Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 20:07, курсовая работа
ЖОСПАР
Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз қамту үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.
Кіріспе ..........................................................................................................................3
І ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ....................4
1.1 Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,
қағидаттары мен әдістері ...........................................................................................4
1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі ..........................................10
II ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ .............................................................16
2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi .....16
2.2 «Гермес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау ........................................................................................................................19
ІІІ Қазақстан Республикасының қаржылық жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімді фискалдық саясат және оның 2010-2012 жылдарға арналған болжамы ..............................................................................................34
Қорытынды ................................................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...............................................................................44
Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық жоспарлар ведомствоға қарасты көсіпорындар мен үйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді.
Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, орташа мерзімді (үшжылдық, бесжылдык) және перспективалык, болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыңца аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады. /9, 127 б/
Шаруашылық байланыстар мен экономика тендестігінің бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі ұштылығына байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға құрама қаржы балансы, бірқатар басқа құрама жоспарлары жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс.
Орталықтандырылмаган қаржы жоспарларының саны орталықтандырылған қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржылаңдырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары. Орталықтандырылмаған қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектінің ақша қаражаттарының жеке-дара айналымын негіздеу қабілеттігінде болып келетіндігі, осыдан барын олардың айрықша арналымын — бұл объектінің кірістері мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын тиісті қатынастарды анықтау.
Орталықтандырылмаған қаржы
Бұл топтардың әрқайсысының кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өндіріс өзгешелігіне, көсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты нысаны мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы, қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немесе бюджеттік қаржыландыру) қаржылаңдыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына, құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Соңдықтан оларды салалық, ведомстволық белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай-ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша да (бірлестіктер, концерндер, ірі, орта, шағын көсіпорындар және т.с.с.) топтастырған орынды.
Қаржы жүйесінің барлық сфераларының, буындарының қаржы жоспарлары болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.
Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шыеыс сметалары жасалынады. Ұжымшарлар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялар қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі деңгейлердегі бюджеттерді жасайды. Коммерциялық (шаруашылық) есепте жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрылымы негізінен көсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлестіктер үшін де бірдей болды. Олардың кіріс бөлігіне табыстар мен қаражаттардың түсімі, шыгыс бөлігіне осы түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталатын.
Нарыққа өту кезінде косіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретіндегі фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорыңцар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзшік стандарттарға көше бастады. Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржымен қамтамасыз етуде маңызды орын алатын бизнес-жоспар жасау туралы болып отыр. Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.
Бизнес-жоспар — бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізіне саймасай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағүрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өнім рыногін бағалауды (рынок болжамы) және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды — өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен кірістердің балансын қамтиды. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің балансын және графигін (залалсыздыққа жетудің есеп-қисабын) қосымша жасайды.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізу субъектілерінің қаржы жоспарлары, өңцірістік емес сфераның коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарының жоспарлары, бюджет қаражаттары есебінен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің сметалары бастапқы қаржы жоспарларына жатады. /1, 79 б/
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлұм толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтуді мүмкіндіктері анықталады. Өндірісте қолда бар материялдық ресурстарды айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылыды. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Сөйтіп, нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағүрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып, бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.
II ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ
ЖОСПАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында корпорациялардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл корпорациялардың тәуелсiздiкке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншiк иелерi, жұмысшылар, коммерциялық серiктестер және басқа конрагенттер алдында өзiнiң өндiрiстiк-кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi үшiн толық жауапкершiлiкте болуымен байланысты. Нарықтағы кәсiпорынның өмiршеңдiгiнiң кепiлi мен жай-күйiнiң орнықтылығының негiзi оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркiн орын алмастыра отырып қолданып, тиiмдi пайдалану жолымен өнiмдi өндiрумен сатудың үздiксiз процесiн қамтамасыз ете алатын өзiнiң қаржы ресурстарының жағдайын көрсетедi.
Кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау объективтi, ғылыми негiзделген және үйлесiмдi ұйымдастыра отырып басқару, өндiiрстiк, әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдау керек.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау жөнiндегi сұрақтарды қарастырмас бұрын, “қаржылық жағдай” дегенiмiз не соны анықтап алайық. Соңғы жылдары шығарылған әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлi түсiндiрiледi. Бұл туралы профессор А.Д.Шеремет “Кәсiпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану, ұйымдастыру және оны қалыптастыру көздерiмен сипатталады” деп айтқан. Ал профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: “Кәсiпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы кәсiпорынның қалыпты өндiрiстiк, коммерциялық және басқа да қызмет түрлерi үшiн қажеттi қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлуiмен және оларды мақсатқа сай тиiмдi тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектiлерiмен қаржылық қарым қатынаста болу, төлеу қабiлеттiлiгi және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсiпорынның уақтылы төлеу мүмкiндiгi оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетедi.
Осы жоғарыдағы аталған
ұғымдарды топтастыра келе коппорацияның
қаржы жағдайына келесiдей
Ал кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы ненi бiлдiредi? Ол өз қаражаттарын шебер пайдалану қабiлеттiлiгi, жұмыс процесiнде үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн қаржының жеткiлiктi болуы. Қаржылық тұрақтылық өз кезегiнде меншiктiк және қарыз қаражаттарының тиiмдi байланысы болып табылады.
Бұл ұғымды А.Д.Шеремет пен Р.С.Сейфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша “Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл әрдайым төлем қабiлеттiлiгiн кепiлдендiретiн кәсiпорынның белгiлi бiр шоттар жағдайы” деп атайды.
Жалпы атйқанда кәсiпорынның
қаржылық тұрақтылығы – бұл
тәуекелдiктiң мүмкiн болатын д
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын анықтағанда оған көптеген факторлар әсер етедi, оларды В.М.Радионова және М.А.Федотова келесiдей түрлерге жiктейдi:
Мұндағы iшкi факторлар кәсiпорынның өзiнiң жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсiпорын еркiне бағынышты емес. Кәсiпорынның қаржыылқ тұрақтылығына әсер ететiн мынадай iшкi факторларды аатп көрсетуге болады:
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргiзудiң экономикалық жағдайының әсерi, қоғамда үстемдiк етушi техника мен технология, төлем қабiлетi бар сұраныс және тұтынушылыр табысының деңгейi; Қазақстан Республикасыынң салық және ақша-несие саясаты, кәсiпорынның қаржылық қызметiн бақылау жөнiндегi заң актiлерi, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсiпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерiмен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етедi. Сондықтан да серiктестермен реттелген iскерлiк қатынаста болу – корпорацияның жақсы қаржылық жағдайының бiрден-бiр шарты болып табылады. /6, 129 б/
Осылайша, қаржылық жағдай кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiк және оның iскерлiк қарым-қатынастағы потенциялын анықтайды, кәсiпорынынң өзiнiң және оның серiктестерiнiң қаржылық және басқа да қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары да бар болып келедi. Кәсiпорын бағасын талдаудың ең жақсы тәсiлi, бұл – талдау; ол кәсiпорынның даму бағытын бақылауға, қаржылық саясатты iске асыруды және шаруашылық қызметiне кешендi түрде баға беруге мүмкiндiк бередi.
Экономикада әрбiр кәсiпорын ұзақ мерзiмге дейiнгi уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап бередi: кәсiпорын осы мерзiмге дейiнгi уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсiпорынның дамуына байланысты қажеттiлiктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебi қаржылық тұрақтылықтың жетiспеушiлiгi кәсiпорынның төлеу қабiлеттiлiгiнiң жоқтығына және оның дамуына қажеттi қаражаттың болмауына әкелiп соғады.
Нарықтық экономика
жағдайында жұмыс iстеушi кәсiпорындардың
қаржылық жағдайын талдаудың басты
мақсаты келесiлер болып
Информация о работе Қаржылық жоспарлау және болжамдар жүйесі