Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 14:53, реферат
Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi.
Есеп саясаты туралы ақпаратты ашып көрсету
Ұйым есеп саясатының елеулі элементтерінің жиынтығында мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) қаржы есептілігін әзірлеу кезінде пайдаланылған бағалау негізін (немесе негіздерін);
және
(b) ұйымның қаржы есептілігін түсіну үшін маңызды есеп саясатының өзге аспектілерін.
Қаржы есептілігінде пайдаланылған бағалау базасы немесе базалары туралы (мысалы, тарихи құн, ағымдағы құн, өткізудің мүмкін болатын таза құны, әділ құн немесе өтелетін құн) пайдаланушылардың білуі маңызды, өйткені қаржы есептілігі жасалған негіз пайдаланушылар жүргізетін талдауға айтарлықтай ықпал етеді. Егер қаржы есептілігінде бірден артық бағалау негізі пайдаланылатын болса, мысалы, активтердің белгілі бір топтары ғана қайта бағалауға жататын болса, әрбір негізде қолданылатын активтер мен міндеттемелердің санаттарын көрсету жеткілікті болады.
Нақты есеп саясатын ашып
көрсету туралы шешiм қабылдаған
кезде ұйымның басшылығы ашып
көрсету ұйым қызметінің есепті қаржы
нәтижелерiнде және қаржы жағдайында
операцияларды, басқа да оқиғалар мен
жағдайларды көрсету тәсiлiн
Кәсіпорындар біріккен кезде іскерлік бедел мен азшылық үлесін бағалауға қатысты қолданылатын саясат ашып көрсетiледi.
8 ІAS Халықаралық стандартына сәйкес таңдалатын және қолданылатын есеп саясатының аспектілерін ашып көрсеткен жөн.
Есептік бағалау тұрлаусыздығының шешуші көздері
Ұйым қаржы есептілігіне ескертулерде келесі қаржы жылының ішінде активтер мен міндеттемелердің баланстық құнын елеулі түрде түзетуге әкеп соқтырудың едәуір қаупі бар есепті күнге есеп айырысуды бағалау тұрлаусыздығының болашақтағы және басқа көздеріне қатысты негізгі жол берушіліктер туралы ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Осы активтер мен міндеттемелерге қатысты ескертулер міндетті түрде мыналар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтуға тиіс:
(а) олардың сипаты;
және
(b) есепті кезеңге арналған олардың баланстық құны.
Кейбір активтер мен міндеттемелердің тиісті баланстық құнын анықтау үшін тұрлаусыз болашақ оқиғалардың есепті күнгі осы активтер мен міндеттемелерге ықпалын бағалау қажет. Мысалы, төменде келтірілген активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін қолданылатын нарықтық бағалар туралы жаңа деректер болмаған кезде болашаққа бағдарланған негізгі құралдар топтарының өтелетін сомаларын, технологиялық тозудың босалқыларға ықпалын, жалғасып отырған сотта іс жүргізудің қорытындысына байланысты бағалау міндеттемелерін, сондай-ақ зейнеткерлік міндеттемелер сияқты, қызметкерлерге сыйақы төлеу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді бағалауға арналған есептерді жүргізу қажет. Бұл есептер ақшалай қаражаттар тасқыны немесе пайдаланылатын проценттік ставкалар бойынша тәуекелге тиісті түзету, жалақыға тиісті өзгерістер және басқа шығындарға әсер ететін бағалардағы болашақ өзгерістер сияқты баптар жайында жол беруді көздейді.
Капитал
124А. Ұйым оның есептілігін пайдаланатын адамдарға капиталды басқару мәселелерінде міндеттерді, саясатты және процестерді бағалалуға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
124В. 124А-параграфының талаптарын орындау мақсатында ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуге тиіс:
(i) капитал ретінде басқарудың мәні не болатынын;
(іі) ұйымның капиталына
қатысты сыртқы талаптар
және
(ііі) капиталды басқару кезінде өз міндеттерін қалай шешетіні.
Бұл ашып көрсетулер шешуші басқару персоналына ішкі каналдар бойынша берілген ақпараттарға негізделуге тиіс.
Ұйым өз капиталдарын алуан түрлі тәсілдермен пайдалана алады, ал оның капиталына неше түрлі талаптар қойыла алады. Мысалы, сараланған компания өзінің құрамында сақтандыру және банк қызметтерімен айналысатын ұйымға ие бола алады, бұл ретте мұндай ұйымдар бірнеше заңдылықтарда жұмыс істей алады. Егер капиталға жалпылама талаптар мен басқару тәсілдері пайдаланушыларға пайдалы ақпарат бермесе немесе олардың ұйым капиталын түсінуін бұрмалайтын болса, осы ұйым үшін белгіленген әрбір капиталға талап бойынша жеке ақпаратты ашуы тиіс.
АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН БАСҚА ДА ТАЛАПТАР
Ұйым қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
(а) қаржы есептілігі жариялауға бекітілгенге дейін ұсынылған немесе жарияланған, бірақ есепті кезеңнің ішінде меншікті капитал иелеріне бөлу ретінде танылмаған дивидендтер сомасы, және акцияға шаққандағы тиісті сома;
және
(b) артықшылықты кумулятивтік акциялар бойынша кез келген танылмаған дивидендтер сомасы.
Ұйым, егер ол қаржы есептілігінде
бірге жарияланған қосымша
(а) ұйымның заңды мекен-жайы және ұйымдық-заңдық нысаны, ол тұратын ел және тiркелген кеңсенiң мекен-жайы (немесе, егер оның тiркелген кеңсенiң мекен-жайынан айырмашылығы болса, iс жүргiзетiн негiзгi орны);
(b) операцияларды және ұйым қызметiнiң негiзгi түрлерiн сипаттау;
және
(с) бас компанияның және топтың негiзгi бас кәсiпорнының атауы.