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқару үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты құқықтық тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------3
І. ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ----6
1.1. Қаржының мәні және қаржы құрылымы----------------------------------6
1.2. Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі ------------------------------8
1.3. Қаржының объективтик қажеттілігі----------------------------------------9
1.4. Қаржының айрықша белгілері және табиғаты--------------------------13
ІІ. ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ------------------------16
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуы
Қаржы мен экономикалық өсу арасындағы байланыс----------------16
2.2.Қаржының экономикалық дамуына жасаған ықпалы ----------------19


ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ------------------------------------------------------------------------24
3.1. Қазақстанда қаржыны дамыту жоллары---------------------------------24
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой 2.docx

— 403.79 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------3

І. ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ----6

1.1. Қаржының мәні және қаржы құрылымы----------------------------------6

1.2. Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі ------------------------------8

1.3. Қаржының  объективтик қажеттілігі----------------------------------------9

1.4. Қаржының  айрықша белгілері және табиғаты--------------------------13

ІІ. ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ------------------------16

2.1. Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуы

Қаржы мен  экономикалық өсу арасындағы байланыс----------------16

2.2.Қаржының  экономикалық дамуына жасаған  ықпалы ----------------19

 

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫНЫ  ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ------------------------------------------------------------------------24

3.1. Қазақстанда  қаржыны дамыту жоллары---------------------------------24

ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қайсы бір  ел болмасын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден  тұрады: мемлекеттік қаржы, экономикалық бастапқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар және т.б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы  жүйесіне, шаруашылықтың – бірлестіктер, трестер, ассоциациялар, концерндер сияқты әртүрлі типтерінің, сондай - ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады.Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары  және т.б. болып бөлінеді. Осы қаржы  жүйесінің маңызды буындарын  қысқаша сипаттайық.

Мемлекеттік қаржы – бұл мемлекеттің өзіне міндетті қызметін атқару үшін қажетті (халық шаруашылығын басқару, қорғаныс, заңдылықты құқықтық тәртіпті қорғау және т.б.), ақша қорларының жүйесі.

Экономиканың алғашқы буындарының қаржылары – бұл кәсіпорының өндіріс пен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен  аспайтын ақша қорларының жүйесі.

Халықтың  қаржысы – бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және басқа қызметтер негізінде алатын табыстарынан қалыптасатын  ақша қорлары. Халық бұл қорларды өзінің меншігі мен әл – аухатын жоғарылату мақсатына жұмсайды. Соңғы екі жүйенің есебінен мемлекеттік қаржы үшін қаражаттар жиналады.       

Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау  сферасында кең өкілеттіліктер берілген. Үкімет республика дамуының индикативтік жоспарын, экономиканың сфералары мен  секторларының, салалардың, аймақтардың  даму бағдарламаларын, инвестициялық  қызметтің маңызды бағыттарын жасап, қарау процесінде алдын ала бақылауды  жүзеге асырады. Көрсетілген іс қимылдарды орындау барысында Үкімет олардың  жүзеге асырылуының, сондай-ақ ауқымы, мезгілдігі, атқарушылары бойынша мақсатты қаржыландырудың толымдылығына  ағымдағы бақылау жасайды. Республика Үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.

Өздерінің өкілеттігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды, олар негізінен бюджеттерді, олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, смета және қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекеттің қаражаттары жұмсалуының  заңдылығы мен мақсатқа сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің  дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды  функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорт-импорттық  операцияларды валюталық бақылау  болып табылады.

Қаржылық  бақылаудың мазмұны ашылатын негізгі  міндеттеріне мына төмендегілер жатады:

1. Мемлекет, ұйымдар және халық алдындағы  қаржылық міндеттемелердің орындалуын  тексеру;

2. Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қарамағындағы  ақша ресурстарын (бюджет және  меншікті қаражаттарды, банк кредиттерін,  бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың  дұрыстығын тексеру.

3. Қаржы  операцияларын, есеп-қисаптарын  жасау және шаруашылық жүргізуші  субъектілердің ақша қаражаттарын  сақтау ережелерін орындауын  (сақтауын) тексеру.

4. Өндірістің  ішкі резервтерін — шаруашылық  рентабелдігін арттырудың, еңбек  өнімділігін өсірудің, айналым активтерінің  айналымдылығын тездетудің, материал  және ақша қаражаттарын неғұрлым  тиімді әрі үнемді пайдаланудың  мүмкіндіктерін ашу.

5. Қаржы  тәртібін бұзушылықты жою және  ескерту. Олар ашылған жағдайда  ұйымдарға, лауазымды адамдарға  және азаматтарға белгіленген  тәртіппен ықпал етудің шаралары  қолданылады, мемлекет пен ұйымдарға  келтірілген залалдың орнын толтыру  қамтамасыз етіледі.

Берілген  курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

 

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІК ҚАЖЕТТІЛІГІ

1.1. Қаржының мәні және қаржы  құрылымы

 

Қаржы ("қолма-қол  ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің finansia сөзінен пайда болған француздың finanse сөзінен шыққан) қоғамда нақты  өмір сүретін, объективті сипаты мен  айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория  ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.т.) қаржы белгілі орын алады  және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешілік  рөлімен айшықталады.

"Қаржы"  ұғымы мемлекетпен бірге бір  уақытта қоғамның таптарға жіктелуі  кезінде, мемлекеттің дамуы мен  оның ресурстарға деген қажеттіліктерін  қанағаттандыруға байланысты жүйелі  тауар-ақша айырбасы жағдайында  пайда болып, дамыды және ол  ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын  қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл  терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын  бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының  кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы  көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік  құрылысы" атты жұмысында баяндалған.

Қаржының  мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Қаржы белгілі  бір қоғамның ақша ресурстары. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағышталады. Кез  келген мемлекетте коғамдағы ақша ресурстарының  құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және  тұрғындардың қаржысы енеді.

Мемлекеттің қаржысы — ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылықпен  құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік  болжам, банктік және мемлекеттік  несие, экономиканы тұрақтандыру қорға, зейнеткерлік, түрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық  сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік  қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік  салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.

Шаруашылық  жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік  және мемлекеттік емес) — компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассодиация, трест, бірлестіктердің  ақшалай қаржысын құрайды.

Кәсіпорынның  қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік  емес) — меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының  ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталантыру  қоры, амортизаииялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың  қаржысы — шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, пай жарнасы  мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталым қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.

Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл  құрылымның қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады. Және басқада қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

 

1.2. Қаржының атқаратын қызметтері мен рөлі

 

Рыноктық  қатынастар жайғдайында қаржы негізінде  төрт қызметті атқарады:

  • бөлу
  • реттеу
  • ынталандыру
  • бақылау.

Мемлекет  ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік — мәдени шаралаға, мемлекетті басқаруға мен  қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржынының бөлу қызметі атқарады.

Қаржының  реттеу қызметі экономикалық дамуын реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен  жүргізгенде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.

Қаржыны ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады.

Қаржының  бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың  мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

Қаржы көмегімен  ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады;

  • қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
  • кредиттік-банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдық негізде кредиттер беруді білдіреді.

Қоғамдық  өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының —  нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.т. көмегімен  жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұлттық  табысты қаржы көмегімен қайта  бөлудің негізгі мақсаттары мыналар  болып табылады:

    • өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
    • елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
    • қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айрықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
    • қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелдігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.

Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен  бөлу және қайта бөлу қоғам мен  кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өңдірістегі  қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.

 

1.3. Қаржының объективтік қажеттілігі

 

Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен  туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы  ресурстарына деген қажеттіліктерін  қанағаттандырып отыру және бұл  ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайда ықпал ету пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды. Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы бөлінеді. Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді. Сондықтан өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен аймақтарға ерекше көңіл аударылады, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресуртар орталықтың, аймақтардың, шаруашылық жүрзігудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.

Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде “қоғамдық тауарлар” деп аталынатындарды – мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сол сияқты материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау жатады.

Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл қозғалыстың шарты тауар –ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың, соның ішінде құн заңының іс-әрекеті болып табылады.

Информация о работе Қаржының мәні және объективтік қажеттілігі